Географиялық ойындар — георафия сабақтарында кеңінен қолданылатын жаңа технологиялардың бірі .
А) Ойын сабақтарының тиімділігі.
Б) Танымдық ойындар арқылы дамыта оқыту.
ІІІ.Қорытынды.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми — техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Бұл өзгерістер, сөз жоқ , білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату-басты міндет болып қала береді. Қазіргі кезеңде қоғамдық пәндерді жаңа бағытта оқытуға, тәрбие және білім беру жүйелерін осыған сай жаңа деңгейге көтеруге көп көңіл бөлінуде. География пәнін оқыту, ұрпақтар бойына дарыту көп ізденістерді, сан түрлі әдістемелік тәсілдерді қажет етеді. Мектептегі географиялық білім берудің басты міндеттерінің бірі-жас ұрпақтың болашақ өмір және еңбек тәжірибесі үшін қажетті туған елдің табиғаты, халқы, шаруашылығы туралы білім жүйесімен қаруландыру болып табылады. Мектеп географиясының басты міндеттерінің бірі-оқушылардың географиялық мәдениетін қалыптастыру. Географиялық атластармен, анықтамалармен, газет материалдармен жұмыс жасай білу, өз еліндегі, шет елдердегі саяси т.б. құбылыстарды түсіне білу т.б. Уақыт талабы оқу-тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру-оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділікті, кәсіптік шеберлікті, ыждағаттылықты талап етеді. Осы талаптарға сай мұғалім қызметіндегі шығармашылық негіздерді нығайту-оқушыларға білімді игертуге бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге асады. Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс-әрекеттер ойын, оқу және еңбек. Дегенмен , жас жеткіншектер үшін ойын-ең маңызды іс-әрекеттің бірі. Ойын-бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін « ойын » -өмір сүрудің белсенді формасы , сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Балалық шақ-бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Мұғалім бағдарламада көрсетілген көріністі рөлдік, қимыл — қозғалысты, дидактикалық шығармашылық ойын түрлерін пайдалана, баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс.
Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп игерген білімге орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі. Ойын-балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы , бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп, « бәрін өзім істеймін » деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, « сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберсем бәрін де өзің істей аласың» — деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Үлкен адам мен баланың айырмашылығы — үлкендердің сана-сезімі мен іс-тәжірибесінің молдығында. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл-балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Мұғалімнің, ата-аналарының оқыған шығармалаларынан өздеріне ұнаған басты кейіпкерлерін бейнелейді. Осы орайда күнделікті өмірде балаларға түсінікті юморлық шығармаларды пайдалану- балалардың көңіл-күйін көтеріп, олардың қайырымдылығын, бір-біріне мейірімділігін тәрбиелеуге күшті әсер ететін атап өту лазым.
ІІ. Негізгі бөлім
Географиялық ойындар-география сабағында кеңінен қолданылатын жаңа техналогиялардың бірі.
А) Ойын сабақтарының тиімділігі.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларына түрлі техналогияларды пайдаланып білім мен тәрбие беру басты міндетіміз деп білемін. Географиялық ойындар-география сабақтарында кеңінен қолданылатын жаңа техналогиялардың бірі.
Географиялық ойындардың мақсаты:
Оқушылардың қызығушылығын арттыру. Сонымен бірге оқушылардың ұғымдарын кеңейту және картамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Географиялық номенклатураны меңгеруге , тапқырлыққа, шығармашылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Географиялық ойындарға қойылатын дидактикалық талаптар: -Географиялық ойындар бағдарламаға сай келуі керек; -Мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек; -Уақыт мөлшері оқушыларды жалықтырмайтындай болып, алдын ала жасалған жоспар бойынша жүргізуі керек; -Ойын түрлері сабақ тақырыбының мазмұнын ашып іскелік пен дағдылар қалыптастыруға көмектесетіндей болуы керек; -Қажетті материалдар алдын-ала дайындалып, мүмкіндігінше картамен байланысты жүргізу керек; Ойындар сынып оқушыларын 2-3топқа бөлу арқылы немесе екеуара, үшеу болып, шағын бір топ құру арқылы ойналуы мүмкін.
Ойындардың түрлері.
Оиындар мазмұны мен мақсаттарына, құрылысы мен сипаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Ауызша, жазбаша орындалатын ойындар. Сонымен бірге карта арқылы орындалатын ойындар және ойын түрінде өткізілетін сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарда орындалатын ойындар.
Сабақ тақырыбы: Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы. Сабақ мақсаты: Оқушыларды «Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы » бойынша не меңгергендігін тексеру, жүйелі ойлау, өздігінен топ болып, жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту. Картамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Сабақтың типі: Аралас сабақ. Әдісі: Сайыс сабақ. Көрнекілігі: Карта, кескін карта, плакаттар, ромашка суреті, кадоскоп, сары белгі, таблицалар. Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру. -Бүгінгі сабағымыз «Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы» тақырыбын қайталап қорытындылауға арналған. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Оқушылар екі топқа бөлініп отырызылған. Әр топ өз командасының атын, эмблемасын дайындайды. І топ « Ізденгіштер » ІІ топ « Тапқырлар » -Сабақ бойы географиядан алған білімдеріңді қолдана отырып, тапсырма бойынша географиялық материал дайындап келеді. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер. Дұрыс жауап берген топқа сары белгі беріледі. Осы сары белгі арқылы қай топ жеңіске жеткендігін анықтаймыз. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңізді мына турларда көрсете аласыздар. І тур Сен Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы туралы не білесің ?. Сұраққа тез әрі дұрыс жауап беруі керек. Дұрыс жауап 1-ұпаймен бағаланады. 1 топқа сұрақ. 1.Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның құрамына неше облыс кіреді? 2.Солтүстік Қазақстан республикамызда жер көлемі жөнінен нешінші орын алатын экономикалық аудан? 3.Срлтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жетекші саласы. 4.Солтүстік Қазақстан облысы қай жылы құрылған?(1936ж) 5.Темір кеніне бай облыс.(Қостанай) 6.Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы қандай пайдалы қазбаларға бай? 7.Ауданда көліктің қандай түрлері бар? 8.Солтүстік Қазақстанның қай қаласында мұнай өңдеу зауыты бар?(Павлодар). 9.Солтүстік Қазақстанда өнеркәсіптің қандай салалары дамығын? 10. Ірі альюминий зауыты қайда?(Павлодарда)
ІІ топқа сұрақ:
1.Солтүстік Қазақстан облысының орталығы? 2.Солтүстік Қазақстан республикамызда халқаның саны жөнінен нешінші орын алатын экономикалық аудан?(2-ші) 3.Ақмола облысы қай жылы құрылған?(1961ж) 4.Солтүстік Қазақстан экономикалық аудан шаруашылығының маманданған салаларын ата? 5.Ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын ірі орталықтарын ата? (Астана, Қызылорда) 6.Ірі темір кен орындарын ата? (Соколов-Сарыбай т.б) 7.Солтүстік Қазақстанда көліктің қай түрі жақсы дамыған?(Теміржол) 8.Ферроқорытпа зауыты қай қалада?(Ақсуда) 9.Солтүстік Қазақстанда тамақ өнеркәсібінің қандай саласы аудан аралық маңызы бар? 10.Трактор зауыты қай қалада?(Павлодарда)
ІІ-тур
« Карта бойынша саяхат » географиялық нысандарды атап картадан көрсеру.
І-топқа
1.Рудный- қала(Қостанай облысында) 2.Майқайың- алтын кен орны.(Павлодар обл) 3.Атбасар- қала(Ақмола обл) 4.Ертіс- өзен(Павлодар обл) 5.Екібастұз- тас көмір алабы(Павлодар обл) 6.Соколов-Сарыбай- темір кен орны(Қостанай обл) 8.Степногорск- қала(Ақмола обл) 9.Есіл- өзен( 10.Теңіз- көл(Ақмола обл).
ІІ-топқа
1.Арқалық- қала (Қостанай обл) 2.Торғай- өзен (Қостанай обл) 3.Жетіқара- Қостанай облысындағы асбест комбинаты. 4.Васильков- ірі алтын кен орны (Ақмола обл) 5.Тобыл- Қостанай облысындағы көл. 6.Майкүбі- қоңыр көмір алабы (Павлодар обл) 7.Лисаков- темір кен орны (Қостанай обл) 8.Тобылжан- ас тұзы өндіріледі (Павлодар обл) 9.Ақбейіт- алтын өндіреді (Ақмола обл) 10Құсмұрын- көл (Қостанай обл)
ІІІ-тур
« Сарамандық жұмыс » жұмыс дәптердегі тапсырмалар. Кескін картаға « Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданын » түсіру. Шекарасын, облыс орталықтарын, өнеркәсібі мен пайдалы қазбаларын белгілеу.