Бекітемін:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: Тақырыбы: Қыс
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Қол ұстасып жұппен жүру. Түрлі бағытта жүру «Біз көңілді қар бүршігі».Допты екі қолмен төменге лақтыру. «Қар кесегін қуып жет». Тыныс алу жаттығуларын орындау. «Жел соғады».
Әдіс тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,жасату, ойын, мадақтау, қорытындылау.
Қажетті құрал-жабдықтар: доп, аю
Іс-әрекет кезеңдері
Нұсқаушының іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Топқа қорбандаған аю келеді. Балалармен амандасады. Аюдың қолында добы бар екен, сол доппен ойнағысы келетінің айтады.
Балалар аюға қызыға қарайды.
Аюмен амандасады.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
-Балалар, менің ойнағым келеді, менімен бірге ойнайсыңдар ма? -Балалар аюдың қолыңдағы не? -Иә доп, доптың пішіні қандай? -Иә, балалар, доптың пішіні дөңгелек, доп домалайды, секіреді. –Ал,түсі қандай? Жасыл,әрі кішкентай екен. –Балалар доп туралы өлең білеміз бе? «Доп» өлеңі.
Домала доп, домала, Балшыққа тек жолама. Жек көремін оныңды, Бүлдіремін қолымды.
-Иә, аю, біздің балалар сенімен бірге ойын ойнаймыз дейді. Ойын ойнамас бұрын мына доптармен денемізді шынықтырып жаттығу жасап алайық. Жүру, жүгіріп аламыз. Балалар доптарымызды бір- бірімізге көрсетеміз. Допты алдымызға қойып, алға қарай созамыз. Допты жерге қойып айнала секіреміз.
Балалар допты қолымызға алып, екі қолмен төменге лақтырамыз.
Аю балалармен бірге ойын ойнайды. Қ.О: «Қорбандаған аю» Аю балаларға риза болып рахмет айтады. Балалармен қоштасады. Өзінің тағы да ойнауға келетінің айтады.
Иә, ойнаймыз.
Доп
Дөңгелек
Жасыл
Қайталап айтады.
Балалар денелерін шынықтырып жаттығулар жасайды.
Балалар допты төменге лақтырады.
Ойын ойнайды.
Балалар аюмен қоштасады.
Іс-әрекет-
тің бағалау кезеңі.
Сұрақ- жауап арқылы қорытындылау.
Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: доптың түсін, пішінің және доп туралы өлең.
Қандай түсініктерді игерді: допты екі қолымен төменге лақтыруды.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: жаттығу жасауды, ойын ойнауды.