Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Көктерек ОЖББМ География пәнінің мұғалімі: Хасанова Ботагөз Қазиоллақызы Сабақ жоспары Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясында не оқытады? Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, материктер мен мұхиттарға нақты түсінік беру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту. 3. Тәрбиелік: Материктер мен мұхиттарға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу. Сабақ түрі: Жаңа сабақ Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, суреттер, карточкалар Сабақтың жоспары: Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин) 1. Ұйымдастыру 1-2 2. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20 3. Жаңа сабақты бекіту 5-6 4. Үйге тапсырма беру 1-2 Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін. Жаңа сабақты түсіндіру: Материктерде құрлықтағы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын биік тау жүйелері мен ұлан-ғайыр жазықтардың табиғаты, дүниежүзілік мұхиттың тылсым табиғаты мен орасан мол табиғи қорлары, ондағы терең сулы шұңғымалар мен су асты жоталары, құрлық климатына әсер ететін теңіз ағыстары мен мұхит суының жалпы қасиеттерін жатқызамыз. Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді. Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады. Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»). Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді. Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 316 млн км, бұл Жер беті ауданының 70,8%-ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлінеді: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (11 022м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды. Жаңа тақырыпты бекіту: Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км²? Жауап: 510,2 млн км² Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата? Жауап: 6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика Сұрақ: Жер шарындағы ірі архипелагтарды ата? Жауап: Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы. Сұрақ: Дүние бөліктері дегеніміз не? Жауап: Құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар Сұрақ: Дүние бөліктері қанша және оларды ата? Жауап: 6, Еуропа, Азия, Африка («Ескі Дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа дүние») Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²? Жауап: 361 млн км² Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жерін ата және оның тереңдігі қанма метр? Жауап: Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы, 11 022 метр Қорытынды: Қорытындылай келе, материктер мен аралдар, дүние бөліктерін және дүниежүзілік мұхиттың маңызын ашып түсіндірдім. Үйге тапсырма: §1. Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады? оқу және кесін картаға материктер мен мұхиттарды түсіру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясында не оқытады?
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, материктер мен мұхиттарға нақты түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту.
3. Тәрбиелік: Материктер мен мұхиттарға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, суреттер, карточкалар
Сабақтың жоспары:
Сабақтың кезеңдері
Берілетін уақыт (мин)
1.
Ұйымдастыру
1-2
2.
Жаңа сабақты түсіндіру
18-20
3.
Жаңа сабақты бекіту
5-6
4.
Үйге тапсырма беру
1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Материктерде құрлықтағы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын биік тау жүйелері мен ұлан-ғайыр жазықтардың табиғаты, дүниежүзілік мұхиттың тылсым табиғаты мен орасан мол табиғи қорлары, ондағы терең сулы шұңғымалар мен су асты жоталары, құрлық климатына әсер ететін теңіз ағыстары мен мұхит суының жалпы қасиеттерін жатқызамыз.
Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді.
Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.
Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).
Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.
Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 316 млн км, бұл Жер беті ауданының 70,8%-ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлінеді: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (11 022м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды.
Жаңа тақырыпты бекіту:
Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км²?
Жауап: 510,2 млн км²
Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата?
Жауап: 6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, олардың бар жоғын анықтап, үй тапсырмасын сұраймын.
Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км²?
Жауап: 510,2 млн км²
Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата?
Жауап: 6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика
Сұрақ: Әр материктердің аудандарын ата?
Жауап: Еуразия-54 млн км² астам, Африка 30,3 млн км², Солтүстік Америка 24,2 млн км², Оңтүстік Америка 18,3 млн км², Антарктика 14 млн км², Аустралия және Мұхит аралдары 9,0 млн км²-ге жуық
Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?
Жауап: 361 млн км²
Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жерін ата және оның тереңдігі қанма метр?
Жауап: Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы, 11 022 метр
Жаңа сабақты түсіндіру:
Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен-ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
1 –ші, Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары – Месопотамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады.Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық«Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген.
2-ші, Ежелгі Грек ғалымы Аристотель Жер – шар тәрізді деген Пифагордың түсінігін ілгері дамытады. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді.
Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған.
Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған.
Ұлы географиялық ашулар кезеңі ғ ХV- ХVІІІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.
1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған аймаққа кейіннен тағы 3 рет саяхат жасады.
1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды.
Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады. А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.
1538 жылғы дүние жүзі картасында атақты картограф Герард Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.
1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.
ХVІІ ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін өз атамен аталған аралды, 18 ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктың зерттеулері Жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді.
ХVІІІ ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В.Беринг пен А.И.Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашты.
1803-1806 жылдар аралығында И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты.
1819-1821 жылдар аралығында Ф.Белинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты.
1909 жылы Американдық Р.Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы Норвег Р.Амундсен Оңтүстік полюске жетті.
Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді падалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.
Жаңа сабақты бекіту: Сәйкестендіру кестесі арқылы
1.
1819-1821
Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа өтті;
2.
1803-1806
Колумб ашқан жаңа жерлерге Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады;
3.
1519-1522
Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция Антарктика материгін ашты;
4.
1499-1503
И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді,Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты;
5.
1648
Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты;
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдерін баяндап, таныстырдым.
Үйге тапсырма: : §2. Тақырыпты оқу. Кескін картаға географиялық ашылулар, зерттеулерді түсіру. Реферат жазып келу.
Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар карталары
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Материктер мен мұхиттар туралы алған білімдерін жинақтап, одан әрі таным деңгейін арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың әр материкті, мұхитты жете тануға қызығушылығын ояту, оларды қосымша ізденуге, картамен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Өзін дұрыс ұстай білуге, мәдениеттілікке және ойын дұрыс, нақты жеткізе білуге баулу.
Сабақтың түрі: суреттеу-түсіндіру, өзіндік ізденіс
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесіп, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіре бастаймын.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Карта-математикалық заңдылыққа негізделе отырып (масштаб және проекция бойынша) жасалатын Жер шарының, Күн жүесіндегі басқа ғаламшарлардың және т.б кішірейтіліп әрі жинақталып, шартты белгілермен бейнеленген кескіні. Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталатыны белгілі. Глобустағы Жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Картографиялық проекция (кескін) – Жер шарының бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады.
Тең бұрышты проекция қолданылған картада бұрыштар мен шағын географиялық нысандардың пішіндері нақты сақталады.
Тең ауданды проекция қолданылған карталарда аудан дәл беріледі. Мұндай проекция қолданылған карталардан материктер мен елдердің мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады.
Еркін алынған проекциялар негізінде жасалған карталарда бұрмаланулардың барлық түрлері кездескенімен, олар карта бетінде ұтымды бейнеленеді.
Цилиндрлік проекция көбінесе Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланылады.
Карталар мынадай 4 белгісіне бөлінеді:
А) Қамтылатын аумағына (жарты шарлар немесе дүние жүзі карталары, Дүниежүзілік мұхит картасы, материктер мен олардың бөліктерінің картасы, топографиялық карталар);
Ә) Мазмұнына (жалпы географиялық және тақырыптық);
Б) Масштабына (ұсақ, орта және ірі масштабты карталар);
В) Қолданылу сипатына (ғылыми-анықтамалық, оқу карталары мен мәдени-ағарту, техникалық және туристік карталар);
Жаңа сабақты бекіту:
Сұрақ: Карталар қанша түрге топтастырылады?
Жауап: 4; қамтылытын аумағына, мазмұнына, масштабына, қолдану сипатына қарай топтастырылады
Сұрақ: Кешенді карталар дегеніміз не?
Жауап: Көп жағдайда тақырыптық крталар бірнеше компоненттерді және олардың өзара байланысын көрсетеді. Мұндай карталар кешенді карталар деп аталады.
Сұрақ: Глобус дегеніміз не?
Жауап: Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталады.
Сұрақ: Картографиялық проекция дегеніміз не?
Жауап: Жер шарының бетін малематикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.
Сұрақ: Дүниежүзілік карталарда көп пайдаланылатын проекция-
Жауап: Көп конусты проекция.
Сұрақ: Жер жары толық бейнеленген карталарда пайдаланылатын проекция-
Жауап: Цилиндрлік проекция.
Сұрақ: Азимуттық прекция қандай мақсатта қолданылады-
Жауап: Белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл бейнелеу үшін қолданылады.
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттар карталарын, шартты белгілер жүйесін, проекциялардың түрлерін айтып түсіндірдім.
Үйге тапсырма: Материктер мен мұхиттар карталары мәтінін оқып, баяндау. Атлас картадан түрлерін анықтап, оларға мысал келтіру.
Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Жер қыртысының құрылымы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Жер қыртысының ішкі құрылысы зерттеліп отырған құбылысын, фактінің, заңның айқын, нақты түсінігін беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау ойға сақтау қабілеттерін арттыру, дамыту.
3. Тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге үйрету. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесіп, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жердің қатты қабығы болып саналатын литосфера жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін қамтиды. Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай материктік және мұхиттық болып бөлінеді.
Геологиялық жыл санау-Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім. Жердің геологиялық жасы литосфераның қалыптасқан уақытынан бастап есептеледі.
Жер қыртысы мен тіршілік дүниесінің неғұрлым ірі өзгерістерін көрсететін геологиялық уақыт аралығы эра деп аталады. Жердің даму тарихы 5 эраға жіктеледі. Әр эра неғұрлым қысқа уақыт аралықтарына-дәірлерге бөлінеді. Дәуірлердің аттары көбінесе сол кезеңге сәйкес келетін тау жыныстары табылған жерлердің атымен аталады. Мысалы, кембрий, пермь, юра. Геохронологиялық кестеде Жер тарихындағы басты оқиғалар – тау жасалу кезеңдері, климаттық өзгерістер, тіршіліктің дамуы және т.б көрсетіледі.
Литосфералық плиталар теориясы бойынша, жер қыртысы және мантияның жоғарғы бөлігі жекелеген плиталардан тұрады. Қазіргі кезде 7 ірі платформа мен ондаған кіші плиталар анықталған. Олар құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты материктік және мұхиттық плиталарға ажыратылады. Ірі литосфералық плиталардың көпшілігі материк пен оларға жалғасып жатқан мұхит табандарын қоса қамтиды. Аса ірі плиталар қатарына Еуразиялық, Солтүстік Америкалық, Оңтүстік Америкалық, Африкалық, Үнді-Аустралиялық, Антарктикалық, Тынық мұхиттық плиталар жатады. Ал Тынық мұхиттық плита мұхиттық плита болып табылады. Мұхиттық плиталарда гранит қабаты болмайтындықтан олар салыстырмалы түрде жұқа және қозғалмалы болып келеді.
Әрбір материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерін-платформалар құрайды.
Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері геосинклиналдар деп аталады.
Қазіргі ірі геосинклиналдық белдеулерге Альпі-Гималай, Батыс және Шығыс Тынық мұхиттық белдеулер жатады.
Жер шарында 800-ден астам сөнбеген жанартау бар, олардың басым көпшілігі мұхит табанында шоғырланған.
Жаңа сабақты бекіту: Геохронологиялық кесте
Эралар
Дәуірлер
Қатпарлықтар
Тіршіліктің дамуы
Кайнозой
Kz
67
Төрттік немесе антропогендік 1,8 млн жыл Неогендік, 23,2 млн жыл, Палеогендік, 42 млн жыл
Альпі қатпарлығы
Сүт қоректілер мен құстардың қарқынды дамуы. Адамның пайда болуы. Жабдық тұқымды өсімдіктертердің қаулап өсуі.
Мезозой
Mz
165
Бор, 70 млн жыл
Юра, 55-58 млн жыл
Триас, 40-45 млн жыл
Мезозой
қатпарлығы
Құстардың пада болуы. Алып бауырымен жорғалаушылардың кең таралуы. Ашық тұқымды өсімдіктердің қаулап өсуі.
Палеозой
Pz
330
Пермь, 45 млн жыл
Карбон, 65-70 млн жыл
Девон, 55-60 млн жыл
Силур, 35 млн жыл
Ордовик, 60-70 млн жыл
Кембрий, 70-80 млн жыл
Герцин қатпарлығы
Теңіз маржандары, трилобиттер, ірі қос мекенділердің кең таралуы.
Өсімдіктердің құрлыққа шығуы
Папоротниктер мен плаундардың қаулап өсуі.
Каледон
қатпарлығы
Протерозой, 2,1 млрд жыл
Байкал
қатпарлығы
Көк-жасыл балдырлардың кең таралуы. Алғашқы қарапайым теңіз ағзаларының пайда болуы.
Бактериялардың пайда болуы.
Архей, 1 млрд жыл
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, жалпы жер құрылымымен оның ішінде, материктік және мұхит табандарының жер қыртысын, геологиялық жыл санауды, литосфералық плиталар және олардың қозғалыстарымен таныстық, үйрендік, білдік.
Үйге тапсырма: Жер қыртысының құрылымын оқу, мазмұндау.
Кескін картаға жер бедерін салу.
Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Жер бедері
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Жер бедері туралы оқушыларға түсінік беру. Оқушылардың тіл байлықтарын сөздік қорларын молайту.
2. Дамытушылық: Дамытуға оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін.
Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ: Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай неше топқа бөлінеді және оларды ата?
Жауап: Материктік және мұхиттық болып екіге бөлінеді
Сұрақ: Геологиялық жыл санау дегеніміз не?
Жауап: Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім
Сұрақ: Рифт дегеніміз не?
Жауап: Жер қыртысындағы неғұрлым терең жарылыстардың жиынтығы рифт деп аталады
Сұрақ: Плита дегеніміз не?
Жауап: Платформаларды әр түрлі шөгінді жыныстар жауып жатқан кішігірім бөлігін плита деп атайды.
Сұрақ: Жер қыртысының қозғалмалы белдеулерін не деп атайды?
Жауап: Геогсинклиналдар
Сұрақ: Қазіргі ірі геосинклиналдық белдеулерге жататындарын ата?
Жауап: Альпі-Гималай, Батыс және Шығыс Тынық мұхиттық белдеулер жатады.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жер бедері барлық табиғат компоненттерінің (климат, ішкі сулар, топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі) қалыптасуы мен орналасу заңдылықтарына айтарлықтай әсерін тигізеді.
Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар әсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады.
Ішкі күштер әсерінен болатын қозғалыстардың екі түрі белгілі: тік қозғалу (жанартаулық құбылыстар, күшті жер сілкінулер, қатпарлану, жарылыстардың пайда болуы және т.б) және өздеріңе белгілі литосфералық плиталардың ғасырлық тербелмелі қозғалыстары. Бұл қозғалыстар жер бедерінің ең ірі пішіндерін-материктерді және мұхит қазаншұңқырларын қалыптастырады. Олар жер бедерінің ғаламшарлық ауқымдағы аса ірі пішіндеріне жатады. Құрлық пен мұхит табанындағы жазықтар мен тау жүйелері жер бедерінің екінші қатардағы пішіндерін құрайды.
Ішкі күштердің әсерінен қалыптасқан ірі таулар мен жазықтар сыртқы күштердің әсерінен түрліше өзгерістерге ұшырайды.
Мұхит табанының ең басты ерекшелігі – тұтас су асты жоталары жүйесін құрайтындығы. Олардың жалпы ұзындығы 75 000км-ден астам, ені 2000 км-ге, орташа биіктігі 3000 -4 000м-ге жетеді. Жоталардың жан-жағын қоршай, теңдессіз өте үлкен алқапты қамтитын терең ойыстар-қазаншұңқырлар орналасқан. Литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылыды.
Жаңа сабақты бекіту:
1. Жер қыртысының құрылысы картасы мен физикалық картаны салыстыра отырып, материктер ме н мұхиттар табанындағы жер бедерін ата
2. Жер қыртысының қандай құрылымдарына сәйкес келетінін нақты мысалдармен дәлелдеңдер
3. Материктер мен мұхиттар пішіндерінің өзгеруін немен түсіндіруге болады?
4. Мысал келтір (Жер белдеріне)
Қорытынды: Сонымен, бүгінгі сабақта жер бедерінің неғұрлым ірі пішіндері жер қыртысының белгілі бір құрылымдарына сәйкес келетінін және литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылатынын білдік.
Үйге тапсырма: Жер бедері мәтінін мәнерлеп оқып мазмұндау. Кескін картаға жер бедерін түсіру. Тест сұрақтарын құрастырып, қосымша материалдар алып келу
Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Ауа температурасы мен қысымының таралуы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды ауа температурасы мен қысымен таныстыра отырып түсінік беру
2. Дамытушылық: Ауа температурасын карта бойынша кестені оқу, білу және қысымды анықтау
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өздерінің тұрған жерлеріндегі ауа температурасымен қамтамасыз ету мәселесімен таныстыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Суреттеп түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, климат картасы
Сабақтың жоспары:
№
Сабақтың кезеңдері
Берілетін уақыт (мин)
1.
Ұйымдастыру
1-2
2.
Үй тапсырмасын сұрау
10-12
3.
Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру
2-3
4.
Жаңа сабақты түсіндіру
18-20
5.
Жаңа сабақты бекіту
5-6
6.
Үйге тапсырма беру
1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындалу
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жер шарының ауа қабаты – атмосфераның құрамы мен құрылымы.
Жердегі тіршілік үшін әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты тропосферадағы ауа құрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор. Мұнда бүкіл ауаның шамамен 9/10 бөлігі шоғырланған. Тропосферада ауа райының маңызды құбылыстары-бұлт, жаңбыр, қар, бұршақ, жел пайда болып, олар кейде адамзат пен тіршілікке қауіпті апатты жағдайларға-қуаңшылық, су тасқыны, қарлы борандар мен дауылдарға әкеп соқтырады.
Жер шарындағы климаттың қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын түсінуде климаттық карталардың маңызы зор.
Климаттық элементтердің таралуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді. Температуралары бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изотермалар, қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобара, жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изогиета деп атайды.
Ауа массалары:
1. Экваторлық – төмен қысым-0ºС
2. Тропиктік – жоғарғы қысым-30ºС
3. Қоңыржай – төмен қысым
4. Антарктикалық – 65ºС
Ауаның әрқашан жоғары қысымды аймақтардан төмен қысымды аймақтарға қарай қозғалады. Сол себепті экватор маңындағы жоғары өрлеген ауа төмен түсе алмай, тропосфераның жоғарғы қабаты арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Бірақ қозғалыстағы ауа Жердің өз білігінен айналуынабайланысты шығысқа қарай ауытқиды да, полюстерге жете алмайды. Біртіндеп суынып, ауырлаған бұл ауа 30ºс.е. пен 30ºо.е. маңында төмен бағытталады. Осы себепті екі жарты шарда да тропиктік ендіктерде Жоғарғы қысымды белдеулер қалыптасады. Полюстердегі сияқты мұнда да ауа ағындарының төмендеген қозғалыстары басым болады. Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеулерден төмен қысымды белдеулерге қарай ауа ағындары бағытталады, олар тұрақты желдерді қалыптастырады.
Сонымен, жер бетінде жоғары өрлеген ауа ағыны басым аймақтарда төмен қысым, төмендеген ауа ағыны басым аймақтарда жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады.
Жаңа сабақты бекіту:
Атластағы климаттық карталарды пайдалана отырып:
a) Еуразиядағы 60ºш.б. меридианы бойымен;
b) 40º және 50ºс.е. бойынша қандай изотермалар өтетінін анықтаңдар.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері қанша болуы тиіс
Қыс пен жазда ауа массаларының желдердің бағытын анықтау
Төменгі ауа массалары нені білдіреді
Қандай белдеуде ауа қозғалысы қалай пайда болады
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, атмосфераның жердегі тіршілігі үшін маңызын анықтадық. Жер бетінде ауа теапературасы мен қысымның таралуын, атмосфералық қысым белдеулерімен таныстық, білдік.
Үйге тапсырма: Атластағы климаттық картаны пайдалану, §6 оқу. Климаттық картамен жұмыс жасау
Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы.
Жауын-шашынның таралуы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға ауа массасы жауын-шашын туралы түсінік беру
2. Дамытушылық: Сөйлеу қабілетін дамыту, жаңа мағлұматтар беру арқылы ой-өрісін кеңейту, шығармашылыққа баулу
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Климат картасы, суреттер, оқулық
Сабақтың жоспары:
№
Сабақтың кезеңдері
Берілетін уақыт (мин)
1.
Ұйымдастыру
1-2
2.
Үй тапсырмасын сұрау
10-12
3.
Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру
2-3
4.
Жаңа сабақты түсіндіру
18-20
5.
Жаңа сабақты бекіту
5-6
6.
Үйге тапсырма беру
1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгендеп, зейінін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіруге кірісемін
Жаңа сабақты түсіндіру:
Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай бір тектес қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығын ауа массалары деп атайды. Қалыптасқан орнына байланысты ауа массалары 4 түрге ажыратылады:
1. Экваторлық (ЭА) температура жоғары, ылғал мол болады;
2. Торпиктік (ТА);
3. Қоңыржай (ҚА) жылдың төрт мезгілі болады;
4. Арктикалық және антарктикалық (АА);
Ауа массалары мұхиттық және континенттік болып жіктеледі. Мұхиттық ауа массалары континенттік ауа массаларымен салыстырғанда жазда салқын, қыста жылырақ болып келеді және жыл бойы ылғалды болады. Ал континенттік ауа массалары ылғалы аз, шаң-тозаңды, жазда ыстық болуымен ерекшеленеді. Қыста қоңыржай ендіктердегі континенттік ауа массалары қатты салқындайды.
Ауа массаларының горизонталь бағытта орын алмастыруын жел деп атайды. Тұрақты, яғни әрқашан бір бағытта соғатын желдер жоғарғы және төменгі қысым белдеулерінің орналасуына баланысты пайда болады.
Экватор маңында төменгі қысым белдеуі қалыптасқан, ал 30-шы ендіктерде жоғарғы қысым, сондықтан да жел Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеуден экваторға қарай соғады. Бұл желдер пассаттар деп аталады. Жердің өз білігінен айналуы салдарынан пассаттар бағытынан ауытқиды. Солтүстік жарты шар пассаттары солтүстік- шығыстан оңтүстік-батысқа қарай, ал оңтүстік жарты шар пассаттары солтүстік батысқа соғады.
Тұрақты желдер тропиктердегі жоғарғы қысым белдеулерінен қоңыржай ендіктердегі төмен қысымды белдеулерге (65 с.е. пен 65 о.е) қарай да соғады. Жердің өз білігінен айналуы әсерінен бұл желдер солтүстік жарты шарда оңға, ал оңтүстік жарты шарда-солға қарай ауытқып, батыс желдерін, яғни батыстан шығысқа қарай бағытталған тұрақты ауа ағынын қалыптастырады.
Климаттық жағдайлардың қалыптасуын географиялық ендік пен Күннің көкжиектен биіктігі ғана емес, ауа массаларының қозғалыстары да анықтайды.
Жер шарының кейбір аудандарында жауын-шашын шамадан тыс мол түссе, кей жерлерде оның мөлшері мүлде мардымсыз. Жауын-шашынның бұлай әркелкі тарадуы жоғарғы және төменгі қысымды белдеулердің орналасуымен түсіндіріледі.
Экваторда ғана емес, барлық төменгі қысымды аудандарда жауын-шашын мол түседі. Керсінше, жоғарғы қысымды белдеулерде ылғалы аз, суық ауа ағындары төмен қарай бағытталады. Төмендеген сайын бұл ауа өзгеріп, қызу нәтижесінде құрғайды. Сондықтан жоғарғы қысымды аймақтарда жауын –шашын тмөлшері аз болады. Жер бетінде басым желдердің бағыты, жауын-шашынның таралуы мен мөлшері атмосфералық қысым белдеулерінің орналасуына тәуелді болады.
Жауын-шашынның таралуына географиялық ендік те әсер етеді:
Күн сәулесі неғұрлым аз түссе, жауын-шашын да соғұрлым аз жауады.
Жаңа сабақты бекіту:
Сұрақ: Ауа массалары дегеніміз не?
Жауап: Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығын ауа массалары деп атайды.
Сұрақ: Ауа массаларының қандай түрлері бар?
Жауап: Экваторлық, тропиктік қоңыржай, арктикалық және антарктикалық
Өздерің тұрған жердің климатына қандай ауа массалары әсер етеді.
Қорытынды: Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта Жер бетіне жауын-шашынның таралуы туралы жалпы оқып, білдік.
Үйге тапсырма: §7 оқу. Климат картасына жауын-шашынды түсіру
Өздерің тұрған жердің климатына қандай ауа массалары әсер етеді.