kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Биосфера туралы ұғым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Интересный урок, котрый дает интересные факты о биофсере.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Биосфера туралы ұғым»

Құсайн Темур Мигдатшахұлы, Сарытоғай ЖОББМ география пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: «Биосфера туралы ұғым»

Сабақтың жоспары. 1) Саяхат жасау. 2) Деңгейлеп жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты. Жердің келесі қабығын табу. Оқушыларға жер қабықтары туралы тақырыпты қайталай отырып, биосфера ұғымы жайында білім қалыптастыру.

Дамытушылық. Ойлау, танымдық қабілетін, біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік. Экологиялық патриоттық тәрбие беру

Сабақтың әдісі. Зерттеу, эвристикалық сұрақ – жауап түсіндіру әдісі.

Көрнекті құралдар: видеопроектор, қима суреттер.

Сабықтың өту барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Негізгі бөлім.

2.1. Өткен тақырыпты қайталау

2.2. Деңгейлеп, тапсырмамен жұмыс істеу.

2.3. Осы тапсырманы тексеру.

2.4. Тапсырма негізінде мұғалімнің жаңа тақырыпты пысықтауы.

2.5. Видеопроектордағы жер схемасына сүйеніп оқушыларға түсіндіру.

3. Бекіту. «Биосфера» сөзжұмбағын шешу.

4. Бағалау.

5. Үйге тапсырма. №49. Жер моделіне биосферадағы жануарларды түсіру.

Бес оқушы тақтаға шығады.

1-оқушы. Мен жер қабығымын менің маңымда бірнеше қабықтар өмір сүреді. Мен шар тәріздімін.

2-оқушы. Мен жердің литосфера деп аталатын қатты қабығымын. Менің ортамда тау, жазық, қырат, үстірт, т.б. мекендейді.

3-оқушы. Мен жердің су қоршаған гидросфера қабығы боламын. Менің мекенімде өзен, көл, мұхит, теңіз, батпақ, бұлақ, т.б. тіршілік етеді.

4-оқушы. Мен белгісізбін (?).

5-оқушы. Мен жердің ауа қоршап тұрған қабаты атмосфера қабығы боламын. Менсіз тіршілік ортасы, яғни, адамдар, өсімдіктер, жануарлар тыныс ала алмайды. Жылу мен жарық, таза ауа беремін.

Мұғалім сөзі. Ал балалар, бүгін біз өткен тақырыпты қайталау мақсатында бізге бір қабықтың сыры белгісіз екенін байқадық.

Сонымен, біз бүгінгі деңгейлеп оқыту – саяхат сабағында үлкен тау басына шығып мақсатымызға жетуіміз керек. Біз ол үшін сыныпты мынандай үш топқа бөлеміз.

  1. Вице президент.

  2. Президент.

  3. Премьер министр.

  1. «Ойшылдар» тобы.

а) Биосфера деген не?

ә) Оқулықтың 46-шы бетіне сүйене отырып, 34-ші суретті пайдаланып, жер қабығының моделін сызу.

2. «Алғырлар» тобы.

а) Табиғат нешеге жіктеледі?

ә) Тірі табиғатқа не жатады?

3. «Білімділер» тобы.

а) Мына суретке қарап не айтасың?

ә) Ағаштың гүлдеуі нені білдіреді?

Яғни, үш топтың бір-біріне сұрақ жауабының нәтижесін бағалау комитеті сараптайды.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мультимедиапроекторға сүйене отырып жердің схемасы көрсетіледі. Яғни, онда әр қабық жасыл, қоңыр, т.б. түстермен көрсетілсе, тағы жануарлар, өсімдіктердің суреттері көрсетіледі. Сонда бізге бір қабықтың түсі ақ түспен көрсетілсе, сол белгісіз. Біз бүгін осы қабыққа саяхат жасаймыз.

Біздің тақырыбымыз – биосфера. Негізінен, бізге жануарлардың түрлері белгілі. Олардан басқа жер бетінде тек микроскоппен қарағанда ғана көрінетін әр түрлі ұсақ организмдер тіршілік етеді. Бұл тақырып сендерге дүниетану сабағынан белгілі.

Өсімдіктер, жануарлар және майда организмдердің түрлері. Видеопроектордан өсімдіктер, жануарлар, ұсақ организмдер, т.б. көрсетіледі. Жердің тірі организмдер мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы биосфера деп аталады (грекше биос-тіршілік, сфера-шар).

Тірі организмдердің басты ерекшелігі-көбейгіштігі. Бір ғана бактерияның ұрпағы кедергісіз көбейіп, сақталып отырған жағдайда 108 сағатта дүниежүзілік мұхитты толтырар еді. Ал бір клеткалы балдыр – диатомия көлемі жерге пара-пар шарды толтырып шығуы үшін 8 тәулік жетеді. Организм неғұрлым майда болса, ол тез көбейеді.

Тірі организмдердің екінші қасиеті – тіршілік жағдайына икемділігі. Микроорганизмдер жердің мәңгі тоң қабатында да t+100C-тан асатын гейзерде де тіршілік ете алады. Олардың кейбір түрі тұзды суда 3 млн есе көп радиация шығаратын атом реакторларында да кездседі.

