kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Африканы? таба?ат зоналары

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??алім: Маженова А.А. П?н: География Сынып: Мерзімі: Саба?ты? та?ырыбы: Таби?ат зоналары Саба?ты? ма?саты: 1. Білімділік: О?ушылар?а таби?ат зоналарымен таныстыра отырып, негізгі ерекшеліктері мен ма?ызына то?талып ?р т?рлі ??ымдар ?алыптастыру. 2.Дамытушылы? О?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын оята отырып, картамен ж?мыс істеуге, ?з бетімен шы?армашылы?пен ш??ылдануын да?дыландыру. 3. Т?рбиелік О?ушылар бас?а мемлекеттерді? таби?ат зоналарымен таныса отырып, ?з еліне, жеріне деген с?йіспеншіліктерін ояту ж?не бірін-бірі сыйлау?а т?рбиелеу. Саба?ты? т?рі: Жа?а саба? О?ыту ?дісі: С?ра?-жауап, баяндау, т?сіндірмелі Саба?ты? ?дістемелік жабды?талынуы: И/А та?та, африканы? картасы, атлас карта, о?улы?, ?осымша материалдар. Саба?ты? барысы: 1. Психологиялы? дайынды?. Амандасу. Жар?ырап к?н де ашылды К?н н?ры т?гел шашылды ?айырлы к?н Біз н?зік ?ыздармыз ?айырлы к?н Біз ерж?рек ?лдармыз ?айырлы к?н, ?она?тар Біз ?депті баламыз ?айырлы к?н, ?стазым Біз к??ілді баламыз! 2. ?й тапсырмасын тексеру -Балалар, біз сендермен Африка материгі бойынша білімдерімізді ?рі ?арай толы?тырудамыз. ?ткен саба?та Африканы? ішкі суларымен таныс?ан болатынбыз. ?йге ішкі сулар та?ырыбын мазм?ндап кескін карта?а ?зен, к?лдерді т?сіріп келуге бергенмін. ?й тапсырмасын тексеру ар?ылы «Си?ырлы мозаиканы» шешіп к?рейік. Б?ріміз та?та?а ?араймыз. Бір о?ушы та?та?а шы?ып, кез келген санды ашады. Санны? артында жасырыл?ан с?ра??а жауап беріп, картадан к?рсетуге тиіс. 1. Африканы? суы мол ?зен. (Конго) 2. Д?ние ж?зіндегі е? ?зын ?зен. (Ніл) 3. Экваторды екі жерден кесіп ?тіп, жина?ан суын Атлант м?хитына ??ятын ?зен. (Конго) 4. Африка материгіндегі т?сті білдіретін ?зен. (Оранжевая) 5. Маршакты? «Айболит» шы?армасында?ы ?зен. (Лимпопо) 6. Ніл ?зені ?айдан бастау алады? (Шы?ыс Африка таулы ?стіртінен) 7. Виктория сар?ырамасы орналас?ан ?зен. (Замбези) 8. Жа?алауы жартасты, Байкалды? сі?лісі, ?те тере?, суы т?щы к?л. (Танганьика) 9. Ежелгі мысырлы?тар оны «киелі ?зен»деп ата?ан, хал?ы табын?ан, 19 ?асырды? 70-жылдары ашыл?ан ?зен. (Ніл) 10. Нигер ?зені ?ай алап?а жатады? (Атлант) 11. Африканы? басым ?зені немен ?оректенеді? (жа?быр суымен) ?те жа?сы. Балалар, та?тадан ?андай картаны к?ріп т?рмыз? (Таби?ат зоналары картасын) Олай болса, бізді? б?гінгі ?тетін та?ырыбымыз: Африканы? таби?ат зоналары. Д?птерлерімізді ашып, б?гінгі к?нді ж?не та?ырыпты жазамыз. -Таби?ат зонасы дегеніміз не? Жауап: Таби?ат кешендеріні?, я?ни, жер бедері, климаты, топыра?ы, ?сімдігі, жануарлар д?ниесі ??сас ж?не бірдей климатты? ?серінен ?алыптасатын ??рлы?та?ы айма?тарды таби?ат зоналары деп атайды. -Таби?ат зонасыны? ?ркелкі таралуы неге байланысты? Жауап: Таби?ат зонасыны? бір т?ріні? бас?а таби?ат зонасына ауысуыны? басты себебі-біріншіден, географиялы? ендік, сонан со? климатында?ы айырмашылы? болып табылады. Я?ни, жылу мен жауын-шашын м?лшеріні? ?згеруіне байланысты жер шарында?ы таби?ат зоналары ауысып отырады. АТЛАСПЕН Ж?МЫС. Африканы? таби?ат зоналары картасын ашамыз да м??ият ?араймыз. Экватордан солт?стікке ж?не о?т?стікке ?арай негізгі таби?ат зоналарын атап шы?амыз. Жауап: 1. Ыл?алды экваторлы? ормандар зонасы 2. Саванна 3. Тропиктік ш?л, ш?лейт зоналары тарла?ан. Олар ендік ба?ытта орналас?ан. Ал ?азір біз сендермен осы атал?ан зоналар?а саяхат жасайы?. ВИДЕО Африканы? таби?ат зоналарына виртуалды саяхат. І. Ыл?алды экваторлы? ормандар зонасы. Эквторды? екі жа?ында экваторлы? ыл?алды климатты? белдеуде ?алыптас?ан. Ыл?алды экваторлы? ормандар ?сетін жерді? топыра?ы ыл?алды, ?рі ысты? климатты? жа?дайда ?алыптас?ан ?ызыл-фералиті топыра?. ?сімдіктер д?ниесі ?те бай, м??гі жасыл а?аштар мен б?талар ?седі. А?аш т?різді папортниктер, майлы пальма ж?не фикустармен ?атар ?сем г?лді мимоза, с?регі ?атты темір а?аш ?седі. Жануарлар д?ниесінде а?аш басында ?мір с?руге бейімделген адам т?різді маймылдардан горилла, шимпанзе ж?не мартышка мен итбасты ж?не итше ?ретін павиандар бар. ?зендерінде сусиырлар(бегемот), ?олтырауындар(крокодилдар) кездеседі. Цеце шыбыны ?те к?п, ол ша??ан ?й жануарлары ?леді, ал егер адамды ша?са, онда адам ?й?ы ауруына шалды?ады. Африканы? ерекше таби?атын ?ор?ау ма?сатында д?ниеж?зінде ал?аш рет 1898жылы «Саби-гейм» ?оры?ы ?йымдастырыл?ан. Кейін Серенгети ?лтты? саяба?ы ашыл?ан. ТАБЛИЦАНЫ ТОЛТЫРУ Зонаны? аты климаты топыра?ы ?сімдігі Жануарлар д?н Ыл?алды экваторлы? ормандар Ысты?, ж-ш мол, ?ызыл-сары ферралитті Папортниктар, майлы пальма, фикустар, темір а?ашы, ?сем г?лді мимоза т.б Горилла, шимпанзе, мартышка, цец шыбыны, сусиырлар, ?олтырауындар ІІ. Саванна зонасы. Саванна- ?р жерінде жеке немесе шо?-шо? а?аш пен б?та кездесетін далалы жазы?тар. Материкті? 40% жерін алып жатыр. Ш?птесін ?сімдігі биік, айнала ашы?, к?н с?улесі мол т?сетін айма?. Топыра?ы ферралитті ?ызыл болып келеді. ?те ?лкен баобаб а?ашымен ?атар пальманы? бірнеше т?рлері ?седі. Африка саваннасында аса ірі ш?п?оректі жануарлар-піл, керік, буйвол, ?ос м?йізді м?йізт?мсы?, алаш?бар зебрлер мен б?кендерді? 40-тан астам т?рлері тіршілік етеді. Ірі жырт?ыш а?дардан-арыстан, ?абан, ?ор?аулар бар. ?зендерінде ?олтырауын тіршілік етеді. Е? ірісі Ніл ?олтырауыныны? ?зынды?ы 5-6 метрге дейін жетеді. Саванна ??стар?а бай. Африка т?йе??сы- марабу, секретарь. Е? кішкентай ?сем ??с-шірнежегі. ТАБЛИЦАНЫ ТОЛТЫРУ Зонаны? аты климаты топыра?ы ?сімдігі Жануарлар д?н Ыл?алды экваторлы? ормандар Ысты?, ж-ш мол, ?ызыл-сары ферралитті Папортниктар, майлы пальма, фикустар, темір а?ашы, ?сем г?лді мимоза т.б Горилла, шимпанзе, мартышка, цец шыбыны, сусиырлар, ?олтырауындар Саванна Ж-ш аз, Ферралитті ?ызыл Баобаб, пальма, Піл, керік, буйвол, м?йізт?мсы?, арыстан, ?абан, ?ор?аулар, зебр, б?кендер ІІІ. ВИДЕО Атлант м?хиты мен ?ызыл те?із арасында, Атлас таулары мен Судан физикалы? –географиялы? айма?ыны? арасында жатыр. Ол солт?стіктен о?т?стікке дейін 2000км-дей созылып, материкті? 30% к?лемін алып жатыр.Б?л жерде ауа адам айт?ысыз ??р?а?, жер бетіндегі е? ысты? айма?. Триполиге жа?ын жерде ауаны? температурасы кейде +58?С-ге жетеді. Б?л ?ай жер туралы айтылды? САХАРА Ш?ЛІ. Тропиктік ш?л, ш?лейт зонасы. Материкті? 30% к?лемін алып жатыр. Материкті? солт?стігіндегі е? ?лкен ш?л-Сахара ш?лі жатыр. Сахара арабша «сахра» бір?алыпты ?о?ыр ш?лді жазы?. Климаты ??р?а?, жауын шашын аз т?седі. Сахарада тасты ш?л, ??мды ш?л мен сазды ш?л кездеседі. К?п жерін тасты ш?л алып жатыр. Сазды ш?лді? топыра?ы ??нарлы, ?олдан суарып, егін ексе жа?сы ?нім алу?а болады. Тасты жерде м?к, ?ына ?седі. ??р?а? климат?а бейімделген тікенекті б?талар, ?алы? жапыра?ты алоэ, с?ттіген бар. Жануарлары: тасба?а, жылан, кесірткелер. Ш?л зонада жерасты суы жа?ын жат?ан жерлерде жазиралар (оазистер) бар. Жазиралар ?сімдіктерге бай. ??рма пальмасы ?седі. Намиб ш?лінде жапыра?ыны? ?зынды?ы 3м-ге, биіктігі 50см-ге жететін ерекше ?сімдік – вельвичия ?седі. Калахари ш?лінде жабайы ?арбыз ?седі. ТАБЛИЦАНЫ ТОЛТЫРУ Зонаны? аты климаты топыра?ы ?сімдігі Жануарлар д?н Ыл?алды экваторлы? ормандар Ысты?, ж-ш мол, ?ызыл-сары ферралитті Папортниктар, майлы пальма, фикустар, темір а?ашы, ?сем г?лді мимоза т.б Горилла, шимпанзе, мартышка, цец шыбыны, сусиырлар, ?олтырауындар Саванна Ж-ш аз, Ферралитті ?ызыл Баобаб, пальма, Піл, керік, буйвол, м?йізт?мсы?, арыстан, ?абан, ?ор?аулар, зебр, б?кендер Тропиктік ш?л, ш?лейт зонасы Ысты?, ?апыры? Сазды ш?лді? топыра?ы ??нарлыра? вельвичия Тасба?а, жылан, кесіртке Балы? с?йегі («Фишбоун») ар?ылы зоналарды д?рыс орналастыру. Біз б?гінгі саба?та: 1. Африкада ыл?алды экваторлы? ормандар, тропиктік сирек орманды дала, я?ни, саванна мен тропиктік ш?л зонасы бар. Ш?л зонада жерасты суы жа?ын жат?ан жерлерде жазиралар кездеседі. 2. Тек Африка саваннасында ?ана тіршілік ететін аса ірі ш?п?оректі жануарлар- Африка пілі, керік, ?ос м?йізді м?йізт?мсы?, алаш?бар зебрлер, ??стардан Африка т?йе??сы- марабу, секретарь ??сы, е? кішкентай ?сем ??с-шірнежегі бар. 3. Е? ?лкен ш?л Сахарада тасты ш?л, ??мды ш?л мен сазды ш?л кездеседі. 4. Африкада ерекше ?сімдіктер-вельвичия мен ?те ?лкен баобаб а?ашы ?седі. VIP TEST алу. О?ушыларды тесті? н?тижесі ар?ылы ба?алау. ?ЙГЕ: Суретшіні? ?ателіктерін табу. РЕФЛЕКСИЯ Білемін Білдім Білгім келеді Балалар, алдары?да Африка материгіні? ?сем де к?рікті таби?аты бейнеленген пара?тар жатыр. Сендер ?азір сол суретті? ?асына ?здері?ді ?ойып, б?гінгі к??іл к?йлері?ді білдірі?дер.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Африканы? таба?ат зоналары»

Мұғалім: Маженова А.А.

Пән: География

Сынып:

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Табиғат зоналары

Сабақтың мақсаты: 

1. Білімділік: Оқушыларға табиғат зоналарымен таныстыра отырып, негізгі ерекшеліктері мен маңызына тоқталып әр түрлі ұғымдар қалыптастыру.

2.Дамытушылық Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оята отырып, картамен жұмыс істеуге, өз бетімен шығармашылықпен шұғылдануын дағдыландыру.

3. Тәрбиелік Оқушылар басқа мемлекеттердің табиғат зоналарымен таныса отырып, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік

жабдықталынуы:  И/А тақта, африканың картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық дайындық. Амандасу.

Жарқырап күн де ашылды

Күн нұры түгел шашылды

Қайырлы күн

Біз нәзік қыздармыз

Қайырлы күн

Біз ержүрек ұлдармыз

Қайырлы күн, қонақтар

Біз әдепті баламыз

Қайырлы күн, ұстазым

Біз көңілді баламыз!

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар, біз сендермен Африка материгі бойынша білімдерімізді әрі қарай толықтырудамыз. Өткен сабақта Африканың ішкі суларымен танысқан болатынбыз.  Үйге ішкі сулар тақырыбын мазмұндап кескін картаға өзен,  көлдерді түсіріп келуге бергенмін. Үй тапсырмасын тексеру арқылы  «Сиқырлы мозаиканы»  шешіп көрейік.

Бәріміз тақтаға қараймыз.  Бір оқушы  тақтаға шығып, кез келген санды ашады. Санның артында жасырылған сұраққа жауап беріп, картадан көрсетуге тиіс.

  1. Африканың суы мол өзен. (Конго)

  2. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. (Ніл)

  3. Экваторды екі жерден кесіп өтіп, жинаған суын Атлант мұхитына құятын өзен. (Конго)

  4. Африка материгіндегі түсті білдіретін өзен. (Оранжевая)

  5. Маршактың «Айболит» шығармасындағы өзен. (Лимпопо)

  6. Ніл өзені қайдан бастау алады? (Шығыс Африка таулы үстіртінен)

  7. Виктория сарқырамасы орналасқан өзен. (Замбези)

  8. Жағалауы жартасты, Байкалдың  сіңлісі, өте терең, суы тұщы көл. (Танганьика)

  9. Ежелгі мысырлықтар оны «киелі өзен»деп атаған,  халқы табынған, 19 ғасырдың 70-жылдары ашылған өзен. (Ніл)

  10. Нигер өзені қай алапқа жатады? (Атлант)

  11. Африканың басым өзені немен қоректенеді? (жаңбыр суымен)

Өте жақсы.  Балалар, тақтадан қандай картаны көріп тұрмыз?  (Табиғат зоналары картасын)

Олай болса, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз:  Африканың табиғат зоналары.

Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді және тақырыпты жазамыз.

-Табиғат зонасы дегеніміз не?

Жауап:

Табиғат кешендерінің, яғни, жер бедері, климаты, топырағы, өсімдігі, жануарлар дүниесі ұқсас және бірдей климаттың әсерінен қалыптасатын құрлықтағы аймақтарды табиғат зоналары деп атайды.

-Табиғат зонасының әркелкі таралуы неге байланысты?

Жауап:

Табиғат зонасының бір түрінің басқа табиғат зонасына ауысуының басты себебі-біріншіден, географиялық ендік, сонан соң климатындағы айырмашылық болып табылады. Яғни, жылу мен жауын-шашын мөлшерінің өзгеруіне байланысты жер шарындағы табиғат зоналары ауысып отырады.

АТЛАСПЕН ЖҰМЫС.

Африканың табиғат зоналары картасын ашамыз да мұқият қараймыз. Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай негізгі табиғат зоналарын атап  шығамыз.

Жауап:

  1. Ылғалды экваторлық ормандар зонасы

  2. Саванна

  3. Тропиктік шөл, шөлейт зоналары тарлаған. Олар  ендік бағытта орналасқан.

Ал қазір біз сендермен осы аталған зоналарға  саяхат жасайық.

ВИДЕО

Африканың  табиғат зоналарына виртуалды саяхат.

І. Ылғалды экваторлық ормандар зонасы.

   Эквтордың екі жағында экваторлық ылғалды климаттық белдеуде қалыптасқан. Ылғалды экваторлық ормандар өсетін жердің топырағы ылғалды, әрі ыстық климаттық жағдайда қалыптасқан қызыл-фералиті топырақ.

Өсімдіктер дүниесі өте бай, мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар өседі. Ағаш тәрізді папортниктер, майлы пальма және фикустармен қатар әсем гүлді мимоза, сүрегі қатты темір ағаш өседі.

Жануарлар дүниесінде ағаш басында өмір сүруге бейімделген адам тәрізді маймылдардан горилла, шимпанзе және мартышка мен итбасты және итше үретін павиандар бар.

Өзендерінде сусиырлар(бегемот), қолтырауындар(крокодилдар) кездеседі. Цеце шыбыны өте көп, ол шаққан үй жануарлары өледі, ал егер адамды шақса, онда адам ұйқы ауруына шалдығады.

Африканың ерекше табиғатын қорғау мақсатында дүниежүзінде алғаш рет 1898жылы «Саби-гейм» қорығы ұйымдастырылған. Кейін Серенгети Ұлттық саябағы ашылған.

ТАБЛИЦАНЫ ТОЛТЫРУ

Зонаның аты

климаты

топырағы

өсімдігі

Жануарлар дүн

Ылғалды экваторлық ормандар

Ыстық, ж-ш мол,

Қызыл-сары ферралитті

Папортниктар, майлы пальма, фикустар, темір ағашы, әсем гүлді мимоза т.б

Горилла, шимпанзе, мартышка, цец шыбыны, сусиырлар, қолтырауындар

ІІ. Саванна зонасы.  Саванна- әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін далалы жазықтар.

Материктің  40% жерін алып жатыр.  Шөптесін өсімдігі биік, айнала ашық, күн сәулесі мол түсетін аймақ.  Топырағы ферралитті қызыл болып келеді.

 Өте үлкен баобаб ағашымен қатар пальманың бірнеше түрлері өседі.

Африка саваннасында аса ірі шөпқоректі жануарлар-піл, керік, буйвол, қос мүйізді мүйізтұмсық, алашұбар зебрлер мен бөкендердің 40-тан астам түрлері тіршілік етеді. Ірі жыртқыш  аңдардан-арыстан, қабан, қорқаулар бар.

 Өзендерінде қолтырауын тіршілік етеді. Ең ірісі Ніл қолтырауынының ұзындығы 5-6 метрге дейін жетеді.

Саванна құстарға бай. Африка түйеқұсы- марабу, секретарь. Ең кішкентай әсем құс-шірнежегі.

ТАБЛИЦАНЫ ТОЛТЫРУ

Зонаның аты

климаты

топырағы

өсімдігі

Жануарлар дүн

Ылғалды экваторлық ормандар

Ыстық, ж-ш мол,

Қызыл-сары ферралитті

Папортниктар, майлы пальма, фикустар, темір ағашы, әсем гүлді мимоза т.б

Горилла, шимпанзе, мартышка, цец шыбыны, сусиырлар, қолтырауындар

Саванна

Ж-ш аз,

Ферралитті қызыл

Баобаб, пальма,

Піл, керік, буйвол, мүйізтұмсық, арыстан, қабан, қорқаулар, зебр, бөкендер

ІІІ. ВИДЕО

Атлант мұхиты мен Қызыл теңіз арасында, Атлас таулары мен Судан физикалық –географиялық аймағының  арасында жатыр. Ол солтүстіктен оңтүстікке дейін 2000км-дей созылып, материктің 30% көлемін алып жатыр.Бұл жерде ауа адам айтқысыз құрғақ,  жер бетіндегі ең ыстық аймақ. Триполиге жақын жерде ауаның температурасы кейде +58̊С-ге жетеді. Бұл қай жер туралы айтылды?

САХАРА ШӨЛІ.

Тропиктік шөл, шөлейт зонасы.

Материктің 30% көлемін алып жатыр. Материктің солтүстігіндегі ең үлкен шөл-Сахара шөлі жатыр. Сахара  арабша «сахра» бірқалыпты қоңыр шөлді жазық.  Климаты құрғақ, жауын шашын аз түседі. Сахарада тасты шөл, құмды шөл мен сазды шөл кездеседі. Көп жерін тасты шөл алып жатыр. Сазды шөлдің топырағы құнарлы, қолдан суарып, егін ексе жақсы өнім алуға болады. Тасты жерде мүк, қына өседі.

Құрғақ климатқа бейімделген тікенекті бұталар, қалың жапырақты алоэ, сүттіген бар.

Жануарлары: тасбақа, жылан, кесірткелер.

Шөл зонада жерасты суы жақын жатқан жерлерде жазиралар (оазистер) бар. Жазиралар өсімдіктерге бай. Құрма пальмасы өседі. Намиб шөлінде жапырағының ұзындығы 3м-ге, биіктігі 50см-ге жететін ерекше өсімдік – вельвичия өседі. Калахари шөлінде жабайы қарбыз өседі.

ТАБЛИЦАНЫ ТОЛТЫРУ

Зонаның аты

климаты

топырағы

өсімдігі

Жануарлар дүн

Ылғалды экваторлық ормандар

Ыстық, ж-ш мол,

Қызыл-сары ферралитті

Папортниктар, майлы пальма, фикустар, темір ағашы, әсем гүлді мимоза т.б

Горилла, шимпанзе, мартышка, цец шыбыны, сусиырлар, қолтырауындар

Саванна

Ж-ш аз,

Ферралитті қызыл

Баобаб, пальма,

Піл, керік, буйвол, мүйізтұмсық, арыстан, қабан, қорқаулар, зебр, бөкендер

Тропиктік шөл, шөлейт зонасы

Ыстық, қапырық

Сазды шөлдің топырағы құнарлырақ

вельвичия

Тасбақа, жылан, кесіртке

Балық сүйегі («Фишбоун») арқылы зоналарды дұрыс орналастыру.

Біз бүгінгі сабақта:

  1. Африкада ылғалды экваторлық ормандар, тропиктік сирек орманды дала, яғни, саванна мен тропиктік шөл зонасы бар. Шөл зонада жерасты суы жақын жатқан жерлерде жазиралар кездеседі.

  2. Тек Африка саваннасында ғана тіршілік ететін аса ірі шөпқоректі жануарлар- Африка пілі, керік, қос мүйізді мүйізтұмсық, алашұбар зебрлер, құстардан Африка түйеқұсы- марабу, секретарь құсы, ең кішкентай әсем құс-шірнежегі бар.

  3. Ең үлкен шөл Сахарада тасты шөл, құмды шөл мен сазды шөл кездеседі.

  4. Африкада ерекше өсімдіктер-вельвичия мен өте үлкен баобаб ағашы өседі.

VIP TEST алу.

Оқушыларды тестің нәтижесі арқылы бағалау.

ҮЙГЕ:

Суретшінің қателіктерін табу.

РЕФЛЕКСИЯ

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 


Балалар, алдарыңда Африка материгінің әсем де көрікті табиғаты бейнеленген парақтар жатыр. Сендер қазір сол суреттің қасына өздеріңді қойып, бүгінгі көңіл күйлеріңді білдіріңдер.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Африканы? таба?ат зоналары

Автор: Маженова Алимпия Алашевна

Дата: 08.02.2016

Номер свидетельства: 290371


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства