kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Арал экологиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Арал экологиясы атап көрсетілген шаралары аталған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Арал экологиясы»



«М. Мақатаев атындағы №13 орта мектебі» МКМ













«Көктем аруы»







Орындаған: сынып жетекшілер Санатова И.С. Ундашева К.С.

























Өтеген батыр кенті



Көктем аруы" қыздар арасында байқау

Тақырыбы: "Көктем аруы" қыздар арасында байқау.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.

1.Жүргізуші: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
2.Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!
1.Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
2.Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
1.Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1) Асель қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
2) Мадина қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
3) Фатима қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
4) Ақша бетті Бибінұр
Ұқсайды хор қызына
5) Жанерке үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
6) Анель қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
7) Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Айжан да қатарынан қалмаған.
8) Атыңнан айналайын Мөлдір деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
9) Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Шахсанам алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.
10) 5 сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
Айсұлу өнерлі қызымыз.
2. Жүргізуші: Ендігі кезекте аруларымыздың өнер көрсету ретін анықтап алайық. Ол жребий алу арқылы анықталады. Өнер көрсету ретін анықтап алдық, өз орындарыңызға барып жайғаса беріңіздер.
1. Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.
2 - шарт. «Сән үлгісі» Бұл бөлімде байқауға қатысушы бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән киім үлгісін көрсетеді. 3- шарт. «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді. 4- шарт. «Анаға қарап, қыз өсер...» демекші, бұл сайыста біз аруларымыздың анасымен өнерін тамашалаймыз.
5 - шарт. «Қол өнері» - деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, бетке жабыстырады. 2.Жүргізуші: Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстырады. Ендеше І тур таныстыру. 1.Жүргізуші: 2 тур: Сәндік өнер. Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- аруларымыздың өз қолдарынан жасаған киім үлгісін тамашалайық . Аруларымыз дайындалғанша тамаша «Ару ана» әніне кезек берейік. Орындайтындар: 5а сыныбының арулары Айзат пен Аружан. 3- шарт. «Сұрақ - жауап».
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік. Ару қыздарымыз реттік нөмірі бойынша келіп ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ою - өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4, жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
5. Киізге ою - өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
6. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
7. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
8. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
9. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
10. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
11. Қолдан тоқылған суретті - кілем (гобелен)
12. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
13. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
14. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
15. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)
16. Картоптан жасалған ботқа (пюре)
17. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
18. Бағалы металл (алтын)
19. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
20. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
2. Жүргізуші: Ана- адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің достық пен туыстықтың туын тіккен адам. Ана деген адамға Атамекен. Әр адам анаменен адам екен. Бір өзіңе көрсеткен жақсылығын, Бір түңгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- деп кезекті «Анаға қарап, қыз өсер...» сайысын бастаймыз. 1.Жүргізуші: Аналарымыз бен аруларымыз өнерлерін көрсетуге дайын болғанша 5в сынып ұлдарының дайындаған « Ана туралы жыр» әнін тыңдайық.

2. Жүргізуші: 4 шарт. «Қол өнері»
Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі.  1.Жүргізуші: Аруларымыз дайын болғанша келесі кезекті Аналарымызды құттықтай отырып, жыр шумақтарға кезекті берейік. 2. Жүргізуші: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!



































«М. Мақатаев атындағы №13 орта мектебі» МКМ













«Ризашылық пен Алғыс»







Орындаған: сынып жетекшісі Ундашева К.С.











Өтеген батыр кенті

Тақырыбы: Ризашылық пен Алғыс. Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

–          үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;

–          әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер, кеспе бата қағазы,қоржын,интерактивтік тақта

Шаттық шеңбері: Ризашылық

Сөзі мен әнін жазған Луиза Хей

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын, ризамын,

Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Әңгімелесу

  • Алғыс  дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам  өзінің  ризашылығын,  алғысын  қандай  сөздермен  білдіреді?

  • Сендерге  кім  қандай  жағдайда  алғыс  айтты?

  • Өздерің  қандай  жағдайда  алғыс  айтып  көрдіңдер?

Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі

Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Мәтін мен жұмыс «Алғыс»        М. Төрежанов.

( мұғалім мәтінді  оқиды, тізбектеп оқушыларға оқыту)

  • Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?

  • Анасы балаларына алғысты  не үшін айтты?

  • Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?

  •  Сергіту сәті  Оқушыларға жасырын сергіту беріледі, өлең сөздерімен өздері сергітуді айтып шығады.

Сергіту

———————–баламыз,

————————барамыз.

———————–есейіп,

————————боламыз.

Данышпан атамыз бізге Ақботаның қоржынына өзінің алғыс батасын салып жіберіпті.    Сол қоржыннан шыққан хатты  әр оқушы алып оқиды және оның мағынасын ашып айтып кетесіңдер.(қоржындағы әр бата сөзі кеспе қағазда жазылған)

Рахмет!                                                                                                                       Жасың ұзақ болсын!                                                                                                                      Таудайбол!                                                                                                                 Өренің өссін!                                                                                                               Бақытты бол!                                                                                                                             Білімді бол!                                                                                                                            Өнерлі бол!                                                                                                                              Бағың жансын!                                                                                                                        Мұратыңа жет!                                                                                                                              Өнерің өрге жүзсін!                                                                                                                        Азамат бол!                                                                                                                              Еліңе қорған бол! Сахналау:

Балалар өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады. Әлгінде оқыған Данышпан атаның алғыс сөздерін сахналау кезінде қолдануымызға болады.Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа жеке-жеке сахналау тапсырмалары беріледі.

І топ: Мұғалімнің және сыныптастардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау;

ІІ топ: Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау;

ІІІ топ: «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.

(интерактивті тақтада сахналайтын бейнелердің суреттері беріледі)

Дәйексөз «Өмірге риза болып, алғыс айт» тақтада жазулы болу керек.

-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.

 Жаңа ақпарат

Балалар, ризашылық пен алғыс сөздерінде көп мағына жатыр. «Адам  өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Ал өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғысдейміз.»

Дәптермен жұмыс тапсырма

Дәптерде берілген сұлбаға М. Төрежановтың «Алғыс» әңгімесінің мәтіні бойынша кімнің және кімге алғыс айтқанын орналастырыңдар. Бос жолақтарға не үшін алғыс айтқанын жазыңдар.

Қортындылау:

–Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Арал экологиясы

Автор: Джарбасова Айнур Даркановна

Дата: 23.02.2017

Номер свидетельства: 395027

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Каспий те?ізі ж?не оны? экологиясы"
    ["seo_title"] => string(34) "kaspiitienizizhnieonynekologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "294458"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455644267"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ма??ыстау экологиясы."
    ["seo_title"] => string(21) "mangystauekologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "325190"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1462880559"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ма??ыстау экологиясы."
    ["seo_title"] => string(22) "mangystauekologhiiasy1"
    ["file_id"] => string(6) "325191"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1462880568"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "??старды? экологиясы ж?не к?пт?рлілігі. "
    ["seo_title"] => string(45) "k-u-stardyn-ekologhiiasy-zh-nie-kopturlilighi"
    ["file_id"] => string(6) "160190"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422012658"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "«Жала?аш к?лді? суы мен батпа?ыны? емдік ?асиеті ж?не экологиясы»"
    ["seo_title"] => string(63) "zhalanashkoldinsuymienbatpagynyniemdikkasiietizhnieekologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "289039"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454727676"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства