1943 жылы Францияда немістерді? ?оршауында ?ал?ан екі француз офицері Жак Ив Кусто мен Эмиль Ганьян аквалангты ойлап тапты. Акваланг с?зіні? ма?ынасы аква су, ланг-же?іл деген ма?ына білдіреді. Біра? ?азіргі уа?ытта акваланг с?зін заманауи «дайвер» ??ымы ауыстырды.
Білімділік: Оқушыларға дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит – Тынық мұхиттың географиялық орны, зерттелуі,табиғаты,өсімдіктері мен жануарлары туралы тереңірек таныстыру;
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыстанып, ізденуге, дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелілік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Талдау, сөзжұмбақ, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Жак Ив Кустоның мұхит зерттеулері туралы бейнесюжеттер.
Пәнаралық байланысы: Экология,биология
Жаңа сабақ:
Ұйымдастыру.
Тақтаға мұхит тіршілігі туралы бейнесюжет қою арқылы оқушының көңілін сабаққа аудару;
Бұл мұхитта әлемдегі ең көне аралдардың бірі Кауай аралы орналасқан. Оның жасы 6 млн жыл.
Бұ мұхитта 25 000 нан астам аралдар бар және әлемде болатын цунамидің 80 пайызы осы мұхитта болады.
Үй жұмысын сұрау;
Алдарыңызда тұрған қандай құрлық?
Оның шығыс жағалауында дүние жүзіндегі ең үлкен қандай маржандық құрылым орналасқан?
Не себепті бұл маржандық құрылым осы мұхитта орналасқан?
Олай болса балалар біздер бүгін, дүние жүзіндегі ең үлкен, ең ежелгі, ең жылы, ең аралдары көп мұхитпен танысамыз.
1943 жылы Францияда немістердің қоршауында қалған екі француз офицері Жак Ив Кусто мен Эмиль Ганьян аквалангты ойлап тапты. Акваланг сөзінің мағынасы аква су, ланг-жеңіл деген мағына білдіреді. Бірақ қазіргі уақытта акваланг сөзін заманауи «дайвер» ұғымы ауыстырды.
Табиғаты. (Отты шеңбер. Гавай аралдары. Тайфундар.) Бейнесюжеттер арқылы көрсету.
- Өсімдіктері мен жануарлары. (Сөзжұмбақ)
Сөзжұмбақ «Тридакна»
Экологиясы. (Су сиырларының жоғалуы. Мұхит байлықтарын ретсіз пайдалану)
Жаңа сабақты бекіту.
Географиялық диктант.
Тынық мұхит табиғатын зерттеу тек Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін -------------------------- жартысында басталды. Материктік қайраң ----------- мен ------------------ жағалауларында ғана жақсы дамыған. Тынық мұхит ----------------------полярлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді қамтиды. Солтүстік Мұзды мұхиттың суық суларынан құрлық арқылы бөлініп жатқандықтан, судың температурасы мұхиттың ------------------қарағанда ------------------------ төмен болады. Еуразия жағалауындағы ----------------------циркуляция күшті байқалады.
Ағыстар. (Атлас картамен жұмыс. Картадан Тынық мұхитының ағыстарын дәптерге түсіріп, олардың жағалаудағы материктерге тигізетін әсерін жазыңыздар)
Жылы ағыстар
Тигізетін әсері
Суық ағыстар
3. Тынық мұхиттың резюмесі:
Мұхиттың ауданы
Ені
Ұзындығы
Судың көлемі
%
Ең терең бөлігі
Суының орташа температурасы
Аралдар саны
Ең үлкен аралы
Бекіту.
«Географиялық лото»
(Капшықтан бөшкелерді алып шығып, сұрақтарға жауап беру)
Тур Хейердалдың кемесі.
300 кг-ға жететін бақалшақ.
Мұхит суларын негізгі ластаушы заттар.
Тынық мұхит жағалауларында қанша ел орналасқан?
Тынық мұхит беткі қабаттарының тұздылығы басқа мұхиттармен салыстырғанда неге төмен болады?
Аквалангты кім ойлап тапты?
«Отты шеңбер» қай материктен бөлініп жатыр?
Үйге тапсырма. Тынық мұхит.
Мұхит жағалауындағы ірі аралдар мен түбектерді, терең шұңғымаларды кескін картаға бейнелеңдер.
«Тынық мұхитты адам қандай қажетіне пайдаланады?» эссе
Темір аудандық білім бөлімі
Өткізген: Жансен Кереев ОМ
география пәнінің мұғалімі
Даумова А.С.
2014 жыл
Аннотация
Тихий океан - самый большой океан на нашей планете. Вместе со всеми морями его площадь превышает 178 млн. квадратных километров. Таким образом он занимает половину всего Мирового океана на Земле. На данном уроке