kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

7 сынып африка материігіні? зерттелу тарихы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы:   Материк жа?алауында?ы м?хиттар мен те?іздер. Зерттелу тарихы

Саба?ты?  ма?саты:

Білімділігі – Африка материгіні? физикалы? - географиялы? орнын, жа?алауында?ы м?хиттар мен те?іздерін, зерттелу тарихын білу. ?р т?рлі білім к?здерімен о?ушыларды? білімдерін тере?дету;
Дамытушылы?ы - о?ушыны? тез ?абылдауына жол ашу, ой ?иялына ерік бере отырып, ?з пікірін айту?а, ?орытынды шы?ару?а т?селдіру, теориялы? білімін, зейінін дамыту;
Т?рбиелігі - логикалы? ойлау м?дениетін ?алыптастыру, даралы? ?абілетін  дамыту
Саба?ты? типі: Жа?а саба?ты ме?геру.
Саба?ты? т?рі: Іздену саба?ы.
Саба?ты? ?дістері: дамыта о?ыту, с?ра? - жауап, ойын элементтері, шы?армашылы? ?діс, талдау.
П?н аралы? байланыс: тарих, биология, музыка.
Саба?ты? к?рнекілігі: Д?ниеж?зіні? физикалы? картасы, Африка материгіні? физикалы? картасы, глобус, о?улы?, атлас, кескін карта, интерактивті та?та, ?лестірмелі материалдар, ба?алау ?а?азы, бейнематериал.

Саба?ты? барысы:

I. ?йымдастыру  б?лімі
II. ?йтапсырмасын  с?рау
III. Жа?а саба?ты т?сіндіру кезе?і
IV. Жа?а білімді бекіту

V.Сергіту кезе?і
VI. Саба?ты ?орытындылау
VII. ?йге тапсырма
VIII. Ба?алау

I. ?йымдастыру кезе?і.
II. ?йтапсырмасын  с?рау

1. Білімі?ді  тексер / тест алу/

2. Таным -таразысы

1.О?т?стік Американы?  елдері ?алай  топал?ан?

2.Анд  елдерін ата?

3.Б?л  елді?  Боливия  аталуыны?  себебі не?

4. Осы  айма?та?ы е?  ?зын  ел

5.Шы?ыста?ы  жазы?  елдерін  ата?

6.О?т?стік Америкада?ы е? ?лкен мемлекет./Бразилия/

7.Материкті?  к?рікті  ?алалары

8.Материк  хал?ыны?  саны  ?анша?

9.Материкті?  байыр?ы  хал?ы кімдер?

10.Колумбияны?  астанасы? Кито


III. Жа?а саба?ты т?сіндіру кезе?і:
1. Материкті? географиялы? орнын аны?тау.
2. Африка?а ?ласатын м?хиттар мен те?іздер.
3. Зерттелу тарихы.

4.Ішкі  сулары

5.Хал?ы


III. Жа?а саба?.

Африка — к?лемі жа?ынан Евразиядан кейінгі екінші материк.  Африка континенті солт?стік жарты шарда да, сондай-а? о?т?стік жарты шарда да бірдей дерлік ?лес алады, ?рі оны? к?п б?лігі тропиктік белдеуде жатыр. Африканы солт?стігінде Жерорта те?ізі, батысында Атлант М?хиты, шы?ысында ?нді м?хиты шайып жатыр. Африканы? жа?алау сызы?ьі нашар дамы?ан: е? ірі т?бегі — Африка М?йісі; те?із акваториясы материкке онша тере? с??ынба?ан континент-ті? к?птеген ішкі айма?тары Д?ние ж?зілік м?хиттан 1000-нан 1500 километрге дейін ?а-шы?та жатыр. Е? ?лкен аралы — Африка континентіне о?т?стік-шы?ыстан жанасып жат?ан Мадагаскар.

Не??рлым ірі ?зендері бесеу — Ніл, Конго, Нигер, Замбези ж?не Оранжевая; оларды? бассейндері Африканын, б?кіл территориясыны? ?штен бір б?лігінен астамын алады. Ірі к?лдері— Виктория, Танганьика, Ньяса ж?не бас?алары Орталы? ж?не Шы?ыс Африканы? аралы?ында?ы таби?и м?же болып табылады. ?ал?ан территориясында Чад пен Нгами к?лдері ?з к?лемдеріні? таяз сулы?ымен, де?гейлеріні? т?ра?сызды?ымен ерекшеленеді. Бір?атар Африка ?зендеріні? (Ніл, ішінара Нигер ж?не бас?алары) суы жер суландыру ?шін пайдаланылады. Кейбір ?зендер (м?селен, Ніл, Нигер, Конго, Гамбия ж?не бас?алары) ?здеріні? ед?уір ?зын жерлерінде транспорт жолдары ретінде ?ызмет етеді.

Африка е? ысты? материк болып саналады, ?йткені оны? территориясыны? ?лкен б?лігі тропиктік ендіктерде жатыр ж?не орташа жылды? температурасы 25°С-тан асады. Солт?стік жарты шарда?ы тропиктік климат зонасыны? шегінде:

Африканы? ?сімдіктер д?ниесі бай ж?не ?р алуан. Африканы? жалпы жер келеміні? шамамен 16%-ін орман, 37%-ін ш?п жамыл?ылы дала алады; ш?л б?кіл территориясыны? 39%-ін ??райды.

 Африканы? жер бедерінде ?зіндік ерекшеліктер бар. Материкті? экватордан солт?стік-батыс?а ?арай орналас?ан б?лігі аласа, о?т?стік-шы?ысы к?тері?кі болып келеді. Сонды?тан материкте абсолюттік биіктігі 200 ден 1000 м-ге дейін жететін жазы?тар, ?ыраттар, ?стірттер мен таулы ?стірттер басым болады.
Материкті? шы?ысында?ы ірі Мадагаскар аралы Африка платформасынан ертеректе ажыра?ан б?лігі болып табылады. Ойпаттар ?те аз, олар материкті? жа?алы? б?ліктеріне с?йкес келеді. Кайназой эрасында Африка-Арабия бірт?тас литосфералы? плитасыны? Еуразия плитасымен ы?ысуы н?тижесінде Арабия Африкадан ?ызыл те?із ар?ылы б?лінген. ?ызыл те?ізден бастал?ан тере? тектоникалы? жарылыстар ж?йесі ?лы Шы?ыс Африка жарылыстары немесе ?ыраты деп аталады. Ол Африканы? шы?ысын бойлай, Замбези ?зеніні? са?асына дейін 6500 км-ге созыл?ан. Жер бедеріні? келесі бір ерекшелігі материктегі ірі ш?лдерді? орналасуы. Олар?а Сахара, Намиб, Калахари, Ливия ш?лдері. Материкті? е? ау?ымды жерін алып жат?ан Сахара ш?лі. Материкті? солт?стігінен орталы? б?лігіне дейін созылып жат?ан ш?лдегі жылды? жауын-шашын м?лшері 100 мм-ден аз, ішкі б?ліктерінде кейде бірнеше жылдар бойы жа?быр жаумайды. Б?лт болмайтынды?тан к?н с?улесі жер бетін ?атты ?ыздырады. Тау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«7 сынып африка материігіні? зерттелу тарихы»

Сабақтың тақырыбы: Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі – Африка материгінің физикалық - географиялық орнын, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерін, зерттелу тарихын білу. Әр түрлі білім көздерімен оқушылардың білімдерін тереңдету;
Дамытушылығы - оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту;
Тәрбиелігі - логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру, даралық қабілетін дамыту
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың түрі: Іздену сабағы.
Сабақтың әдістері: дамыта оқыту, сұрақ - жауап, ойын элементтері, шығармашылық әдіс, талдау.
Пән аралық байланыс: тарих, биология, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, Африка материгінің физикалық картасы, глобус, оқулық, атлас, кескін карта, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, бағалау қағазы, бейнематериал.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үйтапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
IV. Жаңа білімді бекіту

V.Сергіту кезеңі
VI. Сабақты қорытындылау
VII. Үйге тапсырма
VIII. Бағалау

I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үйтапсырмасын сұрау

1. Біліміңді тексер / тест алу/

2. Таным -таразысы

1.Оңтүстік Американың елдері қалай топалған?

2.Анд елдерін ата?

3.Бұл елдің Боливия аталуының себебі не?

4. Осы аймақтағы ең ұзын ел

5.Шығыстағы жазық елдерін ата?

6.Оңтүстік Америкадағы ең үлкен мемлекет./Бразилия/

7.Материктің көрікті қалалары

8.Материк халқының саны қанша?

9.Материктің байырғы халқы кімдер?

10.Колумбияның астанасы? Кито




III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
1. Материктің географиялық орнын анықтау.
2. Африкаға ұласатын мұхиттар мен теңіздер.
3. Зерттелу тарихы.

4.Ішкі сулары

5.Халқы


III. Жаңа сабақ.

Африка — көлемі жағынан Евразиядан кейінгі екінші материк. Африка континенті солтүстік жарты шарда да, сондай-ақ оңтүстік жарты шарда да бірдей дерлік үлес алады, әрі оның көп бөлігі тропиктік белдеуде жатыр. Африканы солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант Мұхиты, шығысында Үнді мұхиты шайып жатыр. Африканың жағалау сызығьі нашар дамыған: ең ірі түбегі — Африка Мүйісі; теңіз акваториясы материкке онша терең сұғынбаған континент-тің көптеген ішкі аймақтары Дүние жүзілік мұхиттан 1000-нан 1500 километрге дейін қа-шықта жатыр. Ең үлкен аралы — Африка континентіне оңтүстік-шығыстан жанасып жатқан Мадагаскар.

Неғұрлым ірі өзендері бесеу — Ніл, Конго, Нигер, Замбези және Оранжевая; олардың бассейндері Африканын, бүкіл территориясының үштен бір бөлігінен астамын алады. Ірі көлдері— Виктория, Танганьика, Ньяса және басқалары Орталық және Шығыс Африканың аралығындағы табиғи мөже болып табылады. Қалған территориясында Чад пен Нгами көлдері өз көлемдерінің таяз сулығымен, деңгейлерінің тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Бірқатар Африка өзендерінің (Ніл, ішінара Нигер және басқалары) суы жер суландыру үшін пайдаланылады. Кейбір өзендер (мәселен, Ніл, Нигер, Конго, Гамбия және басқалары) өздерінің едәуір ұзын жерлерінде транспорт жолдары ретінде қызмет етеді.

Африка ең ыстық материк болып саналады, өйткені оның территориясының үлкен бөлігі тропиктік ендіктерде жатыр және орташа жылдық температурасы 25°С-тан асады. Солтүстік жарты шардағы тропиктік климат зонасының шегінде:

Африканың өсімдіктер дүниесі бай және әр алуан. Африканың жалпы жер келемінің шамамен 16%-ін орман, 37%-ін шөп жамылғылы дала алады; шөл бүкіл территориясының 39%-ін құрайды.

 Африканың жер бедерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Материктің экватордан солтүстік-батысқа қарай орналасқан бөлігі аласа, оңтүстік-шығысы көтеріңкі болып келеді. Сондықтан материкте абсолюттік биіктігі 200 ден 1000 м-ге дейін жететін жазықтар, қыраттар, үстірттер мен таулы үстірттер басым болады.
Материктің шығысындағы ірі Мадагаскар аралы Африка платформасынан ертеректе ажыраған бөлігі болып табылады. Ойпаттар өте аз, олар материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді. Кайназой эрасында Африка-Арабия біртұтас литосфералық плитасының Еуразия плитасымен ығысуы нәтижесінде Арабия Африкадан Қызыл теңіз арқылы бөлінген. Қызыл теңізден басталған терең тектоникалық жарылыстар жүйесі Ұлы Шығыс Африка жарылыстары немесе қыраты деп аталады. Ол Африканың шығысын бойлай, Замбези өзенінің сағасына дейін 6500 км-ге созылған. Жер бедерінің келесі бір ерекшелігі материктегі ірі шөлдердің орналасуы. Оларға Сахара, Намиб, Калахари, Ливия шөлдері. Материктің ең ауқымды жерін алып жатқан Сахара шөлі. Материктің солтүстігінен орталық бөлігіне дейін созылып жатқан шөлдегі жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден аз, ішкі бөліктерінде кейде бірнеше жылдар бойы жаңбыр жаумайды. Бұлт болмайтындықтан күн сәулесі жер бетін қатты қыздырады. Тау жыныстары күндізгі ыстық пен түнгі суық әсерінен шатынап, сынып, қиыршық тасқа айналады. Сол себепті Сахарада тасты шөлдер кең тараған. Оларды жергілікті халық Хамада деп атаған екен.
Жануарлар дүниесіне келсек шөл климатына бейімделген. Көптеген жануарлар су іздеп алысқа бара алады, кей-біреулері ұзақ уақыт бойы сусыз тіршілік етуге бейімделген. Сахарада бір өркешті жабайы түйелер, бөкендер, қорқау қасқырлар мен шибөрілер мекендейді.
Өсімдіктерден тамыры күшті дамыған, ылғалды өте тереңнен алатын өсімдіктер кездеседі.
Африка пайдалы қазбаларға аса бай материк. Пайдалы қазбалардың көпшілігінің қоры жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының қатарына жатады. Олардың пайда болуы және орналасуы жер қыртысының құрылымы мен даму тарихына байланысты. Фосфориттің дүние жүзіндегі аса ірі кен орындары Атлас тауларында шоғырланған. Оңтүстік Африкада көмірдің мол қоры бар.
Африканың қазба байлықтарынан АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойы өз қажеттеріне пайдаланды.


V. Жаңа білімді бекіту.

«Жүз рет естігенше, бір рет көр» карта мен жұмыс

Африканың шеткі нүктелерінің координатасын анықтату

1. Солтүстік шеткі нүктесі: Эль-Абьяд

Оңтүстік шеткі нүктесі: М.Игольный

Батыс шеткі нүктесі : М.Альмади

Шығыс шеткі нүктесі: М.Рас-Хафун

2. «Мылқау карта» ойыны.
Оқушыларға сандар мен белгіленген контур тарта таратылып беріледі.



3. «Қызықтар әлемі»

1.Африка материгі ежелгі қандай материктің құрамында болған? \Гондвана\

Африкада тіршілік үшін ең қажетті ағаш баобаб өседі.Оның жемісі өте дәмді,әрі С дәрумені мен кальцийге бай. Оның жемісінің сыртқы қабығы ыдыс ретінде пайдаланылады.Жапырағы мен тамырынан сорпа қайнатылады. Оның қабығы мен сүрегінен арқан есіледі.Олардың жауы пілдер. баобабтың құрамында 120 литрдей су болады. Баобаб Африканың киелі рәміздерінің бірі. Ғалымдардың есебі бойынша баобаб ағашы 4-5 мың жылға дейін өсіп тұрады екен.

2 . Жерорта теңізі мен Қызыл теңіздің аралығындағы Африка мен Еуразияны жалғастырып тұрған мойнақ. \ Суэц мойнағы\

«Қазан» көл .Шығыс Африкада орналасқан Киву көлі кей кезде «балық сорпасы» қайнап жатқан алып қазанға ұқсайды.Бұл көл Кутуро жанартауына жақын жатқан лықсымалы ойпаңда орналасқан.Жанартау атқылаған кезде лава ағып келіп көлге қосылып, қайнай бастайды да, көлдегі балықтар және балдырлар қоса қайнайды.Мұндай қайнаған балық сорпасы» кейде бірнеше аптаға созылады.Жанартау атқылауы тоқтаған кезде жергілікті тұрғындар көлге жұзіп келіп,онда қайнап піскен балықтарды жинап алып,оларды тағам үшін пайдаанады.

