kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Экология ?ылымы туралы жалпы т?сінік

Нажмите, чтобы узнать подробности

ы

Та?ырып:Экология ?ылымы туралы жалпы т?сінік

                   1 Экология тарихы

                   2 Т?рлері

                   3 Экологияны? жа?а ?ылым салалары

                   4 Экология ?ылымыны? са?тануы

Экология ( лат. оікос – ?й, баспана; логос – ілім) – жеке организмні? ?орша?ан ортамен ?арым-?атынасын, орта?а бейімделу за?дылы?тарын, сондай-а? организм де?гейінен жо?арыра? т?р?ан биологиялы? ж?йелерді? – популяцияларды?, организмдер ?ауымдасты?тарыны?, экож?йелерді?, биосфераны? ?йымдастырылу ж?не ?ызмет ат?ару за?дылы?тарын зерттейтін ?ылым. Экология терминін ?ылым?а енгізген Э.Геккель (1866). Экология ?ылымы жедел дамып, к?птеген жа?а салалары пайда болды. 19 ?асырды? ая?ы, 20 ?асырды? басында ?алымдар негізінен жекелеген факторларды?, ?сіресе климатты? факторларды?, организмдерді? таралуы мен сан динамикасына ?серін зерттеді. Бірімен-бірі ты?ыз байланыс?ан, бірт?тас ??рылымды? бірлік т?зетін аз?алар ?ауымдасты?тары (?. Биоценоз) туралы ??ым да осы кезде ?алыптаса бастады (К.М?биус, 1877; С.Форбс, 1887). 20 ?асырды? басында Экология жеке ?ылым ба?ыт ретінде таныла бастады, ал “экологияны? алтын ?асыры” атал?ан 20 – 40-жылдары популяциялар мен ?а-уымдасты?тарды зерттеуді? басты ба?ыттары ай?ындалып, Экологияны? негізгі ережелері мен за?дары т?жырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздарды? ?згеріп, дамитынын ж?не б?л бейімделушілік сипатында?ы ??былыс екендігін к?рсетті; А.Тинеманн (1925) ?нім ??ымын енгізді, ал Ч.Элтонны? Э. бойынша ал?аш?ы о?улы?ында (1927) биоценоздарда ж?ріп жат?ан процестерді? за?дылы?тары к?рсетіліп, трофикалы? ?уыс ??ымына аны?тама берілді, Экологиялы? пирамидалар ??ымы т?жырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийді? “Биосфера” атты кітабы жары??а шы?ып, онда ал?аш рет Жердегі б?кіл тірі аз?алар жиынты?ыны? – “жерді? тірі затыны?” ?аламды? р?лі ай?ын к?рініс тапты. А.Тенсли (1935) ж?не В.Н. Сукачев (1940) е?бектері бірімен бірі ?зара ты?ыз байланыс?ан, ?орша?ан физикалы? ортамен зат ж?не энергия алмасып отыратын аз?алар кешені туралы к?з?арастарды? дамуына, экож?йе ж?не биогеоценоз ??ымдарыны? ?алыптасуына ?келді. Популяция саныны? ауыт?уларын, популяциялар арасында?ы ?серлесулерді сипаттайтын матем. модельдер ??ру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сия?ты, ?азіргі теория Экологияны? негізін ??райтын зерттеулер де сол жылдары ?алыптаса бастады.

20 ?асырды? 60 – 70-жылдары, б??ан дейін негізінен биолог мамандарды? арасында ?ана ?олданылып келген “экология” термині кенеттен к?пшілік арасында е? танымал терминдерді? біріне айналды. Осы жылдары, таби?ат пен адамзат арасында?ы ?айшылы?тарды? ?дей т?суіне байланысты, ?орша?ан ортаны? ластануы, ?орша?ан ортаны? ахуалы, халы? саныны? ?суі, азы?-т?лік пен энергия ?орларын пайдалану сия?ты м?селелер ?ылымны? ?р т?рлі салаларында зерттеліп, б??аралы? а?парат ??ралдары бетінде ке?інен тал?ылана бастады ж?не б?л процесс ?лі де жал?асын табуда. Соны? н?тижесінде Экологиялы? д?ниетаным жаратылыстану ?ылымдары ?ана емес, к?птеген ?о?амды? ?ылымдар?а да енді, Экологияда к?птеген жа?а ба?ыттар пайда болды. Б?л ба?ыттар мен салаларды? бір?атары Э.Геккель негізін ?ала?ан биология Экологиядан ?лде?айда алша? жатыр. Кейбір “экологиялы?” деп аталып ж?рген ?ылым салаларыны? ?азіргі к?нге шейін на?ты шекаралары белгіленіп, еншісі ажыратыл?ан жо? ж?не соларды? барлы?ын ?ана?аттандырарлы? орта? аны?тама беру о?ай емес. Экологиялы? ?ылымдарды? соншалы? сан алуан болуына ?арамастан осы к?нгі Экологияны? барлы? салалары мен ба?ыттарыны? негізінде а?заларды? ?орша?ан таби?и ортамен ?арым-?атынасына арнал?ан іргелі биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалы? алша? к?рінуі м?мкін, ?сімдіктер мен жануарларды? т?рлерін жерсіндіру, егістікке берілетін минералды? ты?айт?ыштарды? м?лшерін белгілеу, д?рі-д?рмектерді? емдік м?лшерін аны?тау, атмосфера?а шы?арылатын немесе су ?оймаларына т?гілетін ластаушы заттарды? шектік концентрацияларын есептеу сия?ты шараларды? негізінде Экологияда?ы шектеуші факторлар ережесі мен толерантты? за?ы жатыр.

Экология – а?заларды? бір-бірімен ж?не ?орша?ан таби?и ортамен ?серлесу за?дылы?тарын зерттейтін іргелі таби?аттану ?ылымы деп аны?тама беруге болады. Жедел дамып келе жат?ан ж?не шекарасы к?мескі Экология салаларыны? ?атарында адамны? ?орша?ан ортамен ?арым ?атынасын зерттейтін ?леуметтік экологияны атап ?ткен ж?н:

                   1) е? жалпылама т?рде – ?о?амны? география, ?леуметтік ж?не м?дени ортамен, я?ни адамды ?орша?ан ортамен ара салма?ын зерттейтін ?ылыми п?н;

                   2) адамзат ?о?амыны? таби?и ортамен ?серлесуін ж?не ?зара байланыстылы?ын зерттеу ар?ылы таби?атты ?тымды пайдалануды? ?ылым негіздерін жасайтын, сол ар?ылы таби?атты са?тап, адамны? тіршілік ету ортасын о?тайландыруды к?здейтін ?ылыми п?н. ?леуметтіу Экологияны? негізгі міндеті – адамзат ?о?амыны? ж?не оны? жекелеген айма?ты? топтарыны? таби?атпен ?серлесу за?дылы?тарын зерттеу негізінде жа?а таби?и-м?дениеттендірілген ортаны жобалау;

                   3) жекелеген ?леуметтік топтарды? таби?атпен ?арым-?атынасын ?арастыратын адам экологиясыны? бір б?лігі;

                   4) адамдарды? іс-?рекеттерін ж?не сол іс ?рекеттерді ?зге адамдарды? т?сінуін, жеке т?л?а немесе ?жым ретінде ?леуметтік-психология т?р?ыдан ба?а беруін зерттеу.

Зерттеу нысаны орта? болуына байланысты ?леуметтік Экология адам Экологиясымен ?штасады. Экологияны? негізі биологияда жат?анымен, ?азіргі кезде ол шын м?нінде биология ше?берінен шы?ып, к?птеген салалары ?олданбалы, экономика, ?о?амды? ?ылымдар?а ?ласады. К?пшілік ?ауым?а Экологияны? биология негізінен г?рі оны? таби?атты ?ор?ау, таби?ат ?орларын ?тымды пайдалану (таби?атты пайдалану) сия?ты ?олданбалы ?ырлары немесе ?нерк?сіптік Экология, агроэкология, урбоэкология, адам Экологиясы сия?ты салалы? б?лімдері к?бірек танымал. Экологияны? барлы? салаларыны? теориясы негізін ??райтын биология Экологияны немесе жалпы Экологияны айры?ша ?арастыр?ан ж?н. Биологиялы? экология – негізінен биол. ж?йелерге ?сер етуші ?орша?ан орта факторларыны? ?ш тобын (абиотикалы? фактор, биотикалы? фактор, анторопогендік фактор) ж?не жердегі тірі материяны? ?йымдастырылуыны? т?рт де?гейін (дара аз?алар де?гейі, популяциялар де?гейі, экож?йелер де?гейі, биосфера де?гейі) зерттейді. Тиісінше, дара а?заны? немесе белгілі бір т?рге жататын аз?алар тобыны? ?орша?ан орта жа?дайларымен, ?сіресе физикалы? ортамен ?арым-?атынасын зерттейтін б?лімі аутэкология деп аталады; популяцияларды? ??рылымы мен сан динамикасы, популяция саныны? реттелу механизмдері, жойылып кету ?ауіпі т?нген т?рлерді са?тау, шаруашылы? м?ні бар т?рлер мен оларды? жекелеген популяцияларын с?йемелдеу немесе керісінше санын шектеу сия?ты м?селелермен демэкология (популяциялы? Экология) ш??ылданады; ?сімдіктерден, жануарлардан ж?не микроа?залардан т?ратын к?рделі ж?йелерді? ??рылымын, дамуын, орны?тылы?ы мен ?німділігін, атал?ан аз?алар топтарыны? арасында?ы сан алуан ?серлесулерді, оларды? бір-бірімен ж?не физикалы? ортамен зат ж?не энергия алмасуын зерттеу синэкологияны? ?лесіне тиеді. Жер биосферасыны? тіршілік ортасы ретіндегі ерекшеліктерін, ?алыптасу тарихын, ??рылымы мен ?ызмет ат?ару за?дылы?тарын, адамны? шаруашылы? ж?не ?зге де ?рекеттеріне байланысты биосферада болып жат?ан ?згерістерді, биосфераны? келешегі м?селелерін глобалды? Экология (?аламды? Экология) зерттейді. Глобалды? Экологияны? теориясы негізін В.И. Вернадский т?жырымда?ан биосфера туралы ілім ??райды.

?орытынды

?орыта айт?анда, биология п?н ретінде, Экология?а ?р т?рлі де?гейдегі биология ж?йелерді? ?орша?ан орта жа?дайларымен ?серлесе отырып ?алыптасуы, дамуы ж?не т?ра?ты ?ызмет ат?аруы ж?ніндегі ?ылым деп ?арастыру?а болады. Оны? зерттеу ба?ыттары орта?а бейімделуді? экология механизмдері, популяцияларды? санын реттеу, ?німділік процестерін бас?ару, таби?и ж?не антропогендік ценоздарды? орны?тылы?ы, экологиялы? индикация,Экологиялы? мониторинг сия?ты проблемалар т??ірегінде шо?ырланады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Экология ?ылымы туралы жалпы т?сінік »

Сабақтың тақырыбы:Экология ғылымы туралы жалпы түсінік

Сабақтың мақсаты:оқушыларға экология түсінігі,алғашқы экологиялық көзқарастардың пайда болуы,экологияның зерттелуі,экологиялық факторлар туралы мәліметтер беру,ұғындыру.

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ барысы:

  • Жоспары

  • 1 Экология тарихы

  • 2 Түрлері

  • 3 Экологияның жаңа ғылым салалары

  • 4 Экология ғылымының сақтануы

Экология ( лат. оікос – үй, баспана; логос – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887). 20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.

20 ғасырдың 60 – 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды. Бұл бағыттар мен салалардың бірқатары Э.Геккель негізін қалаған биология Экологиядан әлдеқайда алшақ жатыр. Кейбір “экологиялық” деп аталып жүрген ғылым салаларының қазіргі күнге шейін нақты шекаралары белгіленіп, еншісі ажыратылған жоқ және солардың барлығын қанағаттандырарлық ортақ анықтама беру оңай емес. Экологиялық ғылымдардың соншалық сан алуан болуына қарамастан осы күнгі Экологияның барлық салалары мен бағыттарының негізінде ағзалардың қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына арналған іргелі биология идеялар жатыр. Мысалы, бірінен бірі соншалық алшақ көрінуі мүмкін, өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жерсіндіру, егістікке берілетін минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін белгілеу, дәрі-дәрмектердің емдік мөлшерін анықтау, атмосфераға шығарылатын немесе су қоймаларына төгілетін ластаушы заттардың шектік концентрацияларын есептеу сияқты шаралардың негізінде Экологиядағы шектеуші факторлар ережесі мен толеранттық заңы жатыр.

Экология – ағзалардың бір-бірімен және қоршаған табиғи ортамен әсерлесу заңдылықтарын зерттейтін іргелі табиғаттану ғылымы деп анықтама беруге болады. Жедел дамып келе жатқан және шекарасы көмескі Экология салаларының қатарында адамның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін әлеуметтік экологияны атап өткен жөн:

  • 1) ең жалпылама түрде – қоғамның география, әлеуметтік және мәдени ортамен, яғни адамды қоршаған ортамен ара салмағын зерттейтін ғылыми пән;

  • 2) адамзат қоғамының табиғи ортамен әсерлесуін және өзара байланыстылығын зерттеу арқылы табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылым негіздерін жасайтын, сол арқылы табиғатты сақтап, адамның тіршілік ету ортасын оңтайландыруды көздейтін ғылыми пән. Әлеуметтіу Экологияның негізгі міндеті – адамзат қоғамының және оның жекелеген аймақтық топтарының табиғатпен әсерлесу заңдылықтарын зерттеу негізінде жаңа табиғи-мәдениеттендірілген ортаны жобалау;

  • 3) жекелеген әлеуметтік топтардың табиғатпен қарым-қатынасын қарастыратын адам экологиясының бір бөлігі;

  • 4) адамдардың іс-әрекеттерін және сол іс әрекеттерді өзге адамдардың түсінуін, жеке тұлға немесе ұжым ретінде әлеуметтік-психология тұрғыдан баға беруін зерттеу.

Зерттеу нысаны ортақ болуына байланысты әлеуметтік Экология адам Экологиясымен ұштасады. Экологияның негізі биологияда жатқанымен, қазіргі кезде ол шын мәнінде биология шеңберінен шығып, көптеген салалары қолданбалы, экономика, қоғамдық ғылымдарға ұласады. Көпшілік қауымға Экологияның биология негізінен гөрі оның табиғатты қорғау, табиғат қорларын ұтымды пайдалану (табиғатты пайдалану) сияқты қолданбалы қырлары немесе өнеркәсіптік Экология, агроэкология, урбоэкология, адам Экологиясы сияқты салалық бөлімдері көбірек танымал. Экологияның барлық салаларының теориясы негізін құрайтын биология Экологияны немесе жалпы Экологияны айрықша қарастырған жөн. Биологиялық экология – негізінен биол. жүйелерге әсер етуші қоршаған орта факторларының үш тобын (абиотикалық фактор, биотикалық фактор, анторопогендік фактор) және жердегі тірі материяның ұйымдастырылуының төрт деңгейін (дара азғалар деңгейі, популяциялар деңгейі, экожүйелер деңгейі, биосфера деңгейі) зерттейді. Тиісінше, дара ағзаның немесе белгілі бір түрге жататын азғалар тобының қоршаған орта жағдайларымен, әсіресе физикалық ортамен қарым-қатынасын зерттейтін бөлімі аутэкология деп аталады; популяциялардың құрылымы мен сан динамикасы, популяция санының реттелу механизмдері, жойылып кету қауіпі төнген түрлерді сақтау, шаруашылық мәні бар түрлер мен олардың жекелеген популяцияларын сүйемелдеу немесе керісінше санын шектеу сияқты мәселелермен демэкология (популяциялық Экология) шұғылданады; өсімдіктерден, жануарлардан және микроағзалардан тұратын күрделі жүйелердің құрылымын, дамуын, орнықтылығы мен өнімділігін, аталған азғалар топтарының арасындағы сан алуан әсерлесулерді, олардың бір-бірімен және физикалық ортамен зат және энергия алмасуын зерттеу синэкологияның үлесіне тиеді. Жер биосферасының тіршілік ортасы ретіндегі ерекшеліктерін, қалыптасу тарихын, құрылымы мен қызмет атқару заңдылықтарын, адамның шаруашылық және өзге де әрекеттеріне байланысты биосферада болып жатқан өзгерістерді, биосфераның келешегі мәселелерін глобалдық Экология (ғаламдық Экология) зерттейді. Глобалдық Экологияның теориясы негізін В.И. Вернадский тұжырымдаған биосфера туралы ілім құрайды.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, биология пән ретінде, Экологияға әр түрлі деңгейдегі биология жүйелердің қоршаған орта жағдайларымен әсерлесе отырып қалыптасуы, дамуы және тұрақты қызмет атқаруы жөніндегі ғылым деп қарастыруға болады. Оның зерттеу бағыттары ортаға бейімделудің экология механизмдері, популяциялардың санын реттеу, өнімділік процестерін басқару, табиғи және антропогендік ценоздардың орнықтылығы, экологиялық индикация,Экологиялық мониторинг сияқты проблемалар төңірегінде шоғырланады.

Үйге тапсырма:тақырыпты оқып,түсінік айту,өзіндік ізденіс жұмыстарын жасау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Экология ?ылымы туралы жалпы т?сінік

Автор: Темирбеков Нурбек Бекбергенович

Дата: 21.02.2015

Номер свидетельства: 177019


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства