Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Оқушылар өз орындарында отырады. (әр оқушы қағазға өз атын жазып, сағат тілімен көршісіне ұсынады.Көршісі оның жақсы бір қасиетін жазады. Өзі туралы жазылған жақсы пікірлерді оқып, көңіл-күйі жақсарады) Қызығушылықты ояту Сұрақтарды талқылау. Ой шақыру. Сұрақ қою арқылы білгендерін естеріне түсіру. Картамен жұмыс.Дүние жүзіндегі халқының саны бойынша бастапқы үш елді көрсету. 1) Халық дегеніміз кім? 2) Демография қандай ғылым? 3) Ұдайы өсудің неше типі бар? 4) Дүние жүзінде қанша халық бар? 5 ) Демографиялық жарылыс дегеніміз не? 6) Демографиялық дағдарыс дегеніміз не? 7) Демографиялық проблема неден туындайды? Cұрақ қою.Демографиялық проблеманы шешу үшін не жүргізіледі деп ойлайсындар.(Демографиялық саясат) Тапсырма №1 Мәтінмен жұмыс.Топтық жұмыс. 1.Демографиялық саясат дегеніміз не? 2.Оның екі бағытын түсіндіру. 1.Мемлекеттер неге демографиялық саясат жүргізуге ұмтылады және ұдайы өсудің I,II типі елдері мысалында түсіндіру. 2.Демографиялық саясат шаралары, соның ішінде экономикалық іс-шараларды түсіндіру. 1.Әкімшілік-құқықтық іс-шараларды түсіндіру. 2.Тәрбиелік және үгіт-насихат жүргізу іс-шараларды түсіндіру. 1.Франция мен Жапонияда қандай ынталандырушы экономикалық шаралар әзірленген. 1.Үндістанда демографиялық саясатында бала туылуын төмендетуге бағытталған кандай шаралар бар? 1.Қытайдың демографиялық саясатында бала туылуын төмендетуге бағытталған кандай шаралар бар? Дескриптор:1.Демографиялық саясат ережесін айтады. 2.Демографиялық саясаттың жүргізілуінің себебін түсіндіреді. 3. Демографиялық саясат бойынша жүргізілетін іс шараларды сипаттайды. Бағалау: Екі жұлдыз, бір ұсыныс Тапсырма №2.Кестемен жұмыс.Сәйкестендіру.5 балл Жұптық жұмыс..Өз ара бірін бірі бағалау Табиғи-биологиялық | Халықтың жастық, жыныстық құрамы, некелесу. | 1 балл | Әлеуметтік-экономикалық | Көп балалы болу әдет-ғұрпының сақталуы. | 1 балл | Демографиялық | Халықтың көптеп қырылуы. | 1балл | Мәдени-әлеуметтік | Халықтың әл-ауқаты, денсаулығы. | 1 балл | Стихиялық апат | Адамнаң тууы мен өлуі. | 1 балл | Табиғи – биологиялық ------Адамның тууы мен өлуі, Әлеуметтік – экономикалық ----------Халықтың әл-ауқаты, денсаулығы, Демографиялық - ---- -Халықтың жастық, жыныстық құрамы, некелесу, Мәдени – әлеуметтік -----Көп балалаы болу, әдет – ғұрпының сақталуы, Стихиялық апат ------Халықтың көптеп қырылуы. Тапсырма №3. Жеке жұмыс. Тірек-сызбамен жұмыс.Тірек-сызба арқылы демографиялық саясатты түсіндіру. Жұмыс жазылып болған соң, сағаттың тілімен дәптерлер ауысып, оқушылар бірін-бірі тексереді. Дескриптор:1.Демографиялық саясаттың түрлерін анықтайды 2.Елдерді анықтайды. Бүгінгі сабақта негізгі деп санайтын 5 сөз айтыңдар. 5 жол өлең стратегиясы. Мысалы: 1. Халық 2. Көпұлтты, бірұлтты 3. Өседі, көбейеді, көшеді 4. Халқы көп ел – Қытай. 5. Ел. |