3.Ніл өзенін зерттеген ғалым \В.В.Юнкер\

Африка саванналарында Туркан тайпасы өмір сүреді. Олар шаштарын әшекейлеп жүреді. Ер адамдар бастарына балшықтан қалқан жасап алады. Оған түйеқұстың қауырсындарын қадайды. Туыстар немесе достар өзара бірігіп бір мезгілде шаштарын қырып алып түскен шаштарды бір ыдысқа салып балшықпен араластырып бастарындағы қалқанға апарып желімдейді. Әкесі өлген соң оның шашын үлкен ұлы өз басындағы қалқанына қосып алады. Кейбір басқа киетін қалқандарда үш, кейде төрт ұрпақтың шаштары жиналады. Туркандар жыландардың арасында жалаңаяқ жүре береді. Олардың өлімге душар ететін уларынан да қорықпайды. Өйткені олар жарақаттанған жерлеріне әр түрлі жыландардың кептірілген уын жағады. Осылайша оларды уға қарсы төзімділік қалыптасыды

4.Материктің жағалауын қай мұхиттың сулары шайып жатыр.\Атлант,Үнді\

Бушмендер әрі көңілді әрі қайсар, өте ерекше адамдар. Олар өте жылдам жүгіретін желаяқтар. Бушминдер шын мәнінде кәдімгі қалыпта оңтүстік Африканың киіктеріне ұқсап үнемі жеңіл жорға жүріспен жүреді.

5.Материктің солтүстік шеткі нүктесі

Африканың шөлдерінде кәдімгі құрма палмасы өседі.Оның бір түп ағашы 1 жылда 100-200 дейін жеміс береді және ол 100 жыл бойы жеміс беруін жалғастырады. Қазірдің өзінде кейбір алыс аудандарында тенгенің орнына құрма жүреді. Көптеген әулеттер сүйікті қыздарының аттарын «құрма» деп қойған .

6.Қай ғасырларда материктегі зерттеу жұмыстары тоқтап тұрды және неліктен? \Еуропа елдері жаңа дүниені игеру мақсатында Африкадан құлдардар көптеп әкеті , байлықтарын тонады, 18ғасырға дейін созылды.\

Құрлықтағы ең ірі жануар АФРИКА ПІЛІ, оның салмағы 7,5 тоннаға дейін тартады. Күрек тісінің ұзындығы 4 метрге жетеді. Піл 1 жыл ішінде 50 тоннаға дейін өсімдікпен қоректенеді Пілдердің тістері 60 жасқа толғанда мұқала бастайды .Пілдердің иіс сезуі иттермен салыстырғанды өте жақсы жетілген.Пілдердің тұмсығы өте күшті олар 200 келі жүкті қиналмай көтере алады.

7.Материктің атауы қалай шыққан?\ бер бер тайпаларының атауы Африги\

«Сиялы » көл. Алжирдің Сидильбель­­ Аббес қаласының тұрғындары үшін дүкендерден сия алу қажет емес.Сол қаланың маңында тұтас сиядан тұратын көл бар.Ол қайдан пайда болған ? Ол шағын екі өзеннің қосылуынан пайда болған. Оның біреуінің суы темір тұздарымен, ал екіншісі шымтезектен тұрады. Бұл көлдегі сия кәдімгі сия сауыттың ішіндегі сияға ұқсас.Бұл көлден сиядан басқа балықты немесе басқа да тіршілік иелерін көре алмайсын.Оның суы тек жазуға жарайды екен.

8.Материктің ауданы қанша? \

Африкадағы саванна тұрғындарының сүйікті тағам термиттер.Олар тропикалық тұрғындар үшін нәруыз көзі болып табылады.Таракандарға ұқсас бұл жәндіктердің өз шырындарына бұқтырылған немесе қуырылғаны жергілікті тұрғындардың сүйікті тағамы.

9.Материктегі аралдарды ата\ Мадагаскар,Занзибар,Сокотра Канар,Жасыл мүйіс, Мадейра\

 Жер бетінде шоколад иісі шығатын гүл бар екен.

Ол "Қара космея" Африка материгінде өседі. Гүлдерінің диаметрі 

4 сантиметрді құрайды. Қою қызыл түсті келетін және ванилиннің нәзік иісі мүңкіп тұратын гүл тәбетіңізді бірден ашады. Өкінішке орай, оның жеуге жарамды жері жоқ. Шоколад иісі гүлден шуақты, жылы күндері қатты шығып тұрады екен. Жақсы күтім жасалған жағдайда оның гүлі бірнеше ай бойы жайқалып тұра алады. Ал сабағы мен жапырақтарында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ.





10 .Африканың табиғатын зерттеуде үлкен үлес қосқан ғалым \Д.Ливингстон\

Бүгінде бананды білмейтін жан жоқ. Күнделікті болмаса да пайдаланамыз. Бұл жағымды , тәтті жеміс қана емес денсаулыққа пайдасы да зор. Енді құрамына, қуатына келейік. 100г. Жемістің қуаты 90 ккал-ны құрайдыекен. Құрамында 20% углевод, 16% қант, мұнан өзге Е, С, В6 сияқты дәрумендермен қатар как калий, магний, натрий сияқты микроэлементтер бар, майдық құрамн таба алмайсыз. Банан талшықтары ағзаға тез сіңіп, қорытылып кетеді.

Егер сіздің қан қысымыңыз жоғары болса, күнделікті дастархан мәзіріне осы тропикалық жемісті енгізіңіз.Дәрігерлер күніне екі рет банан жеген қан қысымын төмендетіп, инсульттің дамуына кедергі болады дегенді айтады. Сондай-ақ күніне тек банан ғана жесеңіз, артық салмақтан арылуға да болады.

IV. Сергіту кезеңі. Африканың тіршілік дүниесі туралы бейнематериал көрсету


VI. Қорытындылау кезеңі. Оқушылар «Африка материгінің құжаты», «ең, ең, ең...» тапсырмаларын орындау арқылы сабақты түйіндейді.

1. Африка материгіндегі ең үлкен шөл \Сахара\

2.Материктегі ең ұзын өзен \Ніл\

3.Материктегі ең ірі сарқырама \ Тугела\

4. Материктегі ең биік шыңы\ Калиманджаро\

5.Материктің ең төмен орналасқан жері \Ассаль көлінің деңгейі\

6.Материктегі ең үлкен көл \Виктория\

7.Материктің ең ірі аралы \ Мадагаскар\

8.Материктің жағалаулары қандай?\ Аз тілімделген, көбіне таулы,тік беткейлі,материктік қайраңы жіңішке.



VIII. Бағалау
VII. Үйге тапсырма:
- §44 оқу
- кескін картаға Африка материгін түсіру
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
7 сынып африка материігіні? зерттелу тарихы

Автор: Баужанов Саян Касенович

Дата: 03.03.2016

Номер свидетельства: 301663

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "7 сынып африка материігіні? зерттелу тарихыb"
    ["seo_title"] => string(44) "7synypafrikamatieriighininzierttielutarikhyb"
    ["file_id"] => string(6) "301680"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456973554"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(180) "Кіріспе. Физикалы? география – Жер таби?аты жайында?ы ?ылым. Жер туралы м?ліметтер ?алай жина?талды? "
    ["seo_title"] => string(113) "kirispie-fizikalyk-ghieoghrafiia-zhier-tabig-aty-zhaiyndag-y-g-ylym-zhier-turaly-m-limiettier-k-alai-zhinak-taldy"
    ["file_id"] => string(6) "166899"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423023434"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства