kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?т?стік Америка таби?ат зоналары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?О Теректі ауданы Госплемстанция ЖОББМ

Альмуханбетов Габит Сабитович

Саба?ты? та?ырыбы: О?т?стік Америка таби?ат зоналары

Саба?ты? ма?саттары:

1. Білімділік О?ушылар?а ал?ан білімін тияна?тап, есте са?тау, тап?ырлы?пен толы? толы? та?ырыппен таныстыру.

2.Дамытушылы? О?ушылар?а танымды? ?абілеттерін ?алыптастыру, ал?ан білімдерін жетілдіру ж?не п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

3. Т?рбиелік О?ушыларды белсенді іс-?рекет жасау?а, білім алу?а, іскерлікке, ізгілікке, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Аралас саба?

О?ыту ?дісі: С?ра?-жауап, т?сіндірмелі, баяндау

Саба?ты? ?дістемелік жабды?талынуы:  Карта, атлас карта, о?улы?, ?осымша материалдар.

Саба?ты? барысы:   ?йымдастыру кезе?і. О?ушылармен  амандасу, оларды т?гендеу. О?ушылар назарын ?зіме аударту

Жа?а саба?ты т?сіндіру:      

О?т?стік Америка жерінде мынадай таби?ат зоналары ажыратылады: ыл?алды экваторлы? ормандарт (гилея), ауыспалы ыл?алды (муссонды) ормандар, субтропиктік ?атты жапыра?ты м??гі жасыл ормандар мен б?талар, жалпа? жапыра?ты ормандар, субтропиктік дала (пампа) зонасы, ш?лейт, ш?л зонасы.

Экваторды? екі жа?ын Амазонканы? ыл?алды экваторлы? ормандары (гилея) алып ижатыр. Олар т?р ??рамы онша ?згермей-а? солт?стік пен о?т?стікке ?арай ауыспалы ыл?алды ормандар?а ?ласады. М?нда?ы ?ызыл-сары ферролитті топыра?тарда тек ?ана а?аштарды? екі мы?нан астам т?рі ?седі. сонды?тан б?л айма?ты ?аламшарды? «?кпесі» деп те атайды. Ал жергілікті халы? ит т?мсы?ы батпайтын б?л ?алы? орманды «сельвас» дейді.  А?аштарды? аса ба?алы т?леріне таби?и каучук алынатын гевея, е? же?іл бальс а?акшы, д?рілік шикізат беретін хина а?ашы, какао, сейба, ?ауын а?ашы ж?не т.б. жатады.

Жануарлар д?ниесі ша?ын денелі ба?ырауы? ж?не ілмек??йры? маймылдар, жал?ауа?, тапир, опоссум, ??мырс?а жегіш, ?ан сор?ыш жар?анаттар, пекари шош?асы мен е? ірі су шош?асы – капибарадан ж?не т.б. т?рады, ал жырт?ыштардан ягуар, пума кездеседі. Ормандарда ?ауырсындары алуан т?ске ??былатын тоты??стар мен  туканлдар, гаоциндер, ?лемдегі е? кішкентай т??с – колибри мекендейді. ?зынды?ы 12 м-ге жететін ?лемдегі е? ?зын жылан – анаконда да кездеседі.

Ауыспалы ыл?алды ормандар Атлант м?хитыны? ?сері к?шті болатын Бразилияны? шы?ыс жа?алауында да тарал?ан. Б?л ормандарды? ерекшелігі м?нда ?ыл?ан жапыра?ты араукария а?ашы ж?не парагвай шайы ?седі. Араукария ормандары кесуді? н?тижесінде жойылу алдында т?р.

Саванналар мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы –льянос ж?не Бразилия саваннасы – кампос деп ажыратыладжы. Топыра? жамыл?ысы ферролитті ?ызыл топыра?тан ?ызыл-?о?ыр топыра??а ауысады.

Солт?стік жарты шар сававннасы –льяноста пальмалар мен акация, биік ш?птесін ?сімдіктерн тарал?ан. О?т?стік жарты шар саваннасы- кампоста а?аштар аз, к?бінесе тікенекті кактус, мимоза, суттіген б?талары ?седі. ?р жерде б?телке т?різдес ді?іне су жиналатын б?телке а?аштары кездеседі. Алуан т?рлі а?аш т?різдес кактустар ?сетін Мексика таулы ?ыратын «кактуты? екінші отаны»  деп атайды.

Жануарлар д?ниесінен пекари, ернгежейлі, б??ылар, тапир, жалды ?ас?ыр, сауыттыларды? бірнеше т?рлері, ??мырс?а жегіштер, нанду т?йе??сы кездеседі. Топыра?ы ??нарлы бол?анды?тан саванна мен сирек орман зонасы какао мен Африкадан ?келініп жерсіндірілген кофе а?ашы ?сірілетін плантациялар?а айналдырыл?ан.

Субтропиктік дала зонасы Ла-Плата жазы?ын алып жатыр. ??нарлы шымды ?ыз?ылт топыра?та тарал?ан б?л зонаны жергілікті халы? пампа депе атайды. Ол «жазы? дала» деген ??ымды білдіреді. Жазы ысты?, ?ыста о?т?стіктен ауа температурасын т?мендететін желдер со?ып т?рады. Зона бойыенша жылды? жауын-шашынны? м?лшері ?ркелкі таралады. Жа?быр жыл бойы жауатын  шы?ыс б?лікте биік ?рі бітік асты? т??ымдас пампа ш?бі, ?о?ырбас ?седі. Жануарлардан кішігірім пампа б??ысы, пампа мысы?ы, пампа т?лкісі, оцелот, кеміргіштер ?те к?п. ?зен жа?аларында те?із шош?асы мен тернісі ба?алы саз ??ндызы мекендейді. ??нарлы ?ыз?ылт-?ара топыра? алып жат?ан Пампа жері т?гелге жуы? жыртылып, материктегі аса ірі егіншілік жа?сы дамы?ан аудандарына айнал?ан. Ал ??р?а? далалар жайылым ретінде пайдаланылады. Таби?и ?сімдіктері мен жануарлар д?ниесі ?оры?тарда ?ана са?талып ?ал?ан.

Ш?лейт зонасы материкті? ?иыр о?т?стігінде Патагония жерін ?амтиды. ?о?ыржай континенттік климат жа?дайында ш?лейтті? с?р ж?не ?о?ыр топыра?тары тарал?ан. М?нда сирек ш?птер мен аласа кактусты тікенекті б?талар алмасып отырады. Кейбір б?ліктерінде аласа ж?не ?атты, жата?ан жасты? т?різдес ?сімдіктер ты?ыз ?сіп,  киіздей т?тас?ан жамыл?ысы ??райды. Климатыны? ?олайсызды?ына байланысты нашар игерілген б?л зонада жануарлар д?ниесі біршама жа?сы дамы?ан. Сауыттыларды? бірнеше т?рі кемірушілермен ?атар, пампа б??ысы мен пампа мысы?ы, магеллан т?лкісі ж?не ірі ??стар мекендейді. Ірі жануарлар  гуанако ламасы мен пума кездеседі.

Материкті? Тыны? м?хит жа?алауында?ы жі?ішек ал?апта, экавтор ма?ында ыл?алды м??гі жасыл ормандар зонасы орналасса, экватордан 30º о.е.дейінгі аралы?ты тропиктік ш?л зонасы, субтропиктік жа?алы? б?лікті ?атты жапыра?ты м??гі жасыл ормандар мен б?талар зонасы, ал ?о?ыржай белдеуге с?йкес келетін жа?алы? б?лікті о?т?стк жалпа? жапыра?ты ормандар зонасы алып жатыр.

Анд тауларыны? жанартаулар д?ниесі ендемиктерге бай. Анд тауларыны? барлы? б?лігінде дерлік т?йе т??ымдасына жататын ламаны? екі жабайы т?рі- викунья ж?не гуанако мекндейді. ?азіргі кезде жергілікті халы? ламаны? екі т?рін – альпака мен к?дімгі ламаны ?олда ?стайды.

 Анд тауларында тау тапиры, к?зілдірікті аю, пума, терісі ?те ба?алы кеміргіш- шиншилла тарал?ан. Ал аса ірі жырт?ыш ??с- кондор мен ламаны Анд тауыны? символы деуге болады. Кондорды? салма?ы  9-12 кг, ал ?анаты жайыл?анда?ы ?зынды?ы 3 м-ге дейін жетеді. Тауды? о?т?стігінде магеллан пингвині кездеседі.  

Жа?а саба?ты бекіту:

  1. О?т?стік Американы? жазы? б?лігінде ?андай таби?ат зоналары орналас?ан?
  2. «Сельвас», «льянос», «кампос», «пампа» ??ымдарын т?сіндіріп, таби?ат ерекшеліктерін ата?дар.
  3. Анд тауларында?ы биіктік белдеулерді? таралуы географиялы? ендік пен климатты? жа?дай?а т?уелді екендігін о?улы? м?тіні мен 58-суретті салыстыра отырып, д?лелде?дер.
  4. Неге Орталы? Андыны? батыс беткейінде орман белдеулері жо?.

?орытынды: Б?гінгі саба?та, О?т?стік Американы? жалпы таби?ат зоналарыны? т?рлерімен таныстырдым.

?йге тапсырма: §41-42-о?у. Кескін карта?а таби?ат зоналарын салып келу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?т?стік Америка таби?ат зоналары»

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Америка табиғат зоналары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларға алған білімін тиянақтап, есте сақтау, тапқырлықпен толық толық тақырыппен таныстыру.

2.Дамытушылық Оқушыларға танымдық қабілеттерін қалыптастыру, алған білімдерін жетілдіру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3. Тәрбиелік Оқушыларды белсенді іс-әрекет жасауға, білім алуға, іскерлікке, ізгілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады: ылғалды экваторлық ормандарт (гилея), ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар, субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, жалпақ жапырақты ормандар, субтропиктік дала (пампа) зонасы, шөлейт, шөл зонасы.

Экватордың екі жағын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары (гилея) алып ижатыр. Олар түр құрамы онша өзгермей-ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды ормандарға ұласады. Мұндағы қызыл-сары ферролитті топырақтарда тек қана ағаштардың екі мыңнан астам түрі өседі. сондықтан бұл аймақты ғаламшардың «өкпесі» деп те атайды. Ал жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың орманды «сельвас» дейді.  Ағаштардың аса бағалы түлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл бальс ағакшы, дәрілік шикізат беретін хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы және т.б. жатады.

Жануарлар дүниесі шағын денелі бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибарадан және т.б. тұрады, ал жыртқыштардан ягуар, пума кездеседі. Ормандарда қауырсындары алуан түске құбылатын тотықұстар мен  туканлдар, гаоциндер, әлемдегі ең кішкентай тқұс – колибри мекендейді. Ұзындығы 12 м-ге жететін әлемдегі ең ұзын жылан – анаконда да кездеседі.

Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.

Саванналар мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы –льянос және Бразилия саваннасы – кампос деп ажыратыладжы. Топырақ жамылғысы ферролитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады.

Солтүстік жарты шар сававннасы –льяноста пальмалар мен акация, биік шөптесін өсімдіктерн таралған. Оңтүстік жарты шар саваннасы- кампоста ағаштар аз, көбінесе тікенекті кактус, мимоза, суттіген бұталары өседі. Әр жерде бөтелке тәріздес діңіне су жиналатын бөтелке ағаштары кездеседі. Алуан түрлі ағаш тәріздес кактустар өсетін Мексика таулы қыратын «кактутың екінші отаны»  деп атайды.

Жануарлар дүниесінен пекари, ернгежейлі, бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрлері, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы кездеседі. Топырағы құнарлы болғандықтан саванна мен сирек орман зонасы какао мен Африкадан әкелініп жерсіндірілген кофе ағашы өсірілетін плантацияларға айналдырылған.

Субтропиктік дала зонасы Ла-Плата жазығын алып жатыр. Құнарлы шымды қызғылт топырақта таралған бұл зонаны жергілікті халық пампа депе атайды. Ол «жазық дала» деген ұғымды білдіреді. Жазы ыстық, қыста оңтүстіктен ауа температурасын төмендететін желдер соғып тұрады. Зона бойыенша жылдық жауын-шашынның мөлшері әркелкі таралады. Жаңбыр жыл бойы жауатын  шығыс бөлікте биік әрі бітік астық тұқымдас пампа шөбі, қоңырбас өседі. Жануарлардан кішігірім пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер өте көп. Өзен жағаларында теңіз шошқасы мен тернісі бағалы саз құндызы мекендейді. Құнарлы қызғылт-қара топырақ алып жатқан Пампа жері түгелге жуық жыртылып, материктегі аса ірі егіншілік жақсы дамыған аудандарына айналған. Ал құрғақ далалар жайылым ретінде пайдаланылады. Табиғи өсімдіктері мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталып қалған.

Шөлейт зонасы материктің қиыр оңтүстігінде Патагония жерін қамтиды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында шөлейттің сұр және қоңыр топырақтары таралған. Мұнда сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар алмасып отырады. Кейбір бөліктерінде аласа және қатты, жатаған жастық тәріздес өсімдіктер тығыз өсіп,  киіздей тұтасқан жамылғысы құрайды. Климатының қолайсыздығына байланысты нашар игерілген бұл зонада жануарлар дүниесі біршама жақсы дамыған. Сауыттылардың бірнеше түрі кемірушілермен қатар, пампа бұғысы мен пампа мысығы , магеллан түлкісі және ірі құстар мекендейді. Ірі жануарлар  гуанако ламасы мен пума кездеседі.

Материктің Тынық мұхит жағалауындағы жіңішек алқапта, экавтор маңында ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы орналасса, экватордан 30º о.е.дейінгі аралықты тропиктік шөл зонасы, субтропиктік жағалық бөлікті қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы, ал қоңыржай белдеуге сәйкес келетін жағалық бөлікті оңтүстк жалпақ жапырақты ормандар зонасы алып жатыр.

Анд тауларының жанартаулар дүниесі ендемиктерге бай. Анд тауларының барлық бөлігінде дерлік түйе тұқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі- викунья және гуанако мекндейді. Қазіргі кезде жергілікті халық ламаның екі түрін – альпака мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

 Анд тауларында тау тапиры, көзілдірікті аю, пума, терісі өте бағалы кеміргіш- шиншилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш құс- кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады. Кондордың салмағы  9-12 кг, ал қанаты жайылғандағы ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Таудың оңтүстігінде магеллан пингвині кездеседі.  

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?

  2. «Сельвас», «льянос», «кампос», «пампа» ұғымдарын түсіндіріп, табиғат ерекшеліктерін атаңдар.

  3. Анд тауларындағы биіктік белдеулердің таралуы географиялық ендік пен климаттық жағдайға тәуелді екендігін оқулық мәтіні мен 58-суретті салыстыра отырып, дәлелдеңдер.

  4. Неге Орталық Андының батыс беткейінде орман белдеулері жоқ.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Оңтүстік Американың жалпы табиғат зоналарының түрлерімен таныстырдым.

Үйге тапсырма: §41-42-оқу. Кескін картаға табиғат зоналарын салып келу.







Тақырыбы: § 41-42  Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Мақсаты:

І Білімділік: Табиғат кешендеріне сипаттама бере  отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.

ІІ Тәрбиелік: Оқушыларға   Оңтүстік  Американың   қайталанбас тіршлік дүниесін қорғау және сақтау шараларын  түсіндіру барысында эстетикалық  және  экологиялық  тәрбие беру.

ІІІ Дамытушылық: Оқушылардың картамен,  кестемен,  электронды оқулықпен жұмыс жасауын одан әрі дамыту.

Көрнекіліктер: Жарты шарлар картасы, атлас, таратпа материалдар, электронды оқулық, Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы

Сабақ типі: Аралас сабақ

Әдіс-тәілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пысықтау, көрсетілімді әдіс.

Сабақ жүрісі:

І Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, сыныпты түгендеу

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

  • Оқушылардың назарын  сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

          § 40 Ішкі сулары (Оңтүстік Америка материгінің)

Географиялық диктант.

  1. 1.     Оңтүстік Американың негізгі суайрығы  —  … тауы. (Анд)

  2. 2.     Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Анхель  …  таулы үстіртінде орналасқан.(Гвиан)

  3. 3.     Түбінен мұнай өндірілетін көл — … (Маракайбо)

  4. 4.     …  су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар. (Амазонка)

  5. 5.     Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда  …  деп аталады. (Қалайы алаңы)

  6. 6.     300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама — …   (Игуасу)

  7. 7.     Жазда кеуіп қалатын тұзды көл — … деп аталады.  (Поопо)

Бағалау шкаласы:

0-1 – «2»

2-3 – «3»

4-5 – «4»

6-7 – «5»

 

ІІІ Өткен сабақты бекіту

ІV  Жаңа сабақтың мақсатын қою

V Жаңа сабақты түсіндіру

Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары  ажыратылады:

  1. 1.     Ылғалды экваторлық ормандар (гилея);

  2. 2.     Ауыспалы ылғалды (муссонды)  ормандар;

  3. 3.     Саванналар мен сирек ормандар;

  4. 4.     Субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар;

  5. 5.     Жалпақ жапырақты ормандар;

  6. 6.     Субтропиктік дала (пампа);

  7. 7.     Шөлейт және шөл;

  8. 8.     Анд тауларындағы биіктік белдеулер.

Табиғат зонасы

Табиғат жағдайы

Топырағы

Өсімдігі

Жануарлары

Ылғалды экваторлық ормандар (гилея)мен ауыспалы ылғалды ормандар (сельвас)

Орман іші өте ыстық, әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді

Қызыл-сары ферралитті

Ағаштардың биіктігі 80 м-ге дейін жетеді. Мұнда шөптесін өсімдіктер өспейді.Лиана, папоротниктер, орхидея, гевея, бальс ағашы, хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы өседі.

Бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибара, ягуар, пуна, тоты құс, тукан, гаоцин, колибри, ұзындығы 12 м-ге жететін анаконда кездеседі. Жәндіктер өте көп

Саванналар мен сирек ормандарОриноко саваннасы – льянос, Бразилия саваннасы – кампас

 

Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.

Ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады

Льяноста – пальмалар, акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған.Кампоста –ағаштар аз, көбіне тікенекті  кактус, мимоза, сүттіген, бөтелке ағашы, кебрачо өседі.

Пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрі, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы

Субтропиктік дала(пампа)

Ла-Плато жазығын алып жатыр. Жазы ыстық, қыста температураны төмендететін желдер соғып тұрады.

Құнарлы шымды қызғылт топырақ

Пампа  шөбі, қоңырбас, қамыс

Пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер. Өзен жағаларында теңіз шошқасы, терісі бағалы саз құндызы мекендейді.

Шөлейт зонасы

Қиыр оңтүстіктегі Патогония жерін қамтиды.

Сұр, қоғыр топырақ

Сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар, жастық тәріздес өсімдіктер өседі.

Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілер, пампа бұғысы, пампа мысығы, магеллан түлкісі, ірі құстар, гуанако ламасы мен пума

 

Атакама жағалық шөлінде тәулік ішінде  температура 25-30°С-қа ауытқиды. Соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандарды – гаруаны қалыптастырады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін  тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Анд тауында ламаның жабайы түрі – викунья мен гуанако мекендейді. Ал жергілікті халық – альпако мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

3500-3900 м биіктікте биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады. Бұл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар, селеу, бетеге, ерекше әсем өсімдік – Раймонд пуйясы өседі.

Кактустың шыққан жері – Бразилия таулы үстірті

VІ Жаңа сабақ бойынша оқушылардың түсінігін тексеру

Термин сөздер:

Гилея — Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары

Сельвас – ауыспалы ылғалды Амазония  ну орманы

Льянос – Ориноко саваннасы

Кампос – Бразилия саваннасы

Пампа – Ла-Плата жазығын алып жатқан жазық дала

Гаруа – Атакама шөлінде мамыр мен қараша айларында қалыптасатын «соқыр тұмандар»

Ломас – ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдік.

Гуано – құстың саңғырығы, аса бағалы азотты тыңайтқыш

VІІ Бекіту

  1. 1.     Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?

  2. 2.     «Ғаламшардың өкпесі» деп қай аймақты айтады?

  3. 3.     Льянос пен кампостың қандай айырмашылықтары бар?

  4. 4.     Анд тауының символы деп қандай жануарларды атайды?

  5. 5.     Амазония ормандарының қазіргі экологиясы туралы не айта аласың?

Семантикалық карта


Ылғалды экваторлық ормандар

Ориноко саваннасы

Бразилия саваннасы

«Ғаламшардың өкпесі»

Субтропиктік дала

Сельвас




+


Гилея

+





Льянос


+




Кампос



+



Пампа





+

 

Электронды оқулық тапсырмалары:

  1. Оңтүстік Американың өсімдіктері мен жануарларының аттарын жазып шығыңыз.

  2. Оңтүстік Американың картасын құрастыр.

  3. Қалайы –вольфрам белдеуін тап.

  4. Берілген номенклатураны орнына қойып шығыңыз.

  5. Оңтүстік Американың шөгінді және магмалық тау жыныстарын жаз.

  6. Оңтүстік Американың ойпаттарын көрсет.

  7. Оңтүстік Американың  таулы қыраттарын белгіле.

  8. Артығын жинаңыз.

  9. Оңтүстік Американың  шеткі нүктелерін тауып, картадан белгілеңіз.

 

 

 

Үлестірмелі материалдар:

№ 1

  1. Оңтүстік Американың  шеткі нүктелерін картадан көрсет.

  2. Ең биік сарқырама қай өзеннің саласы?  Картадан көрсет.

  3. Оңтүстік Американы қандай мұхиттар шайып жатыр?

 

№ 2

  1. Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен қай материкте? Оны картадан көрсет.

  2. «Мысты таулар» дегеніміз не?

  3. Не себепті Анд тауының жағалауында Атакама шөлі қалыптасқан?

 

№ 3

  1. «Қалайы алаңы» деп қай көлді атайды? Көлді картадан көрсет.

  2. Парана өзенінде қандай сарқырама бар?

  3.  Патагония үстірті материктің қай бөлігінде? Оны картадан көрсет.

 

VІІІ Үйге тапсырма:

§41-42  Табиғат зоналары  ( мазмұндау)

Кескін картаға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын белгілеу.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
О?т?стік Америка таби?ат зоналары

Автор: Альмуханбетов Габит Сабитович

Дата: 08.04.2016

Номер свидетельства: 316565


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства