Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ" Оңтүстік Американың табиғат зоналары"»
Сабақтың тақырыбы:Оңтүстік Американың табиғат зоналары.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оңтүстік Американың табиғат зоналарының ерекшеліктері жөнінде мағлұмат беру.
Дамытушылық: Бірлескен топтық жұмыс негізінде өз беттерімен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.Өз ойларын еркін нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік:Өз беттерімен жұмыс істей білуге,жан-жақтылыққа,ізденімпаздыққа,бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Дүние жүзінің физикалық картасы,электронды оқулық тапсырмасы,бейнефильм Оңтүстік Американың табиғат зоналары.
Кезекшінің есебі:Мен... сынып оқушылары..../түел/,жоқ../ уақыт үнемдеу мақсатымен оқушылар топқа бөлініп сабаққа дайын отыр.Топ басшылары өздерін таныстырып өтеді.
Бұл үшін мен барлығыңа бағалау парағын және топ басшысына топты бағалау парағын таратамын,осында жазылған сабақ кезеңдерінің тұсына белгілер қойып отырасыңдар.
Үй тапсырмасының тексерілуі 2-кезеңдік тапсырмалар орындау арқылы жүзеге асады.
1.Географиялық диктант.
1.Оңтүстік Американың негізгі су айырығы...
2.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель...таулы үстіртінде орналасқан.
3.Түбінен мұнай өндірілетін көл...
4.Су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар...
5.Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда...деп аталады.
6.300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама...
7.Жазда кеуіп қалатын тұзды көл... деп аталады.
8.Өзен суы 1.5-5 м-ге дейін көтеріліп,сағасынан 1400 км-ден астам қашықтыққа кері ағады. Осы кері ағысты жергілікті үндістер... деп атайды.
9. Анд тауларының тау-арлық үстіртті бөлігінің өзендері...жатады.
10.Төменгі ағысында өзен арнасы арқылы 1 секундта 220000м су ағып шығатын... өзен.
Тапсырмаға 3 минут уақыт беріледі. Жауаптарыңды интерактивті тақтадан қарап,бағалау шкаласына сай өздеріңді бағалайсыңдар.
2-тапсырма электронды оқулықтағы тапсырма/6/ тапсырма орындалуына қарай бағаланады.
Үй тапсырмасын қорытындылау.Мен кез-келген оқушыға гүл сыйлай отырып,Оңтүстік Американың өзендерінің мол сулы болуы буланушылықтың яғни экваторлық белдеуде орналасуы,жауын-шашынның мөлшерінің көптігі.
2.Оқушы....басқа бір оқушыға сұрағын қояды.Материктің басты өзендері/Амазонка,Парана,Ориноко.
3.Оқушы.. келесі бір оқушыға материктегі ірі көлдері/Титикака,Маракайбо,Поопо
4.Материктегі өзендердің құятын басты алаптары/Атлант,Тынық мұхиттары/екенін білдік. Келесі кезеңге өтпес бұрын мына бір өлең шумағына назар аударыңдаршы.
Мен өзім болдым біраз жұмбақ мекен
Жағама алғаш жүзіп Колумб келген
Үндістанды таптым деп қателесіп,
Халқымды" үндістер"деп атап кеткен
Ең ұзын тау тізбегі жер бетінде
Әдемі,көркем сұлу Анды менде,Үстірттер,ойпаттар бар,жазықтар бар
Ылғалдың мол мөлшері тағы менде.
Сұлуым мың бұралған Амазонка
Суы мол одан өткен өзен бар ма?
Ахельдей,Игуасудай перзенті бар
Бақытты Парана мен Оринока
Сельвасы, пампасы бар,шөлейті бар
Өзіне сән беріп тұр саванналар
Сейба тұр 80 метр биіктігі
Бауырында пальмалар мен гевеялар
Осы өлең шумағына өз ойымызды білдіріп өтсек.
Оқушылар пікірі
Олай болса тақырыбымыз қандай болмақ?
Табиғат зонасы,табиғат зонасы деген не?
Кластер құрайық
Климат- Табиғат зонасы-топырақ
Өсімдік----------жануарлар.......географиялық орны.........табиғат кешені
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Оңтүстік Американың табиғат зоналары.
Мақсатымыз материктің табиғат зоналарына тән ерекшеліктер мен айырмашылықтар жайлы танысып білеміз.Ең алды бейнефильм көріп алайық,өзімізге қажетті дүниені ойымызға түртіп алып отырайық.
4-топқа тапсырмалар беріледі.
1-топқа Ылғалды экваторлық ормандар зонасы.
2-топқа Саванналар мен сирек ормандар
3-топқа Субтропиктік дала зонасы.
4-топқа Шөлейт зонасы.
Оқу-құралдарымызды ашып дайындыққа кірісейік,дайындыққа 5минут,дайын болған топ қол шапалақтап белгі береміз.Ескерте кетейін әр топтың дайындығын барлығымыз мұхият тыңдаймыз.Дайын топ айтып жатқанда келесі екі топ "екі жұлдыз,бір тілек" осы топтың жетістігі мен ұсынысын айтуға дайындалып отырады.Осылай қалған топтар да өз дайындықтарын көрсетеді.
Сабақты бекіту.
1.Интерактивті тақтадан "Ұяшық таңдау" арқылы қойылған сұрақтарға жауаптары тыңдалып тексеріліеді./12 тапсырма/
2.Семантикалық карта тапсырмасы./5/
Ылғалды экваторлық ормандар Ориноко саваннасы Бразилия Ғ.өкпесіС.дала
Сельвас
Гилея
Льянос
Кампос
Пампа
3.Үлестірмелі материалдар
1.О.Американы қандай мұхиттар шайып жатыр? Картадан көрсет.
2.Материктегі ең суы мол өзен,оны картадан көрсет.
3.Анд тауы материктің қай бөлігінде орналасқан?
4.Экваторлық белдеудің ерекшелігі қандай?
Сабақты қорытындылау.
Сонымен бүгінгі сабақта не білідк?
Материктің табиғат зоналары туралы,табиғат зоналарының басты ерекшеліктері неге ерекшеленеді екен,материктің орнынына,климатына,топырағына байланысты әр алуан өсімдіктер мен жануарлар дүниесі болатынына көз жеткіздік.Мақсатымызға жеттік.
Бағалау.
Топтық жұмыстың нәтижесін еститін кезге де жеттік.Топ басшыларының бағалауын естиік.