1. Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. 2. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. 3. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сенің құқығын ашық тәрбие сағаты»
Тәрбие сағатының тақырыбы:«Сенің құқығың» Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. 2. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. 3. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру. Сабақтың кернекілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер. (Слайд түрлерінде.) Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жағдаят шешу, шығармашылық Барысы: І.Психологиялық даярлық ІІ. Құқық туралы жалпы түсінік-Видео ІІІ. Сенің құқығың – менің құқығым (Оқушы құқығы) IV. «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу) V. Жалғасын тап (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру) VI. Қорытынды
Мұғалім: - Осы сүреттерді не байланыстырады?(құлиленүшілік)
Ол қашан ыдырады (476 ж. Рим империясында)
Құл мен адам арасында қандай айырмашылығы бар?
ҚҰЛ
АДАМ
Мұғалім: Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Сенің құқығын»
Психологиялық даярлық:
Мақсатымыз – білім алу, Міндетіміз – еңбектену, Әр оқушы өз құқығын білу, Оны өмірде пайдалану. Мұғалім: Тәрбие сабағымызды бастамай түрып осы бүгінгі кездесуіміздің мәні болып түрған мына қанатты сездерге назар аударайық.
Қанатты сөздер: Қолыңда болса бір билік, Қарғаға залым болмаңыз. Алдыңа келсе бітпес дау, Әділін айтып қорғаңыз. /Төле би./ «Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану – шөлге жауған жаңбырдай қайырымды» /385 - хадис Мұхамбет Пайғамбар/ «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы. «Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев.
«Где кончаются законы, там начинается тирания».У.Питт, Великобритания премьер-министрі.
«Свобода есть право делать все, что дозволено законами».Ш.Монтескье, француз ағартушысы.
«Ой сергіту»
Мұғалім: Құқық деген не? Адамға құқық не үшін керек? Қалай ойлайсындар? Осы сұрақ барлық заманда өзекті болған. Қандай заңдар жинағын білесіндер? (Хаммурапи, Ману заңдары)
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік Кішкене тарихи шегініс жасайық. Видео. Оқушы:
Біздің елімізде ең алғашқы заң негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Заң жинағы «Адат» деп аталады. Негізгі баптары: Атамекенді Жерұйық деп білу, оны жаудан қорғау, жер –суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалды ақылмен шешу, кінәләні жазасыз қалдырмау.
Мұғалім: Құқық дегеніміз – заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен.
Елдің басты саяси құқықтық құжаты - ҚР - ң Конституциясы –Конституция латынның «constitutio» сөзінен шыққан «құрылым» деген мағына береді.
Қазақ мемлекетінің тарихында 5 Конституция болды. Олар: ҚАССР-ның 1924 ж., қазақ КСР-нің 1937 және 1978 жж. конституциялары. ҚР Конституциясы 1993ж 28 қаңтарда, кейін 1995ж 30 тамызда қабылданды. Заңды парламент шығарады. ҚР Конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады. Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция»2 бөлім 54 баптан тұрады қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
1 тапсырма:
жеке басының бостандығына еңбек етуге демалуға білім алу Азамат құқығы ар - ожданды сақтау өмір сүру жеке меншік иесі болуға денсаулығын сақтауға тұрғын үй иесі болу ойды еркін айту
Адам құқығы
Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді;
2. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
3. Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
4. Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата-анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
5.Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
6. Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
7. Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
8. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
9. Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
10. Бала өз ойын еркін айтуға құқылы
«Сенің құқығың»(Ертегілер елінде) . 1-ертегі. «Ұр, тоқпақ» ертегісі. «Ұр, тоқпақ» ертегісінде кедей шал Қазбайға жасаған жақсылығы үшін алған «Піс, қазанын», «Құс есегін» алып қалған балаларды «Ұр, тоқпақтың» көмегімен өздерінің теріс қылықтарын түсіндіріп, «Піс, қазанын», «Құс, есегін» қайтарып алады. Бұл жерде қандай құқық жөнінде айтуға болады? Құқық бұзылды ма? (Иә). (Егер бала тәртіп бұзса да, оларды қанау түрлеріне жол берілмейді) 2- ертегі. «Алтын сақа» ертегісі. Сақасын алуға келген баланы Жалмауыз кемпір ұстап алып, өлтірмекші болып, баланың өміріне қауіп төндіреді. Оқушылар бұл туралы конвенцияда не айтылған? Бала құқығы бұзылды ма? (Иә, бұзылды. Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауы тиіс) «ҚР Бала құқығы заңы», 10 бап, 1-тармақ. ІV. «Ойды аяқта» 1. Ұрлық түбі... (қорлық) 2. Біреуге ор қазба... (өзің түсесің) 3. Заңның құқығы ... (бәрінен ұзын) 4. Өтірікшінің құйрығы .... (бір тұтам) 5. Тура биде .... (туған жоқ) 6. Туғанды биде ... (иман жоқ) 7. Қолыңмен істегенді ... (мойыныңмен көтер) 8. Еңбек түбі ... (зейнет) V. Жағдаяттық сұрақтар. (ҚР азаматтығы туралы заңымен жұмыс) І- топқа. Мәдина түрік жігітіне тұрмысқа шықпақшы, бірақ ата-анасы қарсы. Себебі, олар Мәдина ҚР азаматтығын жоғалтады деп қорқады және өз еліне келе алмайды деп алаңдайды. Мәдина азаматтығын жоғалта ма? (7 бап- жоғалтпайды) 2-топқа. Қарт адам Париж қаласындағы ҚР елшілігіне келіп, оған ҚР азаматтығын беруді өтінді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген халықаралық соттың шешімімен өмір бойы тордың ар жағында отыруы керек қылмыскер болған. Оған азаматтық беріле ме? (17 бап. Берілмейді)
Қорытындылау:
құқықтары
міңдеттері
жеке басының бостандығына еңбек етуге демалуға білім алу Азамат құқығы ар - ожданды сақтау өмір сүру жеке меншік иесі болуға денсаулығын сақтауға тұрғын үй иесі болу ойды еркін айту
Конституция мен заңдарды сақтау адамдардың құқығын, бостандығын, қадір - қасиетін құрметтеу Азаматтың негізгі міндеттері ҚР - сын қорғау рәміздерді құрметтеуге салықтарды төлеуге табиғатты сақтау