Сабақтың басы | Оқушылармен амандасу.Түгендеу.Сабаққа дайындығын тексеру, ынтымақтастық ортасы мен психалогиялық ахуал туғызу үшін «Өзіңізге тілегенді-басқаларға тілеңіз!» тәсілін қолдану.( әр оқушыға 5-10 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Тілектерді топ ішінде бір-біріне де айтуға болады) Жер қабықтарының құрамдас бөліктері жазылған қағаздар таратылады, сол бойынша топқа бөлінеді І-топ Атмосфера ІІ-топ Гидросфера ІІІ-топ Литосфера ІV-топ Биосфера «Зымыран сұрақтар» әдісі: Жердің ішкі құрылымда қандай қабықтар бар? ( жер қыртысы, мантия және ядро ) Литосфера дегеніміз не? (Литосфера деп Жердің қатты қабаты ) Жердегі организмдер қай қабаттарда таралған? ( литосфераның беткі, атмосфераның төменгі қабаттары мен гидросферада;) Жер өзінің құрылымына қарай қандай металдардан тұрады. (темір , никель, кремний, алюминий, магний, кальйий және т.б).
Критерийлері | Дескрипторлар | Жер қабықтарын ажыратып атай алады. | Жер қабықтарына сипаттама береді. |
|
Жер қабықтарының құрамдас бөліктері жазылған қағаздар таратылады.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
|
Сабақтың ортасы
| «Ойлан,Жұптас, Бөліс» әдісі ( әр топқа тапсырма берілгеннен кейін әрбір оқушы жекеше өз ойларын мен пікірін берілген уақыт ішінде 3-5 минут қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі.Содан кейін топ болып талқылап, шешім қабылдайды. Оны постер ретінде жасап, басқа топтармен бөлісіп, пікірлеседі. Әр топқа 4 тапсырма. І-топ Атмосфера Атмосфера 
ІІ-топ Гидросфера 
ІІІ-топ Литосфера\ 
 

ІV-топ Биосфера Биосфера   ![]() ![]()  
Критерийлері | Дескрипторлар | Жер қабықтарының өзіндік ерешеліктерін анықтап талдай алады. | Жер қабықтарының құрамдас бөліктерін сипаттайды. |
Саралау тапсырмасы. Кесте толтырыңыз . 7 мин Жердің сыртқы қабығының атаулары | Жер қабығының сипаттамасы | Жер қабығының құраушысы | А) Атмосфера | | Торпосфера, озон қабаты , стратосфера | В) | | Мұхиттар, теңіздер, өзендер, батпақтар, көлдер, жер асты сулары | С) Литосфера | Қатты қабығы | | Д) | «өмірдің саласы », оны тірі организмдер және олардың тұратын ортасы құрайды | |
Сөздікпен жұмыс . 5 мин Сөздіктен дәптерлеріңе тропосфера , стратосфера, озон қабаты деген ұғымдардың мағынасын жазып алыңдар.\
Сергіту сәті «Айна» Оқушылар жұптасып бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Музыка әуенімен, олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. 1-2 минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
| Оқулықты қолданып жұмыс жасайды.
Жеке жұмыс әр оқушыға кесте беріледі.
|
Сабақтың соңы
|
«Шындықты тап » стратегиясы 5 мин Әр топ тақырыпқа қатысты 3 тұжырым жазыңыз, оның біреуі “жалған” болуы керек. мысалы: Литосфера — жер қабығы жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Биосфера - жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық - литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Гидросфера- химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. 2. Өз тұжырымдарыңызды басқа топқа беріңіз. 3. Екінші топ тұжырымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.
Критерийлері | Дескрипторлар | Жер қабықтарының ерекшіліктерін ажырата алады. | Жер қабығының өзіне тән ерекшеліктерін сипаттау. |
Бағалау. «Бас бармақ» стратегиясы бойынша |
Жұптық жұмыс |
Кері байланыс 3 мин | «Сабақта үйренгенін бағалау» Ұнады | Неліктен? | Қиын болды | Неліктен? |
Үйге тапсырма: 1 мин Әр топ өз тақырыптарына байланысты мақал мәтел,сөзжұмбақ дайындау. | -не ұнады? -не ұтымды болды? -нені жетілдіру, толықтыру керек. |