Әр түрлі жағдайда тіршілік етуге икемделуінің арқасында тірі организмдер ауада, суда және жер қыртысында таралған. Организмдер жердің қатты қабағында тереңдікке ғана өтеді. Олардың сол қабатқа таралуына тау жыныстары мен жер асты суы, жоғары температура кедергі жасайды. Температура жер қыртысында тереңдікте артып, 1,5-15 шқ аралығында 100С асып кетеді. Сондықтан, бактериялар 4 шқ тереңдіктен табылған. Мұндай бұрғы ұңғымасында олар 2-2,5 шқ тереңдікте көптеп кездеседі. Мұғиттағы тіршілік үлкен тереңдікке дейін таралады. Олар ең терең шұңғымалардан табылған. Тіршіліктің таралуының жоғарғы шегі стратосфераның озон қабатына дейін барады. Озон қабаты тіршілік үшін ерекше маңызы зор. Бұл қабат күннен таралатын «әсірекүлгін» деп аталатын сәулелерді ұстап қалады. Ал ол тірі организмдерге, оның ішінде адам өміріне өте қауіпті. Ол көп мөлшерде түссе, адам денесі күйіп, рак ауруына шалдығады және бактериялар қырылып қалады. Ауа ағыны бактерияларды 20-22 шқ болып кете алады. 6 шқ асса өрмекшілер, көбелектер байқалады. Бірнеше шқ биіктікте құстар көтеріледі. Тіршілік гидросфераның 200 м тереңдікке дейінгі қабатта шоғырланған. Сонда тіршілік литосфераны түгел алады. Өсімдіктер, жануарлар және майда организмдер құрылықтың немесе судың белгілі бір алқабына шоғырланады. Олар бір-бірімен және табиғи ортамен тығыз байланыста тіршілік етеді. Осы байланыстың негізі – жасыл өсімдік.

Өсімдік өлі табиғаттың затынан, минералды тұздан, судан және көмірқышқыл газынан, күн сәулесінің әсерінен тіршілікке керек зат түзіп, оттегін бөліп шығарады. Өсімдіктерді, шөпті жануарлар жейді.Өсімдіктер және жануарлардың қалдығы майда организмдер ыдырап, өңдеп, оны қайтадан өсімдікке сіңіре алатын қоректік затқа айырылады. Жыл сайын өсіп жетілетін өсімдік көлемінің оннан бір бөлігін ғана ірі шөп қоректі жануарлар жейді. Қалған 1/10-ын құрттар, бунақденелілер, бактериалар және саңырауқұлақтар жеп ыдыратып шірітеді. Белгілі бір табиғи ортаға шоғырланған организмдер тіршілік бірлестігін құрайды. Жер бетінің табиғат жағдайларында мекендейтін өсімдіктер, жануарлар және ұсақ организмдер бірлестігін биоценоз деп атайды.

Грек тілінен био-тіршілік,ценоз-ортақ.

Мысалы: батпақ, көл, шалғын, тоғай, құмды шөл, сор, т.б.

Бекіту.Біз бүгін жаңа тарауда биосфера қабығымен таныстық. Сонымен, белгісіз қабықпен де таныс болдық, ол – биосфера.Олардың ерекшелігі – көбейгіштігі, ал қасиеті – тіршілік жағдайына икемділігі. Мұхитта тіршілік үлкен тереңдікке дейін таралған, оның таралуына әсер етуші озон қабаты екендігін байқадық. 20-22 шақырым биіктікте бактериялар, 6 шақырым биіктікте өрмекшілер мен көбелектер тіршілік етеді. Тіршілік гидросфера, атмосфера, литосфераны түгел қамтитындығы анықталды.

Үйге тапсырма беру. №49. Жер моделіне биосферадағы жануарларды түсіру.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Биосфера туралы ұғым

Автор: Құсайн Темур Мигдатшахұлы

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406388

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""Биосфера" тақырыбына сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(36) "biosfiera_tak_yrybyna_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "444220"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513188698"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Экология ?ылымы туралы жалпы т?сінік "
    ["seo_title"] => string(40) "ekologhiia-g-ylymy-turaly-zhalpy-tusinik"
    ["file_id"] => string(6) "177019"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424537271"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Биосфера ??ымы, биосфераны? шекаралары"
    ["seo_title"] => string(38) "biosfieraugymybiosfieranynshiekaralary"
    ["file_id"] => string(6) "319536"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460880146"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Биосфера ж?не жердегі тіршілік"
    ["seo_title"] => string(34) "biosfierazhniezhierdieghitirshilik"
    ["file_id"] => string(6) "336892"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1467549604"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Биосфера туралы т?сінік, оны? ??рамы, ??рылымы, ноосфера ??ымы. "
    ["seo_title"] => string(67) "biosfiera-turaly-tusinik-onyn-k-u-ramy-k-u-rylymy-noosfiera-u-g-ymy"
    ["file_id"] => string(6) "158959"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421835100"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства