Просмотр содержимого документа
«Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі, демографиялық саясат»
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі,
демографиялық саясат.»
Сабақтың тақырыбы:Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі,
демографиялық саясат.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Дүние жүзі халқының саны мен демографиялық көрсеткіштер, халық санының ұдайы өсуі мен демографиялық саясат түсініктерін ашу, халықтың жастық-жыныстық құрамы, еңбек ресурстары туралы білімдерін одан әрі жетілду.
Дамытушылық – өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, адамгершілік қасиеті мен өз пікірін ашық жеткізуге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Сабақтың құрал-жабдықтары: оқулық, 10 сынып атлас, дүние жүзінің саяси картасы, статистикалық анықтама, слайд
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Оқыту әдістері: коммуникативті, жобалап оқыту, сұрақ-жауап
Литосфера тарауы бойынша: Бұл химиялық элементтік ыдырауы 4,51*109 жылға созылады. Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтайды.
Атмосфера тарауы бойынша: Күннен келетін радиацияның неше түрі бар. Оларды атаңдар?
Гидросфера тарауы бойынша: Судың тұздылығын қандай өлшем бірлікпен өлшейміз?
Биосфера тарауы бойынша: Биосфераны құрайтын тірі организмдер қандай екі үлкен топқа біріктіріледі?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Адамзаттың шығу тегі мен Жер шарындағы таралуы әлі күнге дейін талас тудырып келе жатқан сұрақтардың бірі. Жалпы адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антопология ғылымы екенін білеміз. Яғни антропос – адам деген сөзден шыққан. Көпшілік антрополог ғалымдардың пікірінше , алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. Жалпы саналы адам (Homo sapiens) осыдан шамамен 50-100 мың жылдай бұрын пайда болған. Кейін алғашқы адамдар Африкадан алдымен Еуропа мен Азияға, одан әрі Азиядан Америка мен Аустралияға, ең соңында Мұхит аралдарына тараған деп есептейді. Оқулықтағы 15-суреттен көруге болады.
Ғалымдар 15 мың жыл бұрын ғаламшарымызда 3 млн аспайтын тұрған деп шамалайды. Ерте кезеңдерде халықтың саны тек шамамен ғана айтылатын. Қазір халық санақтары ұдайы жүргізіліп тұрады.
Алғашқы халық санақтары б.з.д. ІІІ мыңжылдықта Ежелгі Қытайда және Египетте мемлекеттің әскери және салық саясаты үшін жүргізілген. Ал ХХ ғасырда барлық елдерде халық санағы жүргізілді.Кейбір мешеу елдерде халық санағын жүргізуге халықаралық ұйымдар қаржы бөлді. Мысалы: алғашқы халық санағы Ауғанстанда 1979 жылы, ал Оман мемлекетінде 1993 жылы жүргізілген. Жалпы халық санағы БҰҰ-ның ұсынысы бойынша әрбір 10 жыл сайын жүргізуі керек.
Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әрбір он жылда жүргізілді. Ал тәуелсіздігімізді алғаннан кейін 1999 жылы халық санағы болды. Кезекті халық санағы 2009 жылы жүргізіліп халық саны 16 млн 196 мың 180 адамға жеткенін көрсетті.
Жалпы Жер шары халық алғашында өте баяу өскен. Табиғи апаттар, жиі болатын соғыстар және әртүрлі жұқпалы аурулар т.б. Халық саны ХХ ғасырда күрт артты. Мысалы, 1930ж – 2млрд адам, 1962ж – 3 млрд, 1976ж – 4 млрд, 1987ж – 5 млрд, 1999ж – 6 млрд, 2011 жылдың қазан айында 7 млрд жетті. Халық санының мұндай күрт өсуін демографиялық жарылыс деп аталады.
Енді жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер пайдаланылады.
Абсолютті көрсеткіш табиғи өсу (туу мен өлімнің арақатынас) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар)
Салыстырмалы, яғни 1000 адамға шаққандағы промилле 0/00 есебімен өлшенетін коэффициент.
Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің қызметі тікелей әсер етеді.Мысалы Ежелгі Рим және Грекия тұрғындары орташа есеппен 25-30 жас өмір сүрсе, ХХ ғасырдың орта шенінде 46 жас, ал 2012 жылы 70 жасқа жетті. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы көрсеткіш бойынша: орташа жас ұзақтығы 69жас, әйелдерде 74, ер адамдарда 64 жасты құрайды.
Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды.
Халықтың ұдайы өсуінің типтері
Көрсеткіштер
Аймақтар
Туу
Өлу
Табиғи өсу
Дәстүрлі
Өте жоғары
Жоғары
Өте жоғары
Африка мен Азияның мешеу елдері
Өтпелі
Жоғары
Төмен
Өте жоғары
Латын Америкасы, Азия, Мұхит аралдары
Қазіргі
Өте төмен
Төмен
Өте төмен
Еуропа елдері,АҚШ; аустралия Одағы, Канада
Халықтың ұдайы өсуін реттеу мақсатында мемлекеттік деңгейде демографиялық саясат жүргізіледі. Демографиялық саясат – елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталып, жүргізілетін шаралардың жиынтығы. Мысалы Қытай, Үндістан және Бангладеш елдері.
ІV. Сабақты бекіту.
Бөлінген екі елге, Халық бар азиялық шетелде. (Солтүстік, Оңтүстік Корея)
Жер бетінде халқы көп, Кім айтады елді дөп. (Қытай)
Өзі - қала, ел - өзі,
дамыған үлгі үрдісі. Азиялық болса да,
Еуропалық тұрмысы. (Жапония)
Мұсылман үшін қасиетті,
дінінің туған жері еді. Мұнайдан халқы байыған,
бұл әлемнің қай елі? ( Араб Әмірлігі)
V. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау
VI. Үйге тапсырма.
Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі, демографиялық саясат тақырыбын оқып келу.
Кескін картадағы тақырып бойынша тапсырмаларды орындап келу.