kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субЪект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу- әр ұстаздың міндеті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру»

Жакупова Гулнур Муратовна

Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, №10 ЖББОМ



Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру

Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субЪект   ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу- әр ұстаздың міндеті.

Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.

Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.

Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының  пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.Мектеп оқушылары арасында географиядан пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты-дарынды оқушыларды іріктеу, кәсіптік бағдар бере отырып, география мамандығын игеруге шақыру, маман-кадрлар дайындауға үлес қосу, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру.

Жаратылыстану ғылымдарының ішінде география пәнінің оқушылардың танымдық қабілетін дамытудағы көтерер жүгі аз емес. Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен  бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ған шебер ұйымдастыра алады.

Шығармашылық ізденіс арқылы оқушының ойлауы, қиялдауы, сана-

сезімі өседі нақты біліммен қаруланады. Өзінің шамасы келетін мәселелер мен міндеттерді шеше білу іскерлігі мен дағдылары дамиды. Осы сатыға жету үшін басты назарда оқушының белсенді әрекеті шешуші роль атқарады.

Осы орайда, мен олимпиадаға оқушыларды дайындаудағы өзіндік іс-тәжірибемді ортаға салғым келеді.

Олимпиада резервтерін дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін анықтап, төменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.

Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсам, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:

  1. Ең алдымен география пәнінің мектеп бағдарламсы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуге тиіс;

  2. География оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп-салдарын түсіндіруге, атлас, карталармен және статистикалық мәліметтермен жұмыс істеу, салыстырулар мен талдаулар жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтануы керек.

  3. Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу, қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуі қажет.

Осындай бағыттарда жұмыс жүргізуде мен оқушыларды пәндік олимпиадаға даярлаудың үлгі- жоспарын назарларыңызға ұсынығым келеді.

Бағдарлама 4 кезеңнен тұрады.

 

Дайындық кезеңдері

Жүргілетін жұмыс түрлері

Оқушы іс-әрекеті

 

І кезең

Оқушының теориялық білімін жетілдіру бөлімі

1.Өтілген материалдар бойынша білімін толықтыру мақсатында қайталау дәріс сабақтарын өткізу.

Дайындық барысында пайдаланылатын қосымша әдебиеттерді беремін. Оқулықтан тыс күрделендіріліген тапсырмалар беру және  ғылыми терминология бойынша жұмыс жүргізу маңызды.

 

2.Қосымша білім көздерін пайдалану (БАҚ материалдарымен танысып отыру)

Оқушылар БАҚ көздеріне сүйене отырып, күнделікті өмірде дүние жүзінде болып жатқан жағңалықтармен танысып отыруы керек.

3.Электронды оқулықтарды пайдалану, интернет жүйесі арқылы мағлұматтар алу.

Электронды оқулықтар арқылы өз беттерімен дайындалуына көңіл бөлу. Интернет ресурстарын пайдалану. Интернет-кітапханалар арқылы білім алу.  Дистанционды  олимпиадаларға қатысу,«Дарын» сайтындағы өткен жылдардың олимпиада материалдарын орындау. Онлайн тесттерді орындату.

Теориялық білімін практикалық тұрғыда қолдану бөлімі

Оқу-тәжірибелік және сарамандық жұмыстарды: географиялық және экономикалық, демографиялық есептерді есептеуге, диаграммалар мен графиктер тұрғызуға, профильдер сызуға, статистикалық мәліметтермен жұмыс жасауға, сызба, карта, кескін карталар, глобуспен жұмыстар жүргізуге, т.б. машықтану.

1.      Статистикалық мәліметтермен жұмыс;

2.      Картамен жұмыстар жүргізу;

3.      Кескін картамен жұмыс;

4.      Есептер шығарту;

5.      Графиктер мен диаграммалар тұрғызу;

6.      Профиль сызуға үйрету,

7.      Жоспар бойынша сипаттамалар беруге үйрету;

8.      Салыстырулар жасауға үйрету;

9.      Кестемен жұмыс;

10.  Сызбалармен жұмыс.

ІІ кезең

Зерттеу, талдау, түсіндіру және болжам жасау (пайымдау) кезеңі.

Оқушы алған білімдерін пайдалана отырып, заңдылықтар мен құбылыстарды, өзгерістер мен жаңалықтарды зерттеуге, оны талдай білуге немесе түсіндіруге , қажет болса болжам жасай білуге үйренуі тиіс.

1.      Оқушы табиғат құбылыстарын, қазіргі дүниедегі саяси өзгерістерді, жаңалықтарды, ғаламдық проблемалардың себеп-салдарын түсіндіре білуі қажет;

2.      Нақтылы фактыны зерттеуге, салыстыруға, талдай білуге үйрену, өз бетімен тұжырым және болжам жасай білу.

ІІІ кезең

Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Ғылыми-зерттеу, өлкетану жұмыстарымен айналысу кезеңі.

8-9 сыныптарда Қазақстанның географиясы туралы алған мағлұматтарына қосымша қосымша жергілікті жердің табиғатының ерекшеліктерін, халқы және оның шаруашылық әрекетін танып-білу мақсатында өз бетімен зерттеулер жүргізу.

1.      Жергілікті жер табиғаты мен экономикасын зерттеу жұмыстарын жүргізу(жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, органикалық дүниесі, ішкі сулары, өнеркәсіптері мен ауыл шаруашылығы, халқы және еңбек қоры, т.б.)

2.      Оларды картаға түсіру, номенклатураларын жасау, диаграммалар тұрғызу,т.б.

3.      Статистикалық мәліметтер жинақтау.

 

IV кезең

Қорытынды кезең

Оқушының дайындық кезеңдері бойынша алған білімдерін саралау, жүйелеу, қорытындылау.

Тақырыптық тесттер орындату,

он-лайн тесттер, әр тарауға байланысты тапсырмалар орындату.

 

Өзім құрастырған осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, оқушыларды облыстық және Республикалық пәндік олимпиадаларға үздіксіз даяралап келемін.

Оқушының іскерлік пен дағдыларын қалыптастырудың ең тиімді жолы-географиялық есептер мен диктанттар беру арқылы оқушының логикалық қабілетін дамыту. Әсіресе, физикалық география курсы бойынша атмосфера, Жердің қозғалысы, азимут, масштаб, сағаттық белдеулер, гидросфера тараулары бойынша, ал экономикалық география курсы бойынша демографиялық және экономикалық  есептерді көбірек орындату керек. Өзімнің құрастырған жинағым, Ресейлік авторлардың және интернеттен алынған есептер жинақтарын өз тәжірибемде тиімді пайдаланып келемін.

Оқушының білімін жетілдіруде статистикалық мәліметтермен жұмыс жасату нақты сандық мәліметтерді пайдалана отырып, оқушыға дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Мұндай мәліметтерге мемлекеттердің, аймақтардың, облыстардың, аудандардың жер көлемі мен халқының саны, ұлттық және жас-жыныстық,діни құрамы, миграциялық көрсеткіштер, өнеркәсіп  өнімдерінің өндірілу көрсеткіштері, тауар айналымы, ЖІӨ және оның жан басына шаққандағы көрсеткіші, т.б.жатады.Осындай статистикалық мәліметтер көздерін пайдалана отырып, оқушы график немесе диаграммалар, мониторинг, кестелерді жасауға үйренуі қажет.

Диаграмма және графика- оқу үрдісінде сандық көрсеткіштердің көрнекті бейнеленуі. Оларда табиғи немесе экономикалық құбылыстар көрнекі бейнеленеді.  Мерзіміне, саласына, өнім түріне, өндірілу мөлшеріне,т.б.қарай салыстыра отырып, оқушы бағана түріндегі, дөңгелек немесе бағана түріндегі диаграммалар мен графиктер, түрлі-түсті мониторингтер тұрғыза алады.

Оқушының кішігірім ғылыми-зерттеу шығармашылық жұмысымен айналысуы оның өз өлкесінің географиясы туралы мағлұмат алуына жол ашады. Осылайша, ол өз өлкесінің табиғаты мен байлықтары, халқы мен шаруашылық жағдайын бейнелейтін карталар түсіріп, органикалық дүниесі мен жер-су атауларының номенклатурасын жасақтап, тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мағлұматтар жинақтайды.

Оқушыларды олимпадаға дайындауда қосымша әдебиеттерді тиімді таңдай білген жөн. Мен өз тәжірибемде төмендегідей әдебиеттер түрлерін пайдаланамын:

Р/с

Оқулық немесе әдебиеттің атауы.

Шыққан жылы, баспасы.

Авторлары.

1

Географиядан 1000 сұрақ-жауап.

Алматы.1999 жыл

Есназарова Ұ.Ә.

Темірбеков А.Т.

2

География.Суреттер және кестелер 6-10 сыныптар.

Алматы. 1999 жыл

Есназарова Ұ.Ә.

Темірбеков А.Т.

3

География краткий справочник школьника 6-10 классы.

Москва.  Издательский дом  «Дрофа». 1997 г

М. В. Мирутенко.

4

Большой справочник географии для школьников и поступающих в вузы.

Москва 1999г  Из. дом «Дрофа».

И. И. Баринова.

В. А. Горбанев.

И. В. Душина и др.

5

Я познаю мир.

«Издательство АСТ» 2001 Москва.

В. А. Маркин.

6

География 6-10 классы

словарь школьника

Москва.  Издательский дом  «Дрофа» 1997 г

К. С. Лазаревич.

Ю. Н. Лазаревич.

7

География в таблицах

6-10 классы, справочное пособие.

Москва 2002 г  «Дрофа»

В. В. Климанов.

О. А. Климанова.

8

Я иду на урок географии.

Москва «Первое сентября». 2000 г

К. С. Лазаревич.

 

9

Географический словарь.

Издательство «Просвещение» Москва 1968 г

С. В. Агапов.

С. Н. Соколов.

Д. И. Тихомиров.

10

Экзаменационные вопросы и ответы

География 10-11 классы

Москва «АСТ-Пресс» 1999 г

Е. Ю. Мишняева.

11

«Всемирная география» в школе и дома.

Москва “Росмэн”. 1999 г

Дженни Тайлер.

Лайза Уоттс.

Кэрал Боуир и.др.

12

Экономикалық терминдердіңорысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

Алматы «Қазақстан» 1993жыл

Б. Сабырбаев.

13

“Тесты по географии”

6-10 классы

Москва. Издательство АСТ “Астраль”- “Олимп” 1999 г

А. А. Летягин.

14

“Дидактический материал по физическкой географии”

Москва “Просвещение”

П. М. Юрков.

15

Тестовые задания по географии 6-10 класс.

Москва “Просвещение” 1999 г

В. Б. Пятунин.

Ю. А. Симагин.

16

“Экономическая география” (Справочник).

Москва. Эксмо-пресс. 2000 г

Н. Г. Кузнецов.

Г. Г. Нестеров.

17

Атырау облысының физикалық географиясы.

Жылой аудандық баспаханасы

Е. Жиенқұлов.

18

“География. Дүние жүзіне аймақтық шолу” (Хрестоматия)       11-сынып

Алматы “Мектеп” 2007 ж

Ә. Бисенова, т.б.

19

“Экономикалық білім негіздері” 10-11-сынып.

Алматы “Жазушы” 2003

Қ. Ж. Ағанина.

С. М. Мұсабеков, т.б.

20

“Физикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі”

Алматы. 1994 ж.


21

География. Активные формы обучения.6-10 классы

Волгоград. «Учитель»,2011 жыл

Н.Н.Зинченко, Л.А.Звонцова

 

Оқушы жетістігі- мұғалімнің еңбегінің жемісі болып табылады. Осы орайда, шәкірттерді пәндік олимпиадаға дайындауда жүргізген жұмыстарымның нәтижесі өз жемісін беріп келеді. Оған дәлел- оқушыларымның облыстық, Республикалық олимпиадалардан жүлделі орындарды иеленіп келе жатқандығы.

Оқушылар жетістігінің динамикасы

 

Көрсеткіштер:

2006- 2007

 2007-2008

2008-2009

2009-10

2010-11

2011-12

 

2012-13

Облыстық  пәндік олимпиада

ІІорын-1

ІІІорын-1

ІІІорын-2

ІІІорын-1

Іорын-1 ІІорын-2 ІІІорын-1

Іорын-1

ІІорын-2

Іорын-2 ІІорын-1 ІІІорын-1

ІІорын-1 ІІІорын-2

Республикалық олимпиада

ІІІорын-1



ІІІорын-1


грамота-1


 

Қорыта келгенде, білімді ұрпақ- Қазақстанның ертеңі мен болашағы. Ал, жас ұрпақты жан-жақты терең білімді жеке тұлға етіп тәрбиелеу біздің ұстаздар қауымының алдына қойылған ауыр жүк. Сондықтан, қиындығы мен қызығы мол осынау ұстаздық еңбек  жолында мен барша ұстаздар қауымына тек қана шығармашылық табыстар тілеймін.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру

Автор: Жакупова Гулнур Муратовна

Дата: 06.12.2016

Номер свидетельства: 366329

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Информатикадан ?йірме ж?мысын тиімді ?йымдастыру"
    ["seo_title"] => string(46) "informatikadanuiirmiezhumysyntiimdiuiymdastyru"
    ["file_id"] => string(6) "269804"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450905558"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Білім берудің жаңа парагдимасы және мұғалімнің рөлі"
    ["seo_title"] => string(59) "bilim_bierudin_zhan_a_paraghdimasy_zh_nie_mu_g_alimnin_roli"
    ["file_id"] => string(6) "453780"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517377936"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН Ж?РГІЗІЛЕТІН Ж?МЫСТАРДЫ? ?ДІСТЕРІ МЕН Т?РЛЕРІ "
    ["seo_title"] => string(71) "daryndy-balalarmien-zhurgizilietin-zhu-mystardyn-distieri-mien-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "133050"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1416456479"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Апта күндері" презентациясы"
    ["seo_title"] => string(31) "apta_kundieri_priezientatsiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "453788"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1517379447"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "«Бүгінгі дарын иесі-ертеңгі егеменді елміздің тірегі»"
    ["seo_title"] => string(51) "bugingi_daryn_iesi_ertengi_egemendi_elmizdin_tiregi"
    ["file_id"] => string(6) "579498"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1619584509"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства