kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстың ұлттық ойындары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздігіміздің

25 жылдығына арналады

Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары                       

Ұраны: «Батыр жігіт - еліне қамқор жігіт»

Күні: 21.12.2016 жыл
Пәні: Дене шынықтыру

Дайындаған: Қызылорда қаласы, Ж.Қизатов атындағы № 23 мектеп – лицейінің мұғалімі В.Ч.Белгибаев.
Сыныбы: 6 «В»
Өткен орны: Спорт зал
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
- Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіру.

Дамытушылық  - Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік - Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл
 қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгіме,жаттығулар, сайыстар, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі мен пайдалынатын құрал-саймандар: Экран,компьютер, суреттер, ысқырық,кіші доптар, «Ақылды сандық», «Сиқырлы таяқ», нысаналар,асықтар, «Күміс ілу» ойынына арналған орамалдар, жаттығуларға арнайы музыкалық фондар (күйлер, «Спейс» тобының музыкалары)
                                             Сабақтың барысы:
І. Дайындық бөлімі 14'
*1. Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау,сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары 2 '
Арнайы киімдеріне, сабаққа даярлығына және берілген пәрмендердің дұрыс  орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау.
*2. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар 2 '
Алға жүру:
1. Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.Ә.Н. Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.
2. Қолды белге қойып  өкшемен жүру. Ә.Н. Кеуде тік, басты көтеріп ұстау.

3.Табанның сыртқы қырымен жүру. Ә.Н. Кеуде тік, басты көтеріп ұстау.

4. Табанның ішкі қырымен жүру. Ә.Н. Кеуде тік, басты көтеріп ұстау.
5. Қолды алдыға созып жартылай отырып  жүру. Ә.Н. Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.

6. Қол тізеде, отырып жүру. Ә.Н. Денені тік ұстау.

7.Жай жүріспен жүру.
*3. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар: 6 '
1. Жеңіл жүгіріс. Ә.Н.Арақашықтық екі қадам.Бір-бірінің артынан қалмай,озбай жүгіру.
2. Тізені алға көтеріп жүгіру. Ә.Н.Арақашықтық сақтау. Тізені алақанға тигізу.
3. Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру. Ә.Н. Өкшені алақанға тигізу.
4. Аяқтың үшын алға сілтей жүгіру. Ә.Н.Қол белде, тізені бүкпеу.
5. Оң қапталмен қолды алға айналдыру. Ә.Н. Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.
6. Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.  

7. Жылдамдыққа жүгіру
8. Тыныс алу жаттығулар. 1-2 демді ішке тартып,қолды жоғары

көтеріп аяқтың ұшына тұру. 3-4 демді шығару, қолды төмен түсіріп, аяқты табанға қою.

*4. Жалпы дамыту жаттығулар: 4'

Сыныпты 4 қатарға бөлу.Жаттығуларды бастау.

1 жаттығу: Б.Қ. Аяқ иық деңгейінде. Қол белде. Басты оң жағына (сол жағына) айналдыру. Еркін жасау.

2 жаттығу: Б.Қ. Аяқ сол қалыпында. Саусақтар «құлыпта». Саусақтарды оң жағына (сол жағына) айналдыру. Еркін жасау.

3 жаттығу: Б.Қ. Аяқ сол қалыпында. Екі қолды алдыға созып тұрамыз. Бір-төртке қолды алдыға қарай айналдыру; бес-сегізге артқа қарай. Шынтақ бүгілмейді. Денені тік ұстау.

4 жаттығу: Б.Қ. Аяқ арақашықтығын әлдеде ашып тұру.Алдыға еңкейіп, қолды екі жаққа тартып тұрамыз.Бір есебі бойынша оң қол саусақтарын сол аяқ ұшына апару; екіге сол қол саусақтарын оң аяқ ұшына апару.Бастаймыз.

5 жаттығу: Б.Қ. Саптық тұрыс.Бір-ге екі қолды бастан асып жоғары көтеру; екі-ге алдыға еңкейіп саусақтарды аяқ ұшына апару; үш-ке қолды алдыға созып

отыру; төрт-ке бастапқы қалыпқа қайту.Бастаймыз.

6 жаттығу: Б.Қ. Қол белде; сол аяқты ұшына қою.Ішке қарай (сыртқақарай) тобығымызды кезекпен айналдыру. Келесі жаттығу: аяқты ауыстыру.

7 жаттығу:жалпы бой жазу жаттығулар.Еркін жасау.

Оқушыларды 4 қатардан 1 қатарға қайтару.

ІІ. Негізгі бөлім. 30 '
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ұлттық ойындар мен олардың шыққан тарихы туралы жалпы мәлімет беру. Негізгі бөлімнің мазмұнымен таныстыру.

Негізгі бөлімнің мазмұны :

  • Эстафеталық ойындар (күміс ілу, жамбы ату, асық ату)
  • Кол күшін сынау ойындары (аударыспақ, оқтау тартыс)
  • Зеректікті қажет ететін ойындар («Сиқырлы таяқ», «Ақылды сандық»)

1. Күміс ілу

Белгі бойынша бірінші оқушы мәреден жүгіріп бастап бірінші орамалды еңкее барып жерден көтереді. Жүгірісті тоқтатпай конустан айналып өз тобына қайтып келеді. Дәл солай келесі ойыншы ойынды жалғастырады. Соңғы оқушы қай топтан бұрын келсе,сол топ жеңіске жетеді. Эстафетаны бірінші аяқтаған топқа 5 ұпай ; екінші келген топқа 3 ұпай беріледі.

2. Жамбы ату

Ойын қазақтың ұлттық спорттық «Жамбы ату» ойыны негізінде жасалған. Дәстүрлі ұлттық ойында атқа  мінген қатысушы шапқан аттың екпінімен өтіп бара жатып, жоғарыға ілінген жамбыны атып түсіру керек болған.Ал бұл ойынның  мақсаты – ретімен 2 деңгейден сүрінбей өту және белгіленген сызықтан аспай допты лақтыру. Эстафетаны бірінші аяқтаған топқа 5 ұпай ; екінші келген топқа 3 ұпай беріледі және әр нысанаға тиген оққа (кіші доп) 2 ұпай қосымша қосылады.

3. Асық ату

Ойынның мақсаты: Белгіленген орыннан сызық бойынша түзілген асықтарды сақамен құлату. Эстафетаны бірінші аяқтаған топқа 5 ұпай ; екінші келген топқа 3 ұпай беріледі және әр құлатқан асыққа 2 ұпай қосымша жазылады.

4. Аударыспақ

Ағаш аттың үстінде бір-біріне қарама-қарсы отырған оқушылар қол күшін жұмсап бір-бірін жерге түсіру керек. Әр топтан екі бала қатысады. Жеңген бала 3 ұпай алады

 5.Оқтау тартыс

Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады.Алдымен жерге сызық сызылады және

 сол сызықтың екі жағына тұрып,оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады.  

Сызықтан өткен бала  жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді. Әр топтан екі бала қатысады. Жеңген бала 3 ұпай алады.

6. Сиқырлы таяқ ойыны.Ойын ережесі: Ойынға жиналғандар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер құрып тұрады да, араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды. Жүргізуші қолына таяқ ұстап, шеңбердің ортасына шығады да, ойын тәртібін, жолдарын түсіндіреді. Ойнаушылардың бір шетінен бастап барлығына рет қатарын білдіретін сандарын атайды. Сонан кейін жүргізуші қолындағы таяғының бір басын жерге тіреп тік ұстайды да, кез келген бір ойыншының санын атап, таяқты қоя береді. Айталық, жүргізушінің атаған саны төртінші, бесінші, оныншы не жиырмасыншы бола ма, әйтеуір, рет саны аталған ойыншы ести салысымен жүгіріп барып таяқты құлатпай ұстауы керек. Егер ол дауысты аңғармай я болмаса жай басар болып, дереу алмай, таяқты құлатып алса, онда ол ортада тұрып экрандағы жұмбақты шешеді.

7. Ақылды сандық. (Білім бекітуге арналған ойын) Ойын ережесі: Музыка ойнап тұрады. Балалар шеңбер құра отырады және шеңбер бойынша қорапшаны бір-біріне тез-тез береп тұрады. Музыка тоқтаумен қорапшаның айналып жүруі тоқтатылады. Сол сәтте кім қорапшаны ұстап тұрған болса, сол оның ішінен бір парақ қағазды (бүгінгі өткен сабақ тақырыбы бойынша сұрақ) шығарады және онда берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауабын берсе ойын жалғасады. Егер жауабын таппаса, сол оқушы ойыннан шығады.

ІІІ. Қорытынды бөлім - 3 '
 Оқушыларды сапқа тұрғызып.,сабақты қорытындылау. Мадақтау. Бағалау. Қателік жіберген оқушыларды ескертіп түзеу. Үйге тапсырма беру (қазақтың ұлттық ойындар туралы кітапхана немесе интернеттен ақпарат алу, бос уақытында ойнау және насихаттау)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстың ұлттық ойындары»

Тәуелсіздігіміздің

25 жылдығына арналады



Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Ұраны: «Батыр жігіт - еліне қамқор жігіт»

Күні: 21.12.2016 жыл
Пәні: Дене шынықтыру

Дайындаған: Қызылорда қаласы, Ж.Қизатов атындағы № 23 мектеп – лицейінің мұғалімі В.Ч.Белгибаев.
Сыныбы: 6 «В»
Өткен орны: Спорт зал
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіру.

Дамытушылық  - Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, жарыс түрінде көрсетіп, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелік - Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл
 қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгіме,жаттығулар, сайыстар, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі мен пайдалынатын құрал-саймандар: Экран,компьютер, суреттер, ысқырық,кіші доптар, «Ақылды сандық», «Сиқырлы таяқ», нысаналар,асықтар, «Күміс ілу» ойынына арналған орамалдар, жаттығуларға арнайы музыкалық фондар (күйлер, «Спейс» тобының музыкалары)
Сабақтың барысы:
І. Дайындық бөлімі 14'
*1. Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау,сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары 2 '
Арнайы киімдеріне, сабаққа даярлығына және берілген пәрмендердің дұрыс орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау.
*2. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар 2 '
Алға жүру:
1. Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.Ә.Н. Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.
2. Қолды белге қойып өкшемен жүру. Ә.Н. Кеуде тік, басты көтеріп ұстау.

3.Табанның сыртқы қырымен жүру. Ә.Н. Кеуде тік, басты көтеріп ұстау.

4. Табанның ішкі қырымен жүру. Ә.Н. Кеуде тік, басты көтеріп ұстау.
5. Қолды алдыға созып жартылай отырып жүру. Ә.Н. Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.

6. Қол тізеде, отырып жүру. Ә.Н. Денені тік ұстау.

7.Жай жүріспен жүру.
*3. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар: 6 '
1. Жеңіл жүгіріс. Ә.Н.Арақашықтық екі қадам.Бір-бірінің артынан қалмай,озбай жүгіру.
2. Тізені алға көтеріп жүгіру. Ә.Н.Арақашықтық сақтау. Тізені алақанға тигізу.
3. Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру. Ә.Н. Өкшені алақанға тигізу.
4. Аяқтың үшын алға сілтей жүгіру. Ә.Н.Қол белде, тізені бүкпеу.
5. Оң қапталмен қолды алға айналдыру. Ә.Н. Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.
6. Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.

7. Жылдамдыққа жүгіру
8. Тыныс алу жаттығулар. 1-2 демді ішке тартып,қолды жоғары

көтеріп аяқтың ұшына тұру. 3-4 демді шығару, қолды төмен түсіріп, аяқты табанға қою.

*4. Жалпы дамыту жаттығулар: 4'

Сыныпты 4 қатарға бөлу.Жаттығуларды бастау.

1 жаттығу: Б.Қ. Аяқ иық деңгейінде . Қол белде. Басты оң жағына (сол жағына) айналдыру. Еркін жасау.

2 жаттығу: Б.Қ. Аяқ сол қалыпында. Саусақтар «құлыпта». Саусақтарды оң жағына (сол жағына) айналдыру. Еркін жасау.

3 жаттығу: Б.Қ. Аяқ сол қалыпында. Екі қолды алдыға созып тұрамыз. Бір-төртке қолды алдыға қарай айналдыру; бес-сегізге артқа қарай. Шынтақ бүгілмейді. Денені тік ұстау.

4 жаттығу: Б.Қ. Аяқ арақашықтығын әлдеде ашып тұру.Алдыға еңкейіп, қолды екі жаққа тартып тұрамыз.Бір есебі бойынша оң қол саусақтарын сол аяқ ұшына апару; екіге сол қол саусақтарын оң аяқ ұшына апару.Бастаймыз.

5 жаттығу: Б.Қ. Саптық тұрыс.Бір-ге екі қолды бастан асып жоғары көтеру; екі-ге алдыға еңкейіп саусақтарды аяқ ұшына апару; үш-ке қолды алдыға созып

отыру; төрт-ке бастапқы қалыпқа қайту.Бастаймыз.

6 жаттығу: Б.Қ. Қол белде; сол аяқты ұшына қою.Ішке қарай (сыртқақарай) тобығымызды кезекпен айналдыру. Келесі жаттығу: аяқты ауыстыру.

7 жаттығу:жалпы бой жазу жаттығулар.Еркін жасау.

Оқушыларды 4 қатардан 1 қатарға қайтару.

ІІ. Негізгі бөлім. 30 '
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ұлттық ойындар мен олардың шыққан тарихы туралы жалпы мәлімет беру. Негізгі бөлімнің мазмұнымен таныстыру.

Негізгі бөлімнің мазмұны :

  • Эстафеталық ойындар (күміс ілу, жамбы ату, асық ату)

  • Кол күшін сынау ойындары (аударыспақ, оқтау тартыс)

  • Зеректікті қажет ететін ойындар («Сиқырлы таяқ», «Ақылды сандық»)

1. Күміс ілу

Белгі бойынша бірінші оқушы мәреден жүгіріп бастап бірінші орамалды еңкее барып жерден көтереді. Жүгірісті тоқтатпай конустан айналып өз тобына қайтып келеді. Дәл солай келесі ойыншы ойынды жалғастырады. Соңғы оқушы қай топтан бұрын келсе,сол топ жеңіске жетеді. Эстафетаны бірінші аяқтаған топқа 5 ұпай ; екінші келген топқа 3 ұпай беріледі.



2. Жамбы ату

Ойын қазақтың ұлттық спорттық «Жамбы ату» ойыны негізінде жасалған. Дәстүрлі ұлттық ойында атқа мінген қатысушы шапқан аттың екпінімен өтіп бара жатып, жоғарыға ілінген жамбыны атып түсіру керек болған.Ал бұл ойынның мақсаты – ретімен 2 деңгейден сүрінбей өту және белгіленген сызықтан аспай допты лақтыру. Эстафетаны бірінші аяқтаған топқа 5 ұпай ; екінші келген топқа 3 ұпай беріледі және әр нысанаға тиген оққа (кіші доп) 2 ұпай қосымша қосылады.

3. Асық ату

Ойынның мақсаты: Белгіленген орыннан сызық бойынша түзілген асықтарды сақамен құлату. Эстафетаны бірінші аяқтаған топқа 5 ұпай ; екінші келген топқа 3 ұпай беріледі және әр құлатқан асыққа 2 ұпай қосымша жазылады.

4. Аударыспақ

Ағаш аттың үстінде бір-біріне қарама-қарсы отырған оқушылар қол күшін жұмсап бір-бірін жерге түсіру керек. Әр топтан екі бала қатысады. Жеңген бала 3 ұпай алады

5.Оқтау тартыс

Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады.Алдымен жерге сызық сызылады және

 сол сызықтың екі жағына тұрып,оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады.  

Сызықтан өткен бала  жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді. Әр топтан екі бала қатысады. Жеңген бала 3 ұпай алады.

6. Сиқырлы таяқ ойыны.Ойын ережесі: Ойынға жиналғандар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер құрып тұрады да, араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды. Жүргізуші қолына таяқ ұстап, шеңбердің ортасына шығады да, ойын тәртібін, жолдарын түсіндіреді. Ойнаушылардың бір шетінен бастап барлығына рет қатарын білдіретін сандарын атайды. Сонан кейін жүргізуші қолындағы таяғының бір басын жерге тіреп тік ұстайды да, кез келген бір ойыншының санын атап, таяқты қоя береді. Айталық, жүргізушінің атаған саны төртінші, бесінші, оныншы не жиырмасыншы бола ма, әйтеуір, рет саны аталған ойыншы ести салысымен жүгіріп барып таяқты құлатпай ұстауы керек. Егер ол дауысты аңғармай я болмаса жай басар болып, дереу алмай, таяқты құлатып алса, онда ол ортада тұрып экрандағы жұмбақты шешеді.

7. Ақылды сандық . (Білім бекітуге арналған ойын) Ойын ережесі: Музыка ойнап тұрады. Балалар шеңбер құра отырады және шеңбер бойынша қорапшаны бір-біріне тез-тез береп тұрады. Музыка тоқтаумен қорапшаның айналып жүруі тоқтатылады. Сол сәтте кім қорапшаны ұстап тұрған болса, сол оның ішінен бір парақ қағазды (бүгінгі өткен сабақ тақырыбы бойынша сұрақ) шығарады және онда берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауабын берсе ойын жалғасады. Егер жауабын таппаса, сол оқушы ойыннан шығады.


ІІІ. Қорытынды бөлім - 3 '
Оқушыларды сапқа тұрғызып.,сабақты қорытындылау. Мадақтау. Бағалау. Қателік жіберген оқушыларды ескертіп түзеу. Үйге тапсырма беру (қазақтың ұлттық ойындар туралы кітапхана немесе интернеттен ақпарат алу, бос уақытында ойнау және насихаттау)






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақстың ұлттық ойындары

Автор: Белгибаев Василий Чапаевич

Дата: 23.03.2017

Номер свидетельства: 402577

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Саба? жоспары: ?аза?сты? ?лтты? ойындары"
    ["seo_title"] => string(43) "sabak-zhospary-k-azak-styn-u-lttyk-oiyndary"
    ["file_id"] => string(6) "286469"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454342517"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Т?рбие са?аты: Дені сауды? - жаны сау."
    ["seo_title"] => string(38) "t-rbiie-sag-aty-dieni-saudyn-zhany-sau"
    ["file_id"] => string(6) "254714"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447789669"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "«?лыс о? болсын!» "
    ["seo_title"] => string(15) "u-lys-on-bolsyn"
    ["file_id"] => string(6) "243474"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1445752762"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Астана-?аза? еліні? ма?танышы "
    ["seo_title"] => string(33) "astana-k-azak-ielinin-mak-tanyshy"
    ["file_id"] => string(6) "158294"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421726390"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Нұр себеле,Ұлыстың Ұлы күні"
    ["seo_title"] => string(33) "nu_r_siebielie_u_lystyn_u_ly_kuni"
    ["file_id"] => string(6) "349250"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476467680"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства