kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Гүлдей бер, менің туған жерім!» атты "Қазақшаң қалай, балақай" облыстық байқауына ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағаты.

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Абдыгалиева Анар Сериковна.

Тақырыбы: «Гүлдей бер, менің туған жерім!».

Мақсаты: Балалардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Болашаққа деген сенімі, ой-өрісі дамиды. Балалар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: АКТ, көрме, текшелер, бесік.

Сөздік жұмысы: ұлы жібек жолы, ежелгі металлургия, алтын адам, аң стилі, түркі әлемінің бесігі.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, құрастыру, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

Балалар безегдірілген залға кіреді. Қонақтармен амандасады.

ҚР әнұраны орындалады.

Шаттық шеңбер:

Алақанды ашайық,

Күннің көзін жасайық.

Таза ауаға қол сермеп,

Жүрек жылуын жасайық.

Мейірімділік шоғын біз,

Қонақтарға жасайық.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Педагог: -Балалар біз сендермен бүгін мұражайға барамыз. Барғыларын келе ме?

Балалардың жауабы.

Педагог: Жақсы. Ендеше менің артымнан барамыз.

Ұлы жібек жолы - Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.

Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды.

Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды.

Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды.

Педагог: -Ұлы даладағы ежелгі металлургия

Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.

Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.

Педагог: -Балалар қараңдаршы, мұнда текшелер шашылып қалыпты. Оны орнына қойып көрейік сонда сурет шығады.

Аң стилі

Алтын адам

Сергіту сәті:

Құлыншақ, құлыншақ,

Шапқылайсың даламен.

Дос болсаншы құлыншақ,

Мен сияқты баламен.

Педагог: (Бір кезде кішкентай баланың жылаған дауысы естіледі) –Балалар бұл кімнің дауысы? Кім жылап жатыр?

Балалардың жауабы.

Педагог: -Түркі әлемінің бесігі

Балалар бесікті тербетеді, ән айтады.

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Педагог: - Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны.

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта  теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.

Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ, ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.

Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.

Педагог: - Осымен балалар біздің мұражай ішімен саяхатымыз аяқталды. Балабақшаға оралайық.

Балалар орындарына отырады.

Қорытындылау.

Педагог: - Балалар мен сендерге сыйлық ретінде Алматы қаласынан әкелген алма алып келдім.

Қонақтармен қоштасу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Гүлдей бер, менің туған жерім!» атты "Қазақшаң қалай, балақай" облыстық байқауына ашық сабақ»

Тәрбие сағаты.

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Абдыгалиева Анар Сериковна.

Тақырыбы: «Гүлдей бер, менің туған жерім!».

Мақсаты: Балалардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Болашаққа деген сенімі, ой-өрісі дамиды. Балалар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: АКТ, көрме, текшелер, бесік.

Сөздік жұмысы: ұлы жібек жолы, ежелгі металлургия, алтын адам, аң стилі, түркі әлемінің бесігі.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, құрастыру, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

Балалар безегдірілген залға кіреді. Қонақтармен амандасады.

ҚР әнұраны орындалады.

Шаттық шеңбер:

Алақанды ашайық,

Күннің көзін жасайық.

Таза ауаға қол сермеп,

Жүрек жылуын жасайық.

Мейірімділік шоғын біз,

Қонақтарға жасайық.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Педагог: -Балалар біз сендермен бүгін мұражайға барамыз. Барғыларын келе ме?

Балалардың жауабы.

Педагог: Жақсы. Ендеше менің артымнан барамыз.

Ұлы жібек жолы - Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.

Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды.

Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды.

Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды.

Педагог: -Ұлы даладағы ежелгі металлургия

Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.

Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.

Педагог: -Балалар қараңдаршы, мұнда текшелер шашылып қалыпты. Оны орнына қойып көрейік сонда сурет шығады.

Аң стилі

Алтын адам

Сергіту сәті:

Құлыншақ, құлыншақ,

Шапқылайсың даламен.

Дос болсаншы құлыншақ,

Мен сияқты баламен.

Педагог: (Бір кезде кішкентай баланың жылаған дауысы естіледі) –Балалар бұл кімнің дауысы? Кім жылап жатыр?

Балалардың жауабы.

Педагог: -Түркі әлемінің бесігі

Балалар бесікті тербетеді, ән айтады.

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Педагог: - Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны.

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта  теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.

Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ, ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.

Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.

Педагог: - Осымен балалар біздің мұражай ішімен саяхатымыз аяқталды. Балабақшаға оралайық.

Балалар орындарына отырады.

Қорытындылау.

Педагог: - Балалар мен сендерге сыйлық ретінде Алматы қаласынан әкелген алма алып келдім.

Қонақтармен қоштасу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Абдыгалиева Анар Сериковна

Дата: 13.01.2020

Номер свидетельства: 535595


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства