Географической оболочкой Земли называют тонкую оболочку ее вещества, в пределах которой проникают друг в друга и взаимодействуют гидросфера, биосфера, нижние слои атмосферы и верхние слои литосферы. Толщина географической оболочки в составляет около 55 км. У нее нет точных границ. Жизнь на Земле появилась позже, поэтому первоначально географическую оболочку составляли только три оболочки: гидросфера, атмосфера и литосфера.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Свойства географической оболочки»
Географиялық қабықтың
қалыптасуы мен дамуы
Географиялық қабық дегеніміз- жер шарының біртұтас қабығы, оның құрамдас бөліктері (атмосфераның төменгі қабаттары, литосфераның жоғарғы қабаты, гидросфера мен биосфера) бір-бірімен тығыз байланыста болады, олардың арасында ұдайы зат пен энергия алмасуы жүреді.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында осы мәліметтерді талдау мен қорытындылаудың нәтижесінде географиялық қабық туралы ілімнің негізі қаланды.
Географиялық қабық – Жер ғаламшары ауқымындағы ең үлкен табиғат кешені болып саналады. Географиялық қабық туралы идеяны алғаш рет орыс ғалымдары П.Ш.Броунов пен Р.И.Аболин айтқан.
Географиялық қабық табиғатының ішкі айырмашылықтарына байланысты, алып жатқан ауданы әртүрлі аумақтық табиғат кешендеріне жіктеледі.
Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешендері – материктер мен мұхиттар.
Географиялық қабықтың біртұтас болуына қарамастан, оның ірі бөліктеріндегі табиғат кешендері ендік бойынша өзгеріп отырады. Ондай бөліктер қатарына – географиялық белдеулер жатады. Белдеулер жер шарында таралып үлкен шеңбер жасайды, яғни материкті де, мұхитты да кесіп өтеді.
Географиялық қабықтың басты белгілері мынадай:
Біртұтастылық, құрмдас бөліктері арасында зат және энергия алмасу үздіксіз жүреді.
Күн энергиясы ағыны, гравитациялық, жер қойнауының жылу энергиясы және т.б түрер зат айналымын қамтамасыз етіп, бір процестер мен құбылыстарының қайта қайталануын тудырады.
Көптеген табиғи процестер мен құбылыстарға тән ырғақтылық Күн белсенділігінің цикліне байланысты.
Экзогендік және эндогендік күштердің өзара әрекеттесуінен географиялық қабық және оның географиялық фокусы – Жердің ландшафттық сферасы үздіксіз дамиды.
Географиялык ландшафт — құрамындағы табиғат құраушылары (жер бедері, климат, су, топырақ, өсімдік бірлестіктері мен жануарлар) мен морфологиялық бөліктері (фация, қоныс, жергілікті жер) өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар, географиялық қабықтың салыстырмалы түрдегі біртектес бөлігі.“Ландшафт”(нем. land — жер,schaft — өзара байланысты білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымы Л.С. Берг енгізген. Географиялык ландшафтқа тән негізгі көрсеткіштер қатарына аумақтың біркелкі сипаты, құраушыларының біртекті ұштасуы, құрылымының кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы, зат және энергия алмасуының біртектестігі жатады.