Сабақтың тақырыбы: Металлургия кешені. Қара металлургия.
Мақсаты: Құрылымдық материалдар кешендерінің маңызы мен құрамы туралы білім беру, оқушылармен бірлесе отырып оның Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтау, металлургиядағы өндіріс үрдістерінің реттілігін көрсету, еліміздің металлургиялық базаларын анықтап, сипаттама беру.
Көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, суреттер
Білу: Металургия кешені туралы білу
Түсіну: Қара металлургия өнімдері, кәсіпорындарының типтері және өнеркәсіптің орналасу заңдылықтарын түсіну.
Қолдану: Металлургия кен орындары мен өндірілетін зауыттарды картадан анықтау.
Талдау: Қара металлургия және оның қоршаған ортаға әсері туралы түсіндіру
Жинақтау: Металлургия зауытына сипаттама беру арқылы орналасу факторын анықтау және болат пен шойынға салыстырмалы сипаттама жасау.
Бағалау: Қара металлургияның қоршаған ортаға тудыратын экологиялық проблемалары туралы іздену.
Күтілетін нәтиже: Құрылымдық материалдар кешендерінің маңызы мен құрамы туралы білім алады, оның Қазақстан экономикасындағы рөлін анықтайды,еліміздің металлургиялық базаларын анықтап, сипаттама береді.Топтық жұмысқа үйренеді.