САБАҚ: Батыс Сібір жазығы | Мектеп: №31 орта мектеп |
Күні: 03.03.2017ж | Мұғалімнің есімі: Карабасова Камажай Кулжигитовна |
СЫНЫП: 8 «Ә» | Қатысқандар саны:20 | Қатыспағандар саны:0 |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 1.Батыс Сібір жазығының географиялық орны ,жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары,климаты, өзендері мен көлдері, табиғат зоналары,өсімдіктері мен жануарларының ерекшеліктерімен танысады. Пайдалы қазбаларды, өзен мен көлдерді картадан табу арқылы картамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
1.Батыс Сібір жазығының Қазақстандық бөлігі неше ауданға бөлінгенін ажырата алады. 2.Географиялық орны туралы айтып бере алады. |
Оқушылардың басым бөлігі: |
1. Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігі неше ауданға бөлінгенін ажырата алады. 2. Географиялық орны туралы айтып бере алады 3. Аумақтың шаруашылық жағынан игерілуіне байланысты туған қандай экологиялық проблемалар бар екендігін анықтайды 4. Жер байлықтары Қашар,Соколов-Сарыбай,Лисаков темір кен орындары қай жерде орналасқандығы жайлы айтады. |
Кейбір оқушылар:
|
1. Батыс Сібір жазығының Қазақстандық бөлігі неше ауданға бөлінгенін ажырата алады. 2. Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазығының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айтып бере алады 3. Аумақтың шаруашылық жағынан игерілуіне байланысты туған қандай экологиялық проблемалар бар екендігін анықтайды 4. Жер байлықтары Қашар,Соколов-Сарыбай,Лисаков темір кен орындары қай жерде орналасқандығы жайлы айтады. 5. Өткен ғасырларда аю,құндыз,бұландар мен Сібір еліктері,ондатрлар жерсіндірілгені туралы деректер жинайды. 6.Қазақстанның физикалық картасынан Қазақстан жеріне Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазықтарының кіретін бөлігін табады, ақпараттарды жинақтап саралайды. |
Тілдік мақсат | Оқушылар: Географиялық терминдерді пайдаланып, мағынасын түсіндіріп бере алады |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Жазық |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Сөз байлығын дамыту сөз мағыналарын түсіндіре білу |
Талқылауға арналған тармақтар: 1.Батыс Сібір жазығы жайлы түсінеді. 2.Батыс Сібір жазығының географиялық орнын,шекарасын біледі 3. Негізгі өзен,көл жүйелері туралы мағлұмат алады |
Сіз неліктен Батыс Сібір жазығында қандай өзендер бар екенін айта аласыз ба? |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
Термин сөздермен жұмыс |
Алдыңғы оқу 5мин | «Мен саған, сен маған» оқушылар алдындағы өткен тақырыптарды қайталайды 1.Тұран жазығының географиялық орнын анықтап береді. 2. Маңғыстау аласа таулы өлкенің жер бедері мен геологиясын айтады 3. Үстірт қыратының жер бедері мен геологиясы туралы мағлұмат алады 4. Торғай үстіртінің жер бедері мен геологиясы жайлы айтады 5. Арал маңындағы құмдарды картадан табады. 6. Бетпақдаланың жер бедері мен геологиясына сипаттама береді 7. Тұран жазығының пайдалы қазбаларын картадан көрсетеді. Оқушылар үй тапсырмасын пысықтап, сұрақтарға жауап беру арқылы өздеріне ұпай жинайды. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт 9.45-10-30 | Мұғалімнің іс -әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
Басталуы 5 мин | Сабақты бастамас бұрын оқушылармен амандастым. Психологиялық ахуал орнаттым. «Күніміз шуақты, жүзіміз нұрлы болсын!»деп сабағымды бастаймын. Шеңбер құрып, балалар бір-біріңе жақсы тілектер айтыңыздар. Есіл, Тобыл, Ертіс топтары арқылы оқушыларды бөлемін. Мақсатпен, критерийлермен таныстырып, өзін-өзі бағалау парақшаларын таратамын. Үй тапсырмасын сұрау Доп арқылы білімдерін тексеру 1.Тұран жазығының климатын еске түсіреді 2. Тұран жазығының өзендерін атап береді 3. Тұранның шөл аймағының өсімдігі мен жануарларын атайды 4.Тұран жазығын географиялық орнын картадан көрсетеді 5.Пайдалы қазбаларын атайды 6.Өсімдіктері мен жануарлары жайлы айтып бере алады | Оқушылар шаттық шеңберін құрып сәлемдеседі бір-біріне жақсы тілектерін айтады.
Есіл, Тобыл, Ертіс бойынша топқа бөлінді.
өте дұрыс,өте жақсы,жарайсың деп қолдау көрсетем Оқушылар сұрақтарға жауап береді | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Стикер,бағалау парақшалары,А 4,маркер Қазақстанның физикалық картасы |
Ортасы Ой қозғау 25 мин | Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру Батыс Сібір жазығында экологиялық проблемалар бар.Сабақ барысында шешу жолдарын қарастырамыз.Балалар сендерге үйге тапсырма ізденуге берілген, оқып келдіңіздер. Топ оқушыларына тапсырмалар беріледі. Оқушыларға 5 минут ойланып өз бетімен жұмыс жасайды. Әр топқа қорғауға 3 минут 1 Тобыл: Батыс Сібір жазығының географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысына- (суретпен көрсету салу) 2 .Ертіс: Пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. Кластер (топтастыру) 3.Есіл: Табиғат зоналары, өсімдігі, жануары, экологиясы (постер ). Оқушылар сипаттама беріп, ой пікірлерін ортаға салып, постерді қорғайды. Сергіту сәті Өткен тақырып бойынша салыстыру венн диаграммасы арқылы 3топқа тапсырма бірдей. Тапсырма:Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Еуропа жазығының айырмашылығымен ұқсастығын жазамыз. Топ ережесіндегідей бір-бірімізді мұқият тыңдаймыз,бір-бірімізді қайталамаймыз,толықтырып отыру қосарларыңыз бар ма? Проблемалық сұрақпен жұмыс 1. Аумақтың шаруашылық жағынан игерілуіне байланысты туған қандай экологиялық проблемалар бар дәлелде? (Қандай шешу жолдары бар соны қарастырады) | Балалар өз білгендерін ортаға салады. Берілген тапсырманы орындайды, тақырыпшаларға сай тұжырымдамалық карта жасайды
Би Венн диаграммасы Смайликтер таратып,жарайсын деп қолдау көрсетем
Мынандай проблемалар бар Оқушылар шешу жолдарын айтады 3топта 1.Су 2.Топырақ 3.Жел | АКТ интербелсенді тақта, постерлар
Қазақстанның физикалық картасы |
Аяқталуы 5 мин
Бекіту 5 мин Бағалау Үй тапсырмасы | Бүгінгі өткен сабағымыздан қандай ой түйіндейміз. Сабақ туралы не айта аласыңдар. Кері байланыс жүргізу. Бүгін не үйрендіңіздер? Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің? Оқушылар «Бағдаршам» рефлексия
Топ басшылары бағалайды не үшін 3,4,5 баға қойғандарын айтады, жеке-жеке өз ойларын. Бүгінгі сабақтан ойларына түйгендерін тізбектеп, жүйелеп жазады. Өзін –өзі бағалайды. Ұсынылған бағалау парақшаларын толтырады. «Батыс Сібір жазығы» жайында қосымша материалдар жинақтау. Кескін картамен жұмыс. |
Бағалау парақшалары арқылы бірін-бірі бағалайды Оқушылар күнделікке үй тапсырмасын жазады | Бағалау парақшалары, бағдаршам |