Оралды? географиялы? орны, геологиялы? ??рылымы ж?не пайдалы ?азбалары, ?зендері мен к?лдері таби?ат зоналары, ?сімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін ке?ейту;
Жа?а технологияны ме?герту ж?не ?осымша тапсырмалар беру негізінде, логикалы? ой – ?рісті дамыту;
Т?рбиелік:
Таулар туралы т?сінік бере отырып, таби?ат к?ркемдігін т?сіне білуге ?йретіп, эстетикалы? т?рбие беру, экологиялы? сауаттылы??а баулу;
Саба?ты? типі:
Жа?а білімді ме?герту.
Саба?ты? т?рі:
Аралас саба?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Презентация. Орал тауы »
8 сынып
Сабақтың тақырыбы:Орал Тауы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оралдың географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: Жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой – өрісті дамыту;
Тәрбиелігі: Таулар туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;
Үй тапсырмасын қайталау
1 топ
Сарыарқа Орталық Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр.
Ол батыста ______ үстіртімен, шығыста _______ тау жүйесімен, солтүстігінде
______ жазығымен, оңтүстік – батысында _______ шектеседі.
Батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы _____ км, ені шығыс бөлігінде ____ км,
батыс бөлігінде ______ шамасында.
2 топ
Мұхиттан алыс жатқандықтан Сарыарқаның климаты _____, ______
болып келеді. Қысы ______, қаңтардың орташа температурасы
______. Суық күндері ______ дейін төмендейді. Жазы ______, ыстық, шілденің орташа температурасы ________, кейде ______ дейін көтеріледі.
Мына кестені толтыр:
Қазақстанның 9 физикалық -географиялық аймақтары
1. Шығыс Еуропа жазығы
2. Солтүстік Қазақ жазығы
3. Тұран жазығы
5. Орал
6. Алтай
4. Сарыарқа
9. Тянь-Шань
7. Жетісу Алатауы
8. Сауыр-Тарбағатай
І.Орал тауына физикалық -географиялық сипаттама
1.1. Географиялық орны
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.
Орал тау жүйесі
1.2.Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке.
Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген.
Пайдалы қазбалары
хромит
никель
кобальт
мыс
Кен орындар
Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтау кен орыны
Біршоғыр бойында көмір кені
Орал-Ембі өзен аралығында
Жаңаталап (1964)
Гран және Октябрьское (1969)
Мартыши (1962)
Оңтүстік Батыс Қамысты (1962)
1.4. Климаты
Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.
1.6. Өсімдіктері мен жануарлары
Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі.
Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан түрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі
1
Ақтолағай қырқасы
Ақтолағай қырқасы
2
Орал алды үстірті
Орал алды үстірті
3
Мұғалжар тауы
Мұғалжар тауы
Орал тауының бөліктері
Орал алды(Жем)үстірті
Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Үстірттің абсолюттік орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады.
Мұғалжар тауы
Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).
Ақтолағай қырқасы
Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Сағыз бен Жем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 90 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 10 км, ең биік жері – Қияқты тауы (217 м). Каспий маңы ойпатымен жапсарласып, Жем өзенінің оң жағалауында жатыр.
Ор
Ойыл
Орал тауынан бастау алатын өзендер
Жайық
Елек
Жем
(Ембі)
Қайнар
Жайық өзені –
Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының және Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.
Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Атырау облыстары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 712 км, су жиналатын алабы 40 мың км²-ге жуық. Жем Мұғалжар тауының 365 метрлік оңтүстік-батыс беткейінен басталады. Каспий ойпатының шығысын бойлай ағады. Каспий теңізіне жетпей тартылып қалады. Негізінен қар суымен толығады
Жем(Ембі)
Қайнар
Жем алабындағы өзен. Атырау обл-ның Жылыой ауд. жерімен ағып өтеді. Ошан тауының солт. етегіндегі бұлақтан бастау алады. Ұз. 144 км, су жиналатын алабы 3160 км2. Арнасы тік жарлы.
Негізінен еріген қар және жер асты суларымен толығады. Өзенге ұз. 10 км-ден аспайтын бірнеше кішігірім салалары қосылады. Көктемде ағыны 7 – 10 күндей үзіліссіз болады. Суы ащы. Кей жылдары өзен суы тартылып қалады.
Ойыл
Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жерімен ағады.Ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 31 мың км2, Ақтөбе облысындағы Қандыағаш темір жол станциясының солтүстік-батысында 50 км жерден басталып, Тайсойған құмында (Атырау облысы) бірнеше тармаққа бөлінеді, құмнан өте бірнеше көлге құяды (ертеде Жайық өзеніне құйған). Жер асты, жауын-шашын суымен толығады.
Елек, Елік
Жайық алабындағы өзен. Қазақстанның Ақтөбе (Алға, Ақтөбе, Мартөк ауд-ндары), Батыс Қазақстан (Бөрлі ауд.) обл-тары жерімен ағып өтеді. Су жиналатын алабы 41,3 мың км . Ұз. 623 км. Жайыққа сол жағынан құяды. Қар және жерасты суымен толығады.
Ор
Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Мұғалжар, Хромтау аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 314 км, су жиналатын алабы 18600 км2. Ірі салалары: Қамысақты, Ойсылқара. Жауын-шашын, ішінара жер асты суымен толысады. Суы көктемде тұщы, жазда сәл кермек татиды. Өзен суы шаруашылық мұқтажына, мал, бау-бақша суаруға, балық өсіруге пайдаланылады.