kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алтын адам (Шежіреге толы Шілікті)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасып,түгендеу. Оқушылардың назарын  бүгінгі сабаққа аудару.

-Психологиялық ахуал туғызу

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.

-«Төрт бұрыш» әдісі арқылы топтарға бөлу. «Бұрыштар» әдісі арқылы «Алтын адам» кім болды  деген сұрақтың мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырамын.

1 бұрыш

«Алтын адам» шын мәнінде сақ ханзадасы

2 бұрыш

  Сақ ханзадасының киімінің бәрі алтыннан болған соң «Алтын адам» деп аталды

3 бұрыш

«Алтын киімді адам» Қазақстанның ежелгі мәдениетінің  жарқын үлгісі

4 бұрыш

«Алтын адам» мен «Аң  стилі»  бір-бірімен тығыз байланысты

1 кезеңге  Кері байланыс 

  Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша дұрыс деген жауаптың тұсына барып, таңдаған жауаптарын  дәлелдеу үшін  топтарға топтасады

-Топ басшысын өздері ақылдасып сайлайды.

Мұғалім жаңа сабаққа қысқаша түсінік беріп, сабақ мақсатымен таныстырады.

Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасып,түгендеу. Оқушылардың назарын  бүгінгі сабаққа аудару.

-Психологиялық ахуал туғызу

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.

-«Төрт бұрыш» әдісі арқылы топтарға бөлу. «Бұрыштар» әдісі арқылы «Алтын адам» кім болды  деген сұрақтың мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырамын.

1 бұрыш

«Алтын адам» шын мәнінде сақ ханзадасы

2 бұрыш

  Сақ ханзадасының киімінің бәрі алтыннан болған соң «Алтын адам» деп аталды

3 бұрыш

«Алтын киімді адам» Қазақстанның ежелгі мәдениетінің  жарқын үлгісі

4 бұрыш

«Алтын адам» мен «Аң  стилі»  бір-бірімен тығыз байланысты

1 кезеңге  Кері байланыс 

  Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша дұрыс деген жауаптың тұсына барып, таңдаған жауаптарын  дәлелдеу үшін  топтарға топтасады

-Топ басшысын өздері ақылдасып сайлайды.

Мұғалім жаңа сабаққа қысқаша түсінік беріп, сабақ мақсатымен таныстырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алтын адам (Шежіреге толы Шілікті)»

Сабақ

Мектеп: «Б. Момышұлы атындағы негізгі орта мектебі»КММ

Күні

Мұғалімнің есімі: Болатбеков Ә.Б

Сынып: 7

Қатысқандар саны:7

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Алтын адам

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Оқушыларға тарихи құндылықтарды дәріптей отырып, соның ішінде Шілікті қоғанынан табылған алтын адам туралы толық мағлұмат алып, өз өлкесінің тарихымен танысады

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:



  • Қазақстан жеріндегі орналасқан жалпы алтын адамдар туралы түсініктері қалыптасқан.



Оқушылардың басым бөлігі:



  • Қазақстан жеріндегі соның ішінде Шығыс Қазақстанда орналасқан Алтын адамдардың орналасқан орындарын біледі



Кейбір оқушылар:



  • Шілікті қорғаны туралы жалпы мәліметтерді жинап толықтыра алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар

  • «Алтын адам» туралы қосымша әдебиеттен оқиды және талқылайды.



Негізгі сөздер мен тіркестер



Алтын адам; аңыз;зерттеушілер;



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:қорғанды зерттерген ғалымдар,обадан табылған ескерткіштер;



Талқылауға арналған тармақтар



Шілікті даласында көне мәдениеттің аса бір өркендеген уақыты қай кезеңді қамтиды?

Обадан қандай тарихи заттар табылған?



Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?



Шілік­ті даласында адаммен бір­ге жылқының жерленгенін алғаш рет анықталды,не себепті екенін айта аламыз ба?



Жазылым бойынша ұсыныстар:



Шежіреге толы Шілікті ой толғауы

Алдыңғы оқу

Туған өлкенің шежіресі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

1-кезең

(10 мин)



Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасып,түгендеу. Оқушылардың назарын бүгінгі сабаққа аудару.

-Психологиялық ахуал туғызу

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.

-«Төрт бұрыш» әдісі арқылы топтарға бөлу. «Бұрыштар» әдісі арқылы «Алтын адам» кім болды деген сұрақтың мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырамын.

1 бұрыш

«Алтын адам» шын мәнінде сақ ханзадасы

2 бұрыш

Сақ ханзадасының киімінің бәрі алтыннан болған соң «Алтын адам» деп аталды

3 бұрыш

«Алтын киімді адам» Қазақстанның ежелгі мәдениетінің жарқын үлгісі

4 бұрыш

«Алтын адам» мен «Аң стилі» бір-бірімен тығыз байланысты



1 кезеңге Кері байланыс

Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша дұрыс деген жауаптың тұсына барып , таңдаған жауаптарын дәлелдеу үшін топтарға топтасады

-Топ басшысын өздері ақылдасып сайлайды.

Мұғалім жаңа сабаққа қысқаша түсінік беріп, сабақ мақсатымен таныстырады.



Жауаптар жазылған

парақтар



Ортасы

1-тапсырма

Алдын - ала дайындалаған «Шежіреге толы Шілікті» мәтінімен жұмыс. «Ой қозғау» әдісі

Оқушылар мәтінді жеке -жеке оқып,топ ішінде талқылайды. Постер қорғайды.



2-тапсырма

«Конверт» әдісі арқылы әр топқа

тапсырмалар беріледі.



І топ

1.Шілікті қорғанындағы ескеткіштерді зерттеушілер туралы хронологиялық кесте құру

2. «Алтын адам» табылған обаның басқа обалардан айырмашылықтарын сызбамен көрсету



ІІ топ

Мына сөздерге анықтама бер


Алтын адам



Аң стилі



Бәйгетөбе



Оба


ІІІ топ

Тірек сызбамен жұмыс



«Шежіреге толы Шілікті»


«Мәдение мұра» қоғамдық қорының мәліметі бойынша осы обадан барлығы 4303 дана алтын зат табылған.

Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/1209
© e-history.kz

2003 жылы табылған үшінші Алтын Адам қазақ даласындағы өркениеттердің тамыры тереңде екенін көрсетті.

Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/1209
© e-history.kzорналасқан











Жалши ауылының оңтүстік жағында орналасқан, биіктігі 7,9 м, диаметрі оңтүстіктен солтүстікке қарай 99 м, шығыстан батысқа қарай 97,4 м болатын обаны қазғанда алтынмен көмкерілген киімімен жерленген сақ патшасының сүйегін табады. 

Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/1209
© e-history.kz








Қабырхананың ішкі еденінің аумағы – 33,6 шаршы метр. Осы үлкен қабырханада жалғыз адам жерленген

Қорған үш қабаттан тұрады, бірінші қабаты топырақ үйінді, оның ішінде тас үйіндіден тұратын оба бар.










Бұдан бөлек геометриялық фигуралар, әшекей бұйымдар сипатындағы заттардың саны 4000-нан асып жығылады.   





Біз осындай деректерін ашқаннан кейін бұл Қазақстан жеріндегі үйсін мәдениетінің үшінші «алтын адамы» деп жариялап отырмыз, – дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Әбдеш Ташкенұлы.













Кері байланыс:

Топта жұмыс істеу ұнады ма?

Қандай қиындықтар болды?



3-тапсырма

Тест апсырмасы

1. «Алтын адам» кім?

А) Қаңлылардың жауынгері

Ә) Сақ ханзадасы

Б) Ғұндардың басшысы

2. Алғашқы «Алтын адам» қайдан табылды?

А) Есік қаласынан

Ә) Қызылорда қаласынан

Б) Жетісу өңірінен

3. 2ші және 3ші «Алтын адам» жәдігері қайдан табылды?

А) Бесшатыр мен Есік қаласынан

Ә)Аралтөбе мен Шілікті жазығынан

Б) Есік қаласы мен Шілікті жазығынан

4. Аң стилі дегеніміз не?

А) Аңдарды бейнелеу

Ә) Ою өрнектерді бейнелеу

Б) Жазу

5. Үшінші «Алтын адамды» зерттеген ғалым кім?

А)Ш.Уәлиханов

Ә) Ә.Төлеубаев

Б) К.Ақышев



https://e-history.kz/kz/publications/view/1209







Плакат,маркер, оқулық

А4




































Аяқталуы

Оқушы-ның аты-жөні

Сұрақ қою

Белсенділік

Сұрақтарға

жауап беру

Жалпы

ұпай саны

1






2






3






4






5






Бағалау

Рефлексия: «Көңіл-күй ағашы» Оқушыларға екі түсті алма – қызыл және жасыл түс беріледі. Балалар алманы алма ағашына жапсырады: жасыл – мен бәрін өте жақсы жасадым деп есептеймін, менің көңіл-күйім жақсы, ал қызыл түс – тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді.

Плакат, стикер



Қосымша ақпарат Келешекте осы Шілікті жазығында аспан асты музейі орналасатын болады. Онда дүниенің төрт тарабынан қазақ тарихына, археологиясына қызығатын туристер, ағылып келе бастайды.

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренген тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пән аралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ мен байланыс

Құндылықтармен байланыс.

  • Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргізу барысында сыныптағы барлық оқушылар қамтылады. Жеңіл тапсырмалардан бастап күрделі тапсырмалар беру арқылы оқушылар арасында ЖАДА( жақын арадағы даму аймағы) қалыптастырдым

  • Бағалау критерийлеріне дискрипторлар арқылы бағалау.



  • Кері байланыс



Топтың жұмыс ережесімен таныстыру

1Ұйымшылдық.

2 Бірінің ойын бірі тыңдау.

3Сыйластық.

4Уақыт үнемдеу

5Белсенділік таныту



Рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болады? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен.

Оқу мақсаттары дұрыс қойылған.

Тапсырмалар оқушылардың сұраныстарын қанағаттандырды.

Оқушылар тапсырманы орындау барысында уақытты тиімді пайдалана алды.

Сыныпта сенімділік қарым-қатынас, жағымды кері байланыс орын алды.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Тақырыпты топпен талқылау.

2:Оқушылар ақпаратты өздігінен білім алуға, алынған ақпаратты бағалауға дағдыланды

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Конверт әдісі бойынша топтық жұмыс

2: «Шежіреге толы Шілікті» тақырыбы бойынша шағын ой толғау жазуы



2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Оқыту үдерісінде барлық оқушыларды қатыстыру үшін түрлі әдістерді пайдалану.

















































Шежіреге толы Шілікті

1970 жылы Алматы облысының Есік қорғанынан Алтын Адам – сақ жауынгерінің денесі табылды. Бұл қазақ археологиясы ғылымынан тысқары әлемдік ғылымға да зор жаңалық әкелген құбылыс болды Бұдан кейін де қазақ даласының әр түкпірінен алтын адамдар табылды. Екінші Алтын Адам батыс өңірдегі Аралтөбе қорымынан 1999 жылы табылса, шығыстағы Шілікті жазығынан 2003 жылы табылған үшінші Алтын Адам қазақ даласындағы өркениеттердің тамыры тереңде екенін көрсетті. Бүгінгі таңда Алтын Адамдардың жалпы саны жетеуге жетті. Біз осының ішінде Шілікті қорғандарынан табылған Алтын Адам туралы сырт шертпекпіз.  Шілікті – Шығыс Қазақстан облысының бірде Тарбағатай, бірде Зайсан ауданының аумағына қарап келген жалпақ жазық. Ұзындығы 80, ені 30 шақырым жазықтың оңтүстігінде Тарбағатай, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары жатыр. Зерттеген ғалымдардың жазуынша, Шілікті даласында көне мәдениеттің аса бір өркендеген уақыты б.з.д. Ι мыңжылдыққа сай келеді. Бұл уақытта кең жазықта сақ тайпалары салтанат құрған. Өңірде сақ-үйсін дәуірінің делінетін 200-ден астам ескерткіш бар болса, оның 50-дейі патша обалары деседі.    Гидротехник Г. Бокий – осы ескерткіштерді алғаш зерттеген адам. Бұдан кейін Ленинградтан келген профессор С. Черников 1949-1962 жылдар аралығында 4 мәрте қазба жұмысын жүргізді. Бұл киелі жерлерге отандық ғалымдардың қолы 2003 жылдан бастап тиді. Профессор Ә. Төлеубаев бірнеше обаның зерттеу жұмыстарын толық бітірді.  Жергілікті жұрт «Бәйгетөбе» атап кеткен №3 қорым жаңалықтарға бай болды. «Мәдение мұра» қоғамдық қорының мәліметі бойынша осы обадан барлығы 4303 дана алтын зат табылған. Оның 250 данасы арқар, бүркіт, самұрық, бұғы, қасқыр, мәлін түріндегі, аң стилінде. Бұдан бөлек геометриялық фигуралар, әшекей бұйымдар сипатындағы заттардың саны 4000-нан асып жығылады.    Бәйгетөбе обасы – сақ жұртының ең алғашқы патшаларының бірі жерленген киелі мекен. Бұл обалар тізбегінің, бас жағы қазіргі Қытай территориясында жатса, мұның өте ауқымды әрі ірі қанағатты еске түсіре алатындай құдіретті екенін шамалайсыз. 2003 жылы профессор Әбдеш Төлеубаев Бәйгетөбеге қазба жұмыстарын жүргізгенде көптеген тың жаңалық тапты. Археологтардың айтуынша, бұл оба геометриялық тепе-теңдікке бағындырыла орналастырылған екен. Жалши ауылының оңтүстік жағында орналасқан, биіктігі 7,9 м, диаметрі оңтүстіктен солтүстікке қарай 99 м, шығыстан батысқа қарай 97,4 м болатын обаны қазғанда алтынмен көмкерілген киімімен жерленген сақ патшасының сүйегін табады.  2005 жылы «Азаттық» радиосында берген сұхбатында: – Қорған үш қабаттан тұрады, бірінші қабаты топырақ үйінді, оның ішінде тас үйіндіден тұратын оба бар. Оның биіктігі 4, ал диаметрі 22 метр. Осы тас үйіндінің ішінде қима, ағаштан жасалған қабырхана бар. Ол жердің бетіне орналасқан. Қабырхананың ішкі еденінің аумағы – 33,6 шаршы метр. Осы үлкен қабырханада жалғыз адам жерленген екен. Сол заманда қабырхананың тоналғандығы анықталды. Табылған адамның киім әшекейлерінің бір бөлігі қолымызға тиіп отыр. Олардың ұзын-саны 4 жарым мыңнан астам. Бұлар – әшекей түрінде жасалған құйма алтындар. Бұған дейінгі алтын адамдарда қаңылтыр алтынды әшекей бұйымдар болса, бұнда құйма алтын. Біз осындай деректерін ашқаннан кейін бұл Қазақстан жеріндегі үйсін мәдениетінің үшінші «алтын адамы» деп жариялап отырмыз, – дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Әбдеш Ташкенұлы. Жұртшылық обадағы құндылықтардың 99 пайызы ұрланып, жоғалып кетсе де, табылған 1 пайызының өзі қазақ археологиясының баға жетпес табысы екенін осы кезде білді.    Мұндағы археологиялық зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін сақ жауынгерінің мүрдесін Алматыдағы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері алып зерттейді. Осыдан кейін ауылдың шырқы бұзылып, берекесі қаша бастайды. Малдан түрлі ауру шығып, елге жұт тие бастайды. Дауыл соғып, боран ұрып, бұрын болмаған бір алапат күйге түседі. Мұны сақ бабаның киесіне балаған ауыл азаматтары, ел, ағалары институтта жатқан мүрдені қайта жерлеуді ойластырады. Ақыры межелі уақыт жетіп, 5 жылдан соң, сақ патшасы өзінің мекеніне қайта оралды. Жазушы С. Ғаббасовтың жазуынша, арнайы құран оқып, басына аян бағыштап, ақ жуып, арулап қойған соң, өңірдің тыныштығы баяғы қалпына келіпті. Міне, бұл да тағылым алатын дүние.  Келешекте осы Шілікті жазығында аспан асты музейі орналасатын болады. Онда дүниенің төрт тарабынан қазақ тарихына, археологиясына қызығатын туристер, ағылып келе бастайды. Ашық аспан астындағы музейдің ағылшындардың «Стоунхендж», ирландықтардың «Ньюрпейдж», Американың «Мачу-Печу» секілді әйгілі тарихи орындарымен иығы теңелетін күні алда. 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Алтын адам (Шежіреге толы Шілікті)

Автор: Болатбеков Әділет Болатбекұлы

Дата: 13.11.2018

Номер свидетельства: 485340

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Алтын адам (Шежіреге толы Шілікті)"
    ["seo_title"] => string(37) "altyn_adam_shezhirege_toly_shilikti_1"
    ["file_id"] => string(6) "485362"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1542089774"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Елімнің жүрегі Астана"
    ["seo_title"] => string(25) "ielimnin_zhurieghi_astana"
    ["file_id"] => string(6) "393696"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487561690"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Мені? елім-мені? болаша?ым" "
    ["seo_title"] => string(31) "mienin-ielim-mienin-bolashag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "191296"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427290639"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?аза?станны? т?уелсіздігі "
    ["seo_title"] => string(29) "k-azak-stannyn-t-uielsizdighi"
    ["file_id"] => string(6) "244354"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445927635"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "?аза? тілім – мені? ?лтты? м?ртебем"
    ["seo_title"] => string(31) "kazaktilimmieninulttykmrtiebiem"
    ["file_id"] => string(6) "284954"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454066036"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства