жалпы дамыту жаттығуын орындау.
2. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын
ұйымшылдыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.
3. Ептілік , күш, жылдамдық қабілеттерін одан әрі дамыту.
р\с | Сабақтың мазмұны | Мөлшері | Әдістемелік нұсқаулар |
І. Кіріспе –дайындық бөлімі -10 мин. |
1 | Сыныпты қатарға тұрғызу. Рапорт қабылдау. Сабақтың мақсатын түсіндіру. | 1/15 12// | Оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару. |
2 | Залды айнала саппен жүру, жүрген кезде әр адымға қолды жоғары көтере керіле жүру. а) Қолды мықынға қойып өкшемен жүру. ә) Қолды мықынға қойып жартылай отыра жүру. б) Қолды желкеге қойып, толық отыра жүру. | 0,5 ш 0,5 ш 0,5 ш | Денені тік ұстау. Аяқ тізеден бүгіледі. Ара қашықтық сақтау. |
3 | Жеңіл жүгіру. а) Қолды мықынға қойып оң, сол бүйірімен жүгіру. ә) Аяқты артқа сермей жүгіру. б)Артпен шегіншектей жүгіру. | 1 шеңбер 1ш 1ш 1ш | Ара қашықтық сақтау. Қолды артқа ұстау керек. Сол иық арқылы қарау керек. |
4 | 3 қатарлы саппен жүріп, келіп гимнастикалық орындыққа отырып, жалпы дамыту жаттығуын орындау. | | 1,2,3 санағын жүргізу. 3 қа- тарлы саппен солға бұрыл. |
1-жаттығу | Б.қ. Орындыққа атша отыру, қол бір-бірінің иығында. 1-Оң қолды артқа сермеу. 2-б.қ. 3- Сол қолды артқа сермеу. 4- б.қ. | 4 рет | Жаттығуды санақ бойынша орындау. |
2-жаттығу | Б.қ. Қолды жанға жайып ұстау. 1-жанға иіліп, қолды еденге тигізу. 2-б.қ. 3-екінші жанға иіліп, қолды еденге тигізу. | 4 рет | Бірі оңға иілгенде, екіншісі солға иілу керек. |
3-жаттығу Ойын шарты. | Б.қ. Орындыққа атша отыру. «Кім жылдам ойыны» Бастаушының қолында доп болады, мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші үшіншіге, төртіншіге осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы отырған ойыншы допты ала салып, қайта алға жалғастырады. Допты бастаушыға қай команда бұрын жеткізсе, сол команда жеңіске жетеді. | 2 рет | Ойын шартын қатаң сақтау керек. |
4-жаттығу | Б.қ. Орындықтың үстіне тұру, қол бір-бірінің иығында. 1-сол жаққа иілу. 2- б.қ. 3-оң жаққа иілу. 4- б.қ. | 4 рет | Жаттығуды біркелкі әдемі орындау. |
5-жаттығу | Б.қ. Орындықтың үстіне тұру, қол бір-бірінің иығында. 1-4 оң аяқта тұрып, сол аяқты артқа созу. 5-6 б.қ. Келесі аяқпен де солай. | 4 рет | Бір аяқта теп-теңдік сақтау. |
6-жаттығу. Ойын шарты | Б.қ. аяқтың аралыған ашып орындықтың екі жағына еденге тұру. «Кімдер жылдам» ойыны (екінші түрі) Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші тұрған ойыншы қолындағы допты аяқтың арасынан орындықтың үстімен домалатады, екінші үшіншіге осылай допты соңғы ойыншыға дейін жалғастырады. Сөйтіп, ең соңғы ойыншы допты қабыл алысымен тез жүгіріп, өх командасының алдына тұра қалып, капи-танға аяқтың арасынан береді. Кімнің командасы ойынды осы жолмен бірінші аяқтаса сол команда жеңіске жетеді. | 2 рет | Ойыншылар артқа бір адым шегініп отыруы керек. |
7-жаттығу | Б.қ. Аяқтың аралығын ашып орындықтың екі жағына еденге қойып тұру. 1-орындыққа секіріп шығу. 2-жерге секіріп түсу. | 4 рет | Жаттығуды біркелкі санақ бойынша орындау. |
8-жаттығу | Б.қ. Бетті орындыққа қаратып тұру. 1-орындыққа секіріп шығу. 2-алға секіріп түсу. 3-айнала артқа секіріп бұрылу. | 4 рет | денені сәл алға иіп секіріп шығу |
9-жаттығу . Ойын шарты | Б.қ. Аяқтың аралығын ашып, орындықтың екі жағына еденге қойып тұру. «Бір жоғары, бір төмен» ойыны. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші тұрған ойыншы допты басынан асырып екіншіге, екінші аяғының арасынан үшіншіге, үшінші басынан асырып төртіншіге бір жоғары, бір төменнен соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, команданың басына жүгіріп келіп, тұра қалып бұрыңғыдай етіп ойынды жалғастыра береді. Ойынды бірінші бастаған ойыншыға дейін қай команда бұрын бітірсе, сол команда жеңіске жетеді. | 2 рет | Ойыншылар бір адым артқа үнемі шегініп отыруы керек. |
5 | Жалпы дамыту жаттығуын аяқтап, сыныпты 3 қатарлы сапқа тұрғызып, сабақтың негізгі бөлігіне көшу. | | |
ІІ. Негізгі бөлім-30 минут |
6 | Қозғалыс ойынын ұйымдастыру. а) Команда капитанын анықтау. ә) Командаға ат қою. | 15// | Әр топ өзінше кездесу |
1-ойын | «Кім жылдам» (ойын шартын қосымша түсіндіру) | 1 рет | Ойын шартын сақтау. |
2-ойын | «Мәреге кім бұрын» Мұғалімнің берген белгісі бойынша сөре сызығынан жүгіріп шығып жалаушадан айналып, шеңберден өтіп, жалаушадан айналып тура жүгіріп келіп екінші ойыншыға таяқшаны береді, ол таяқшаны алысымен сөреден жүгіре шығып ойынды бірінші ойыншы сияқты жалғастырады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұрады.Ойынды бірінші бастаған ойыншыға дейін қай команда бұрын бітірсе, сол команда жеңіске ие болады. | 1 рет | Жалаушадан көрсетілген бағытта толық айналу керек. Шеңберден өткен кезде құлап қалмауға көңіл бөлу. |
3-ойын | «Допты алып келіп, қайтып тік» Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, белгілі орында тұрған доптарды бір-бірден сөре сызығындағы белгілі орынға орналастыру керек. Орналастырып болысымен келесі ойыншыға қол тигізеді. Екінші ойыншы допты бір-бірден белгілі орынға орналастыру керек. Орналастырып болысымен үшінші ойыншыға жүгіріп келіп қолын тигізеді. Ол жүгіріп шығып доптарды тәртіп бойынша сөре сызығына орналастырады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды бірінші бастаған ойыншыға дейін қай команда бұрын бітірсе 3 ұпай, екіншісі 2 ұпай, соңғысы 1 ұпай алады. | 1 рет | Егер допты қойған кезде орнынан шығып кетсе қайта дұрыстап орналастыру керек. |
4-ойын | «Картобыңды егіп кел де, жинап ал» Команда капитанының қолындағы дорбада картоптар бар. Мұғалімнің белгісі бойынша сол картоптарды бір-бірден шеңберлерге орналастыру керек. Орналастырып болғасын жүгіріп келіп дорбаны екіншіге береді. Ол картоптарды жинап шығады да үшіншіге береді,ол орналастырып шығады. Сөйтіп біреуі егіп келсе, екінші жинап алады. Қай команда бұрын аяқтаса 3 ұпай, екіншісі 2 ұпай, үшіншісі 1 ұпай алады. | 1 рет | Егер картоп шеңберден шығып кетсе, ойыншы тоқтап қайта орналастырып кетуі керек. |
5-ойын | «Шығыршықты діңгекке дұрыс кигіз» Әр капитанда 5 шығыршық болады. Ойын басқарушының белгісі бойынша капитан өз шығыршығын алдындағы бес діңгекке кигізіп, тез жүгіріп, өзінің соңында тұрған ойыншының қолына қолын тигізеді. Қолына қолы тиген ойыншы тез жүгіріп шығып, діңгектегі шығыршықтарды алып келіп, өзінен кейінгі тұрған ойыншыға береді. Ол жүгіріп шығып діңгекке кигізіп, қайтып келеді. Ойын осылай жалғаса береді. | 1 рет | Діңгекті құлатуға,шығыршықты кигізбей кетуге болмайды. |
6-ойын | «Қаппен жарыс» Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, қапты киіп алып 10-15 метрлік арнаулы мәрені айналып қайтады да, шапшаң шешіп өзінен кейінгі ойыншыға береді. Ол да біріншісінің істегенін қайталайды. | 1 рет | Қаптың аузын екі қолмен ұстап жүруге де болады. |
7-ойын | «Қарбыз жинау» Әр команда ойыншылары шеңбер жасап тұрады. Команда капитаны белгі бойынша ортада жатқан «қарбыздың» біреуін алып өз командасындағы ойыншыға береді. Ол өзіне жақын тұрған көршісіне беруі арқылы қайтадан капитанға дейін тез айналып келген кезде, оны ол өз шеңберінің ортасына қоя салып, тез ортадағы «қарбыздардан» алып тағы да қолдан-қолға беру арқылы бастапқыдай қайталайды. «Қарбызды» кімнің командасы көп жинаса сонша ұпай беріледі. | 1 рет | Ойын шартын қатаң орындауға көңіл бөлу. |
8-ойын | «Арқанмен тартысу» Команданың ортасында арнаулы сызық болады. белгі бойынша барлық ойыншылар арқаннан ұстап тартысады. Кімнің командасы ортадағы белгіден асырып кетсе, сол команда жеңіске жетеді. | 3 рет | Арқанды ұстағанда бір-біріне қарама-қарсы тұруы керек. |
| Негізгі бөлімді аяқтап, залды айнала келіп, командаларды бір қатарлы сапқа тұрғызу. | | |
ІІІ. Қорытынды бөлім – 5 минут |
| а) «Бүркітші» ойыны (ұлдар үшін) Әр командадан бір ойыншы шығады. Ол тақтайшаның үстіндегі тақияны аузымен тістеп алуы керек. ә) «Соқыр теке» ойыны (қыздар үшін) Ойыншылардың көзі байланып, бір рет айналдырып белгілі межедегі допты тауып алуға жібереді. Кім бұрын допты тапса, сол жеңіске жетеді. | 1 рет 1 рет | Екі қолын артына ұстау керек. Әркім өзінің добын табу керек. |
Оймен ойналатын ойындар |
| а) Жұмбақбай атай бір табақ алманы немерелеріне берді. Оларға екіден берсе біреуіне жетпей қалды. Бір-бірден беріп еді, бір алма артық қалды. Жұмбақбай атайдың неше немересі бар, табақтағы алма нешеу? Жауабы: 3 немересі, 4 алма. ә) Бір топ торғай ұшып келіп ағаштың бұтағына қонады. Бұтақ басына бір торғайдан қонып еді, бір торғайға орын жетпей қалды. Бір бұтаққа екі торғайдан қонып еді, бір бұтақ артық қалды. Сонда бұтақ нешеу? торғай нешеу? Жауабы: торғай-4, бұтақ – 3 Сабақты қысқаша қорытындылау. а) Жарыс қорытындысын шығару. ә) Оқушыларды бағалау. б) үйге тапсырма: кермеге 7 рет тартылу (ұлдар) Секіргіш жіппен 40 рет секіру (қыздар) | 1 рет 1 рет | Жауап беруші қолын көтеру керек. |
| Сабақты аяқтау. | | |