Просмотр содержимого документа
«Мұхит суын қорғау, зерттеу.»
Сыныбы____6_____
Күні:
Тақырыбы: Мұхит суын қорғау, зерттеу.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мұхит суының қасиеті, мұхиттар мен теңіздердің адам өміріндегі маңызы, мұхит пен теңізді зерттеу және қорғау жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
№
Сабақтың кезеңдері
Берілетін уақыт (мин)
1.
Ұйымдастыру
1-2
2.
Үй тапсырмасын сұрау
10-12
3.
Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру
2-3
4.
Жаңа сабақты түсіндіру
18-20
5.
Жаңа сабақты бекіту
5-6
6.
Үйге тапсырма беру
1-2
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Толқын.
2. Цунами.
3. Тайфун.
4. Толысу.
5. Қайту.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұхитты зерттеу және оны қорғау - адам баласының маңызды міндеті. Мұхитты зерттеуде экспедициялық кемелердің маңызы зор. Олар ғылыми-зерттеу лабораторияларымен жабдықталған (мысалы, Жак Ив Кусто кемесі). Арнаулы аппараттар, батискафтар үлкен тереңдіктерде зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Мұхит зерттеушілердің қарамағында тереңдікті анықтауға мүмкіндік беретін компьютерлер және басқа да күрделі кұралдар бар (мәселен, «Альвин» сүңгуір кемесі ғалымдарды 2500 м тереңдікке дейін апарады).
Қазіргі кезде дүние жүзіндегі мемлекеттер бірігіп, мұхиттағы зерттеулерді ЮНЕСКО (БҮҮ-ның білім, ғылым және мәдениет мәсе-лелері жөніндегі мекемесі) басшылығымен жүргізіп жатыр.
Мұхитты ғарыштан зерттеу соңғы кездегі жаңа әдістердің бірі болып табылады. Ғарыштан теңіз ағыстары, оның атмосферамен байланысы, мұхиттың органикалық дүниесін бағалау және болжау жұмыстары жүргізіледі.
Жердің жасанды серіктерінен түсірілген суреттер Солтүстік Мұзды мұхит арқылы өтетін теңіз жолының мұз жағдайын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Сол сияқты ғарыштан мұхит түбінің жер бедерін зерттеу, судың ластануын бақылау, экологиялық апатты аймақтарды белгілеу жұмыстары да жүргізіледі.
Мұхиттағы жануарлардың саны азайып кетпеуі үшін оларды шексіз аулауға тыйым салынады. Мысалы, жыртқыштықпен аулаудың нәтижесінде көк киттерге жойылып кету қаупі төнді.
Қазіргі кезде кейбір мемлекеттер су асты фермаларында балдырларды, мидияларды, устрицаларды, теңіз ұлуларын өсіреді.
Судың ластануы мұхиттағы ағзаларға орасан зор зиян келтіреді. Мұхитты ең көп ластайтын зат - мұнай. Ол теңіз түбінен мұнай өндіретін ұңғылардан, мұнай таситын кемелерді тиеу, түсіру, оларды жуып тазарту жұмыстарына байланысты және кейде кеменің апатқа ұшырауы салдарынан суға қосылады.
1 т мұнай мұхит бетінің 12 км2 айдынын жұқа қабыршақ түрінде жауып кетеді. Мұндай мұнай қабыршағы екі жақты зиян келтіреді. Ол бір жағынан су мен атмосфераның газ алмасуын қиындатады, атмосфераға мұхиттан көтеріліп қосылатын оттегін жібермей ұстап калады. Екінші жағынан мұнайды ұсак ағзалар - планктон мен нектон сіңіріп алады да, онымен қоректенетін балықтар уланады. Мұнайдан басқа мұхитқа құятын өзендер өндіріс орындарынан шығатын қорғасын, мырыш, мыс, сынап, мышьяк, т.б. металл қалдықтарын алып барады. Олардың көбі улы келеді. Теңіз ағзаларына жинақталған металл қалдықтары жануарлардың қырылуына апарып соғады, олар тамаққа пайдалануға жарамсыз болып қалады.
Сонымен бірге мұхиттың радиоактивті заттармен ластануы да айтарлықтай қауіпті. Олар ядролық жарылыстардың және өндірістің радиоактивті қалдықтарын мұхитқа төгудің нәтижесінде суға қосылады.
Осыған орай, мұхит қорын ұтымды пайдаланудың және оны корғаудың халықаралық мәні бар.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы мұхит қорларын түсіндіру.
Биологиялық қор (балықтар, сүтқоректілер, балдырлар)