kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Апта күндері" презентациясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Презентация

  Білім берудің жаңа парагдимасы  және мұғалімнің рөлі    
Б.Н.Алдабергенова

        
 «№ 27 Өмірзақ орта мектебі»КММ –сінің бастауыш сынып мұғалімі
                                                 ІІІ деңгей,І санат

 Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады                                                                                                                                                                                                                   К.Д.Ушинский.   
  Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу,оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға.  Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы тұрғыдан қарағанда нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған озық үлгі қажет. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді.   Бұл білім берудің философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы,орындаушы болса,ал қазіргі білім беру жүйесінде оқушының өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беріледі.  Қазіргі оқушы: Дүниетаным қабілеті жоғары;Дарынды, өнерпаз;Іздемпаз, талапты:Өз алдына мақсат қоя білу керек; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген де орынды.  Дарындылық - сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі:оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Жалпы, қабілеті дами білген оқушы математика,физика,биология,әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игереді. Оқушыны дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше. Шығармашылық- психологиялық тұрғыдан алғанда жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан  алсақ,шығармашылық дегеніміз-адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады.  Ең бастысы,шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік,тұрақты сұраныс болып,өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет. Мектеп балаларымен жұмыс істеу-ерекше маңызды педагогикалық проблема. Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады: 
Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;Игерілген нәтижелерді бақылау.  Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады және дамиды. Сондықтан: ·Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру; · Жан-жақты ақпараттандыру; · Коммуникативті бейімдеу; · Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.   Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланса нәтижеге қол жеткізе алады: 
·  Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру; 
·  Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;
· Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
· Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;
 Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударулары керек: ·Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
 ·  Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға; ·  Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге; ·        Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға; 
Осы тақырыпты меңгеру барысында мынадай міндеттер шешімін табуға тиіс: 
- Оқушының психологиялық даму ерекшелігін пәнге деген қызығушылығын анықтау;
- Тілдік қорын,мәдени сөйлеуін жетілдіру; 
- Оқушылардың өздігінен іздене отыра,шығармашылық қабілеттерің арттыруға икемдеу,соған байланысты жұмыс түрлерін жасау; 
- Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе,тәрбие жұмыстарында да,оқушының танымдық белсенділігін арттыру.
Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың көмегімен мынадай зерттеу жұмыстары жүргізілді:

1.Сауалнама

2.Тест: психологиялық, пәндік

3.Кесім алу

4.Бақылау жұмысы

Есте сақтау қабілеттерін арттыруда берілген мәтіндерді, өлең-шумақтарды, аңыз-әңгімелерді оқушы есінде көбірек сақтап қалу мақсатында түрлі кестелер толтырылады. Сабақтың кейбір кезеңдерінде оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда өз ойын жазбаша жазуын, логикалық ойлауын үнемі қарастырылады. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өзін-өзі ұстауын, өз ойын еркін жеткізуі, оқушы бойында инабаттылық болуы қажет.   Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше. Сонда білімді меңгеру, дағды мен біліктіліктің қалыптасуы, қабілеттердің дамуы мынадай кезеңдерді қамтитын логикалық тізбекке ие болады:

 а) оқу материалын қабылдау;  

ә) ішкі байланыстар мен қарама-қайшылықты түсінуге әкелетін   ойлау;

 б) еске түсіру және есте сақтау;

 в) практикалық іс-әрекетте меңгергенді қолдану.

Төмендегі шарттарды қадағалағанда оқытуда жоғары дәрежеге жетуге   болады:

а) оқушылардың оқуға деген белсенді ынтасын қалыптастыру;

ә) оқу материалын белгілі тізбекте беру;

б) жаттығулар арқылы ақыл-ой және практикалық іс-әрекеттің әртүрлі   тәсілдерін көрсету және бекіту;

в) білімді практикада қолдану.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Апта күндері" презентациясы»

Сабақ тақырыбы: Апта күндері. «№27 Өмірзақ орта мектебі»КММ Құрақбаева Гүлшат

Сабақ тақырыбы: Апта күндері.

«№27 Өмірзақ орта мектебі»КММ

Құрақбаева Гүлшат

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың мақсаты:

  • Апта-уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік қалыптастыру
  • практикалық тапсырмалардың көмегі мен аптаның ұзақтығын түсіндіру.
Топқа бөлу Дүйсенбі Дүйсенбі Дүйсенбі

Топқа бөлу

Дүйсенбі

Дүйсенбі

Дүйсенбі

Үй тапсырмасы: Суретке қара ,айт! Сағат неше?

Үй тапсырмасы:

Суретке қара ,айт!

Сағат неше?

Бір аптада   Бір аптаның күндері өтті. Дүйсенбіде гүлдер ектім, Сейсенбіде жуа тердім, Сәрсенбіде суға келдім, Бейсенбіде бақша баптап, Жұма күні тақпақ жаттап, Сенбіде мен киноға барып, Жексенбіде бір демалдым.  

Бір аптада

Бір аптаның күндері өтті.

Дүйсенбіде гүлдер ектім,

Сейсенбіде жуа тердім,

Сәрсенбіде суға келдім,

Бейсенбіде бақша баптап,

Жұма күні тақпақ жаттап,

Сенбіде мен киноға барып,

Жексенбіде бір демалдым.

 

Ержан пойыз құрастырмақшы болды.Ол пойызды 1 апта құрастырды.Ол неше күнде пойыз құрастырып шықты? 1апта=7 күн

Ержан пойыз құрастырмақшы болды.Ол пойызды 1 апта құрастырды.Ол неше күнде пойыз құрастырып шықты?

1апта=7 күн

Сергіту сәті: Әппақ болып таң атты, Түтiн тiке шығады. Қарлығаштар қанатын Самғап биiк ұшады. Топ-топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн.

Сергіту сәті:

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн.

Шығармашылық жұмыс І топ 1.Аптада неше күн бар? 2.Аптаның қай күндері дене шынықтыру сабағы өтеді?

Шығармашылық жұмыс

І топ

1.Аптада неше күн бар?

2.Аптаның қай күндері дене шынықтыру сабағы өтеді?

ІІ ТОП 1.Жұманың алдында аптаның қай күні келеді?  2. Осы сәрсенбіден келесі сәрсенбіге дейін неше күн өтеді?

ІІ ТОП

1.Жұманың алдында аптаның қай күні келеді?

2. Осы сәрсенбіден келесі сәрсенбіге дейін неше күн өтеді?

ІІІ ТОП Сейсенбіден кейін неше күн өткенде сенбі болады?

ІІІ ТОП

  • Сейсенбіден кейін неше күн өткенде сенбі болады?

  • Апта қай күннен басталады?
Дәптермен жұмыс 17-жұмыс парағы. Апта күндері. Мозаика құрастыру. 19 бет .

Дәптермен жұмыс

17-жұмыс парағы.

Апта күндері.

Мозаика құрастыру.

19 бет .

Қортындылау «Үндемес» ойыны

Қортындылау

«Үндемес» ойыны

Кері байланыс

Кері байланыс


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Апта күндері" презентациясы

Автор: Алдабергенова Бакыттыгул Наурызбаевна

Дата: 31.01.2018

Номер свидетельства: 453788

Похожие файлы

object(ArrayObject)#919 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Апта к?ндері. 1 сынып"
    ["seo_title"] => string(18) "aptakundieri1synyp"
    ["file_id"] => string(6) "266054"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1450089198"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства