Талай ғасыр Ұлы Моғолдар билік жүргізіп, гүлдендірген ғажап ел. Талай жылдар ағылшын отаршылдарының езгісіне түсіп, осыдан 60 жыл бұрын ғана бодандық бұғауынан босанған азат ел. Ғашықтар тілін ән мен би арқылы ұқтырған, аты аңызға айналған әмірші Ақбар махаббат символы – Тәж-Махалды тұрғызған шежірелі ел.
Бүгінгі өтілетін тақырып: «Үндістанның халқы, шаруашылығы»
Сұрақ:
1. Халық туралы ғылым қалай аталады?
2. «Экономия» сөзінің мағынасы қандай?
Халықты оқып-үйренудің жоспары
Халық саны
Табиғи өсу
Халық тығыздығы
Қоныстануы
Урбандалу
Ұлттық құрамы
Негізгі таралған тілдер
1.Үндістанның халқының саны – 1256 млн. адам, Дүние жүзі бойынша 2-орында
2.Үндістанның халқы көп ұлтты ел. Негізінен 72% үнді-арийлер (300-ден аса этностық топтан), дравидтер – 25%, монғол тектес – 3%. Елде 500-ден аса ұлттар мен тайпалар мекендейді.
Ұлттық құрамы
3. Тілі – хинди және ағылшын тілдері. Билингзвимз, яғни қос тілділікті жүзеге асырады. Сонымен бірге 14 тіл, басқа да штаттарда ресми тіл қолданылады.
Елдегі тұрғындар 100-ден аса тілде және көптеген диалектілерде сөйлейді.
4. Басты діні – индуизм 82,5% .Басты діндері
Ислам 11,4%
Христиан 2,4%
Сикха 2%
Будда 0,7%
5. Тығыздығы 1км2 – 362 адам.
6. Табиғи өсуі жоғары
7. Урбандалуы
8. Жыныстық құрамында әйелдерге қарағанда ерлер басым.
9. Халықтың өмір сүру ұзақтығы ерлерде 63 жас, әйелдерде – 65 жас
Ерлердің – 64%, әйелдердің 39% сауатты.
Сұрақ:Қазақстан халқының Үндістан халқымен салыстырмалы сипаты қандай?
ВЕНН диаграммасымен жұмыс
1 оқушы тақтаға шығып, Венн диаграммасына ерекшелігі мен ұқсастығын жазып шығады. (жеке оқушылар өз бетімен орындайды)
Шаруашылығы
Үндістан халқының 31,7 млн. еңбекке жарамды, оның 65% ауыл шаруашылығында еңбек етеді.
Үндістан экономикасында дәстүрлі ауылдық, шаруашылық пен жақсы жабдықталған кәсіпорындар қатар дамуда.
Үндістан – аграрлы ел, сондықтан да шаруашылығының жетекші саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады.
Ел экономикасын шешудегі маңызды факторлар
Жер қойнауының Табиғат жағдайының Ашық мұхитқа
байлығы қолайлығы шыға алу мүмкіндігінің болуы
Ауыл шаруашылығындағы егін жазғы мезгіл (хариф)
қысқы мезгілі (раби) деп аталады.
Негізгі дақылдары:
күріш – Ганг өзінінің төменгі ағысы
бидай – Ганг өзенінің жоғарғы, орта ағысы
тары – Декан таулы үстірті
мақта – Декан таулы үстіртінде өсіріледі.
Ең басты экспорты – шай (Шығыс Гималай)
Мал шаруашылығының негізі – қой шаруашылығы
Ірі қара саны жөнінен дүние жүзінен І орынды алып, (қодас, сиыр) күш көлігі ретінде қолданылады.
Өнеркәсібінің жетекші салалары
Болат құю
Мақта – мата
Машина жасау
Тау-кен өндіру
Мұнай өндіру, өңдеу
Фармацевтика
Энергетика
Химия өнеркәсібі
Экономикалық серіктер: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония.
ІҮ. Бекіту сұрақтары
1. Үндістан халқының саны, ұлттық құрамы, тілі, дінінің сипаты
2. Үндістанның маманданған шаруашылығы
3. Экономикалық серіктері
ҚР Президенті Н.Назарбаев 2009 жылдың қаңтар айында Үндістан еліне сапарында «Біздің республикамыз – Үндістанның Орталық Азиядағы ең ірі серіктесі: Үндістанның өңірдегі тауар айналымының жартысынан астамы Қазақстанның үлесіне тиесілі» — деп атап көрсетті.
V. Үйге тапсырма
1. Үндістанның халқы, шаруашылығын оқу
3. Хрестоматиядан Үндістан туралы түсінік алу
ҮІ.Бағалау,қорытындылау:
Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалау.
Ауа райы, климаттық аудандастыру негіздері, жер шарының климаттық белдеулері, климаттың өзгеруін таныстыру. Оқушыларды сабаққа қызықтырып, өз бетінше жұмыс істеуге баулау, ой өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.
Критерийлер
1.Жер шарының климаттық белдеулерін білу.
2.Климаттың өзгеруімен танысады.
3.Климатты зерттеген ғалымдарды біледі.
Күтілетін нәтижелер
Қалай ойшыл оқушы болатынын білу.
Сабаққа белсенді болу керек
Сабақ түрі
Аралас
Тапсырмалар
5 мин Өткен сабақ тақырыбына шолу. “Семантикалық карта” арқылы ұй тапсырмасы тексеріледі.
Жер шарындағы климаттың қалыптасу заңдылықтарын климат пен оның жіктелуін және антропогендік әрекеттің климатқа әсерін зерттейтін гео-ның аса маңызды саласын климатология деп атайды.
1.Климатология ғылымы нені зерттейді?
2.Климатты аудандастырған ғалымдар?
3.Негізгі және өтпелі климаттық белдеулердің айырмашылығы?
4.Клиамттың өзгеруіне әсер ететін факторлар?
Дәптерге бүгінгі күнді, сабақ-тың тақырыбын жазады.
1.Топтар постер қорғайды
1топ экватор: Қоңыржай мен субарктикалық, субантарктикалық, арктикалық, антарктикалық, климаттық белдеулері.
Сабақ тақырыбы: «§5.Дүние жүзі халқыныңсаны және оның ұдайы өсуі».
Сабақтың жалпы мақсаты: Дүние жүзінің табиғат ресурстары тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу, толықтыру, тереңдету. Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі жөнінде түсіндіру. Мазмұнға байланысты міндеттер: 1. Адамның шығу тегімен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология, бүкіл адамзаттың ата тегі жөніндегі бағыттар, алғашқы адамдардың шыққан жері, халық санағы, дүние жүзі халқының саны, халық санының ұдайы өсуі, демографиялық саясат туралы білу; Демографиялық көрсеткіштерді салыстыру, талдау. 2. Оқулық мәтініне талдау жасау, салыстыру, баға беру. 3. Оқушыларды бірін-бірі тыңдауға, жауапкершілікке өзіндік пікірін айтуға, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ішінара зерттеушілік. Көрнекілігі: оқулық,карта,атлас.
Пәнаралық байланысы: тарих, биология. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. 1 мин.
Адам-планетамыздың баға жетпес байлығы.Адамзат факторының қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды.Сол себепті,оны зерттеп білудің мәні де зор.
Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына халықтың саны,оның құрамы,таралып орналасуы мен ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады.Бұл мәселені демография және этнография ғылымдары да зерттейді.Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан,оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады.
Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама қайшы көзқарас қалыптасқан. Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың ата тегі ортақ деп есептейтін "моногенизм" бағыты және керісінше, әр нәсіл дербес ататектен тарағандығы туралы пікірді ұстанатын полигенизм бағыты бар.. Дүние жүзі халқының саны Демографиялық көрсеткіштер Халық санының ұдайы өсуі. Демографиялық саясат Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отырауын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды. Халық санағы Ғалымдар 15 мың жыл бұрын ғаламшарымыздың тұргындарының саны 3 млн адамнан аспаған деп шамалайды. Адамзаттың шығу тегі және Жер шарында таралуы Дүние жүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу(иммигранттар мен эммигранттар саны арасындағы айырма ) жатады.
ІҮ.Бекіту.
1.Халық санағы не үшін жүргізіледі?
2.Демографиялық жылнама дегеніміз не?
3.Халықтың ұдайы өсіміне әсер ететін негізгі факторларды ата?