Пәні: География | Сынып: 7 |
Сабақтың тақырыбы | Аустралия §53.Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары |
Сабақтың мақсаты | SMART: Нақты( не нәрсеге қол жеткізу қажет): Аустралияның географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы қосымша материалдармен оқулықтан оқып танысады және материк туралы толық ақпарат береді; Өлшеуге болатын (мақсатқа жеттік деп айта алатындай болу керек): Электронды оқулықты және Атласты пайдаланып материктің географиялық орнын анықтайды. Қолжетімді (қандай іс-әрекет өзімізге қажет нәтиже беретінін түсініуіміз қажет): Топтық , жеке жұмыс жасайды, флипчартқа түсіреді, жоба қорғайды, сұраққа жауап береді, жұмыс дәптеріне тапсырмаларды орындайды, кескін картамен жұмыс жасайды. Шындыққа негізделген (қойылған мақсатқа жете алатындай): Тақырыпты талдайды, анықтайды, зерттейді, шығармашылық жұмыс жасайды, өз идеяларын ұсынады, қорытындылайды, тапсырмаларды орындайды, білімдері толығады, жаңа ақпараттармен танысады. |
Күтілетін нәтижесі |
Сабақтың типі | Жаңа сабақты меңгерту. |
Сабақтың әдіс-тәсілдері | Топтық, жұптық, жеке жұмыс, сұрақ-жауап; СТО стратегиялары: ой шақыру, мағынаны табу, ой толғау, негізгі идеяларды суреттеу, ой бөлісу, ортаға салу. |
Кері байланыс, рефлексия. | Тақырыпты «Интервью» әдісі жүргізу. |
Бағалау | Оқушының өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтық бағалау, «Бағалау парағы» , бағдаршам, мадақтау, мұғалімнің бағалауы. |
Ресурстар, кабинет жабдықталуы, көрнекіліктер | Компьютер, электронды оқулық, оқулық, д. ж физикалық картасы, атлас, жұмыс дәптері. |
Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
2 минут | Ұйымдастыру кезеңі. | |
15.40-15.42 | 1.Сәлемдесу. 2. Түгелдеу. | Мұғаліммен сәлемдеседі. |
5 минут | Өткен тақырыптыбекіту. | |
15.42-15.47 | Жеке жұмыс. Электронды оқулықпен жұмыс. (Африканы қорытындылау) №3 Интерактивті тапсырма. Африканың жер бедері (мәтінді толықтыр) Африканың жер бедері қыратты көтеріңкі келген. Басым бөлігін жазықтар, абсолюттік биіктігі 200 метрден 1000 метрге жететін қыраттар алып жатыр. Ең биік нүктесі Калиманджаро тауы, биіктігі 5895 метр. №4 Интерактивті тапсырма. Африканың жер бедері (мәтінді толықтыр) Африка материгінің ұзын өзені- Ніл. Оның ұзындығы 6671 шақырым. Ніл өзені басын шығыс Африка мемлекеті Руанда жерінен басталып Жерорта теңізіне келіп құяды. Оқушының өзін өзі бағалауы. Бағалау өлшемі: 6-5 дұрыс - “5” 5-4 дұрыс - “4” 4-3 дұрыс - “3” 2- 0 - “2” | Электронды оқулықтағы тапсырманы дәптерге орындап өзін-өзі бағалайды. |
1 минут | Қызығушылықты ояту. | |
15.47-15.48 | 1.Мәнелеп өлең оқу. Ертеде ренжіп мен аралдарға, Кетіп ем жылжып өзге жағалауға. Оңтүстік жарты шарды мекен еттім, Талайлар көшіп келді паналауға. Сондайлық аспан тірер тауларым жоқ Ойпат көп, шығысымда жоталар көп. Шағыл мен құм басады баурайымды. Сөнбеген өзгелердей жанартау жоқ. Тұрсамда ортасында мұхиттардың, Суына жауын-шашын қанықпадым. Оңтүстік тропигі кесіп өтіп, Бұлттардан жауын-шашын жаудырмайды. Менде бар жануарлар өзгеде жоқ, Қалталы аю, коала, кенгуру көп. Мен өзім кіп-кішкентай болғанменен Материкпін сыры мен жұмбағы көп. | Өлеңді тыңдайды. Өлеңде қай материк туралы айтылғанын табады. |
6 минут | Ой шақыру. | |
15.48-15.54 | 1.Аустралия туралы не білеміз? 2.Елімізге қатысты қандай деректер білеміз? 2000 жылы Аустралия материгіндегі Сидней қаласында өткен олимпиада ойындарында, қазақтың біртуар ұлдарының бірі Б. Саттарханов алтын иеленді. 3.Сабақтың тақырыбымен таныстыру. 4.Электронды оқулықтан мәтінді тыңдату. 5.Аустралияның зерттелуі 6.Қызық деректер | Материк туралы білетіндерін әртүрлі нұсқада жауап береді. Тақырыппен және электронды оқулықтан мәтінмен танысады. |
10 минут | Мағынаны табу. | |
15.54-16.04 | 1.Топтық жұмыс . Оқушыларды топқа бөлу. 1-топ. Зерттеушілер 2-топ.Саяхатшылар 3-топ. Географтар 2.Мәтінмен танысып, флипчартқа түсіру (5 минут) 1-топ. Зерттеушілер Аустралия материгінің ең, ең ерекшеліктері туралы зерттейді. 2-топ. Саяхатшылар. Материктің географиялық орнына саяхат жасап, анықтайды. 3-топ. Географтар. Жер бедері мен пайдалы қазбаларын (шартты белгілері) картадан анықтап, сипаттайды. | Оқушылар орындық артына жапсырылған стикер арқылы топқа бөлінеді. Мәтінмен оқып танысады,берілген тапсырмаларды орындау барысында тақырыпты талдайды, зерттейді, картадан елдердің орнын анықтайды, өз идеяларын ұсынып, флипчартқа түсіреді. |
15 минут | Ой толғау. | |
16.04-16.19 | 1.Жоба қорғау. (6 минут) Топтың бірін- бірі бағалауы.(2 минут) 2. Дәптермен жұмыс. Топтастыру стратегиясы.(2 минут) Аустралия материгінің ерекшелігі Оқушының өзін-өзі бағалауы. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. 3.Адасқан объектіні табу (1 минут) 1. Тынық арал 2. Тасман шыбын 3. Цеце көл 4. Таньганика мұхит 5. Виктория шөл 6. Атлас сарқырама 7. Сахара өзен 8. Ніл тау Бағалау. Жұптық жұмыс. 4.№10 Интерактивті тапсырма. (2 минут) Материктің географиялық орнын түсіру: а)шеткі нүктелерін; ә)жағалауын шайып жатқан мұхиттар. Оқушының өзін-өзі бағалауы. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. 5.Семантикалық карта (2 минут) Оқушының өзін өзі бағалауы. Бағалау өлшемі: 10-9 дұрыс - “5” 8-7 дұрыс - “4” 6-5 дұрыс - “3” 4- 0 - “2” | Жобаны қорғайды. Критерийлер арқылы топ бағалаушылары бірін- бірі бағалайды. Берілген тапсырмаларды жұмыс дәптеріне орындайды. Оқушының бір-бірінің жұмысын бағалайды. Кескін картаға Аустралия материгінің берілген обьектілерін түсіреді. Семантикалық кестені толтырады. Бағалау өлшемі бойынша өзін-өзі бағалайды. |
3 минут | Кері байланыс. | |
16.19-16.22 | «Интервью» әдісі. Сіз нені білдіңіз?. Сізге не қиындық туғызды? Сіз үшін жаңа ақпарат не болды? | Тақырып туралы өз ойларын айтып шығады. |
2 минут | Бағалау | |
16.22-16.23 | Бағдаршам арқылы бағалау. Оқушының «Бағалау парағы» бойынша жиынтық бағасын қояды. | Оқушылар өздерінің «Бағалау парағын» толтырады, мұғалімнің қойған бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады. |
1 минут | Үйге тапсырма. | |
16.24-16.25 | §53 оқу, кескін картамен жұмыс. | Үй тапсырмасын дәптерге жазып алады. |