kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Экология. Табиғат

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Оқушыларды табиғатқа деген көзқарасын қалыптастыру

2.Адамды табиғатпен таныстыру негізіндегі адамгершілік мәдениетін қалыптастыру

3.Қоршаған ортаны қорғау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Экология. Табиғат»







1.Оқушыларды табиғатқа деген көзқарасын қалыптастыру

2.Адамды табиғатпен таныстыру негізіндегі адамгершілік мәдениетін қалыптастыру

3.Қоршаған ортаны қорғау

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



КІРІСПЕ



Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар. Дүниетану пәнi оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың тылсым сыры жайлы түсiнiк беретiнiн ескерсек “табиғат” туралы көптеген дәлелдер айта беруге болады. Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi. Бастауыш сынып оқушыларына сапалы бiлiм мен тәрбие беруде әр пән жоғары деңгейде жүргiзiлуi тиiс. Бұл үшiн пән мұғалiмi әдiс тәсiлдердi жетiлдiре оқытып, оқушылардың сол пәнге деген ынтасын арттыра бiлуi қажет. Сабақ- ұстаздың көп iзденуiнен, көп еңбектенуiнен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы “шығарманы” алдында отырған оқушыларға игерте бiлу де оңай емес.Ол үшiн мұғалiмнiң бiлiктiлiгi, iскерлiгi шеберлiгi арқылы оқушы жүрегiне жеткiзе алатындай шебер ой өрнегi болуы керек.Табиғатты және экологияны балалырмен таныстыру пәні. Бұл пән оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттырып, дүниетанымын, адамгершiлiк қасиеттерiн жетiлдiрiп, өмiрдi, оның құбылыстарын танып бiлуге мумкiндiк бередi. Сонымен бiрге бастауыш сынып оқушыларының ой-өрiсiн дамытып, шығармашылыққа жетелейдi.Адамгершiлiк мәдениетi өте кең көлемдегi ұғым, өйткенi оған адамға деген, досқа, ата-анаға, Отанға, үлкенге, iнi-бауырға тағы басқалармен бiрге табиғатта жатады.

1.Оқушылардың адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру үшін:

Дүниетану пәнi оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың тылсым сыры жайлы түсiнiк беретiнiн ескерсек “табиғат” туралы көптеген дәлелдер айта беруге болады. Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды сол әсем табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады.Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi.



Табиғат дегенiмiз – бұл бiздiң санамыздан тыс, бiзге бағынбайтын, бiздiң өмiрiмiздiң тiрегi болып тұрған болмыс, әсем дүние. Табиғатты адам өмiрiнiң барлық қажетiн толық өтейтiн құрал болу үшiн, ол мiндеттi түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиiс. Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны былғайтын да адам. Адам өзiнiң де, табиғаттың да қаласа досы, санасыз iс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Осындай ерекшелiктердi ескере отырып мұғалiм алдындағы әр оқушының санасына табиғат қорғаушысы болуын сiңiру жолдарын iздестiруi керек. Дүниетану сабағы- өсiмдiктер мен жануарлардың, адам ағзасы мен қоршаған ортаның, табиғат пен экологияның адам үшiн алар орнын ашу, мәнiн бiлдiру. Бастауыш бiлiм- үздiксiз бiлiм берудiң алғашқы басқышы болғандықтан, оқушыларға белгiлi бiр көлемдегi бiлiм, бiлiк-дағдыларымен қатар адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру, жан-жақты дамыту бүгiнгi күннiң басты талабы.Бастауыш сынып оқушыларына сапалы бiлiм мен тәрбие беруде әр пән жоғары деңгейде жүргiзiлуi тиiс. Бұл үшiн пән мұғалiмi әдiс тәсiлдердi жетiлдiре оқытып, оқушылардың сол пәнге деген ынтасын арттыра бiлуi қажет. Сабақ- ұстаздың көп iзденуiнен, көп еңбектенуiнен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы “шығарманы” алдында отырған оқушыларға игерте бiлу де оңай емес.

Ол үшiн мұғалiмнiң бiлiктiлiгi, iскерлiгi шеберлiгi арқылы оқушы жүрегiне жеткiзе алатындай шебер ой өрнегi болуы керек.Дүниетану сабақтары арқылы оқушылар адам, табиғат, қоғам, яғни реалды дүниенiң үш құрамдас бөлiгi туралы бiлiм алады. Бұл пән оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттырып, дүниетанымын, адамгершiлiк қасиеттерiн жетiлдiрiп, өмiрдi, оның құбылыстарын танып бiлуге мумкiндiк бередi. Сонымен бiрге бастауыш сынып оқушыларының ой-өрiсiн дамытып, шығармашылыққа жетелейдi.Адамгершiлiк мәдениетi өте кең көлемдегi ұғым, өйткенi оған адамға деген, досқа, ата-анаға, Отанға, үлкенге, iнi-бауырға тағы басқалармен бiрге табиғатта жатады. Табиғат - адам баласының материалдық және рухани қажеттiгiне жарайтын ең негiзгi байлық. Себебi қоршаған орта барлық адамдарға ортақ, сондықтан оның таза және әсем болуына мектепоқушылары да үлес қоса алады. Дүниетану сабағында оқушыларда табиғатқа деген сүйiспеншiлiк сезiмiн қалыптастырып қана қоймай, оларды қорғап, оның байлықтарын тиiмдi пайдалану жұмыстарын тәрбиемен байланыстырып жүргiзiлетiн жұмыстар өткiзу мұғалiмге байланысты. Сыныптарда оқушылар табиғаттың жеке бөлшектерiнiң жағдайын, табиғаттың әсем маусымына байланысты өзгерiсi мен оның себептерiн, тiрi табиғат пен өлi зат арасындағы қарым қатынас, адам әрекетiнiң табиғатқа жасайтын ықпалы, қоршаған табиғат жайлы жалпылай мағлұмат алады.Ал оны тереңдетiп, оқушыларға практикалық мысалдармен жеткiзе бiлу мұғалiмнiң шеберлiгiне байланысты. Әрине оқушылардың жас ерекшелiктерi, бiлiм деңгейлерi ескерiледi немесе жануарлармен таныстыратындығын алдын ала белгiлеп алады. Табиғат пен оған жасалған адам ықпалын оқу процесiнде оқушылар бөлме өсiмдiктерiн көбейту, құстарды тамақтандыру, ағаш отырғызу сияқты практикалық жұмыстардан да мағлұмат алады. Сабақ барысында табиғатқа, жан-жануарлар, өсiмдiктер мен құстарға деген қамқорлық жасау қалыптасады. Серуенге шыққан оқушыларды тағам қалдықтары мен қағаздарды жағып жiберуге, қатты заттарды көмiп тастауға үйретуiміз керек. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың « Жасыл ел» бағдарламасын орындау мақсатында біздің Қарақия ауданы ,Құрық ауылында Құрық орта мектеп –гимназиясы жанынан жылыжай орнатылып, 2015 жылдан бері сол жылыжайда көк өніс түрлерін егіп келеміз. Мектеп -гимназия жанында 810 түп ағаш отырғызылып, және 120 түп жеміс ағаштарын отырғыздық оларға баптап күтіп қарауға ерікті белсенді топ құрылып жұмыс жасап жатыр. 9 «Ә» сыныбы менің сыныбым. Өткен оқу жылында «Хабар», «КТК»телеарналары келіп танысып кетіп телеарналардан көрсетті. Жерлеріміз тастақты, топырағымыз құнарсыз болғанмен, топырақ құнарлылығын арттыру үшін жерімізге малдың қиын төгеміз. Жылыжайда биыл тек қана қызанақ пен қиярды көптеп отырғыздық өнімдерін беріп жатыр.

Адамға бiлiм де, дұрыс тамақтану да, жақсы киiну де, тiптi көтерiңкi көңiл күй де, т.б көптеген нәрсе қажет. Осылардың бәрiн ол айналадағы дүниеден алады. Дегенмен айналадағы дүние өзiнiң барын адамға сый етiп бере бермейдi. Себебi айналадағы дүние көп нәрсеге мұқтаж. Мысалы: бақтағы алма ағашын алайық. Ол - табиғат перзентi. Тiршiлiк ету үшiн оған да су, ауа, қорек, жылу жарық керек, яғни адам сияқты ол да тiршiлiк етедi. Жемiсiн адамға сыйлайды. Ағашқа күтiм қажет. Бағбан оны суарады, түбiн қопсытады, дiңiн әктейдi, күтедi. Сонда ғана ол жемiс бередi. Сондықтан да оқушылар санасына ағаш адамға жемiсiн сыйласа, адам оған су, ауа, қорек болатындай жағдай жасап, қажетiн өтейдi. Бұл жерде оқушының өз ауласындағы бақшасы, мектептегi жемiс-жидектерге қандай көмек көрсететiнiн өздерiне әңгiмелетiп, мысалдар айқызуға болады.Адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiгi әдiстерiне түсiндiрудi жатқызуға болады.

Қазіргі таңда әлемнің қарқынды дамуы, жер бетіндегі адам санының көбеюі адамзаттың тұтынушылыққа білетінің өсуі әсерінен, біздің өмірімізге ең қажетті азық - түлік, ауыз судың тапшылығы көп елдерде сезілуде. Ал XXI – ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, ас үйқұрылғылары т. с. с) елестетеалмаймыз. Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Біздің елімізде осы мәселені шешу жолында көптеген істер атқаруда. Атап айтар болсақ Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбы мен өткізілетін ЭКСПО - 2017 көрмесі. Бұл көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын тәсілдері мен технологиялары көрсетіледі деп жоспарлануда. Еліміз, бүкіләлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатқанда, мен де оған азамат ретінде өз үлесімді қоспақшымын.Электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістерін халық арасында насихаттау, елді үнемшілікке шақыру. Ата - бабаларымыздың, судың да сұрауы бар деп тегі айтпағанын келер ұрпаққа жеткізу.Электр энергиясын үнемдеудің қарапайым бір жолы...Біздің өмірімізді электр энергиясынсыз, соның ішінде жарық шамдарынсыз елестету мүмкін емес. Құрық орта мектеп- гимназиясыКезінде Ыбырай атамыз Оқысаңыз балалар,Шамнан шырақ жағылар деп... болашақта адамдардың жарық шамын табатынын, оның өміріміздің айрылмас бөлшегі болатынын айтып кеткен. Қазіргі кезде электр энергиясын өндіру әлемнің басты мәселесіне айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір, мұнай жағылып жатса оның табиғатқа деген зиянын есептей беріңіз. Пайдалы қазбалара зайып, ауа мен су ластанып, орман қоры аяусыз кесіліп жатқан заманда, келер ұрпаққа не қалдырамыз деп толғанып көрейік.Электр энергиясына деген сұраныстың күн санап өсіп келе жатқанын ескерсек, оны өндірудегі қиындықтар, АЭС, СЭС, ЖЭС - ң күн сайын ауаға шығарып жатқан улы қалдықтары, табиғатқа келтіріп жатқан есепсіз зияны, жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың сарқылуын еске алатын болсақ, бізге қарапайым қыздыру шамдарын энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру арқылы көптеген жетістікке жетуге болатынын ескерейік. Біз табиғатты қорғауға аз да болса үлес қоса аламыз.

Шындық пен әдiлеттi суреттейтiн көркем шығармалардың iшiндегi аңызды айтсақ-“Аяз бидi” еске аламыз. Шыр етiп дүниеге келген перiште сәбиге адами асыл қасиеттер ана сүтiмен, берiсi бесiктен дамиды десек, қателеспеймiз. Ал адам баласының тәрбиесiнiң ошағы саналатын – мектеп тәрбиесi бала бойында iзгi қасиеттердiң қалыптасуына үлкен де, маңызды атқарары даусыз. Тәрбиенiң негiзгi – iргетасы адамгершiлiк тәрбиесiне байланысты. Өйткенi, адам бойындағы мыңдаған қасиеттердiң iшiндегi негiзгi орын алатын қасиет – адамгершiлiк қасиетi. Бұл- аксиома. 2-сыныпта дүниетанудан “Өсiмдiктер мен жануарлар” бөлiмiндегi “Қызыл кiтап” тақырыбын өткенде – Қазақстан Республикасының “Қызыл кiтабы” Оның мұқабасының тысы қызыл. Қызыл түс қауiп- қатердiң белгiсi сияқты. Бұл кiтап өсiмдiктер мен жануарлардың көптеген түрлерiнен жер бетiнен жоғалып, құрып кетуi қаупi төнгенiн ескертедi. Егер, жануарлар жайылып өсiмдiктердi жұлып, кесiп немесе оларды аямай таптап, балалар ойнап сындыра берсе, өсiмдiктер құрып кетедi. Адамның қорғауына өте мұқтаж жануарлар мен өсiмдiктер көп.Елiмiздiң “Қызыл кiтабына” талас қайыңы, Қарқаралы бөрiқарақаты тағы басқа, өсiмдiктер, құстардан қоқиқаз, бүркiт, ақбас, тырна, аққу, басқа жануарлар енгiзiлген. Табиғатты қорғау туралы заңды тек үлкендер ғана емес, балалар да сақтауға тиiс. Мысалы, саған құс ұясын алыстан бақылауға болады.Ал оларға тиюге, ұяны бұзуға рұқсат жоқ. Құмырсқа илеуiн бұзып, таптау –зиянкестiң iсi. Себебi құмырсқаның орманға тигiзетiн пайдасы зор: олар ағаш зиякестерiн жояды. Ал ағаш -өсiмiдiк, ол адам үшiн көп пайда бередi. Оны өздеріміз бiлеміз әр-кез топсеруен, бақылау кезiнде ескертудi естен шығармау керек. Өсiмдiктердiң де “Қызыл кiтапқа енген” түрлерi көп.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк бiлiм беру саясаты Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” жаңа заңына сәйкес жүзеге асуда. Осыған орай бiлiм мазмұнын қайта құруға, республикамыздың мектептерiнде пәндердi оқытуды,оқушының жеке басының қабiлеттерi мен қызығуын ескере отырып ұйымдастыруға ерекше мән берiлiп отыр. Бұл факторлар жаңа заман талабына сай төл оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн жасауды талап етедi.Оқулық-мектептiң негiзi бiлiм беру мiндеттерiн, яғни ынталандырғыштық, бағыттаушылық, дамытушылық, тәрбиелiк, бақылаушылық қызметтерiн жүзеге асыратын негiзгi оқыту құралы. Қазақстан Республикасының ғалым-әдiскерлерi: Т.Мұсақұлов,Б.Мұханов,Қ.А.Аймағанбетова,Қ.Жүнiсова,А.Бермағанбетовалардың жаңа бағдарлама мен оқулықтардың шығуына, оқыту әдiстемесiне қосқан үлестерi мол. Мектеп оқушылары үшiн ең жоғары бедел иесi – мұғалiм. Оқушылар әр пәннен алатын бiлiмдерiн мұғалiм арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшiн бөлiп - жарғысыз нәрсе. Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi тұрақтанған қалпы бар сала– бастауыш мектеп. Әйтсе де соңғы уақыттарға дейiн бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана үйрететiн, қоршаған орта, қарапайым дүниетанымға жалпы түсiнiктер берiп, тұйық концентр болып саналады. Қазiргi кезде мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргiзiлiп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкiндiктерi ашылды.Бүгiнгi күн ұрпақты жан - жақты бiлiм алуын, белсендi, шығармашыл болуын талап етедi. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрiн, әдiсiн таңдай бiлу қажеттiгi туады. Оқу-тәрбие жұмысында халықтық педагогиканы пайдалану, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiн оқушының жас ерекшелiктерiне қарай пайдалана бiлу біздер үшін мұғалiмнен үлкен адам жоқ. Бастауыш мектептен бастап баланы өмiрге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылады. Бұл ретте дүниетану пәнiнiң маңызы зор. Дүниетану пәнiн оқытуда балалардың табиғат туралы ғылыми көзқарасын қалыптастырып, адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсат етiледi. Экология- тірі ағзалардың бір-бірімен өзара қарым- қатынасы және қоршаған ортамен байланысы туралы ғылым. Бірақ біздің түсінігімізде экология – қоршаған орта туралы ғылым ғана емес, ол – дүниеге деген жаңа көзқарас. Адам баласы- осы жүйенің басқарушысы емес, саналы болса да, бар болғаны- табиғаттың құрамдас бір бөлшегі. Адамдар табиғат заңын бұлжытпай орындауы және табиғат құндылықтарын мойындауы тиіс. Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Міне, сол себепті жас жеткіншектер санасында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру қажет.

Табиғат - әсемдік әлемі. Сырын ашқан сайын жаңа бір құпиясы шығатын болмыстың ашылмаған жұмбағы көп. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, қоршаған ортаны қорғауға тікелей қатысу- біздің жарқын болашағымыздың бірден –бір кепілі. Табиғатты қорғау мен сақтауға бағытталған жұмыстар өскелең ұрпақ бойында азаматтық міндет пен қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге себепкер болатынына сенеміз.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей «өз қоғамымызды қалыптастыру барысында азаматтардың денсаулығы мықты болуы мен оларды әр дайым толыққанды табиғи орта қоршауын қамтамасыз етуіміз керек» деп қадап айтқан .

Біз басты байлығымызды- тұмса табиғатымызды сақтау әлемдік идеяны қолдау мен мемлекетіміздің гүлденуінің бірден –бір кепілі екендігін есте тұтуға тиіспіз

Негізгі біздің мақсатымыз мектеп аумағының әр жерлеріндегі шаңның деңгейін зерделеу үшін әр жерден өсімдік жапырақтарын жинап алып, оның үстіне жабысқақ пленканы жабысатын жағымен қойамыз. Содан соң қатадан кері қарай жаймен алып, оны ақ қағазға жаңағы шаң жақ бетімен жабыстырамыз. Сонымен, әр жерден жиналған жапырақтардың үстіндегі шаңдарды салыстырып, сәйкес қорытынды жасаймыз.

Енді біздің анықтағанымыз шаң біздің ағзамызға, денсаулығымызға үлкен зиян тигізеді:

оның құрамында аллергия тудыратын, тыныс алу жүйесі ауруларын қоздыратын, тіпті дені сау адамның өзін түрлі ауруға шалдықтыратын көп мөлшерде зиянды заттар бар;

Мектепте оқушылардың үнемі қозғалыста болатын жерлерінде жиналады;

Мектеп оқушыларымен жүргізілген сауалнама қорытындысы, оқушылардың шаңның адам денсаулығына тигізетін зиянын терең түсіне білмейтінін анықтады.

Біздердің бұл жұмысымызда әліде қамтып үлгермеген сұрақтар көп, осыған байланысты шаңның тірі организмдерге әсері туралы жұмыстарымызды терең және күрделі зерттеулер жасау арқылы әрі қарай жалғастырамыз деп ойлаймыз.

Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі- табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану керек. Соңғы кезде қошаған ортаның ластануы барынша көкейісті мәселелерге айналып отыр, өйткені техникалық прогестің және адамның ойланбай жасаған әрекетінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрселердің бәрі ластануда. Ғылыми тұрғыда адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелетіндігі анықталды. Адам табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Табиғат- адамзаттың тіршілік ететін ортасы. Топырақтың ластануы оның құнарлы қабатын жояды, топырақта жүретін табиғи процестерге кедергі келтіріп, онда өмір сүретін микроорганизмдерге зиян шектіреді.

Адамның белсенді іс- әрекетінің нәтижесінде дүниежүзлік мұхит суының ластану процесі жылдам жүруде. Мұхит суының мұнай қалдықтарымен ластануы экологиялық апат болып отыр. Мысалы оған Каспий теңізінің мұнай қалдықтарымен ластануын айтуға болады.





Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтық әдістерінің бірі – балаға ақыл-өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру. Бұл әдісті мақал-мәтелден, нақыл сөздерден, ырымдар мен тыйым салу сөздерінен айқын көрініс тапқан. Өмірден көргені мен түйгені мол, білікті адамдардың ақыл-өсиетін оқушының санасына сіңіріп, үлкен ой салған.

Ырымдар мен тыйым салу сөздері баланы ағаттық жасаудан, түрлі қауіп-қатерден сақтандырып, адамгершілікке жетелейді. Мәселен, халқымыз «көкті жұлма; құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба; жалғыз ағашты жұлма; малды теппе; ақты төкпе; төгілген сүтті аяқпен баспа; т.б.» көптеген мысалдар келтіре кетуге болады

Оқушылардың жақсы дәстүрлерді сыйлай білуге, әдемі де жүйрік сөйлеуге, ата-салтын үлгі етуге тәрбиелеу мақсатында, сабақтарда шешендер мен билердің, ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне үлкен мән беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні сөзсіз. Ұлылардан қалған ұлы сөздердің де оқушыларда адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға көп пайдасы бар екенін мынадан көруге Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.

Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.

50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.

Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.

Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.

Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24.568,4 мың гектар болды.

Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.

Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.

Ұсынысым:

Қорыта айтқанда, оқушы біткеннің барлығы дерлік мектеп қабырғасында ұстаздардан тәлім алады. Егер біздің ұстаздарымыз әрбір сабақты жоғары сапалы, тиімді етіп өткізсе, жас ұрпақ тәрбиелеп өсіру ісінде кемшілік аз болар еді. Әрбір сабақ, тәрбиелік жұмыс ғылыми негізде ұстамды, жан-жақты танымды жүргізілсе рухани әсерлі болады. Демек, әр сабақ тәрбиелік бағыттан бөлінбей қатар жүргізілуі қажет. Ғалым-психолог Блумның пікіріне сүйенсек «7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызына дейін қалыптасады» дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. Бұл кезде алған алған білім оның бүкіл өмірінде қалатыны белгілі. Осы кездегі қаланған тәрбие адамгершіліктің негізін қалайды. Содықтан осы кезден оқушы бойына жақсы және жаман қасиеттерді қалыптастыра оқыту керек.

Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.

Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.

Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімді шараларды қабылдауды талап етеді.1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды.

Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі.

Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор. Қазақстан ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.

Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.

Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.Солтүстік Қазақстан облысында ормандарды егістік жерлердің көлемінен 1,6 %-ға жеткізу, Павлодарда – 4,0 %, Ақмолада – 3,8 %, Ақтөбеде – 3,9 % жеткізу жобаланған.Егістікті қорғайтын ормандардың көлемін солтүстік және батыс облыстарда 3,3 %-ға дейін көтеру керек.Оңтүстіктің суармалы егістік жерлері мен оңтүстік шығыста орман белдеуіне 3,5 %-ды жер берілуі қажет. Қазақстанның егістік қорғауға арналған орман белдеуін 3 %-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі кездегі табиғи және жасанды ормандар 3,6 % құрайды. Республиканың жалпы орманын шамамен 6-7 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың орман өсіру жұмысын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.

Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде – даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес – жиырма жасқа жеткенде өздігінен кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек. Ол - өзімізге өзіміздің жасаған қиянаттың бірі. Отыз-қырық жыл бойы өскен бір түп ағаш он адамға бір жыл бойы дем алатын оттегін бөліп шығаратыны белгілі. Бір автокөлік бір мың шақырым жүріп өткенде бір адамның бір жыл бойы дем алатын оттегін жағатындығы анықталды. Сонда қаламыздың эстетикалық көркемдік жағын әсемдеумен қоса, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан автокөліктерден бөлініп шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға айналдырып отырған жайқалған желектердің көлденеңінен кесіліп қалған қысқа ғұмыры адамзат баласының қайсысын болсын толғандырады.Облысымыз бойынша орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды қалпына келтіру жағдайы әлі де болса баяу жүріп жатыр. Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Ақтау қаласында, өз ауылымызда орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін. Қала ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала көліктері электр қуатымен жүретін трамвай мен троллейбустарға көшірілсе, өте жақсы болар еді.Облыс орталығы әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың екі жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Мұнай мен газдан шыққан улы химикат түтіндер мен Ақтау іргесіндегі МАЭК кәсіпорнының түтіні ауа райын бұзып отыр , оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Сонда облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап отыр деген сұрақ туады.Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас ағашты ормандарда басталған өрт екі-үш тәулік бойы жанып жатады. Оған ауыл адамдарының шамасы келмейтін уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі, орманы «қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер етеді. Озон қабатының жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосфераның жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр.Сөз соңында айтарымыз, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.



ҚОРЫТЫНДЫ

Соңғы кездері еліміздің қоғамдық өміріндегі елеулі өзгірістердің бірі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар екені белгілі. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан халқының білімі мен әл-ауқатын арттыруға, жас ұрпақтың рухани адамгершілігін яғни табиғатты корғай білу, аялай білу қасиеттерін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігіне басты назар аударған.Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесіндегі көкейтесті мәселелердің бірі – жетілген, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Біздің мектеп- гимназиямыз – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде өзінің белгілі қызметін атқарады.Бастауыш сынып оқушыларының бойында жалпы адамгершілік қалыптармен гуманистік, моральдық, қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық, сыпайылық тәрізді қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен қоршаған ортамен қарым-қатынасына мән беруіміз керек. Өйткені оқу мен тәрбие тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Оқу үрдісіндегі тәрбие міндетін іске асырудағы қиындықтың бірі сыныптағы оқушылардың адамгершілік түсініктерінің әр түрлі болуында және де тәрбие күрделі үрдіс болғандықтан, бір сабақта баланы адалдыққа, қайырымдылыққа, батылдыққа, шындыққа тәрбиелеу мүмкін емес.Дегенмен мынадай қорытынды жасауға болады: бастауыш және орта білім жүйесінде адамгершілік мәдениетінің негізгі мәселелерін басым бағытта оқып-үйрену әлі күнге дейін педагогика ғылымының және білім берудің қазақстандық тәжірибесінде өте аз, жоққа тән. Осыған орай мен зерттеу нысанасына сүйене отырып оқыту барысында адамгершілік-рухани негіздерін қалыптастырудың мәселелік-бағдарлы міндеттерін оқып-үйренуге болады деп ойлаймын.

-Оқыту мен тәрбиелеу және оқушылардың даму жоспарларын қолдау психопедагогикалық қана емес, адамгершілік-этикалық және рухани-адамгершілік ұстаным болып табылады.

-Бұл көрсетілген міндеттерді бір мезгілде шешу білім беру мәдениетінің маңызды бір бөлігі ретінде оқушылардың адамгершілік мәдениеті білімінің үйлесімді қалыптасуына, сапалық және сандық өсуіне мүмкіндік береді.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Горащенко В.П. Табиғаттанудан сабақ беру методикасы/ В.П. Горащенко– А.: Просвещение, 1977 – 39 б.

2 Жұмабаев М. Педагогика / М. Жұмабаев– А.: Рауан, 1993

3 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030/ Назарбаев Н.Ә. – А.: 1997

4 Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания/ К.Д. Ушинский– М. Просвещение, 1977

5 Табиғаттануды оқыту және балап тәрбиесi: - А.: Мектеп, 1985

6 Богословский В.В. Жалпы психология / В.В. Богословский– А.: Мектеп, 1995 ж

7 Қоянбаев Ж.Б Педагогика / Ж.Б Қоянбаев– Астана.:1998

8 Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики / А.Н Леонтьев. 1972

9 Занков В.В. Избранные педагигические труды / В.В. Занков– М.:1990









Мектеп алды абаттандырылған гүлзарлар,оқушылар еңбектерінің нәтижесін бақлауда



Облыс басшысы А. Айдарбаев іс- сапарында жылыжайда 2016 ж наурыз айы



Құрық орта мекеп-гимназиясы жанындағы жылыжай көрінісі 2015ж







Құрық орта мектеп- гимназиясының келбеті

Ерікті топтар тәжірибе алаңында 9 «Ә» сыныбы





Мектеп – гимназиясының дәлізі









Тәжірибе алаңындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар



Мектеп- гимназия жанындағы егілген ағаштар





Қауын- қарбыз, сәбіз, қырыққабат, картоп, жуа т.б.с.с






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Экология. Табиғат

Автор: Зейнепов Марат

Дата: 13.02.2017

Номер свидетельства: 391378

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Адам ж?не таби?ат "
    ["seo_title"] => string(20) "adam-zh-nie-tabig-at"
    ["file_id"] => string(6) "147837"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419509110"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) ""Адам ж?не таби?ат" д?ниетану п?нінен саба? жоспары 2-сынып "
    ["seo_title"] => string(63) "adam-zh-nie-tabig-at-duniietanu-p-ninien-sabak-zhospary-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "208013"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430728561"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Адам ж?не таби?ат д?ниетану"
    ["seo_title"] => string(26) "adamzhnietabigatduniietanu"
    ["file_id"] => string(6) "281049"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453462914"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Классный час на тему: "Таби?атым - тал бесігім""
    ["seo_title"] => string(47) "klassnyi-chas-na-tiemu-tabig-atym-tal-biesighim"
    ["file_id"] => string(6) "287069"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454428560"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Таби?ат ?ажаптары "
    ["seo_title"] => string(20) "tabig-at-g-azhaptary"
    ["file_id"] => string(6) "139689"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417778711"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства