Сабақтың мақсаты:Қытайдың экономикалық аудандары туралы білімдерін ғылыми
тұрғыда меңгеруге қолайлы орта жасау.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік:Қытайдың экономикалық аудандары, ішкі айырмашылықтары, туристік нысандары туралы мағлұматтар беру, түсіндіру;
2.Тәрбиелік:Географиялық білімдерін тереңдете отырып, адамгершілікке, имандылыққа, табиғатты түсінуге,аялауға тәрбиелеу, баулу;
3.Дамытушылық:Оқушылардың дүниетанымын картамен жұмыс барысында
дамыту, қалыптастыру.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Оқытудың формасы:Ұжымдық, жеке даралап.
Пәнаралық байланыс:Тарих.
Сабақтың көрнекілігі:Компьютер, проектор, слайд
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.
Ұйымдастыру бөлімі:
І. «Сергіту сәті».
Жер –Ананың – 6 баласы, 240 немересі бар. Бұны қалай түсінуге болады?
ІІ. Лездік сұрақтар.
Жапония ... ... ...
Америка +2; Европа+4; Азия +1; =?
Ел туында не бейнеленген?
Ел таңбасында не бейнеленген?
Мемлекет құрылымы қандай?
Азиядағы неден аман қалған жалғыз ел болып табылады?
Жапондықтар өз елін қалай атайды?
Жапон үйлерінде не аз болады?
Жапондар салттарының қазақ халқына ұқсастығы қандай?
Жапондар қандай тауды киелі деп атайды?
6 жыл бастауыш мектепте оқығанда қанша иероглифті танып білу қажет.
Газеттер мен кітаптарды оқу үшін қандай иероглиф білу қажет.
ІІ. «Карта тілі»
Жапония аралдарын , теңіздерін көрсету
Астанасы, ірі қалаларын картадан көрсету.
ІІІ. Нені білдіреді?
Экибано, Бонсай, Кимоно, Император.
IV.Жапонияның білім саласындағы ерекшеліктері.
(ізденіс)
V.Сендер қалай ойлайсыңдар?
1. Болашақта жапон мемлекетінің географиялық орны сақталуы мүмкін.
2. Білім берудің аса жоғары сатысын меңгерген.
VI. Жаңа сабақ.
Жер көлемі жөнінен Жер –ананың 3 немересі қай мемлекет?
23 провинция, 5 автономды аудан, 3 қала.
Көршілес елдері – ТМД елдері, Монғолстан, Солтүстік Корея, Пәкістан, Ауғаныстан, Үндістан, Мьянма, Вьетнам, Непал, Бутан, Лаос, Корея Республикасы, Жапония, Филиппин, Бруней, Малайзия, Индонезия.
5 экономикалық аудан, 14 қала.
1949 жыл 1 қазан Қытай халық республикасының құрылғаны жарияланды.
Таулары – Гималай – Эверест (8848 м) Тянь-Шань, Үлкен, кіші Хинган.
Жазықтары –Тарим, Жоңғар және Алашоль шөлі –Такла–Макан.