Қазақстан Республикасының «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы, білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденіске, бейімділігіне көмек беру – білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айтылған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету технологиясы»
Алматы қаласы Түрксіб ауданы
Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін
мектебінің география пәні мұғлімі
Тулебаева Улзира
«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету технологиясы »
Қазақстан Республикасының «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы, білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденіске, бейімділігіне көмек беру – білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айтылған.
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, әрбір мұғалімнің жаңа көзқараста жұмыс істеуі, батыл шығармашылық іздену оқушылардың белсенділігі мен қызығушыдығын арттыру талап етілді. Осыған орай білімді жақсарту жаңа технологияларды пайдалану ең тиімді тәсіл екендігі анықталды.
RWCT-технология ғана емес, ол терең философия. Ал бұл бағдарлама болашақ үшін емес,бүгінгі күн үшін қызмет етеді, сол арқылы болашаққа жол салады.(Дж.Дьюи)
Жаға технология – дамыған мемлекеттердің оқу саласында қолданып отырған технологиялары. Дамыған елдердің сатысына көтерілу біздің еліміздің қай саладан болса алға қойған мақсаты екендігі бәрімізге белгілі. Елбасының «..Бұрын бізге қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру онын қазіргі заманға сай ету қажет» деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөліп отырғанын айқындайды.
Орта білім жүйесіндегі әлемдік жоғары деңгейдегі қол жеткізген танымал оқыту әдістемелері жеті модульден тұратын Кембридж тәсілінің теориялық негіздері. Олар:
-Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
-Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалай
-Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану
-Талантты және дарынды балаларды оқыту
-Оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу
- Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Мен осы тәсілдердің ішінен « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін зерттеуге алдым. Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым, бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Бұл модуль туралы бірқатар ұстаздар айтқанда аса түсінбейтінмін.Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің ролі, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп ұйымдастырушы екенін ұқтым.Сын тұрғысынан ойлау жобасындағы барлық деңгейдегі демократиялық пен гуманистік принциптерге негізделген қарым-қатынас, интерактивтік және рефлекциялық жолға түсірілген оқу-тәрбие әрекеттері балалардың танымдылық белсенділігіне, оқу деңгейінің жоғарлануына өзіндік дамуын бағалауға мүмкіндік береді.Олардың география пәніне деген қызығушылығын арттыруға, олардың шығармашылық қабілетін шығаруға, дамытуға жағдай жасайды және білімдерін ары қарай бағдарлы сыныптарды жалғастыруына жағдай жасалынды.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы ең біріншісі: «Қызығушылығын ояту» (EVACATION)
Бұл процесте үйренуші жаңа ұғымдарды,түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен таныстырады, кеңейте түседі.Осы кезеңде ойды қорғау, ояту, ми қыртыстарына тітіркенгіш арқылы жүзеге асырылады. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып әр сабағымда ынтымақтастық орнату үшін тренингтер мен сергіту жаттығуларын жиі пайдаландым. Сабақ барысында оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында әртүрлі психологиялық тренингтер өткіздім. Тәжірибе ретінде 8 «А» сыныбың таңдадым. Өзім осы сыныппен жұмыс жасасам өзімнің жаңа технологиялық әдіс-тәсілге төселуіме көмегі болатын сияқты көрінді. Мен ойлағандай-ақ сынып оқушылары өте жоғары қызығушылықпен сабаққа кірісіп кетті.Сабақ барысында әрдайым маған қөмек көрсетуге тырысты. Сабақ сайын көңіл-күй ахуалын орнатып топтастыру стратегиясын пайдаландым. Топ мүшелері сабақ сайын өзгеріп отырды. 1-ші сабақта «Қар үйіндісі» әдісі арқылы топтастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың қозғалыс белсенділігін дамыту,мәдениетті сақтауды меңгерту. Оқушыларды ойын ережесімен таныстырамын.Қағаздан жасалған ақ қарларды бір-біріне лақтырып ойнап, соңында еріген іспетті қағаз арасынан шыққан суреттер арқылы топқа бөлінеді. Жаттығуды үздік орындаған оқушыларды «Шапалақ соғу», «Басбармақ» әдістері арқылы мадақтап отырдым. Бұл оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, бір-біріне деген өз-ара көмек , жұптасып жұмыс жасауға бағыттайды. Топпен жұмыстар жасап өз білімдерін жинақтап постер құру арқылы қорғайды. Мен өзім сабақтарда бағыт беруші, оқушының ойын толықтырушы, оқушылардың білім деңгейін бағалаушы және бақылаушы ретіндегі рольді алдым. Топ жетекшілерінің жұмыстарын қортындылап оқушылардың дұрыс бағалануын қадағалаймын. Сыни тұрғыда ойлауға бағытталған сабақ құрылымының екінші және үшінші кезеңдері:
«Мағынаны тану» (Realization of meaning) және «Ой толғаныс» (Reflection)
1-ші сабағымда «Миға шабуыл әдісін» пайдаланып, туған өлкеміздің табиғаты туралы бірнеше сұрақтар қойдым. Осының негізінде жаңа сабақтың тақырыбын ашуға бағыт-бағдар бердім. Сабақ барысында АКТ-ны жиі пайдаланып отырдым. СебебіАКТ-ны пайдаланудың оқушыларға ойлау қабілеті мен тіл байлықтарының дамуына септігі зор. Алдыңғы тақырып бойынша «зерделеу әдісін» пайдаланып тест жұмысын алдым. Қортынды жасалынып бағаланды.
«Миға шабуыл» «Бейнежазба» арқылы Еліміздің байтақ даласы, төбелі жазықтар, өсімдіктер, жануарлар туралы мәліметтермен таныстық.Топтық жұмыс жасамас бұрын оқушыларды қабілетіне ,қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтап алдым. Берілген тапсырманы орындау жолдарын түзеуде оқушылар бір-бірімен бірлесіп, пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады (Мерсер2000) сипаттамасы. Берілген тапсырманы орындауда өз идеяларын ортаға салып,өзара рольдерге бөлініп, топпен қорғап шығады.
1-топ Табиғат зоналарының түрлерін атап, олардың қалыптасуына әсер ететін орта жағдайларын және орманды дала зонасыныңүлесін анықтайды.
2-топ Орманды дала зонасының климаты туралы мағлұмат береді.
3-топ.Осы табиғат зонасына тән өсімдіктер, олардың өсуіне қарашірікті топырақтың әсері және мәдени өсімдіктердіңөсу жағдайы туралы түсіндіру ұсынылады.
4-топ Дала зонасының жануарлар дүниесі және олардың тіршілік жағдайы туралы тапсырма беріледі.
Берілген тапсырманы орындау кезінде топ мүшелері белсенді толықтыру арқылы әрекет етіп, бірін-бірі қолдау арқылы сұхбаттасуға үйренеді.
«Қалай оқу керектігін үйрену» модулінің атауы «өзін-өзі реттеу үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну. Бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады.
«Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады.(Flavell ,1976)
«Ой толғаныс». Осы сабақта оқушылар не түсінгенін БББ кестесі арқылы анықтайды. Не қиын болғанын , не үйренгенін осы кестеге түсіреді. Белсенділік көрсеткен оқушылар туралы анықтап, қортындылап бағаланады.
Негізгі тақырыпты биология, әдебиет, сурет сабақтарымен байланыстырып отырдым. АКТ-ны пайдаландым. Әр тапсырма соңында оқушыларды мадақтап, олардың сабаққа зейінін, қызығушылығын арттыруға мүмкіндік жасадым. Кері байланыс оқушылар үшін өте тиімді болды деп ойлаймын. Алайда 1- ші сабақта уақыттан ұтылдым, оның үстіне оқушы білімін бағалау да оңай соқпады. Келесі сабағымның оқушыларға берері бұдан да көбірек болса деген ойда болдым. Сыни тұрғыдан ойлануға , өз ойларын еркін айтуға дағдыландыруды көздедім.
2-ші сабағымда бірнеше киындыларға бөлінген суреттерді құрастыру арқылы өз топтарын анықтайды.Оқушылар құрастырған сурет арқылы тақырыптың мағынасы мен ерекшелігі туралы өз білімдерін ортаға салады.Ерекшеленген оқушылар шапалақ әдісі арқылы марапатталады.
Зейінді шоғырландыруға арналған тренингте «Өзгертулерді тап» әдісін пайдаландым. Дала зонасы тақырыбын өтер кезде «Диалог» әдісі арқылы сыни ойлауға шақырдым. Бір-бірімен диалогтік қарым-қатынас, ізденіс,ойлау қабілетінің дамуына ықпалын тигізетіні белгілі болды. Александердің (2001,2008) Диалогтік теориясына сәйкес,сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ , ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күманмен қарайды. Көзбен қарау және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік бере отырып, формалды түрде оқуды азайтады.
Александердің (2000) айтуы бойынша «Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді.
Оқушылар әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады» Нұсқаулық 29 бет.
Сыныпта «Жүрек жылуы» әдісі бойынша психологиялық ахуал орнатқаннан кейін «Мозайка әдісін» пайдаланып ( суреттер қиындысымен) оқушылар топқа бөлінеді. Топ басшыларына бағалау парағы беріліп түсіндірілді.
«Семантикалық карта» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап бергенде оқушылар жаңа ұғымның өзіне тән ерекшеліктерін, маңызын танып анықтайды, зерттейді.Оқушылардың пікір-таласқа түседі, өз ойларын тұжырымдай білетін, белсенділік таныту, көшбасшылыққа талаптану сияқты қасиеттерге ие болатынына көзім жетті. Осы кезде оқушылардың топпен жұмыс істей алуы, өзінің ойын жеткізе алуы, үндемей жай бақылап отыру сияқты қырларын байқадым.
Оқушылар үнтаспадан Құрманғазының бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысын суреттейтін "Сарыарқа күйін тыңдай отырып, қазақтың байтақ, кең-жазира даласын көз алдарына елестетеді. «Миға шабуыл» Қазақтың кең жазира даласынан нені байқадыңыздар?-деген сұрақ қойылады. Диалог арқылы берілген осындай бірнеше сұрақтардың жауабы негізгі тақырыпты ашқандай болады.
Топпен жұмыс кезінде топ мүшелері өздеріне берілген тапсырмаларды орындау сәтінде әлі де болса тапсырманы өз бетінше орындауға араласа қоймаған оқушыларға қосымша сұрақтар қойып, тапсырманы орындауына көмектесіп жетелеп отыруға тырыстым. «Тұжырымдамалық карта» арқылы оқушылар берілген тапсырмаға нақтылап , қорытындылап, зерттеп жауап береді. Кескін картаға орманды дала зонасының шекарасын түсіріп, еліміздегі алып жатқан үлесін табады.
Кейбір нашар оқитын оқушылар өз ойын жеткізе алмауынан немесе тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмауынан қиындықтар болып тұрады. Осындай ситуациядан шығу үшін нашар оқитын оқушыларды жақсы оқитын оқушылармен бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік жасадым.
Жеңіл тапсырмадан бірте-бірте тапсырмаларды күрделендіре түстім. Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА)- Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары, қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын, орындау үшін скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар ауқымында қалыптасатын дағдылар арасындағы оқу кезеңі. Скаффолдер рөлінде мұғалім немесе анағұрлым жақсы оқитын сыныптасы болуы мүмкін (Мерсер мен Фишер 1993) ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға жүктеу қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды. Көпірше деп санауүшін оқыту мен оқуда мынадай жағдайлар боу керек:
а)оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру;
ә) оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзіреттілікке жеткізуді мақсат ету;
в) көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзіреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыру (Wells,1999)
Оқушылар жалықпас үшін сергіту жаттығуларын жасап отырдым. Мысалы: жай ғана денесін тік ұстап, қөзін жұмыпішінен 30-40 рет санап шығу. Бұның өзі оқушы ширауына көп септігін тигізеді.
«Мәтіндер айтысы» әдісін пайдаланып оқушыларға негізі тақырыпты талдауға абзац бойынша тапсырма беріледі.Бұрынғыдай емес оқушылар мәтінмен берілген тапсырмаларды тез орындай алатын болды. Дала зонасына байланысты берілген топ жұмыстарын жасау кезінде ұйымшылдықтары байқалады.
«Кубизм стратегиясы» аясында оқушылар сұраққа жауап бергенде ұғымды жан-жақты әр қырынан салыстырды, анықтады. А3 қағазға негізгі сабақтың жауабын жазуға және өз ойларын жинақтауға дағдыланып өз ара көмек те жақсара түскен. Топ бойынша берілген тапсырманы А 3 қағаз бетіне постерға түсіріп қорғап шықты.
Сергіту сәті үшін «Арқаға сурет салу» әдісін пайдаландым. Ол оқушылардың орнықтылығын, сезім арқылы ұқыптылыққа бағыттау үшін өте тиімді.
Кері байланыста «Сиқырлы сандықша» әдісін пайдаландым.Таратпа таратып,оқушылар өздеріне берілген таратпадағы сұрақтарға жауап берді.Таратпа арқылы оқушылар дала зонасы қандай ендіктердің аралығында орналасқанын, еліміздің аумағындағы алып жатқан үлесін және дала зонасына тән топырақ жамылғысы мен дәрілік өсімдіктер жайлы мәліметтерден жауаптар жинақтады.
+ - қызықты кестесін толтыру арқылы сабақ барысында өздеріне қиын соққан жерлерін, не қызықты болғаны жөнінде ойларын жинақтап көрсетеді.
Оқушыларды тақырыпты жақсы меңгергеніне көзім жетті. Өмірмен байланыстыруға, еркін сөйлеуге, өз ойларын терең айтуға дағдыланды. Сыни тұрғысынан терең ойлау әдісінің оқушыларды сабақты түсінуіне пайдасы зор деп ойлаймын. Оқушыларды өзін-өзі бағалауға да дағдыландырдым.
Бағалау-одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақберілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған.Іс жүзінде баға қою және есеп беру үшін өткізілген оқуды бағалау мен нақты мақсаты бағалауды оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың ролі ретінде қолдану болып табылатын оқу үшін бағалау арасындағы анығырақ айырмашылық жүргізілген. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 49 бет)
Топ басшылары критерийлермен оқушылардың жұмыс нәтижесін жинақтап бағалады.
Екінші сабақта бірінші сабағыма қарағанда оытудың диалогтік тәсілмен амытудағы сұрақтар қою арқылы байқағаным:оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанда,пәнге қызығушылығы артқанын көрсетті, сыни тұрғыдан ойлауға, зерттеуге ынталанды. Оқушылар бір-бірінен үйренді,басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуге және білімді бағалауды білді.
3-ші сабақта жаңа сабақтың алдында ой шақыру үшін « Айна» ойыны әдісін пайдаланып, одан соң интербелсенді тақтадан Қазақстанның әсем табиғатын суреттейтін «Бейнефильм» көрдік. Шөлейттегі әсем-жазираның бірі- Қызыларай сілемі. Қарағайлы ормандар мен шөптесін өсімдіктер. Оңтүстікке қарай Құмды, Сазды, Тастақты шөлдердің табиғатына бейімделген өсімдіктер мен жануарлар дүниесін тамашалайды. Фильмдегі мәселені шешу үшін оқушыларға түрткі сұрақтар қойдым.
-Шөлейтті зонада қандай өсімдіктер өседі?
-Жануарлардың қандай түрімен таныс болдыңдар?
-Шөлді жерлердегі үйілген құмды жерлердің тіршілік иелері туралы не айтасындар?
-Өсімдіктердің сыртқы бейнелерінде ерекшеліктер болды ма?-деген сияқты сұрақтарға оқушылар өз мүмкіндіктерінше жауап бере отырып, топ мүшелері өздерінің топ атаулары туралы қызықты мәліметтер айтты.» Екі жұлдыз, бір тілек әдісімен бір-бірін бағалайды.
«Өткенге шолу тапсырмасы бойынша ақын-жазушылардың ән-жырларымен толықтырып «Ушеуміз үйде, біреуміз қонақта» әдісі бойынша басқа топтарға таныстырады.
Оқушы білімін нақтылауда тәжірибе арқылы оқытудың да ролі зор.
Қытайлық ақын Конфуций : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең есте сақтаймын, ал өзіме жасатсаң үйренемін»- деген. Бейнефильмнен кейін оқушыларға тірі ағзалар үшін қоршаған ортаның тигізетін әсері мол екендігіне мысал үшін тәжірибе ретінде үш түрлі жағдайда өсірілген өсімдіктер көрсетіледі.
Оқушылар оларға не жеткіліксіз болғанын анықтап, осыған орай ережелер шығарады. Осы жерде шөлейтті және шөлді жерлерде өсетін өсімдіктерге байланысты бірнеше термин сөздердің мағынасымен танысу керек болады.
Топ басшыларыүндемейтін оқушыларды тәжірибе арқылы негізгі мәселені шешуде сөйлете білді. «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы стикерді пайдаланып білімнің нәтижесін көрсетті.
«Ойлан, жұптас, бөліс әдісі» (Джекси Джентиль)арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануға, өзі болжам жасай білуге ықпал еттім. Шөлейт және шөл зонасының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратып, кестеге толтырып ең үздік жауаптарымен сыныппен бөлісті. Интерактивті тақтадан берілген шөлді және шөлейтті жерлерде әртүрлі ортада өскен өсімдіктер туралы материалдарды қарай отырып, диалог арқылы сыни ойлауға шақырдым. Сыныптағы қарым-қатысасты зерттеуде, өз ара әрекеттесетін зерттеушілік әңгіме, ойлау қабілетінің дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті.Осы жерде оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасауына. Ізденуіне тапсырма бердім. Жаңа сөздер эфемерлер, ксерофиттер және суккулентті өсімдіктер туралы мәліметтерді өз телефондарын пайдаланып бұл термин сөздердің мағынасымен және оларға қандай өсімдік түрлері мысал болатындығын табуын талап етемін. Олар мәліметтерді тауып қандай өсімдіктер қай топқа жататынын ажыратады. Осы кезде кейбір оқушылардың бойынан ақпарат жүйесімен жұмыс жасауға бейім, қызығушылық, ізденімпаздық, білуге құштарлықтың бар екенін байқадым.
«Түртіп ал» әдісі арқылы термин сөздердің мағынасын дәптерге жазып алу тапсырылады. Сабақтан бос уақыттарында бұндай оқушыларға шөлді аймақтар туралы презинтация жасап келуін талап еттім. Сабақ соңында «Көңіл күйлерің қандай ? » деген сұрағыма жауаптарын «Бағалау терезесі» кестесіне стикерге жазып, жабыстырулары тапсырылады. Сабақ аяқталғаннан кейін бағалау терезесіндегі осы стикерлерді оқығанымда, оқушылардың барлығына сабақтың өте жақсы ұнағанына көзім жетті. Онда оқушылар «сабақ өте ұнады», «география сабағы маған ұнайды», «көп нәрсе білдім», «сабақ керемет» деген сияқты сөздер жазылған. Бұған қарап оқушы өзін-өзі бағалап қана қоймай оқушы бағасы арқылы өзімнің де бағамды білгендей болдым.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.(Александер,2001)
Соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар мен құндылықтар, амал-тәсілдер мен көзқарастар бейімділіктің кешенді үйлесімі(нұсқаулық 18 бет) деп ойлаймын.
Сын тұрғысынан ойлауды сабақтарымда пайдаланудың нәтижесінде:
-оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу қабілеттері оянды;
-өз ойларын еркін жеткізе алады;
-сөздік қоры молайды;
-талдай білуді үйренді;
-оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы нығайды;
- сөйлеу мәдениеті, бірін-бірі құрметтеу мәдениеті кеңіді;
-жеке тұлға, шығармашылықпен айналысатын тұлға ретінде сезіну қалыптасты;
-мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нығайды.
Сабақтарымның сәтті өткен тұстары:
-оқушылар бірін-бірі тыңдай білді;
-топпен жұмыс жасауға дағдыланды,
-сұрақтарға жауап беруге және себептерді аша білуге дағдыланды;
-Картамен, кестелермен жұмыс жасау, таратпалар арқылы ой жинақтау;
-диаграммалар құру және оны талдау;
-постер жасау және сол арқылы өз ойларын жеткізуге дағдыланды. Оқушылардың өзін-өзі реттеуі қалыптасты, жаңа тапсырманы сеніммен қолға алды. Диалог арқылы оқытуда дарынды балалар анықталды, сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасты.Оқушылар бірін-бірі және өзін-өзі бағалауға дағдыланды.Ақпаараттардан дерек көздерді іздеуге машықтанды. Ал өзіме келсем; Дәстүрлі оқытуға қарағанда сыни тұрғыдан оқыту арқылы көп нәрсені білдім. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілді пайдалану білім үрдісіне көп нәтиже беретінін ұқтым. Оқушылардың сабаққа белсенділігі мен қызығушылығының артқанын, шғармашылық, ізденушілік деңгейлерінің дамығанын байқадым..
Сабақта сәтсіз болған тұстар:
-жоғары дәрежелі және төменгі дәрежелі тапсырмаларды оқушылардың барлығы бірдей деңгейде орындай алмауы, уақытты тиімді пайдаланбауы.
Мен өз алдыма мынадай мақсат қойдым.
Әрқашанда ерінбей іздену, білімді кеңейту,ақпараттық хабарламалармен үзбей танысу және курстан алған білімдерімді толықтыра отырып,сыни тұрғыдан ойлануға және іске асыруды дағды етемін.Әрбір сабағымда осы заманауи әдіс-тәсілдерлі, тәжірибелер мен кеңестерді ұстануды мақсат еттім. Сыни тұрғыдан ойланып және оқушыларды да осы әдіске қарай баулимын, нәтижеге қарай қол жеткізуге ұмтыламын.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2.Қазақстанның физикалық географиялық пәні бойынша Блум таксономиясына сәйкес жаттығулар мен тапсырмалар.