Просмотр содержимого документа
«Африканы? ішкі сулары. 7 сынып»
Кенжебаева Жанна Онгарбековна
«№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ
география пәні мұғалімі,
Семей қаласы.
Африканың ішкі сулары. (7 сынып)
Сабақтың мақсаты:
а) білімдігі – Оқушыларға Африканың ірі өзендерімен көлдері, олардың ерекшеліктері жайлы түсінік беру.
ә) дамытушылығы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын пайдаланып, оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Африканың физикалық картасы, климат картасы, бейнетаспалар.
Сабақ түрі: Интерактивтік сабақ.
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Негізгі бөлім.
Бейнетаспадан көрсету. “Африканың ішкі сулары”
I-кезең. Қызығушылықты ояту.
Мұғалім: Балалар, бейнетаспадан қандай материктің ішкі суларын көрдік? Материктің қай бөлігінде өзен көбірек орналасқан екен? Көл дегенде көз алдымызға не елестейді?
Оқушылар білгендерін айтып, “Көл” туралы кластер құрайды. Кластер құрап болған соң, интерактивті тақтаға жазады.
II – кезең. Insert стратегиясын қолдану.
Білемін
Білгім келеді
Проблемалық сұрақ
а) Жұптық жұмыс.
Оқушылар мәтінді оқымас бұрын өзен-көл туралы білетіндерін бір-бірімен ақылдасып, «Африаканың физикалық» және «Африканың климат» картасын салыстыра отырып, дәптерлеріндегі, “білемін” бағанын толтырады.
ә) Топтық жұмыс.
Жазғандарын оқушылар топта талқылап, кезекпен кезекпен дауыстап оқып шығады. Қызықты мәліметтерді интерактивті тақтадағы кестеге жазады.
Мұғалім: Балалар, біздің Африканың өзен-көлдері жайлы түсінігіміз көп пе екен?
Балалар: Африканың өзен-көлдері жайлы мәліметіміз аз екен.
Мұғалім: Олай болса оқулықтарымызды ашып, мәтінмен танысайық. Мәтінмен анысқаннан кейін, интерактивті тақтадағы кестенің “Не білдім?”. “Проблемалық сұрақ ” деген бағаның толтырайық.
III. Семантикалық карта құру.
Оқулық материалдарымен жұмыс істей отырып семантикалық картаны толтырады
Өзендер
Бастауы
Қайда барып құяды?
Өзен режимі
Қоректенуі
таудан
жазықтан
көлге
теңізге
мұхитқа
ағынды
қатады
жаңбыр суымен
қар суымен
аралас
IV. Кезең. Қатемен жұмыс.
Оқушылар кестедегі берген анықтамаларының қатесі болса түзетіп, мәтіндегі бөлімдердің толық қамтылған, қамтылмағанын анықтап, түзетулер жасайды.
V. Кезең. Интерактивті тақтадағы Венн диаграммасын толтырту.
Көл
VI. Қорытынды бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
1) §48 «Африканың ішкі сулары» тақырыбын оқып келу.