Просмотр содержимого документа
«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.»
Күні:
Сынып: 8 «Б»
Тақырыбы: «Қазақстанның ірі табиғи аудандары» бөлімін қайталау
Мақсаты:
Оқушылардың географиялық ойлауын, аумақтық табиғат кешендерінің құрамдас бөліктері арасындағы себеп-салдарлы байланысты ашуды қаншалықты меңгергендіктерін түрлі формадағы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы байқау.
Қазақстан аумағының географиялық аудандары туралы алған білімдерін қайталау, саралау, жүйелеу.
Сабақ түрі: қайталау сабағы
Оқыту әдісі: ойын сабақ
Оқыту формасы: топтық
Құрал жабдықтар: интербелсенді тақта, Қазақстанның физикалық картасы, 8-сынып Атласы
І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Топтарға бөлу. Топтардың атымен, лидерлерімен танысу
Көкпар байқауы. Сұрақ топтарға ортақ қойылады, қай топ бүрын жауап берсе, сол ұпайға есептелінеді: 1. «Түрлі түсті» теңіздердің бар екені белгілі, ал Қазақстанда «түрлі түсті» таулар бар ма? Бұл таулар неге бұлай аталған? (Маңғыстаудағы Ақтау әктасты, Қаратау (қара әктас)
2. Голландия жерінің едәуір бөлігі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Сондықтан да оны Нидерланд (аласа жер) деп те атайды. Қазақстанда мұндай жер бар ма? (Каспий маңы ойпаты).
3. Еуропа елдерінің ішінде Швейцария таулары мен көлдерінің табиғат көріністерінің әсемдігімен айрықша көзге түседі. Республикамызда қай жер Қазақстандық Швейцария деп аталады? (Көкшетау)
4. Қазақстанда қандай қырат, «қақпа» және өзен, құс атымен аталады? (Торғай)
Сөзжұмбақты шеш.
М
А
Р
Қ
А
К
Ө
Л
Ж
А
Й
Ы
Қ
Қ
Ы
З
Ы
Л
Қ
Ұ
М
М
Ұ
Н
А
Й
Қ
Ұ
Л
Ы
Н
Д
Ы
Е
К
І
Б
А
С
Т
Ұ
З
С
І
Л
Е
Т
І
Қ
А
Р
Қ
А
Р
А
Л
Ы
Н
И
К
Е
Л
Ь
Алтай тауларындағы тектоникалық көл
Дала зонасын кесіп өтетін, Шығыс Еуропа жазығының өзені
Тұран жазығының құмды шөлі
Шығыс Еуропа жазығының басты байлығы
Ертіс өзенінің оң жағалауындағы жазықты алқап
Ашық әдіспен алынатын көмір кен орны
Есіл-Ертіс даласының өзені
Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау жотасы
Мұғалжар тауының қазба байлықтарының бірі
Картографтар байқауы: Карталар қиындыларын құрастыру және қандай географиялық нысан екенін атау. (картадан көрсету)
Сөзжұмбақтар байқауы. Оқушылар өздері дайындап әкелген сөзжұмбақтарын бір-біріне береді.
Зейінділер байқауы: «Қай жер туралы айтылған?»
1. Кәрлі, қатерлі, айдала – жазық тегістік деген мағына береді, оның жер беті біркелкі жазық, тек кейбір жерлерінде ғана сорлар мен тұнбалы көлдері бар құрғақ сайлар мен жайпақ ойыстар кездеседі. Үстіртте ағын су мүлдем жоқ. Солтүстік-шығыс бөлігі неғұрлым биіктеу (600 м-ге дейін), тақтатасты, кей жері гранитті және жер бедері төбелі, ал оңтсүтік-батыс бөлігі бірте-бірте аласарады, ол горизонталь бағытта жатқан ежелгі теңіз бен континенттік шөгінділерден түзілген. Бұл қай жер? (Бетпақдала үстірті)
2. Әбден үгіліп, мүжілген өте көне таулы өлке. Мұнда миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен аяз, қар мен ағын су өзінің бұзу әрекетін жүргізген. Қазіргі кезде таудың тек негізі ғана сақталып қалған. Мұнда жартасты, басы сүйір және жіңішке келген қырқалар мен үгілген қорым тас сияқты формалар кездеседі. Тіпті оқшауланып қалған тасты пирамидалар да байқалады. Бұл қандай өлке? (Қазақтың ұсақ шоқысы)
3. Герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялық, денудациялық процестер әсер еткен. (Мұғалжар)
Тест тапсырмалары.
І топ
1. Қазақстан жерінде Орал тауларынан Алтайға дейін ені 200 – 250 км жіңішке алапты алып жатқан жазық ?
а) Тұран жазығы
ә) Солтүстік Қазақ жазығы
б) Шығыс Еуропа жазығы
в) Ұлы Қытай жазығы
2. Қайсысы артық ?
а) Есілдің жазық орманды даласы.
ә) Тобыл – Обаған жазық даласы.
б) Ертіс – құлынды жазығы
в) Валдай жазығы
3. Қазақстандағы аса ірі темір бассейні қалай аталады және қайда орналасқан?
а) Солтүстік Қазақ жазығында, Теміртау
ә) Сарыарқада, Соколов-Сарыбай
б) Сарыарқада, Қаражал
в) Солтүстік Қазақ жазығында, Соколов-Сарыбай
4. Қазақстанға кіретін Орал тауының оңтүстік бөлігі қалай аталады ?
а) Қаратау б) Ақтау
ә ) Мұғалжар в) Қалба
5. Қазақстандағы герцин қатпарлығында пайда болған тауды ата :
а) Мұғалжар б) Тянь - Шань
ә ) Алтай в) Маңғыстау
6. Орал тауының ең биік нүктесі:
а) Бесшоқы б) Біршоғыр
ә ) Үлкен Боқтыбай в) Ақсораң
7. Орал тауы қандай пайдалы қазбаларға бай:
а) көмір, алтын, мыс, мұнай б) хромит, никель, мыс, сирек металдар
ә ) полиметалл, мыс, фосфорит в) хромит, мұнай, ас тұзы, темір кені
8. Қайсысы артық ?
а) Кенді Алтай б) Қалба жотасы
ә ) Оңтүстік Алтай в) Қаратау жотасы
9. Оңтүстік Алтай қай жерлермен шектеспейді ?
а) Бетпақдала б) Зайсан
ә ) Бұқтырма өзені в) Қара Ертіс
10. Алтайдың пайдалы қазбаларын анықта :
а) вольфрам, қорғасын, мырыш
ә) көмір, мұнай, газ
б) газ, тақта тас, асбест
в) калий тұзы, ас тұзы, фосфорит
ІІ топ
1. Алтайдың қазақстандық бөлігінің климаты қандай ?
а) құрғақ, континентті
ә) ылғалды, субтропиктік
б) қоңыржай, континентті
в) теңіздік, ылғалды
2. Қазақстандық Алтайда неше мұздық бар ?
а) 350 б) 380
ә) 328 в) 400
3. Алтайда қандай шаруашылықтар бар ?
а) сиыр, түйе б) қой, ешкі
ә) бұғы, марал в) жылқы, түйе
4. Солтүстігінде Бұқтырма өзені мен оңтүстігінде Жайсанмен шектесетін тау жотасы:
а) Алтай б) Оңтүстік Алтай
ә ) Батыс Алтай в) Қалба жотасы
5. Тарбағатай, Сарымсақты, Нарын жоталары Алтайдың қай бөлігіне кіреді:
а) Алтай б) Оңтүстік Алтай
ә ) Батыс Алтай в) Қалба жотасы
6. Үлбі, Иванов, Үбі тау жоталарынан тұратын Алтайдың бөлігін ата:
а) Алтай б) Оңтүстік Алтай
ә ) Батыс Алтай в) Қалба жотасы
7. Қалба жотасының ең биік нүктесі:
а) Мұзтау б) Тастау
ә ) Белуха в) Сарышоқы
8. Ертіс бойында қандай СЭС салынған:
а) Қапшағай б) Шардара
ә ) Өскемен в) Гидроузла
9. Алтайдың орман алқаптарында қандай ағаштар өседі:
а) май қарағай б) бал қарағай
ә ) шырша, самырсын в) аталғандардың барлығы
10. Жоңғар қақпасы қайда орналасқан ?
а) Мұғалжарда б) Жоңғар Алатауында
ә) Тянь - Шаньда в) Сарыарқада
ІІІ топ
1. Қайсысы артық ?
а) Тастау б) Мыңшұңқыр
ә) Қотыртас в) Қалба
2. Жоңғар қақпасынан қандай жел соғады ?
а) Ебі б) Қордай
ә) Шілік в) Мұғалжар
3. « Қазақстанның Қызыл кітабына » енбеген құсты анықта :
а) ұлар б) бүркіт
ә) қара қарға в) ителгі
4. Азиядағы ең ірі тау жүйесін анықта :
а) Алтай б) Памир
ә) Тянь – Шань в) Гиндукуш
5. Тянь – Шаньның ең биік шыңын тап :
а) Коммунизм шыңы б) Хан тәңірі
ә) Жеңіс шыңы в) Мұзтау
6. Солтүстік Тянь – Шаньның шығыс бөлігінде орналасқан орташа тау :
а) Кетпен б) Іле Алатауы
ә) Талас Алатауы в) Шілік - Кебін
7. Қырғыз жотасының ең биік нүктесі :
а) Ш. Уәлиханов шыңы
ә) П. П. Семенов шыңы
б) Қ. Сәтбаев шыңы
в) Н. А. Северцев
8. Қайсысы артық ?
а) Іле Алатауы б) Күнгей Алатау
ә) Ақтау в) Шу - Іле Алатауы
9. Қайсысы артық ?
а) Үлкен Алматы б) Талғар
ә) Кіші Алматы в) Жем
10. Іле Алатауындағы ең үлкен мұздық :
а) Федченко б) Иванов
ә) Корженевский в) Зенченко
IV. Қорытындылау кезеңі. Ойын соңында мұғалім сабақты қорытындылап, ойын барысындағы кемшіліктер мен жетістіктерге тоқталып, оқушыларбілімін бағалап отыруға тиіс