kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойына арналған тұсаукесер (презентация) және видео байқау «Қазақстан туған елім, ұлы өлкем»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан туған елім, ұлы өлкем»

Сабақтың мақсаты:

А) білімділігі: Тәуелсіздікке қолымыз қалай жеткені жөнінде қазақ ұлтының ер ұлдары туған жерін, сүйікті елін жаудан ақ найзаның ұшымен, жұмыр білектің күшімен қорғап, ел тарихын өз қандарымен жазып кеткендері туралы түсінік беру.

Ә) дамытушылығы:Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.

Б) тәрбиелігі: елін, жерін мейірлене сүйе білген алып тұлғаны батырларымыздың жүрегі, адамгершілік, парасаттылық, кісілік, жомарттық, ақындық, шешендік т.б  қасиеттерін үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, қажыр-қайраты, ерік-жігері мол, ынтымақшыл, білімді болып өсуіне бағыт беру.

Сабақтың типі: Сыныптан тыс шара

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрнекі, сөздік, сұрақ-жауап, практикалық

Сабақтың көрнекіліктері: Дайын тұсаукесер (презентация), видеороликтер, суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру (жарысқа қатысушылар мен әділқазы алқасын таныстыру)
  2. Дайын жұмыстарды қорғау  (слайд, видеороликтер)
  3. Қорытындылау (әділқазыларға сөз беру)
  4. Марапаттау

Ашылуы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Жүргізуші:

Атыңнан айналайын, Егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

1986 жылы Желтоқсан атты оқиға болды  Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүниежүзіне танылуда. Біздің Отынымыз-егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті.

Қазақстан Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын

Алтын Заңын құтты болсын қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын алыбым!- дей келе бүгінгі 10-11 кластар арасындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан туған елім, ұлы өлкем» атты тұсаукесер (презентация) және видео байқау сайысын ашық деп жариялаймын. Қош келіпсіздер!

  1. Сайысқа қатысушы оқушыларды таныстыру.

 

Таныстырып таңдамалы оқушыны,

Ұшталсын деп тілейік қаламдары

Алғашқы  айналым да басталыпты,

Сәтті болсын әрдайым қадамдары

Топ алдында шығады басын иіп,

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер шәкірттері,

Сәті келіп қалғандай танысатын

-деп «Таныстыру» атты кезеңді бастаймыз.

  1. Әділқазы алқасымен таныс ету.
  2. Негізгі бөлім

 

Жүргізуші:

 

Компьютер сенің көмекшің

 

Қаламын әрі қағазын

 

Керек емес демессің

 

Аздаған болса хабарың

 

Үйрену керек бәрін де-

 

Ақпараттың заманын-дей келе компьютер қазіргі таңдағы сұранысқа ие нәрсе.

« ХХІ ғасыр-компьютер заманы»-деп тектен-тек айтылмаса керек.  Біз тәуелсіз елдің саналы ұрпағы компьютер тілін меңгеруіміз керек.

 

Мынау ұшқыр заманда,

 

Жаңалық енді ғаламға

 

Компьютер тілін  меңгеру,

 

Қажеті туды адамға

 

Олай болса Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойына арнап,оқушылардыңкомпьютердің көмегімен дайындаған тұсаукесер (презентация) және видео байқауын тамашалайық.

 

Әр қатысушы өз жұмысын қорғайды.

 

Жұмысты бағалау критерийі:

 

  1. Жұмыстың мазмұнына қарай;
  2. Көркемделуіне қарай (эстетикалық деңгейі);
  3. Жабдықталуы (мәтін, сурет, видео, эффект, анимация);
  4. Регламент сақтауы (3-5 минут аспауы тиіс)

11 «Ә» сынып оқушысы Жексенбай Диананың орындауында қазақ биін тамашалағыздар.

4.Қорытынды бөлім

Әділқазылар алқасына қорытынды сөз беру.

5.Марапаттау.

Жүргізуші:

Береке күннен күнге тола берсін,

Ырыс-құт басымыздан аса берсін

Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде

Қазақстанымыз ілгері аяқ баса берсін

Қазақстанымыздың Тәуелсіздік мерейтойы құтты болсын! Елміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

10 «А» сынып оқушысы Дулаттың орындауында «Адай» күйін тамашалаңыздар.

         Осымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойына  арналған «Қазақстан туған елім, ұлы өлкем» атты тұсаукесер (презентация) және видео байқау өз мәресіне жетті. Баршаңызға алтын уақыттарыңызды бөліп осы аталмыш шараға келгендеріңіз үшін мың алғыс. Кездескенше күн жақсы.

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Жұмағалиева Айнагүл Бекқалиқызы

Дата: 20.12.2017

Номер свидетельства: 445504


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства