kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

География сабағында топтық жұмыстың тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қауашев Асылан Самиғоллаұлы Қарабау орта мектебінің география пәні мұғалімі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«География сабағында топтық жұмыстың тиімділігі»



ҚР Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы Қызылқоға ауданы

Қарабау орта мектебі











Тақырыбы:




«География сабағында топтық жұмыстың тиімділігі»











Баяндамашы: Қауашев Асылан Самиғоллаұлы












2017жыл






Жоспары:




Кіріспе......................................................................................................................

Негізгі бөлім............................................................................................................

Сыныптағы ынтымақтастық оқу және топтардағы бірлескен жұмыс маңызы.....................................................................................................................

1. Топта жұмыс істеу не үшін қажет?........................................................

2. Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?...............................................

3. Топтық жұмысты тиімді пайдалану тәжірибемнен..............................

Қорытынды..........................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................
















География сабағында топтық жұмыстың тиімділігі



Қауашев Асылан Самиғоллаұлы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау селосы

Қарабау орта мектебінің география пәні мұғалімі



І. Кіріспе

Жұмыстың мақсаты: Бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру.



Алаш зиялыларының «Ел ісін түзеуді, білім беру ісін түзеуден бастау керек» деп айтқаны бар. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында жаңаша көзқарастағы мұғалімдердің қажеттілігі жайлы мәселе көтерген еді. Осы мәселені іске асыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептері ашылып, соның ішінде педагогикалық шеберлік орталықтары да құрылды. Педагогикалық шеберлік орталықтары Кембридж университетімен келісім шарт жасау нәтижесінде, Кембридж университеті Қазақстан үшін 7 модульге топтастырылған бағдарлама ұсынды. Бағдарламаны оқытуда Лев Выготскийдің «Жақын арадағы даму аймағы» (Зона ближайшего развития) деген ұғымынша, «Айналы нейрон» деген психологиялық зерттеу арқылы топтар бір-біріне қарап-ақ белсенділіктері артып, ойлары жандана түседі екен. Жақын арадағы даму аймағы деуіміз, бірінен-бірі үйрену. Оқушылар міндетті түрде топтасып отырса, қарым-қатынастары нығайып, жақсы білім алуға мүмкіндік туады. Жеке жұмыс жасалып, оны міндетті түрде жұптық жұмыс арқылы талдайды, топта талқылайды, содан кейін барып қорғауға шығарады. Оқушының сабақ үстіндегі әрекеті, ол топтық және жұптық қызметін атқару. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу болып табылады.

Негізігі бөлім

1.1.Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?

Ынтымақтастық оқу дегеніміз не?

Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.

Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген.

Бірлескен оқудың мәні

Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

  1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

  2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

  3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

  4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.


Ынтымақтастық оқыту жағдайында білім алушылар түрлі көзқарастағы пікірлерді естіп, өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастыруды және оны қорғай білуді үйренетіндіктен, олардың алдына әлеуметтік, сондай-ақ эмоционалдық тапсырмалар қойылады. Сол арқылы, білім алушылар өздерінің ұғым-түсініктерін қалыптастырып, және де оқулықта ұсынылған түсініктерге немесе сарапшылардың пікірлеріне ғана сенуден бас тартуды үйрене бастайды. Яғни, ынтымақтастық оқыту барысында білім алушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге, өз пікірлерін айтуға және оны қорғауға мүмкіндік алады.

Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:

1-кесте. Топтағы бірлескен жұмысты жүзеге асыру мақсаты






1.2. Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?

Топтық жұмыстың артықшылығын барынша күшейту үшін, мұғалімдер және олардың оқушылары қадағалау жүргізудің және қарым-қатынас жасаудың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, өзінің пікірін білдіру және басқаларға қолдау көрсету дағдыларын біліп, оларды дамыта алғандары маңызды. (2-кесте)

2-кесте. Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар


Топты ұйымдастырудың ережелері

Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері мұғалімдер (және оқушылар) әріптестерінен (немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.

Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді (3-кесте).

Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір-бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді, және де топқа мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.

Топта жұмыс істеу ережелері

Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.

Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.

3-кесте: Топ құру кезеңдері

Топ мүшелерінің саны қандай болуы керек?

Топтағы оқушылардың саны оқушылардың, сонымен қатар оқушылар мен мұғалімнің арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты барынша қамтамасыз етуі тиіс. Топтың көлемі мен санының арасындағы теңгерімді айқындаудың маңызы бар. Мысалы, көп шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Үлкен топтар оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Мұғалімге нақты тапсырманы ұтымды орындау үшін топтың қандай көлемі қажет екендігін анықтап алу қажет (4-кесте).

Мұғалімдердің рөлі

Топтық жұмысты мұғалімдер ұйымдастырады, әрі олар қолдау көрсетіп отыруға тиіс, сондай-ақ тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру қажет. Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек.

Сонымен қатар, сыныппен жүргізілетін жұмыс неге қол жеткізілетіндігін, нені білу жоспарланғандығын және топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.

Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді моделдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсету талап етілуі мүмкін.

Сабақ аяқталған соң оқушылар топтағы жұмыс үдерісін және оның нәтижелері туралы ойлану үшін түрткі жасау керек.

4-кесте. Топтың көлемі

Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленген тапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс, олар топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып/қамтамасыз етіп, жоғары деңгейдегі оқытуды, ойлауды және түсінуді дамыту үшін қолданылады.

1.3. Топтық жұмысты тиімді пайдалану тәжірибемнен...

Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға мыналар жатады:

  • Оқу міндетін анықтау үшін сынып топтарға бөлінеді;

  • Әр топ тапсырманы орындайды (не бірдей, не саралап, даралап берілген);

  • Топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі;

  • Топтың құрамы сабақтың мазмұнына қарай өзгереді; әр деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады;

Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды, зертханалық және жаратылыстану ғылыми тақырыптардағы практикалық жұмыстарды, сондай-ақ шет тілдерді меңгеруде, ауыз екі сөйлеуде тілді дамыту бағытында және еңбек сабақтарын өткізгенде өте тиімді. Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік параметрлері күрделеніп, өздік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түсетіні анық.

Мен география сабағында оқушыларды топқа бөліп оқытамын. Оқушылар топқа бөлініп оқуға бейімделген, сабақтың тақырыбын, мақсатын сыни тұрғыда ойлана отырып өздері ашады. Оқушыларды топқа бөлу үшін өтіліп жатқан немесе өтіп кеткен материалдарды қолданған тиімді. Өйткені оқушы топқа бөлініп қана қоймай, өткен материалдарды еске түсіріп, қайталап отырады. Мысалы, 7-сынып оқушыларына өткізілген сабақтарымда оқушыларды стикерлерге жазылған елдер атаулары арқылы «Солтүстік Африка», «Шығыс Африка», «Оңтүстік Африка» деп топқа бөле отырып, оқушылар Африка елдері туралы алған мәліметтерін еске түсірді.

Қазіргі заманда жаңа технологияның дамыған заманында адамдар арасында тілдік қарым – қатынастың жойылып бара жатқандығы дәлелденген, себебі бала үйде компьютермен немесе ұялы телефонмен үнсіздікте отырады, содан балада тілдік қарым – қатынасы жойыла бастайды.

Топпен жұмысты көптеп өткізу нәтижесінде сабақ беріп жүрген сынып оқушылары бір – бірін бағалаған кезде немесе постер қорғауда өз ойларын дәлелдеп айта алатын дәрежеге жетті. Мәселен, 8-сынып оқушыларына өткізген «Қазақстанның пайдалы қазбалары» тақырыбындағы сабағымда сынып оқушыларының санына қарай отырып сыныпты екі топқа бөлдім. «Рудалы» және «Рудасыз» пайдалы қазбалар болып бөлінген сынып оқушылары Қазақстандағы пайдалы қазбалар туралы толық мағлұмат бере білді.

Бұрын әр оқушы өз алдына кескін картамен жұмыс жасап, білмегенін көршісінен сұрай алмаушы еді, себебі көршісі жоғары баға алады деген қызғаныш пайда болатын. Ал топтық жұмыста бәрі ортақ, жасырын тапсырма болмайды. Бірі білмегенін, бірі айтып отырады. Сондықтан кескін карталармен жұмыс барысында оқушырға жұптаса орындауға тапсырмалар беремін. Үнемі топтық және жұптық жұмыс соңында оқушылармен кері байланыс жасаған кезде оқушыларға бірлесе орындаған жұмыстың тиімді болғандығын білдім.

Топта оқшауланып бала қалмайды, өз ойын жеткізе алатын, саналы оқушы тәрбиеленіп шығады. Оқушы күнделікті сабақта алған білімін, өмірмен байланыстыра алуы тиіс, кітаптан алған білімін тек сабақта пайдаланбай, өміріне пайда болардай азық алуы керек. География сабағында әлем елдерін тек кітап жүзінде емес, ақпаратты технология көмегімен жан – жақты мәлімет алып, сол елге бара қалған жағдайда сол сабақтың пайдасы болуы керек. Дәстүрлі әдіс бойынша оқушының алған білімі тек емтиханда ғана пайдаға асады, ал сындарлы оқытуда балаға алған білімі өміріне азық болуы тиіс.Тапсырманы орындау барысында бұған дейінгі алған білімдері толықтырылады, жаңа ғылыми түсініктер және білім жолындағы кездесетін әр түрлі жағдайларда қолданыла алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады, оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен түзету жүзеге асады, ойларын ашық айтуға үйрене отыра,олар білімсіздіктен білімге, епсіздіктен біліктілікке қарай қадам жасайды. Алдағы уақытта, мүмкіндігінше, бұл жаңа әдіс-тәсілдің өзім үшін әлі де болса тың тұстарын меңгере түсіп, тәжірибеме енгізуді алдыма мақсат етіп қойдым. Елбасымыз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іс пен үлкен міндет тұр. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.













Қорытынды

Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері

Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді.

Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады.

Фактілер бұл үдерістің кезең-кезеңмен жүретіндігін растайды. Айталық, бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекет етудің дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады

Әлеуметтік өзара әрекет ету дегеніміз не?

Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді.

Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.

Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не?

Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:

• кезекпен сөйлеу

• белсенді тыңдау

• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау

• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау

• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу

• ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау

• көмектесу және көмек сұрау

• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну

• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау

• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу

• талқылаудың қорытындысын шығару

• дәйекті айғақтар келтіру.

Проблемаларды шешу стратегиялары

Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл оқушыларға:

  • уақытты ұтымды жоспарлауға;

  • инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;

  • топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға;

  • топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;

  • тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сабақ барысында модульдерді қолданып, топтық жұмыс жасау нәтижесінде: Оқушылардың жас ерекшілектеріне сәйкес оқыту және оқу: Жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды орындауда, танымдылық қасиеті артады. Талантты және дарынды балаларды оқыту: Шығармашылық қабілеті толығынан ашылады. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану: АКТ-ны қолдана отыра, есте сақтау қабілеті артады. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: Қалыптастырушы бағасынан, жиынтық бағасы шығатынын түсінеді; құрдастарын, өзін әділ бағалауға үйренді. Сыни түрғыдан ойлауға үйрету: Әр жауабын сыни ойлап талдауға дағдыланды, өз бетімен жұмыс жасауға үйренді. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: «Тұйық» оқушылар еркін сөйлейді, бір-біріне сұрақ қоюға, оған нақты жауап беруге үйренді. Оқытуды басқару және көшбасшылық: Дарынды оқушылар арасынан көшбасшылық қасиеті бар оқушы танылады.

Менің ұсынысым:

  • Топпен орындалатын жұмыстар жинақ түрінде шығарылса;

  • Электрондық оқулықтарға жұптық және топтық жұмыстар енгізілсе.

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер:



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (ІІІ деңгей)

  2. Курс ресурстары.

  3. Ғаламтор материалдары [6]

  4. «Қазақстан мектебі» журналы



9



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
География сабағында топтық жұмыстың тиімділігі

Автор: Кауашев Асылан Самиғоллаұлы

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393919

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Коучинг саба?ына рефлексивтік есеп "
    ["seo_title"] => string(41) "kouchingh-sabag-yna-rieflieksivtik-iesiep"
    ["file_id"] => string(6) "153024"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1420959923"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Дарынды о?ушылармен ж?мысты жандандыру "
    ["seo_title"] => string(44) "daryndy-ok-ushylarmien-zhu-mysty-zhandandyru"
    ["file_id"] => string(6) "234760"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1443525322"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "География п?нінен Арал те?ізі та?ырыбында?ы ашы? саба?ты? ?ыс?а мерзімді жоспары"
    ["seo_title"] => string(94) "gieoghrafiia-p-ninien-aral-tien-izi-tak-yrybyndag-y-ashyk-sabak-tyn-k-ysk-a-mierzimdi-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "281983"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453633756"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Саба? та?ырыбы «Металдарды? адам ?міріндегі ма?ызы» "
    ["seo_title"] => string(54) "sabak-tak-yryby-mietaldardyn-adam-omirindieghi-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "141289"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418094989"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Европаны? шаруашылы?ы"
    ["seo_title"] => string(23) "ievropanynsharuashylygy"
    ["file_id"] => string(6) "271415"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451491395"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства