Просмотр содержимого документа
«географиядан саба? жоспар »
Атырау облысы. Атырау қаласы. И. Тайманов атындағы №27 орта мектептің тарих және география пәні мұғалімі Ізбақыш Райгүл Русланқызы
Сынып: 9
Сабақ тақырыбы: §6. Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі
1.Білімдік: Балаларға халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі, халықты аумақтық ұйымдастыру, қала халқы- қала- агломерация-мегаполис, урбандалу, ауылдық халықтың орналасуы туралы толық білім беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.
3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.
Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта,
Барысы: : І. Ұйымдастырушылық кезең
Оқушыларды Астана, Алматы, Атырау қалалары бойынша 3 топқа бөліп отырғызу.
Үй тапсырмасын сұрау
І топ: Халықтың ұлттық құрамы
ІІ топ. Халықтың діни құрамы
ІІІ топ: Қазақстан халықтарының тіл әулеті
Жаңа сабақ:
Жоспары:
Қала халқы: қала-агломерация-мегаполис
Ауылдық халықтың орналасуы
Халықтың орналасуы: шекаралас аудандарға шоғырлану
Осы сабақта кездесетін терминдер:
халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі,
халықты аумақтық ұйымдастыру,
қала халқы- қала- агломерация-мегаполис,
урбандалу,
ауылдық халықтың орналасуы
халықты орналастыру
халықтың қоныстануы
Болашағы жоқ ауылдар
Урбандалу:
Қаланың және халқының өсуі
Қалалық тіршіліктің өркендеуі
Орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.
Агломерация – қалалық орналасудың екінші формасы. Агломерация негізгі қаладан (ядродан) және серіктес қаладан тұрады. Агломерациялардың бірігуін мегаполис дейді.
ІҮ.Сабақты бекіту.
І тапсырма Жигсо әдісі бойынша постер қорғау
1 топ: Қала халқы
2 топ: Ауылдық халықтың орналасуы
3 топ: Халықтың орналасуы.
ІІ тапсырма: Сәйкестендіру стратегиясы
Урбандалу
Агломерация
Диаспора
Мегаполис
Этнография
ІІІ тапсырма: Топтастыру
1 топ: Қазақстан облыстарын урбандалу деңгейі бойынша топтастыр
2 топ: Қалалық орналасудың 3 формасы
3 топ: Қазақстан қалаларын қала халқының үлесі бойынша топтастыр.
ІҮ тапсырма: Картографиялық домино
Ү тапсырма: Жұптық жұмыс
ҮІ тапсырма: Ортадағы қаламсап стратегиясы
Қазақстан халқының саны қанша?
Қазақстанның саяси –әкімшілік бөлінісі қандай?
Халықтың орташа тығыздығы
Халық орналасуы бойынша қандай түрге бөлінеді?
Халықтың орналасуына әсер ететін жағдайлар қандай?
Халықтың ең тығыз қоныстанған аймақтары
Халықтың сирек қоныстанған аймақтары
Еліміздің халқы жағынан 1,2,3 орынды алатын аймақтарды картадан көрсет
ҮІІ тапсырма: «Астана», «Алматы», «Атырау» қалалары туралы әңгіме құрау.
Үйге тапсырма: §6 тақырыпты оқу, Кескін картаға қала агломерациялары мен халық саны көп облыстарды түсіру
Бағалау
І нұсқа
Қазақстандағы ірі агломерация:
А) Қарағанды-Теміртау Ә) Шымкент б) Өскемен В) Алматы Г) Қостанай
Елді мекендер бойынша халықтың таралымы:
А) орналасу ә) урбандалу б) агломерация в) мегаполис г) қоныстану