Сабақтың тақырыбы. Гимнастика.Кермеге шығу әдістерін үйрету.
Сабақтың мақсаты . Кермеге шығу әдістерін меңгеруге жетісу. Сабақтың міндеті . 1. Оқушының төзімділігін, күш-жігерін, шапшаңдығын және координациясын дамыту . 2.Еңбекқорлық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу . 3.Гимнастикалық жаттығу элементерін үйретуге жетісу . Сабақтың түрі . Үйрету .Әдіс-тәсілі . Жекелей, топтық, ойын, жүйелі . Көрнекті құралдар . Гимнастикалық төсеніштер.
Сабақтың мазмұны .
уақыты
Әдістемелік нұсқаулар
I
II
III
Кіріспе бөлім.
Сапқа тұрғызу. Оқушы мәліметін қабылдау. Сәлемдесу,бір орнында тұрып саптағы жаттығуларды орындау. Солға залды айнала қадам бас. Жүру: аяқтың ұшымен,өкшемен, аяқтың сыртыжәне ішкі қырларымен. Жартылай отырып жүр, толықтай отырып жүр. Жүгіріп жасалатын жаттығулар : Оң және сол иықпен, артпен жүгіру. Бұрыштан-бұрышқа тізені алға көтеріп жүгіру. Аяқты артқа қарай сермеп жүгір. Аяқты дүзу ұстап алға сермеп жүгір.
Жалпы дене жаттығулары :
Аяқтың арасын алшақ ұстап,қолдың ұшын иыққа тигізіп қолды айналдыру,1-4 алға, 5-8 артқа. Қалыпты жағдайда қолды жоғарыға созып екі қолды аяқтың ұшына көтеру. Қалыпты жағдайда оң қол жоғарыға.Сол қол белде.Жанға иілу 1-2 сол жаққа, 3-4 оң жаққа. Екі алақан кеуде тұсында қолды екі жаққа созу,1-2 алға, 3-4 артқа. Қолды белге ұстап, белді айналдыру 1-4 оңға,5-8 солға. Екі аяқты алшақ қойып, бір яқты тізеден бүгіп, бүгілмей түзу тұрған аяққа қарай еңкею.
Екі аяқты алшақ қойып денені айналдыр. Екі аяқты алшақ ұстап алға қарай иілу: 1. оң аяққа 2. ортаға 3.сол аяққа Екі қолды тізеге ұстап, тізені айналдыр 1-4 ішке,5-8 сыртқа. Қолды жанға созу, жұдырықты түю. Денені тіктеп қолды жоғары ұстау. Денені тіктеп қолды жанға ұстау. Денені тіктеп қолды шынтақтан бүгу. Негізгі қалыпты қолды белге ұстау. Аяқты иықпен теңестіре тұру, қолды белге белге ұстау. Аяқты иықпен теңестіре тұрып,қолды төмен ұстау.
Негізгі бөлім .
Кермеге шығу әдістерін айтып және көрсетіп түсіндіру .Керменің үстіне айналып шығу, бұл қолдың күшін дамытатын, қарын және аяқ бұлшық еттерін нығайтатын аса тиімді жаттығу. Жаттығуды жақсы игеру үшін мына қимылдарды игеру керек :
1. кермеге шығу әдісі.2. кермеге асылып, денені түзу ұстау.3. қолдың күшімен жоғары тартылу.4.денені ие отырып ішті кермеге тигізе асылып түсу.5. қолдың көмегімен кеудені көтере тез тұзеліп, аяқты түзу ұстау.
Қортынды бөлім :Оқушыларды сапқа тұрғызу,сабақты қортындылау. Бағалау, үйге тапсырма беру.
11-15 мин.
2 мин
1х20
1х20
3-4 рет
5-6 рет
5-6 рет
4-5 рет
5-6 рет
3-4 рет
3-4 рет
6-8 рет
8-10 рет
4-5 рет
4-5 рет
25-30
мин.
3мин.
2-3рет
2-3рет
5мин.
Бір қатарлы сапқа тұру.Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.Оңға!Солға!Айнал!
Қол желкеде. Денені түзу ұста!
Сол иыққа қара.Аяқты алма кезек көтеріп,арқаны түзу ұстайды, қолды шынтаққа бүгеді. Қолды төмен ұстап, өкшені алма-кезек алақанға тигізу.Қол бүйірде, арқаны,аяқты түзу ұстап,аяқтың ұшымен жерге қону.дем алу,демді шығару .Тепе-теңдікті сақтау,әрбір қозғалыстан кейін қолды ауыстырып тұрамыз.Жаттығуды орындағанда шынтақпен бүкпе. Жаттығуды асықпай орындаған жөн.
Қолды желкеге ұста.
Тізені бүкпей орындаған жөн. Денені тіке ұстап,алға қарап орында. Денені тік ұстау. Шынтақты бүкпей денені тік ұстау.