kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл дамытуға ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бекітемін:                                                                                                                күні:

1 - ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Білім еліне саяхат.  4 – бет

Мақсаты: 1. Білім әлемі туралы түсінік беру. «1 Қыркүйек – Білім күні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, балабақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау.

2. Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.

3. Ұжымды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: мектепке, балабақшаға кетіп бара жатқан балалардың суреттері.

Қостілділік компонент: білім – знание, мектеп – школа, күн – день, әлем – мир.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

 – Балалар, бүгін – мереке. Еліміз білім күнін атап өтуде. Бүгінгі мерекелік көңіл күймен бір-бірімізге қуаныш сыйлайық.: – Армысың асыл күн, армысың жан досым.   - Жылуыма жылу қос, міне,  қолым.

Шаттық шеңберін айтады.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

2. Тәрбиеші балаларға «Білім» еліне саяхатқа шығатындарын, оқу іс-әрекеті барысында бірнеше аялдама болатындығын, әр аялдамада сұрақтарға жауап беретіндіктерін, тапсырмаларды орындап және дыбыстар мен әріптер, сандар жайлы мәлімет алатынын хабарлайды.

3. «Әдебиет әлемінде» аялдамасы. Бұл аялдамада өлең-тақпақтар, жұмбақ-жаңылтпаш, ертегілер, қызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі. – Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?

4. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.  – Дыбысты айтамыз, естиміз.  – Әріп – дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.    – Балалар, әрқайсысының есімдеріңнің қай дыбыстан басталатынын айтыңдар.

– Менің атым – Жандос. Менің атым ж дыбысынан басталады.

5. «Дұрыс айт» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді. Сонан соң балалар бірнеше рет қайталайды.

1. Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А-а-а», - деп айтады.  2. Қыз бала: «А-а-а», - деп әндетеді. 

6. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық ұғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады.  1. Балалар онға дейін санайды.  2. Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.  3. Математикалық есеп шығарады. – Балалар, «Білім» елі сендерге ұнады ма? «Білім – сарқылмас қазына» дейді. Өмірде тек білімді ғана емес, қайырымды, мейірімді болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп-өркендеуіне үлесін қосады.

7. Дәптермен жұмыс: а) Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім, қоңырау деген тірек сөздерді пайдаланып және жетекші сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру: 1. Балабақшада не үйрендіңдер?

2. Балалар мектепке не үшін барады? 3. Мектепте оқитын баланы кім деп атайды?  4. Мектепте қоңырау не үшін соғылады?

ә) Оқу құралдарымен таныстыру. Осыдан кейін дәптерлеріндегі сөмкеге қажетті оқу құралдарын сызықпен сызып көрсетеді.

б) Дәптерде берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру, жаттату:  Жер – ырыстың кіндігі,  Білім – ырыстың тізгінін.

Саяхатқа шығады.

.

Балалар дидактикалық

ойынды ойнайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту.  Сұрақ – жауап әдісі бойынша оқу іс - әрекетін қорыту.

Күтілетін нәтиже: Нені біледі: «1 Қыркүйек – Білім күні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, балабақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау.

Қандай түсініктерді игерді: саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұжымды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл дамытуға ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы»

Бекітемін: күні:


1 - ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Білім еліне саяхат. 4 – бет

Мақсаты: 1. Білім әлемі туралы түсінік беру. «1 Қыркүйек – Білім күні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, балабақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау.

2. Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.

3. Ұжымды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: мектепке, балабақшаға кетіп бара жатқан балалардың суреттері.

Қостілділік компонент: білім – знание, мектеп – школа, күн – день, әлем – мир.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

– Балалар, бүгін – мереке. Еліміз білім күнін атап өтуде. Бүгінгі мерекелік көңіл күймен бір-бірімізге қуаныш сыйлайық.: – Армысың асыл күн, армысың жан досым. - Жылуыма жылу қос, міне, қолым.

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


















2. Тәрбиеші балаларға «Білім» еліне саяхатқа шығатындарын, оқу іс-әрекеті барысында бірнеше аялдама болатындығын, әр аялдамада сұрақтарға жауап беретіндіктерін, тапсырмаларды орындап және дыбыстар мен әріптер, сандар жайлы мәлімет алатынын хабарлайды.

3. «Әдебиет әлемінде» аялдамасы. Бұл аялдамада өлең-тақпақтар, жұмбақ-жаңылтпаш, ертегілер, қызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі. – Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?

4. «Әріптер әлемінде» аялдамасы. – Дыбысты айтамыз, естиміз. – Әріп – дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз. – Балалар, әрқайсысының есімдеріңнің қай дыбыстан басталатынын айтыңдар.

– Менің атым – Жандос. Менің атым ж дыбысынан басталады.

5. «Дұрыс айт» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді. Сонан соң балалар бірнеше рет қайталайды.

1. Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А-а-а», - деп айтады. 2. Қыз бала: «А-а-а», - деп әндетеді.

6. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық ұғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады. 1. Балалар онға дейін санайды. 2. Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш, т.б. 3. Математикалық есеп шығарады. – Балалар, «Білім» елі сендерге ұнады ма? «Білім – сарқылмас қазына» дейді. Өмірде тек білімді ғана емес, қайырымды, мейірімді болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп-өркендеуіне үлесін қосады.

7. Дәптермен жұмыс: а) Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім, қоңырау деген тірек сөздерді пайдаланып және жетекші сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру: 1. Балабақшада не үйрендіңдер?

2. Балалар мектепке не үшін барады? 3. Мектепте оқитын баланы кім деп атайды? 4. Мектепте қоңырау не үшін соғылады?

ә) Оқу құралдарымен таныстыру. Осыдан кейін дәптерлеріндегі сөмкеге қажетті оқу құралдарын сызықпен сызып көрсетеді.

б) Дәптерде берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіру, жаттату: Жер – ырыстың кіндігі, Білім – ырыстың тізгінін.

Саяхатқа шығады.




.






Балалар дидактикалық

ойынды ойнайды.










Дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ – жауап әдісі бойынша оқу іс - әрекетін қорыту.


Күтілетін нәтиже: Нені біледі: «1 Қыркүйек – Білім күні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, балабақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау.

Қандай түсініктерді игерді: саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұжымды достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.




Бекітемін: күні:

2 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жомарт күз. 5 – бет

Мақсаты: 1. Балалардың күз мезгілінің ерекшелігін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту. 2. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы байланыстырып сөйлеуге төселдіру. 3. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, тсезінуге тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: ызғар, егін, егіс алқабы, жомарт күз.

Көрнекіліктері: күзгі аула бағы бейнеленген сурет, мақал – мәтелдер жинағы, халық болжамдары жазылған жинақ.

Қостілділік компонент: күз – осень, жыл мезгілі – времена года.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

– Балалар, бүгін – мереке. Еліміз білім күнін атап өтуде. Бүгінгі мерекелік көңіл күймен бір-бірімізге қуаныш сыйлайық.: – Армысың асыл күн, армысың жан досым. - Жылуыма жылу қос, міне, қолым.

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


















2. Кіріспе әңгіме: - Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміз күз мезгілі туралы, көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейік. Балалардың жауаптары: - Балалар мектепке барады, пісіп тұрған алмалар, жерге түскен жапырақтарды көруге болады.


3. Күз туралы сурет бойынша әңгімелету: - Қазір қай мезгіл? - Күз екенін қайдан білдіңдер? - Неліктен жомарт күз дейміз? - Күздегі адамдар еңбегінен не білесіңдер? - Неге күзді жақсы көресің?


4. «Ненің жапырағы?» дидактикалық ойыны. Балалар серуен кезінде жинаған жапырақтары қандай ағаштікі екенін ажыратады. Мыс: мынау – қайыңның жапырағы, түсі сары, пішіні сопақша болады.


5. Дәптермен жұмыс: а). Сурет бойынша әңгімелеу.


ә). Жаңа сөздермен сөздік жұмыс жүргізу:

Элеватор – мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізетін ғимарат.

Егіс алқабы – бидай, тары, жүгері, арпа сияқты дәнді дақылдар өсетін дала.

Қырман – астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң.


6. Бидайдың сабағының суретін салу.

7. Жұмбақ шешу: Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар. (бидай)


8. М. Әлімбайдың «Алтын күз»өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру:

Сарғайды тоғай, Сап – сары маңай.

Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып.

Кіріспе әңгімені тыңдайды



Сурет бойынша әңгімелейді.

.

Балалар дидактикалық

ойынды ойнайды.


Дәптермен жұмыс жасайды.








Жұмбақ шешеді.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ – жауап әдісі бойынша оқу іс - әрекетін қорыту. - Күзде бау – бақшада қандай жұмыстар жүргізіледі?


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: балалардың күз мезгілінің ерекшелігін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту.

Қандай түсініктерді игерді: қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, тсезінуге тәрбиелеу.

Бекітемін: күні:

3 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Бау-бақшада. 6 – бет

Мақсаты:

1. Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні туралы түсіндіру.

2. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: фланелеграф, көкөністер мен жемістердің мульяжі.

Қостілділік компонент: жеміс – фрукты, бақша – сад, көкөніс – овощи.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

– Балалар, бүгін – мереке. Еліміз білім күнін атап өтуде. Бүгінгі мерекелік көңіл күймен бір-бірімізге қуаныш сыйлайық.: – Армысың асыл күн, армысың жан досым. - Жылуыма жылу қос, міне, қолым.

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


















2. Кіріспе әңгіме. Тәрбиеші бір ыдысқа көкөністердің, бір ыдысқа жемістердің мульяждарын салып алып келеді. – Ыдыстағы заттарды бір ауыз сөзбен қалай атауға болады? (Жемістер, көкөністер). Бақты бау деп те атаймыз. Бау-бақша – жеміс-жидек, көкніс егілген жер. Бау-бақша әр үйдің айналасында болады. Осы жерде орамжапырақ және қызанақ сөздеріне де сөздік жұмысы жүргізіледі. Орамжапырақ – бақшада өсетін көкөніс түрі. Қызанақ – қызыл түсті көкөніс.

3. Суретпен жұмыс. Дәптердегі екі сурет арқылы бақ пен бақшаның айырмашылығын түсіндіру. «Бау-бақшаны жинау» тақырыбында сурет бойынша әңгіме құрастыру.

4. Жұмбақ шешу: 1. Көк ала лағым, Көғалда жатып семірді (қарбыз)

2. Жаздай інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні. Құйрығынан суырып, Әкелді әжем бір күні. (сәбіз)

3. Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. (алма)

- Тағы қандай жемістерді білесіңдер? - Алмұрт, өрік, шабдалы, т.б.

5. «Сиқырлы қоржын» дидактикалық ойыны. Шарты: қоржыннан көкөністер мен жемістерді алып, оның қатты, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл зат екенін ажыратып атау, пішіндерін айту.

Мысалы: алма – тәтті, домалақ, түсі – қызыл, көк, сары; сәбіз – қатты, сопақша; бұошақ – ащы, сопақша.

6. Дәптермен жұмыс. а) Екі тәрелкедегі жемістерді (алмұрт, алма, өрік) атау: - Бірінші тәрелкеде неше алмұрт, неше алма және неше өрік бар? - Екі алмұрт, бір алма, төрт өріктің суреті салынған.

- Екінші суретте не жетпей тұр? - Бір алмұрттың суреті жетпейді. ә) «Теңестір» жаттығуын орындау. - Шөп арасында неше қоян жүр? - Үш қоян. - Суретте неше сәбіз берілген? - Екі сәбіз. - Онда қояндарға тағы неше сәбіз керек? - Бір сәбіз керек.

7. Жаңылтпаш: Алма теріп балақайлар, Алақайлар, Талапайлар.

Кіріспе әңгімені тыңдайды





Сурет бойынша әңгімелейді.


Жұмбақ шешеді.



Балалар дидактикалық

ойынды ойнайды.


Дәптермен жұмыс жасайды.






Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. - Осы көкөністер мен жемістердің мол өнім беруі еңбекке байланысты, қарап баптасақ мол өнім аламыз. Еңбектің арқасында жақсылық та, қуаныш та, байлық та болады.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні туралы түсіндіру.

Қандай түсініктерді игерді: олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Бекітемін: күні:

4 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: М. Етекбаевтың «Нан қайдан келеді?» ертегісі. 7 – бет

Мақсаты:

1. Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын түсіндіру.

2. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.

3. Оқу іс-әрекеті барысында балалрға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: нанның түрлері, бидай, комбайн, диірменнің суреттері.

Жаңа сөздер: наубайхана, диірменші, қауыз, диқан.

Қостілділік компонент: нан – хлеб, бидай – пшено, адам – человек, қайдан – откуда.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру. – Армысың асыл күн, армысың жан досым.


Ұйымдастыру-іздестіру


















2. Кіріспе әңгіме: - Балалар, мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? - Нанды неден пісіреді? - Ұнды қалай жасайды? (Балалардың жауаптары тыңдалады). - Мынау – бидай масағы, сабағы, мұртшалары. Егер бидайдың қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады. Бидайды ұнтақтаса, ұн болады. Наубайханада осы аппақ ұнға тұз, су, ашытқы араластырып, қамыр илеп, нан пісіреді.

3. Сөздік жұмысы: Наубайхана – нан пісіретін, нан жабатын орын.

Наубайшы – наубайханада нан пісіретін адам.

Диірмен – дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын.

Комбайн - әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина.

4. Жұмбақ шешу: Қыр басында әрқилы, Сары теңіз толқиды. (Егін)

5. Тәрбиешінің түсіндіруі: - Диқан – егін шаруашылығымен айналысатын адам. - Диқан көктемде егістікке егін – бидай, қарабидай, арпа, жүгері, сұлы, т.б. егеді. Оны жаздай күтіп-баптайды. Күзде егіс даласында бидайды комбайнмен орады, жинайды, бастырады. Жүк машинасымен тасиды. Қырманға әкеліп, тазалап, кептіреді. Сонан соң элеваторға жібереді. Элеватор – бидай сақтайтын қойма, онда бидайды көп жылдар бойы сақтауға болады. Одан диірменге жібереді. Диірменшілер ұн тартады. (Элеватор, диірменнің суреттері көрсетіледі). Ұнды наубайхана жөнелтеді. Наубайханада наубайшылар әртүрлі нан пісіреді. Ыстық нан, ұн дүкендерге түседі. Дүкеннен нанды, ұнды сатып аламыз. Анамыз ұннан бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш, т.б. пісіреді.

6. Сергіту сәті: Жайқалады ақ бидай, (Қолдарын жоғары көтеріп тербеледі). Басын иіп аққудай. (Бастарын иеді). Трактор мен комбайн (Қолдарын алға созып, тракторды жүргізеді). Жүргізуге мен дайын. (Қолдарын айналдыра комбайн жүргізеді).

7. М. Етекбаевтың «Нан қайдан келеді?» ертегісін оқу.

Тәрбиеші ертегінің бөлім-бөлімге бөліп оқып, сұрақтар қояды, балалардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтырып отырады. (Ертегі хрестоматияда берілген). Дәптердегі ертегі мазмұнына сай салынған сурет арқылы ертегі мазмұны ашылады.

8. Жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешуі: қырман.

Кіріспе әңгімені тыңдайды




Сурет бойынша әңгімелейді.


Жұмбақ шешеді.



Балалар дидактикалық

ойынды ойнайды.


Дәптермен жұмыс жасайды.






Ертегіні тыңдайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. - Тышқанды қандай сұрақ мазалады?

- Нан қайдан келеді? - Тышқан сұрағына жауап ала алды ма?

- «Нан – байлық, нан – береке» деп халқымыз бекер айтпаған. Міне, көрдіңдер ме? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын түсіндіру.

Қандай түсініктерді игерді: нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Бекітемін: күні


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Менің отбасым.

Мақсаты: 1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

2. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері.

Қостілділік компонент: менің отбасым – моя семья.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру. - Бір-бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық. - Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң! Қайырлы күн! - Сіздерді көргеніме қуаныштымын. - Енді бір-бірімізге мақтау сөздер айтайық. - Сен әдемісің, мейірімдісің, денің сау болсын, сен ақылдысың.


Ұйымдастыру-іздестіру


















2. Кіріспе әңгіме. - Ал сендер үйлеріңде бір-бірлеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар? - Қайырлы таң, әкетайым, анашым! - Қайырлы күн, асыл әжем, аташым! - Мені үйдегі үлкендер «құлыншағым», «ақылдым менің» деп еркелетеді. - Бір үйде қандай адамдар тұрады? - Бір үйде бір-біріне жақын адамдар тұрады. - Оларды атаңдар.

- Атасы, әжесі, әкесі, анасы жіне олардың балалары. - Дұрыс айтасыңдар, осы адамдар отбасын құрайды. Олар – отбасы мүшелері. Сендер де отбасыларыңның бір мүшесісіңдер.

3. Негізгі бөлім. а) Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. - Отбасы мүшелері қайда тұрады? - Отбасы мүшелері бірге, бір үйде тұрады. - Олар қалай тұрады? - Отбасы мүшелері тату-тәтті тұрады.

ә) Сөздік жұмысы: Нағашы ата – анасының әкесі. Нағашы әже – анасының анасы. Немере – ұл-қыздарынан туған бала.

б) «Ойлан, тап» тапсырмасын орындау: - Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар. Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау-бауқшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім? - Ата. - Өздеріңнің аталарың туралы әңгімелеңдер. - Өзі мейірімді, әрқашанда қатық-майы, ірімшігі, қант-кәмпиті дайын. Ол кім? - Әже.

- Ал сендердің әжелерің қандай? Тақтаға бір бағанға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың, таудың етегіндегі бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреттері ілінеді: Әке – асқар тау,

Ана – етегіндегі бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ.

Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы: ардақты әже, асыл ана, әдепті бала, т.б.

4. Сергіту жаттығуын орындау.

Атам жылқы бағады, (Бір орында тұрып, шоқырақтап шабу).

А,ам пішен шабады. (Шалғымен шөп шапқан сияқты қимыл жасау).

Жеңгем сиыр сауады, (Отырып, сиыр сауғандай қимыл жасау).

Әжем киіз қағады. (Киіз қаққандай қимыл жасау).

в) Жазбаша жұмыс. 1. Шытырман арқылы әжесінің үйіне апаратын жолды бояу. 2. «Сыңарын тап» ойыны.

Кіріспе әңгімені тыңдайды






Сурет бойынша әңгімелейді.



Балалар дидактикалық

ойынды ойнайды.


Дәптермен жұмыс жасайды.





Сергіту сәтін орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту: - Отбасы мүшелерін атаңдар.

- Отбасы мүшелері бір-бірімен қалай тұрады?


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.


Қандай түсініктерді игерді: отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.


Бекітемін: күні


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Біздің үй. (Сурет бойынша әңгіме) 9 – бет

Мақсаты:

1. Балалардың әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.

2. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту.

Грамматикалық тұлғада жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету.

3. Достарының, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: үй жиһазының суреті, үйдың сызбасы, бейнетаспа, суретті әліппе.

Жаңа сөз: жиһаз, жатынжай, мансард.

Қостілділік компонент: біздің үй – наш дом.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеткендер. Өсті ақыл ойларың

Өсті, міне, бойларың. Иіліп сәлем береміз, Әдепті боп өсеміз.


Ұйымдастыру-іздестіру


















2. Кіріспе әңгіме. 1. Балалар, сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар?

2. Сендер өздерің нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме? 3. Үйде қандай бөлме түрлері болады?

3. Негізгі бөлім. а) Дәптердегі суретпен жұмыс: - Бүгін біз тұрғын үй, үй түрлері және үй жиҺаздарымен танысамыз. Адамдар ертеден өздеріне ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін білген. Қазір үйлердің түрі өте көп. Мысалы, бірнеше қабатты (екі, үш, төрт, т.б.) тұрғын үй, ауласы бар жеке бір немесе екі-үш қабатты үй. Көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер өте көп болады. Оның әр пәтерінде тұрғындар тұрады.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу. Коттедж – жеке ауласы бар сәнді салынған 2-3 қабатты үй. Мансард – шатыр астындағы терезесі бар, кісі тұратын бөлме. Жиһаз – үй бұйымы, мүлік. Жатынжай – ұйықтайтын бөлме.

б) Салыстыру жұмысын жүргізу. - Көп қабатты тұрғын үйдің коттеджден айырмашылығы қандай? - Көп қабатты тұрғын үйде пәтерлер көп. Әр пәтерде жеке-жеке отбасылары тұрады. Олардың ауласы – бәріне ортақ бір аула. Ал коттеджде бір ғана отбасы мүшелері тұрады.

в) Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлем құрату.

- Үйдің бірнеше бөлмедері болады. Олар: асүй, зал, балалар бөлмесі және жатынжай. Әр бөлмеде өзіне тән жиһаздар болады. Қандай жиһаздар болады? - Әдемі жиһаз, ағаштан жасалған жиһаздар болады.

- Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер? - Үстел, орындық, диван, төсек, шкаф, т.б. - Шкафта не тұрады? Орындық не үшін керек?

г) «Менің үйім» тақырыбында әңгіме құрастыру. Балалар өздері тұратын үй, оның бөлмелері және үйдегі жиөаздар туралы әңгімелейді.

ғ) «Қай бөлмеде қандай зат тұрады?» дидактикалық ойыны. Шарты: бөлмелерді атап, онда тұратын заттарды атау.

Кіріспе әңгімені тыңдайды


Сурет бойынша әңгімелейді.




Сөздік

жұмыс жасайды.









Балалар дидактикалық

ойынды ойнайды.



Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту: 1. Біз қандай тақырыпта әңгіме құрастырдық? 2. Қандай үйлер бар? Олар туралы әңгімелеңдер.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: балалардың әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.

Қандай түсініктерді игерді: жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету.Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: досының, үлкеннің айтқанын аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу.




Бекітемін: күні



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Қасқыр, түлкі, әтеш» ертегісі. 10 – бет

Мақсаты: 1. Ертегі мазмұнын түсіндіру. 2. Сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: ертегі мазмұнына сәйкес салынған сурет.

Жаңа сөз: шаһар, мұржа, таулы өлке, ну орман.

Қостілділік компонент: қасқыр – волк, түлкі – лиса, әтеш – петух.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеткендер. Өсті ақыл ойларың

Өсті, міне, бойларың. Иіліп сәлем береміз, Әдепті боп өсеміз.


Ұйымдастыру-іздестіру


















2) Тыныштық сәті. - Ертегі – бұл ерекше жанр. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам үшін түрлі нәрселер істей алуы мүмкін. Ертегі де сиқырлы құралдар бар. Жануарлар, аңдар туралы қандай ертегі тыңдадыңдар? Естеріңе түсіріңдер. (Балалар көздерін жұмып, ата-аналарынан немесе басқа ересектерден тыңдаған ертегілерін естеріне түсіреді. Бір-екі бала естеріне түсірген ертегілерінің мазмұнын қысқаша айтып береді).

2. Негізгі бөлім. «Қасқыр, түлкі және қоян» ертегісі.

а) Тәрбиеші дауыс интонациясын дұрыс қойып, мәнерлеп оқиды, мазмұнын дәптердегі сурет арқылы түсіндіреді.

ә) Сөздік жұмысы: Шаһар – қала. Мұржа – пештің, ошақтың түтін шығаратын мойны, түтіндік. Күлтеле – шоқтау, шоғырлау. Түлкінің күлтеленген құйрығы.

б) Сұрақтарға жауап беру. 1. Ертегі кейіпкерлерін атаңдар. 2. Қасқыр, Түлкі және Әтеш не салмақ болды? 3. Түлкі Қасқыр мен Әтешке қандай тапсырма берді? 4. Түлкі өзі не істеді?

5. Ертегі қалай аяқталды? в) Балалардың пікірлерін тыңдау. - Балалар, сендерге ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнады, қайсысы ұнамады? Шаһар салу үшін не істеу керек еді? Балалардың үлгі жауабы: - Маған Қасқыр мен Әтеш ұнады. Өйткені екеуі де Түлкінің айтқан тапсырмасын орындады. Екеуі де еңбекқор екен. Ал Түлкі ұнамады. Өйткені Қасқырды орманға жұмсап жіберіп, Әтешті жеп қойғысы келді. - Шаһар салу үшін үшеуі де тату-тәтті болу керек еді. Бірігіп еңбектенсе, шаһарды салып шығатын еді.

г) «Қасқыр, Түлкі және Әтештің жолын тап» ойыны.

Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің үйлеріне апаратын жолды сызып көрсету.

ғ) Жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешулері: әтеш, түлкі.

Әтеш, түлкі сөздерін қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату. Мысалы: әдемі әтеш, қу түлкі. Әтеш шақырады. Түлкінің құйрығы ұзын. Ол күлтеленіп тұрады.

Кіріспе әңгімені тыңдайды





Сурет бойынша әңгімелейді.


Сөздік

жұмыс жасайды.











Балалар дидактикалық

ойынды ойнайды.


Жұмбақ шешеді.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Ертегі мазмұнын мазмұндау.

- Балалар, бұл ертегі бізді өтірік айтпауға, әділ, адал болуға үйретті. Бірлік болған жерде кез-келген жұмысты да аяқтауға болады.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: сурет бойынша ертегі мазмұнын түсіндіру.

Қандай түсініктерді игерді: сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.



Бекітемін: күні



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Үй құстары және үй жануарлары. 11, 12 – беттер

Мақсаты:

1. Үй құстарымен, үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй құстары, үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

2. Үй құстары мен үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

3. Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге баулу және құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: құстардың, үй құстарының, үй жануарларының суреттері, үнтаспа.

Қостілділік компонент: үй – дом, құстар – птицы, жануарлар – животные.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеткендер. Өсті ақыл ойларың

Өсті, міне, бойларың. Иіліп сәлем береміз, Әдепті боп өсеміз.


Ұйымдастыру-іздестіру


















а) Үнтаспадан құстардың сайрағаны, судың сылдырлап аққан дыбысын тыңдату.- Әуеннен не естідік? - Құстар неліктен әртүрлі сайрайды? - Қауіп төнген кезде құстар шырылдап, өздерінің балапандарына ескертеді. Балапандар өздерінің тамақ жегісі кеплетіндігіні шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт-құмырсқаға таласқанда, ащы дауыспен шырылдап, шу шығарады. Басқа дыбыстардың көмегімен құстар топталып жиналады және бөтен құстарды қуады екен.

ә) «Әтеш пен тоты» ертегісін оқып беру.

- Ерте, ерте, ертеде аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі Әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Ешқандай құспен сөйлеспепті. Жалғыз серігі Тотықұс болыпты. Тоты байғұстың үстінде жібі түзу, жөнді киімі де жоқ екен. Бір күні Тотықұс әлгі кербез Әтешке келіп:

- Досым мен бүгін қонаққа бармақ едім, жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын? Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы, - деп қиылып жалыныпты. Әтеш досының сөзіне сеніп, әдемі, киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп Тотықұс жасанып, киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтып ұшып кетеді. - Егер мен кешіксем дауыстап шақыр. Келмей жатсам тағы шақыр, дауысыңды естиін, - дейді. Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш оны естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды. Содан осы күнге дейін Әтеш Тотықұсты шақырып, таң қылаң бергеннен, күн батқанға дейін айғайлап шақыра береді екен. Сұрақтар: - Ертеде әдемі кербез сұлу қай құс екен?

- Тотықұс Әтешке не үшін келді? - Тоты әдемі киініп, қайда кетті? - Әтеш таңертең неге айғайлап шақырады екен? - Әтеш жабайы құс па? - Үй құстарын атаңдар. - Үй жануарларын атаңдар.

2. Негізгі бөлім. а) Дәптермен жұмыс. Суретке бойынша әңгімелеу, сөз, сөйлемдер құрастыру. «Ұйқасын тап» ойынын ойнау, жалпы және жеке атауларын атау.- Үй құстарына қандай құстар жатады?

Балалар үй құстарының мамығымен, қауырсынымен танысады, оның қасиеті мен пайдасы жайлы әңгімелейді. Жұмыртқаларды салыстырып, ерекшелігін анықтайды. (Түр-түсі, үлкен-кіші, пішіні).

ә) Музыканың сүйемелдеуімен құстардың қалай ұйықтайтынын, суды қалай ішетіндігін қимылмен көрсету. б) Дәптерде берілген үлгі бойынша балапанның суретін бастырып салады, аяқтайды.

в) Тыныштық сәтін өткізу. - Балалар, көзімізді жұмып көз алдымыздағы өрістегі төрт түлік малды елестетейік. Таңертең жайлауда қой, сиыр, жылқылар жайылып жүр. Айнала тып-тыныш алыстан қозының маңырағаны, бұзаудың мөңірегені, құлыншақтардың дауысы естіліп қояды. Сол сәтте төлдердің енелері жан-жағына қарайды, бірақ төлдері көрінбейді. Кешкілік өрістен ауылға қайтады. (Жайлап көзімізді ашамыз). Балалар көз алдарыңа қандай жануарларды елестеттіңдер? - Үй жануарларының қандай пайдасы бар? - Сиырдың сүтінен тағы қандай тағамдар жасалады? Биенің сүті қалай аталады?

г) Жұмбақ: Мінсең - желдей жүйткиді, Көңілің таудай өседі,

Алып ұшар алысқа, «Ер қанаты» деседі.(Жылқы)

ғ) Сергіту сәті: Тіктеп титттей құлағын, ботам былай жүреді. Сыртылдатып тұяғын, бұзау оған ереді. Алға созып мойнын, ойнақтайды ботақан, Көкке қарай мұрынын шүйіреді бұзауқан.

д) «Үй жануарлары» дидактикалық ойыны. Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтыны дыбыстауға үйрету.

Шарты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінің немесе өз ойын, пікірін баяндайды. Сиыр, жылқы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

ж) Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу.

Кіріспе әңгімені тыңдайды






Ертегі тыңдайды.
















Сурет бойынша әңгімелейді.





















Жұмбақ шешеді.




Балалар дидактикалық

ойынды ойнайды.


Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ – жауап әдісі бойынша пысықтау.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Үй құстарымен, үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй құстары, үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

Қандай түсініктерді игерді: Үй құстары мен үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үй құстары мен үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге баулу және құстарды қорғауға тәрбиелеу.


























Бекітемін: күні



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Жабайы аңдар. 13 – бет

Мақсаты: 1. Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру. 2. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту. 3. Табиғаттың бір бөлігі – жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Жаңа сөз: бөлтірік, мыршай, абдан, миығынан күлу.

Қостілділік компонент: жабайы аңдар – дикие животные.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеткендер. Өсті ақыл ойларың

Өсті, міне, бойларың. Иіліп сәлем береміз, Әдепті боп өсеміз.


Ұйымдастыру-іздестіру


















2. Кіріспе әңгіме: - Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?

- Неліктен жабайы аңдар дейміз? - Мына суреттерден не көріп отырсыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады). Балаларға жабайы аң – қолға үйренбеген түз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік ететіндігі де айтылады. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың тіршілігі салыстырылады. Оларға мысалдар келтіріледі. Мысалы, төрт түлік мал – үй жануары, ал арыстан, барыс, т.б. аңдар жабайы жануарлар екені айтылады.

- Қасқыр, түлкі, қоян, т.б. аңдардың балаларын қалай деп атайды?

- Қасқырдың баласы – бөлтірік. Қоянның баласы – көжек. Түлкінің баласы – мыршай (жаутаң). Аюдың баласы – қонжық.. Жолбарыстың баласы – шөнжік. Арыстанның баласы – абдан.

2. Негізгі бөлім. а) «Тапқыр қоян» ертегісін оқу. • Тәрбиеші ертегіні мәнерлеп оқиды.

Сөздік жұмысын жүргізу: Миығынан күлу – езу тарту, мұртынан күлу.

• Дәптердегі ертегі мазмұнына салынған сурет арқылы ертегі мазмұнын түсіндіру.

ә) Жабайы, аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін анықтату және осы сөздерді буынға бөлдіру.

б) Жұмбақтар шешкізу. • Тәрбиеші жабайы аңдар туралы жұмбақтар оқиды. Балалар жұмбақтардың шешуін дәптердегі суреттен көрсетеді. 1. Қолыңмен тиме, Үсті толған ине. (Кірпі)

2. Паналайды үңгірді, Іздемейді тасаны. (Аю)

3. Қорықпайды күшті аңнан, Қорқады тек тышқаннан. (Піл)

4. Бұлаңдаған құйрығы – Бір алдарлық қулығы. (Түлкі)

в) Сергіту жаттығуын өткізу.

г) Дәптердегі тапсырманы орындау. Суреттен жануарлардың құйрықтарын тауып, сызып көрсету.

Кіріспе әңгімені тыңдайды





Сурет бойынша әңгімелейді.


Сөздік

жұмыс жасайды.



Балалар дидактикалық

ойынды ойнайды.


Жұмбақ шешеді.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың ертегіні қалай түсінгендерін сұрау.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру.

Қандай түсініктерді игерді: Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: табиғаттың бір бөлігі – жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Бекітемін: күні




Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі. Ойыншықтар айтысы. 14,15 – беттер

Мақсаты: 1. Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету. 2. Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.

3. Ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: жұмсақ, резина, компьютер.

Көрнекіліктері: әртүрлі ойыншықтар, көліктің түрлері, резиналы ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар.

Қостілділік компонент: ойыншықтар – игрушки, мереке – праздник, балабақша – детский сад.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Қуанамын мен де, қуанасың сен де.

Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін. Бәріңе сәттілік тілеймін!


Ұйымдастыру-іздестіру


















2. Балалар шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші ғажайып қалтаға салынған ойыншық түрлерін алып келіп, балаларға таратады, әрқайсысы алған ойыншықтарын сипаттайды. - Бүгін - ойыншықтар мерекесі. Бізге көп ойыншықтар қонаққа келіпті. Олар көрме ұйымдастырып, ойыншықтар мерекесін өткізуге көмектеседі. Біздің көрмеге ойыншықты күтіп ұстайтын мейірімді Перизат та (Фея) келіпті. Қош келдіңіз. Балалар Перизатқа ойыншық туралы өз ойларын айтады. Теледидардан әртүрлі ойыншық ұстаған балалар би билейді. Мейірімді Перизат сұрақтар қояды. - Ойыншық не үшін керек және ол неден жасалады? - Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар? - Аю, доп, қоян, қуыршақтардың бәрін жалпы қалай атауға болады?

3. Көңіл күйді көтеру. Ойыншықтарды шашамыз, шашамыз да жинаймыз, Бөлмемізді өрнектеп, мерекеге біз дайын. Барлық балалар ойыншықтарды аралап көріп шығады. Қолмен ұстап көреді. Балалардың біреуі өзінің сүйікті ойыншығын сипаттап айтады.

4. «Ойыншықтар» деген сөзге сөйлем құрастыру. Ойыншықтар сөзіне дыбыстық талдау жасау.

5. Дәптермен жұмыс. «Ойыншықтар айтысы» әңгімесін оқу. Кішкентай Сәнияның ойыншықтары көп. Туған күніне сыйлаған ойыншықтары қаншама. Неше түрлі қуыршақтар аю, қоян, ит және т.б. бөлмесіндегі ойыншықтар бұрышында сөрелерде тізіліп тұр. Бір күні үйдегілер ұйқыға кеткен шақта ойыншықтар бір-бірімен айтыса бастады. Сондағы даулары Сәния қыз қайсысын өте жақсы көреді екен? Әңгімені сары шашты әдемі қуыршақ бастады.

- Сәния мені өте жақсы көреді, себебі мен әдемімін. - Жоқ мені жақсы көреді, өйткені мен мамықпын, - деп қуыршақпен ақ қоян келіспеді. Ал менің үлкендігім соншама кейде мені жастанып та жатады. Неге дауласасыңдар соншама біздер арқылы оның ой-өрісі дамиды, - дейді түрлі түсті текшелер жамырап. Бәрінің айтқан дәлелдерін тыңдап болған үш аяқты велосипед: - Маған тең келетіндерің жоқ шығар. Адамға денсаулық керек. Мен арқылы ол денсаулығын шыңдайды, - деп мақтанады. Осылай ойыншықтар ұзақ айтысады. Ойыншықтардың осы дауын ұшып келіп терезенің жақтауында отырған көгершін естиді.

- Ойыншықтар неге сонша дауласасыңдар? Ал сендердің қайсысың Сәнияны өте жақсы көресіңдер? – деп сұрады. - Мен, мен, - деп бәрі жамырай жауап қатты ойыншықтар. - Міне, көрдіңдер ме? Сәнияны бәрің бірдей жақсы көреді екенсіңдер. Сәния да бәріңді жақсы көреді. Оған сендер керексіңдер. Олай болмаған жағдайда Сәния қажет еместеріңді лақтырып, не біреуге сыйлап жіберер еді. Тек бәріңмен бірдей бір мезгілде ойнауға оның шамасы келмейді. Ақ көгершіннің айтқанынын жаны бар. Ойыншықтар үндемей қалды. Бұл кезде таң да ата бастады.

Кіріспе әңгімені тыңдайды














Сөйлем құрату.


Әңгімені тыңдайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың алған білімдері пысықталады.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.

Қандай түсініктерді игерді: тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.















































11 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Елордасы – Астана. 16 – бет

Мақсаты: Республикамыздың қалай аталатыны, қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру.

Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу. Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.

Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері, бейнетаспа, электронды тақтамен

жұмыс, слайд.

Жаңа сөздер: Елорда, Бәйтерек, Барыс, көп қабатты үйлер.

Қостілділік компонент: Елордасы – Астана – столица Астана.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік. Бақытты боп әрқашан, Туған жерді сүйейік!


Ұйымдастыру-іздестіру


















ІІ. Кіріспе бөлім. – Біздің еліміз қалай аталады? – Қазақстан Республикасы. – Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

- Елордамыз – Астана қаласы.

ІІІ. Негізгі бөлім. а) Ермек Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін тәрбиеші мәнерлеп оқиды: Болашаққа бастаған,Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның, Мақтанышым – Астанам.

– Өлеңде не туралы айтылған? – Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? (Бала-ң жауаптары).

ә) Астана туралы мәлімет беру. Тәрбиеші елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын немесе бейнетаспадан аталған жерлерді көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді:* Сулы Жасыл бульвар – Астана орталығындағы жаңа көше. * Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. * Бәйтерек – Астананың басты белгісі. * Тәуелсіздік Сарайы – мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны болып табылады.* Парламент үйі – Өкімет үйі. * Бейбітшілік пен келісім сарайы - Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің жиынын өткізуге арналған ғимарат. * Астана циркі – цирк ойындары көрсетілетін ғимарат. *Хан Шатыры – Астананың ең үлкен ойын - сауық орталығы. * Мұхит аралы – мұхит жануарларын көретін орын.

б) Астана жайлы мәлімет: - Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы. 1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, қонақ үйлер, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таңғалдырады. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ. Біздің Отанымызда барлық жағдайлар балалар үшін жасалады. Міне, мына суретте балалар қалашығы бейнеленген. Астанада балабақша, мектеп көп. Қыста Астанада ең әсем мұз - қалашығы жасалады, онда балалар ойнайды, серуендейді. Үлкендерде де серуендеп тамашалайды.

в) Астана, көшелері, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып, сөйлем құрату: Мен Астанаға қыдырып бардым. т.с.с.

г) Сергіту сәті.

д) «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Шарты: А,с,т,а,н,а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру: А – ана, алма, ... С – су, сан, ... Т – таң, тамаша, ... А – асыл, ата, ... Н – нан, нар, ... А – апа, алқа, ...

е) «Астана» туралы ән тыңдату.

Кіріспе әңгімені тыңдайды


Өлеңді тыңдайды.



Әңгімені тыңдайды































Сөйлем құрату.


Ойынды ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Ақын Ғалымбек Жұматовтың бір шумақ өлеңімен аяқтағым келіп отыр: Астана орнап бір арман орындалды, Орындалды, әлемнен төрін де алды. Астанадан басталған қуаныштар, Шаттығына бөленсін жерім мәңгі!


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Республикамыздың қалай аталатыны, қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру.

Қандай түсініктерді игерді: өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.









































Бекітемін: күні




Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жыл басына таласқан жануарлар. 17 – бет.

Мақсаты:

1. Ертегінің мазмұнын түсіндіру.

2. Берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып, орындау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету.

3. Ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: түрлі түсті суреттер, сурет салуға арналған құралдар.

Қостілділік компонент: жыл – год, жануарлар – животные, адал – честный.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Қуанамын мен де, қуанасың сен де.

Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін. Бәріңе сәттілік тілеймін!

Шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру












2. Кіріспе: «Ойлан тап» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог балалардың білетін шығармаларынан үзінді оқиды, балалар оның қай шығарма екенін табады.


3. Негізгі бөлім. Педагог ертегіні мәнерлеп оқиды. Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды: - Ертегі қалай аталады? - Жыл басы қай жануар болды? – Түйе неге жыл басы бола алмады?


4. Сөздік жұмысы:

Жусан – ащы дәмді, көкшіл бозғылт түсті аласа шөп.

Жабағы – қой мен түйенің көктемде қырқып алған қысқы жүні. Өркеш – түйенің арқасына бір не екі айыр болып тік шаншылған қомы.


5. Сергіту сәті: Саусақтарым бір – бірімен амандасайық,

Саусақтардан гүл ашайық. Саусақтарды ашып – жұмып,

А-ә, г-ғ, ү-ұ, н-ң, к-қ, о-ө, Дыбыстарын дұрыс айтайық.


6. «Кім зерек?» логикалық ойыны. Шарты: әр жануардың қорегін тауып, қоршап, бояп, қалғанын қақпақтармен жауып қою.


7. «Қайсысы қалай дыбыстайды?» ойыны.


8. Е. Өтетілеуұлының «Жыл аттары» өлеңін оқып беру, жаттату.


Ойынды ойнайды.



Ертегіні тыңдайды.



Сөздік жұмысын түсінеді.




Сергіту сәтін жасайды.






«Жыл аттары» өлеңін жаттайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушыларды

алған білімдері пысықталады. Дәптердегі қазақша жыл аттарын атату: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: ертегінің мазмұнын түсіндіру, берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып, орындау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Қандай түсініктерді игерді: сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету..

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу.




13 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қысқы киімдер. 18 – бет.

Мақсаты: балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: ұлттық киім, кебіс.

Көрнекілігі: жылдың әр мезгілінің киімін киген қуыршақ ұлттық киімдер үлгісі.

Қостілділік компонент: қысқы киімдер – зимние одежды.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік. Бақытты боп әрқашан, Туған жерді сүйейік!


Ұйымдастыру-іздестіру























1. Кіріспе әңгіме: – Қайырлы таң! – Бүгін қандай күн? - Ауа райы қандай? - Жылдың қай мезгілі? - Қыста қалай киінеміз?

2. Педагог қонаққа қуыршақ Айнұрдың келгенін, оның бір сандық киім алып келгенін хабарлайды: - Айнұрдың үстіндегі киімді ата.

– Киімді қай мезгілге сай киген? - Қыс мезгіліне сай киген.

3. Негізгі бөлім. Педагог әр балаға киімдер бейнеленген суреттер таратып береді, балалар киімдерге сипаттама береді. Мыс: Малақай – құлағы бар жылы бас киім, құлақшын.

4. Сөздік жұмысы: Пима – жүннен басылған қысқы аяқкиім. Тон – иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.

Ішік – іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім. Байпақ – етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шұлық.. Байпақтың сыртынан кебіс те киеді.

5. Сөйлем, сөз тіркестерін құрату: Қыста қалың тон киеміз. Әкемнің жылы ішігі бар.

6. «Балаларға арналған киім дүкені» деген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.

7. «Қай мезгілде киеміз?» дидактикалық ойыны. Шарты: Ауа райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едің? Аттарын атау.

– Киімдерді қалай киюіміз керек? - Киімді қайдан аламыз?

8. «Мынау кімдікі?» дидактикалық ойыны. Шарты: киімдердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болатындығы айтылады.

9. Ө. Ақыпбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттату.


Кіріспе әңгімені тыңдайды



Әңгімені тыңдайды







Сөйлем құрату.



Ойынды ойнайды.





Санамақты жаттайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту: сұрақ – жауап бойынша оқу іс - әрекетті қорыту.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру.

Қандай түсініктерді игерді: әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.










14 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Көңілді қыс. Қысқы ойындар. 19 – 20 бет.

Мақсаты: 1. Балаларды қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.

2. Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: қыр, дөң, шанасымен жүйткиді.

Көрнекілігі: қыс көрінісі туралы тақырыптық сурет, үлестірмелі суреттер.

Қостілділік компонент: көңілді қыс – веселая зима, қысқы ойындар – зимние игры.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік. Бақытты боп әрқашан, Туған жерді сүйейік!


Ұйымдастыру-іздестіру























2. Кіріспе бөлім. а) Жұмбақ шешу: Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (Аяз)

ә) Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.

– Аяз жылдың қай мезгілінде болады? – Қыс мезгілінде болады.

– Аяз қандай болады? – Қатты, суық. Бетті, қолды үсітіп жібереді.

– Аязды күні ойнауға бола ма? – Болады. Суықтан қорықпау керек. – Қандай қысқы ойындарды білесіңдер? – Аққала соғамыз, сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз. – Хоккей ойнаймыз.

3. Негізгі бөлім. а) Педагогтің түсіндіруі. – Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шаңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасаймыз. (Есік тықылдатып, Аққала келеді).

– Бүгін, бізге аққала қонаққа келіпті: Ауыл алды ақшақар,

Ақша қарда балалар. Соғып жатыр аққала, Жалқауы жоқ жұмысқа.

ә) Аққаламен қосылып, 1-2 жалпы дамыту жаттығуын орындату.

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз, денемізді қыздырып жаттығу жасайық: Қыздырайық денені, Кел, балалар, кел бері.

Қыздырайық денені, Орнымызда тұрып-ақ.

б) Аққаланың келесі тапсырмасы: «Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме не ертегі құрастыру. Аққала дорбасының төмендегідей тірек сөздерді шығарады. Педагог сөздерді балаларға оқып, осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастыру керектігін айтады. Тірек сөздер: Ақ қоян, мәнерлеп сырғанау, сұр қасқыр, шаңғы, хоккей, шайба, таяқ, шанасымен жүйткиді.

Тірек сұрақтар: 1. Ақ қоян, сұр қасқыр, түлкі және кірпі қандай ойындар ойнады? 2. Ақ қоян не істеді? 3. Хоккей ойнау үшін қандай құралдар қажет? 4. Кірпі сыртқа не алып шықты?

Қыс түсті. Ақ қоян, сұр қасқыр, түлкі және кірпінің іштері пысты. Олар ойнамақ болды. Мұзайдында қоян конькимен мәнерлеп сырғанады. Сұр қасқыр шаңғы тепті. Түлкі хоккейге қажетті құралдарды алып шықты. Барлығы хоккей ойнады. Кірпі қырдан (дөңнен) шанамен сырғанады.

в) Дәптерге қысқы ойынға қажетті құралдың суретін салады.

г) Жұмбақ: шешуі: шана. Жұмбақтағы қыр сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. (Қыр – биік жер, бұл жерде дөң деп те айтуға болады).

Кіріспе әңгімені тыңдайды



Әңгімені тыңдайды













Ойынды ойнайды.








Сөйлем құрату.




Жұмбақ шешеді.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту: а) «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Тақтаға шананың, шаңғының, коньки, аққала т.б. суреттерді іледі. Сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады. Мыс: көк шана, жаңа шаңғы, аппақ аққала т.б.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: балаларды қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.

Қандай түсініктерді игерді: табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.


















































Бекітемін: күні




Білім беру саласы: Қатынас



Бөлімі: Тіл дамыту


Тақырыбы: тәуелсіздік төрімде

Мақсаты: 1. 16- Желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру.

2. Тәуелсіз, егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктері: Отан, табиғат, Қазақстан Республикасының картасы, Тәуелсіздік ескеркішінің суреттері.

Қостілділік компонент: тәуелсіз – независимый, Отан – Родина, табиғат – природа.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік. Бақытты боп әрқашан, Туған жерді сүйейік!


Ұйымдастыру-іздестіру























1. Кіріспе бөлім: а) Қ. Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйін немесе туған елген байланысты күйші композиторлардың бір күйін үнтаспадан қою. Күй әуенімен Отан туралы бір шумақ өлең оқу. Балалардың Отан туралы пікірлері тыңдалады.

ә) Бейнетаспадан қазақ елі, республикамыз туралы 2-3 минуттық фильм көрсету.

2. Негізгі бөлім. а) Қазақстан Республикасының картасын көрсету: – Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-асыр жері бар екенін байқауға болады. Осы кең байтақ қазақ жері – бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни егеменді мемлекет.

ә) Сөздік жұмысы: Тәуелсіз – толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес. Егемен - өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.

– Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев). – Тәуелсіз Қазақстанның елордасы қай қала? ( Астана қаласы). – Алматы қандай кала? – Алматы - әсем қала. Бұрын Алматы қаласы астанамыз болған. – Дұрыс айтасыңдар. Қазір Алматы еліміздің Мәдени орталығы болып саналады. Алматы қаласының Республика алаңында Қазақстан Тәуелсіздігі құрметіне арналған қар барысына мінген Алтын адамның биік ескерткіші және Тәуелсіздік монументі орнатылған. (Картадан Астана мен Алматы қалалары және суреттері көрсетіледі).

б) Педагогтің түсіндіруі: – 16 Желтоқсан – еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2013 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 22 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.

в) Қазақстан, егемен, туелсіз сөздерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырту.

г) Ө. Ақыпбекұлының «Қазақстан картасы» өлеңін жаттату:

• Педагог мәнерлеп оқиды. • Сөздік жұмысын жүргізу: Құт дала – берекелі, бай дала. Қараймын да тасынам – бұл жерде қуанамын, мақтанамын деген мағынада. • Өлең жолдарын балаларға бірнеше рет қайталату. • Бір-екі балаға жатқа оқыту.

Кіріспе әңгімені тыңдайды




Әңгімені тыңдайды




Сөздік жұмысты түсінеді.









16 желтоқсан туралы тыңдайды.







Сөйлем құрату.


Өлеңді жаттайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту: а) Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу: – «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деген сөздің мағынасы мынадай: туған үйіңнен, қалаңнан, ауылыңнан немесе туған еліңнен алыста жүрсең, біраз уақыттан соң еліңді сағынасың. Өз еліңдегі әрбір күнінді сағынасың. – «Халықтың ортақ үйі - Отаны» дегенді қалай түсінесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

– Иә, дұрыс айтасыңдар. Біздің елімізде тұратын халықтардың ортақ үйі – Отаны – Қазақстан Республикасы.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 16- желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру.

Қандай түсініктерді игерді: тәуелсіз, егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.













































Бекітемін: күні


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!» 22 – бет

Мақсаты: 1. Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы мағлұмат беру. 2. Сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Аязата, Ақшақар, аққала деген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырту арқылы сөздік қорларын молайту. Өлең сөздерін жатқа және мәнерлеп оқуға үйрету. 3. Сыйластыққа баулу.

Көрнекіліктері: жаңа жыл мерекесіне арналған суреттер, ойыншықтар.

Қостілділік компонент: Жаңа жыл – новый год, қыс – зима, Аяз ата – Дедь Мороз, Снегурочка

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Балалар жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғандарын естеріне түсіріп әңгімелейді немесе жаңа жылдық бір ойыншықты қолдарына алып, мерекелік тілектер айтады.


Ұйымдастыру-іздестіру























1. Кіріспе бөлім. а) Жұмбақ шешу: педагог жұмбақты жатқа оқиды, жаһан сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді. (Жаһан – әлем).

Шашуы көп, дәмі мол, тастамайды қабын ол.

Жаһан кезіп баланың қуантпақшы бәрін ол. ( Аязата.)

2. Негізгі бөлім. а) Пікір алмасу. – Жаңа жыл мерекесі қашан болады? – Жаңа жыл мерекесі басқа мерекелерден қалай ерекшеленеді? Несімен қызықты? (Балаларды тыңдау)

– Жаңа Жыл - әлемнің көптеген халықтары тойлайтын ортақ мереке. Әр халық әртүрлі деңгейде және әртүрлі ғұрыпта тойлайды. Әр жылдың бірінші қаңтарының түні (31 желтоқсанан 1 қантарға қараған түн) – Жаңа жыл түні. Жаңа жыл әр елде әр кезде мерекеленіп, әр халық өз салт-дәстүрімен қарсы алатындығы хақындағы деректерді көбіміз біле бермейміз. Мәселен, шығыс елдері, оның ішінде қазақ халқы да дәстүрлі жыл басы мерекесін күн мен түннің теңелген күні, яғни 22 наурызда атап өтеді. Қай ел, қай халық болсын, жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алудағы бір-біріне ұқсамайтын өз дәстүрлері бар. Жалпы алғанда, әсем ойыншықтары жарқыраған жасыл шырша Жаңа жылдың ерекше белгісіне айналған.Алғашқы кезде шыршаны қағаздан жасалған раушан гүлдерімен безендірген екен. Кейіннен мәңгі жасыл шырша ағашын безендіретін болған.

ә) С. Қалиұлының «Шырша» өлеңінен үзінді жаттау: • Педагог өлеңді мәнерлеп оқиды. • Безендіру сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. (Безендіру - әсемдеу ). • Өлең жолдарын балалармен бірге 2-3 рет қайталау. Өлеңді көңілді дауыс ырғағын келтіре отырып мәнерлеп сөздерін анық айту керек.

б) Тыныштық сәті (Музыка). Педагог: – Көзімізді жұмып, Жаңа жыл мерекесін елестетейік. (Әр бала не елестеткенін баяндайды).

в) Балалар дәптердегі шырша суретін бояп, безендіреді. Педагог балалардың әрекетін бақылап, қалай болу керектігін көрсетіп жүреді.

г) «Сөз ойла, тез ойла, көп ойла» дидактикалық ойыны. Балалар кезекпен з мен ш дыбыстары кездесетін сөздер айтып жарысады. Көп сөз айтқан топ немесе бала жеңімпаз атанады. Мысалы: аяз, шана, шырша, Аязата, Ақшақар, безендір, т.б.

Жұмбақты шешеді.



Кіріспе әңгімені тыңдайды




Әңгімені тыңдайды










Сөздік жұмысты түсінеді.







Ойынды ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту: а) Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру. – Суретте кімдер бейнеленген? – Бұл қандай мереке? – Аязата мен Ақшақарға балалар қандай өнерлерін көрсетіп жатыр? – Аязатаның дорбасында не бар? – Ойыншықтар мен кәмпиттерді кімдерге береді? – Ақшақар кім?

ә) «Сен білесің бе?» айдарын өткізу: – Расында Жаңа жыл – көп ұлтты мереке, әртүрлі елдерде өздігінше тойланады. Мәселен, жаңа жыл күні италяьндықтар бар құштарлығымен терезелерден ескі үтіктерді және орындықтарды лақтыра бастаса, Панама тұрғындары барынша қатты шулау үшін өз машиналарының сиреналарын қосады, ысқырып, бар дауыстарымен айғай салып шу көтереді. Жапония халқы қоңырауды 12 рет емес, 108 рет соғады. Италияда Жаңа жыл мейрамы 6-қаңтар күні басталады. Ырымдарға сәйкес, бұл сиқырлы түні сыпырғышта мейірбан пері Бефан ұшып келетін көрінеді. Ол кішкентай алтын кілтімен есіктерді ашып, балалар ұйықтайтын бөлмеге кіріп, әдейі ілінген сыйлықтарды толтырады. Ал жақсы оқымаған балаларға, Бефана күлдің шөкімін немесе ұсақ көмір тастап кетеді. Италяндықтардың жаңа жылдық дастарқандарында міндетті түрде жаңғақ, жасымақ және жүзімдер болуы тиіс, ол – ұзақ өмір, денсаулық және аманшылықтың нышанын білдіреді екен. Біздің халқымыздың да жаңажылдық салт-дәстүрлері бар. Мерекені барынша көңілді қарсы алған дұрыс.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы мағлұмат беру, сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Қандай түсініктерді игерді: Аязата, Ақшақар, аққала деген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырту арқылы сөздік қорларын молайту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өлең сөздерін жатқа және мәнерлеп оқуға үйрету, сыйластыққа баулу.




































Бекітемін: күніБілім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Құстардың тіршілігі 23 бет

Мақсаты : 1. Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.

2. Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: құстар – птицы, қыс – зима, күн – солнце

Көрнекіліктері: қыстап қалатын құстардың суреттері, үнтаспаға жазылып алынған құстардың

үндері.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Балалар дөңгелене тұрып, бір – біріне құстардың атына байланысты еркелетіп айтатын сөздерді айтады: - Көгершінім. – Балапаным. – Қарғам. – Қарлығашым. – Тотым. т.б.

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру



















ІІ. Кіріспе бөлім. Қыс мезгілінің өзгерістерін сұрақ – жауап ойыны арқылы суреттеу, әңгімелеу. Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог олардың жауаптарын қорытындылайды. Қыс мезгілі суық, қарлы, боранды болады. Қыста суыққа төзе алатын құстар ғана қыстап қалады. Олар мына құстар (суреттерін көрсету): торғай, қарға, кептер, сауысқан. Басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді.


2. Сергіту сәті: Құстар біздің досымыз, бау – бақшаны қорғайды.

Ұя жасап қарсы алсақ, құстар бізді қолдайды.

ІІІ. Негізгі бөлім.


3. «Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқып беру. Педагог балаларға ертегіні оқып, мазмұнын түсіндіру.


4. Суретпен жұмыс. «Құстарға көмек» тақырыбында әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: жемшашар, суықтан тоңған құстар, сарышымшықтар, жем салды.т.б.


5. Сөздік жұмысын жүргізу. Сарышымшық – сұр, қоңыр түсті, бауыры сары, қауырсынды кішкентай құс. Құр – тауық тұқымдас жабайы құс.


6. «Қайсысы артық?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог тақтаға құстардың суретін іледі. Мыс: суықторғай, тоқылдақ, қарға, жабайы үйрек. Балалар суреттерден қыстап қалатын құстарды атайды, ал жабайы үйректің артық екенін айтады.



Әңгімені тыңдайды






Сергіту сәтін жасайды.


Ертегіні тыңдайды


Суретпен әңгіме құратырады.






Балалар дидактикалық

ойынды ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІV. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақтарға жауап беру:

- Қандай құстар қыста қыстап қалады екен?

- Біздер құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?

- Қандай ертегі тыңдадыңдар?



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.

Қандай түсініктерді игерді: сабақ барысында орындалатын тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу

Бекітемін: күні



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі 24 – бет

Мақсаты : 1. Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

2. Сурет бойынша толық сөйлем құрастырту, сұраққа жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.

Қостілділік компонент: жабайы – дикие, жанурлар – животные, қыс – зима,

Көрнекіліктері: жабайы аңдардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін құру. - Балалар далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз ыстық, мейірімге толы. Бір – бірімізге деген жылы сөздерімізді айтып, көңіл күйімізді көтерейік.

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру



















ІІ. Кіріспе бөлім. Сұрақ – жауап әдісі арқылы балалар жануарлар туралы алған білімдерін ортаға салады. – Балалар, аңдарды қыстың қатты суық аязынан не қорғайды? ( Жылы үлпілдеген жүні, әңдері, апандары) Аңдардың суреттерін көрсете отырып: - Қыста қоян мен тиіннің жүнінің түсі қалай өзгереді?


ІІІ. Негізгі бөлім.

2. Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру. – Қыста аңдар немен қоректенеді? – Қыста қояндар мен бұғылар азық даярламайды. Қоян ағаштардың бұталарын кеміріп жеп күн көреді. Бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді. Түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді. Ол қарды иіскелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы азығы – тышқан. Ал аю қысқа азық жинайды. Денесіне май жинап алып, қыс бойы апанында жатып табанын сорады.


3. Сөздік жұмысын жүргізу. Суыққа дірдектеп – қалшылдап тоңу, бүрсеңдеу. Айдын – жайылып жатқан су алабы.


4. Дәптердегі тапсырманы орындау: бір қоян, бір аюдың суретін салу. Қоянның тамағы – сәбіз, аюдың тамағы бал екенін айтқызу.


5. Ә.Табылдының « Ақ аю» өлеңін жаттату:педагог мәнерлеп оқиды, балпаң – балпаң сөзіне сөздік жұмысын жүргізу, аюдың жүрісін салғызу.

6. «Қандай жануар?» дидактикалық ойыны. Шарты: бір бала хатқалтадан жануарлардың суретін алады, сол жануардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейді.


Әңгімені тыңдайды






Суретпен әңгіме құратырады.











Дәптердегі тапсырманы орындайды.

Өлеңді жаттайды.


Балалар дид.

ойынды ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІV. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақтарға жауап беру:

- Қандай жануарлар қысқа азық жинайды?

- Ал қандай жануарлар қысқа азық жинамайды?

- Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы не білесің?



Күтілетін нәтиже

Нені біледі: жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.

Қандай түсініктерді игерді: сұраққа жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру


Бекітемін: күні


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Көшедегі көліктер. 25 – бет

Мақсаты:

1. Көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету.

2. Сөздік қорларын толықтыру, жаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы айтуға жаттықтыру.

3. Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: түрлі көліктер бейнеленген суреттер.

Қостілділік компонент: көліктер – машины

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін құру. - Балалар далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз ыстық, мейірімге толы. Бір – бірімізге деген жылы сөздерімізді айтып, көңіл күйімізді көтерейік.

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


















ІІ. Кіріспе бөлім. а) «Қандай көлік түрлерін білесіңдер?» деген сұраққа сурет бойынша көшедегі көлік түрлерін атап шығады.

ә) Көліктердің пайдасы туралы әңгімелеу.

ІІІ. Негізгі бөлім. а) Сөздік жұмысын жүргізу.

Жедел жәрдем – қолма-қол берілетін көмек. Өрт сөндіргіш - өрт сөндіруге арналған техника. Су сепкіш – су тебуге арналған техника.

ә) Жедел жәрдем, өрт сөндіргіш машинасы, су сепкіш сөздерін қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.

Б) «Төртінші артық» дидактикалық ойыны.

2. Педагог көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп тұрып, олардың аттарын атайды. Балалар аталған көлік түрлерінің артығын тауып айтады және оның неге артық екенін дәлелдейді.

– Камаз, Тайота, Жигули, Мерседес.

– Камаз артық. Өйткені ол – жүк тиейтін машина. Жигули, Тайота және Мерседес – жеңіл көліктер.

в) Жұмбақтар шешу. Шешулері: пойыз, автобус.

– Жұмбақта пойызды неге үйге теңеп тұр?

– Өйткені пойыздың ішінде жататын төсек, тамақтанатын орын, жуынатын жер және әжетхана бар.

г) Күрделі сөздермен жұмыс. Сүт тасығыш машина, өрт сөндіретін машина, су себетін машина, жедел жәрдем т.б.

д) «Толықтыр» дидактикалық ойыны. Педагог сөйлемді толық айтпайды, балалар түсіп қалған сөзді тауып, сөйлемді толықтырып айтады. Мыс: Егер жермен жүрсе – бұл (жер) көлігі. Олар: жеңіл машина, автобус, троллейбус. Егер сумен жүрсе – (су) көлігі. Олар: қайық, кеме, теплоход.

Әңгімені тыңдайды








Суретпен әңгіме құратырады.




Дәптердегі тапсырманы орындайды.




Балалар дид.

ойынды ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІV. Оқу іс-әрекетін қорыту. 1. Тәрбиеші балаларға көлік түрлерінің суреттерін көрсетеді, ал балалар оның қандай көлік түрі, не үшін пайдаланатынын айтады. Мыс: трамвай – электр қуаты арқылы рельспен қозғалады. Ол – қалада жолаушы таситын моторлы вагон көлік. Троллейбус – электр қуатымен жүреді. Ол – жолаушы таситын көлік. 2. Жұмбақ шешеді. А). Бұл көлік қалада жүреді, электр күшімен қозғалады, жолаушы тасиды.

Ә) Ол вагон көлік, рельспен жүреді.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету.

Қандай түсініктерді игерді: Сөздік қорларын толықтыру, жаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы айтуға жаттықтыру.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиел


Бекітемін: күні


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Жеті қазынаның бірі 26 – бет

Мақсаты: 1. «Жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіндіру. 2. Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту. 3. Жеті санының киелі екенін, жеті қазынаға не жататынын түсіндіру.

Көрнекіліктер: жеті қазына бейнеленген суреттер.

Қостілділік компонент: жеті – семь, қазына – сокровища, бір – один

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін құру. - Балалар далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз ыстық, мейірімге толы. Бір – бірімізге деген жылы сөздерімізді айтып, көңіл күйімізді көтерейік.

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


















ІІ. Кіріспе бөлім. Жеті санын неліктен қасиетті екенін мысалдар келтіре отырып, түсіндіреді. Мыс: жеті ата, жеті шелпек, жеті жеті қазына.

ІІІ. Негізгі бөлім. а) Педагог «Жеті қазынаның бірі» атты ертегіні мәнерлеп оқиды. Дәптердегі ертегі мазмұны бойынша салынған сурет арқылы мазмұнын түсіндіреді.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу: Мадақтау – біреудің жақсы қасиетін мақтап, көкке көтеру, дәріптеу. Аластау – біреуді ығыстыру, қуып тастау. Жағымпаздана – жағыну, жарамсақтану, жалбақтау.

б) Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегінің мазмұнын ашу.

– Аң патшасы – Арыстан ормандағы аңдарға қандай сұрақ қойды?

– Аңдар қалай жауап берді? – Арыстан неге ашуланды?

– Иттің жауабын кім айтады? – «Дүниеде қайратты әрі ақылды да тек – адамзат» деп жауап берді Ит.

в) Жеті қазына туралы мағлұмат беру: Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: 1. Жүйрік ат – қанаты. 2. Құмай тазасы – абыройын асырар сенімді серігі. 3. Қыран бүркіт – қуаты. 4. Берен мылтық – қаһарлы оты. 5. Қақпан – серті. 6. Майланғыш ау - әдіс-айласы.

7. Өткір кездік – сұсы. Қазақ халқы жеті қазынаны жеті ырыс деп те атайды. Оларға төмендегі ұғымдарды жатқызады.

1. Адамның ақылы, ой-санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жаулық (ана)

4. Бала 5. Көңіл 6. Жер 7. Ит.

ІV. Оқу іс-әрекетін қорытындылау: а) Дәптердегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру: Ақылды адам айтқызбай біледі,

Қыран қаққызбай іледі.

ә) Сұрақтарға жауап беру: 1. Ертегі қалай аталады? 2. Ертегі қандай сөйлеммен басталады? 3. Арыстан өзі туралы не білгісі келеді?

4. Түлкі Арыстан қалай мадақтады? 5. Арыстан Итке не деді?

6. Ал сонда дүниедегі еі қайратты, ең ақылды, әділ әрі епті қайсысы екен? 7. Ит Арыстанға қандай жауап қайтарды? (Мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды, ол тек – адамзат).

8. Неге итті «жеті қазынаның бірі» деп айтады екен?

9. Осы ертегіде Арыстан, Ит және Түлкінің жауаптарын қайталап айт.

Әңгімені тыңдайды


Ертегіні тыңдайды.





Дәптердегі тапсырманы орындайды.




.

Рефлексивті-түзетушілік

б) Жеті қазынаның аттарын атату. Педагог сұрақтарға толық жауып алғаннан соң, сабақты қорытындылайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: «Жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жеті санының киелі екенін, жеті қазынаға не жататынынтүсіндіру.

21 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы



Бекітемін: күні


Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы. 27 – бет.

Мақсаты:

1. Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.

2. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.

3. Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.

Көрнекіліктер: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, құралдар.

Қостілділік компонент: мамандық – профессия, жақсы – хорошо, бәрі – все.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру:

Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. – Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып-білеміз. – Мені, көрдіңдер ме? Балалар, болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді, тәрбиелі болу керек.

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


















2. Кіріспе бөлім. а) Жұмбақ шешкізу: Кірпіштен сарай, үй салады,

Ол адам кім болады? (Құрылысшы)

Осы жерде құрылысшы мамандық иесі екені айтылып, мамандық туралы әңгіме жүргізіледі.

ә) «Кім болам?» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар үлкендердің бала күндерінде кім болуды армандағандарын және болашақта өздерінің қандай маман иесі болғысы келетіні жөнінде әңгімелерін, ойларын ортаға салады.

3. Негізгі бөлім. а) «Мамандықты ата» дидактикалық

ойыны. Дәптердегі мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап, мамандық иелерін (дәрігер, ғарышкер, полиция, құрылысшы) айтады:

– Дәргер не істейді? – Ғарышкер ше? – Полиция қызметкері не істейді? – Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады).

ә) «Кімге не керек?» тапсырмасы. Шарты: дәптердегі бірінші бағанда тұрған мамандық иелерінің суреттерін екінші бағандағы суреттердің тиістісіне сызықпен қосып көрсету. «Кімге не керек?» сұрағына ауызша жауап беру.

б) Дәптердегі аспан әлемі бейнеленген суретті аяқтау. Бір-екі балаға салған суреттері бойынша әңгімелету. Ғарышкер мамандығы туралы түсіндіру: Ғарышкер – ғарышта аспан денелерін зерттейтін адам.

в) Жұмбақ шешкізу. Шешуі: ұшақ. Ұшқыш мамандығы туралы әңгіме жүргізіледі.

Жұмбақты шешеді.



Ойынды ойнайды.



Сурет бойынша әңгімелейді.




Дәптердегі тапсырманы орындайды.




Рефлексивті-түзетушілік

4. Оқу іс-әрекетін қорытындылау: а) Педагог бірнеше мамандық түрлерін кезекпен айтады. Балалар әр мамандық туралы әңгімелейді.

– Ұшқыш ұшақты жүргізеді. Жолаушыларды тасымалдайтын ұшқыш, әскери ұшқыш болады.

– Полиция қызметкері елдің тыныштығын қадағалап жүреді.

ә) Педагог мамандықтың бәрі жақсы, тек қандай мамандық иесі болу үшін көп оқу керектігін айтып, сабақты қорытындылайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.

Қандай түсініктерді игерді: сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.


22 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесі. 28 – бет

Мақсаты: оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Көрнекіліктер: Ы. Алтынсарин портреті, әңгіме мазмұнына салынған сэжетті сурет.

Сөздік жұмыс: педагог, немере қызы.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, саусақпен жаттығу.

Қостілділік компонент: әңгіме – рассказ, бір – один, мақта – вата, мамық – пух.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру:

Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. – Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, болашақта біз ақылды, білімді, тәрбиелі болуымыз керек.

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


















1. Кіріспе бөлім. а) Педагог балаларға таныс ертегі, әңгімелерден үзінді оқиды. Балалар ертегі, әңгімелердің қалай аталатынын тауып айтады. – Қыз Мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: «Құйрығымды берші», – дейді. – «Мақтақыз бен мысық» ертегісі. – Ертең апаңның мерекесі. Оған сыйлық әзірледің бе? – «Не сыйлау керек?» әңгімесі.

ә) Педагог балалардан еңбек туралы қандай әңгіме, ертегі білетіндерін сұрайды.Сонан соң Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесін оқитындарының, оның еңбек туралы екенін хабарлайды.

2. Негізгі бөлім. – Ыбырай Алтынсарин – қазақтың тұңғыш педагогі. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі мектептер ашып, оған орыс әліпбиі негізінде оқулықтар жазды. Өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Қазақ балаларына арнап тәрбиелік мәні бар әңгіме, өлеңдер жазды. Бүгін мен Ы.Алтынсариннің «Бір уыс мақта» атты әңгімесін оқып беремін.

ә) «Бір уыс мақта» әңгімесін оқу. Сөздік жұмысы: Шапан – астарына жүн не мақта салып сырып тігілген сырт киім. Қиқым – бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы. Мамық – құстың үлпілдеген жұмсақ жүні. Әңгіменің мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап беру.

– Үйде анасымен қызы не істеп отыр еді? – Қыз артылып қалған бір уыс мақтаны не істеді? – Мақтаны не іліп алып кетті? – Торғайға мақта не үшін қажет болды? Бірнеше балаға әңгіменің мазмұнын айтқызып, тәрбиелік мәнін ашқызу. Балаларға еңбек ету және ысырапшылдыққа жол бермеу керектігі түсіндіріледі.

б) «Ұйқысын тап» дидактикалық ойыны. Педагог өлеңді дауыстап оқиды, балалар «торғайды» деген сөзді тауып айтады.

в) Жаңылтпаш жаттату. Жаңылтпашты жылдам айтқызу арқылы балалардың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң айтуға үйретеміз.

Естеріне түсіріп, атын атайды.




Сурет бойынша әңгімелейді.






Дәптердегі тапсырманы орындайды.







Ойынды ойнайды.



Рефлексивті-түзетушілік

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау: а) «Бір уыс мақта» әңгімесінің мазмұнын айтқызу. ә) Әңгіменің тәрбиелік мәніне тоқталу.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету.

Қандай түсініктерді игерді: есте сақтау қабілеттерін дамыту


Бекітемін:


23 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Көктем. (Сурет бойынша әңгіме) 29 - бет

Мақсаты:

1. Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.

2. Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.

3. Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: құстардың, көктем мезгілінің суреті, бүршік жарған бұтақ, үлестірмелі суреттер.

Қостілділік компонент: көктем – весна, күн – солнце, құстар – птицы, ағаштар – деревья.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру:

Балалар дөңгелене тұрып: Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік. Бақытты боп әрқашан, Туған жерді сүйейік!

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


















1. Кіріспе бөлім.

а) Педагог тақтаға көктем мезгілін бейнеленген бірнеше суреттерді іледі де, балалардан жылдың қай мезгілі екенін анықтайды. «Көктем екенін қалай білдіңдер?» деген сұрақ арқылы балаларға жауаптарын дәлелдету керек. Балаларға қойылатын жетекші сұрақтар:

1. Көктемде неше ай бар?

2. Қай айдан басталады?

3. Жерде, далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?

4. Айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшып келеді? (Ұзақ, қараторғай, су құстары).

ә) Педагог балалардың көктем мезгілі туралы айтқандарын қорытындылап, толықтырады.

2. Негізгі бөлім.

а) Педагог Т. Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқиды.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу: Шартылдайды – сартылдайды, тарсылдайды. Қып-қызыл отпен белгі – бұл жерде найзағайдың көрінісі суреттеліп тұр. Өткен жел – бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.

б) Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.

в) «Көктемгі гүлдер» дидактикалық ойыны. Шарты: себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлді сипаттайды. Мысалы: бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ, т.б.

г) Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салады.


Сурет бойынша әңгімелейді.









Дәптердегі тапсырманы орындайды.






Ойынды ойнайды.



Рефлексивті-түзетушілік

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау: а) «Өрік ағашы» әңгімесін оқу.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын қалай түсінгендерін сұрау. ә) Балалардың оқу іс-әрекетінде алған білімдері пысықталады.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.

Қандай түсініктерді игерді: сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту,




Бекітемін:

Күні:


24 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Аналар мерекесі 30 - бет

Мақсаты: көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке – аналар мерекесі туралы түсінік беру. Өлең, мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу. Қуанышты, мерекелік, көңіл күй арқылы әртүрлі іс-әрекеттерде шығармашылық қабілеттерін дамыту. Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: аналар мерекесі туралы суреттер.

Әдіс-тәсілдер: жаттау, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Қостілділік компонент: аналар – матери, мереке – праздник, қыздар – девочки.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру:

Балалар дөңгелене тұрып, әр бала өздерінің сүйікті аналары туралы ойлап, аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады: Мені анам: «айым, күнім, боташым, ақылдым», – дейді.

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру



















2. Кіріспе бөлім.

Көктемде болатын мерекелер туралы әңгіме жүргізу.


3. Негізгі бөлім. а) Сурет бойынша жұмыс.

Дәптердегі аналар мерекесін бейнеленген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекесі – халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру.


ә) Дәптерге «Анама сыйлық» деген тақырыпта сурет салдыру.


б) Ғ. Ормановтың «Жан анам» өлеңін жаттату:

Біліп тұрсың жан анам, Міндеті үлкен ботаңның.

Күтері сол баладан, Ана менен Отанның.


в) Мақалдың мағынасын түсіндіру:

Әке – асқар тау,

Ана – ағып жатқан бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ.


г) «Кімнің дауысы, табайық!» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар диктофон немесе таспаға алдын ала жазылған аналарының, әжелерінің сөздерін тыңдап, дауысынан танып айтады.


Сурет бойынша әңгімелейді.


Дәптердегі тапсырманы орындайды.


Сурет салдыру.


Өлеңді жаттайды


Мақалды жаттайды.



Ойынды ойнайды.



Рефлексивті-түзетушілік

4. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Оқу іс-әрекетінің барысында ана туралы жаттаған өлең-тақпақтарын қайталау.



Күтілетін нәтиже:


Нені біледі: көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке – аналар мерекесі туралы түсінік беру.

Қандай түсініктерді игерді: аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өлең, мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу.


Бекітемін:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар. 31 - бет

Мақсаты:

1. Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.

2. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер.

Қостілділік компонент: хайуанаттар – животные, бағы – парк, қызықтар – интересы.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру: Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік. Бақытты боп әрқашан, Туған жерді сүйейік!

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


















1. Кіріспе бөлім. а) Педагог хрестоматияда берілген «Жануарлар әлемі» атты мәтінді оқып береді. Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар – көк кит, ең ұзын жануар – керік туралы мәлімет беріледі.

ә) Сұрақ-жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу. Балаларға жануарлар әлемі туралы теледидардан, бейнетаспалар көруге болатындығы және көптеген кітаптар бар екені айтылады. Астана қаласындағы «Мұхит аралы», Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінен көптеген суреттері көрсетіледі.

2. Негізгі бөлім. а) Тыныштық сәтін өткізу.

– Біз бүгін бәріміз достарымызбен хайуанаттар бағына саяхатқа шығайық. Не деген көп аңдар, сайраған құстардың үні қандай тамаша! Жануарларды қорғау керек. Олардың саны азайып бара жатыр.

ә) Сөздік жұмысы: Хайуанат – жан-жануарлардың жалпы атауы.

Хайуанаттар бағы – жан-жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.

б) Сурет бойынша әңгіме жүргізу. Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Қасқыр – ит тұқымдас жануар. Түсі сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды. Қоян – ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол - өте қорқақ аң. Қоянның баласын көжек деп атайды. Аю – ірі денелі, икемсіз жануар. Ол – жыртқыш аң. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп атайды.

Сондай-ақ піл, мүйізтұмсық, жолбарыс, т.б. аңдар және құстар, бауырымен жорғалаушылар (жылан, кесіртке, тасбақа, қолтырауын) туралы да қысқаша мағлұмат беріледі.

в) Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, аппақ қоян, ақ аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.

г) Жұмбақтар шешу: қоян, піл.

ғ) «Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидактикалық ойыны. Шытырман жолдардан баққа апаратын жолды сызып көрсету.









Сурет бойынша әңгімелейді.


Дәптердегі тапсырманы орындайды.


Сурет салдыру.









Ойынды ойнайды.



Рефлексивті-түзетушілік

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.

ә) Сабақ балалардың жануарлар туралы білетін өлең-тақпақтар айтуымен аяқталады.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.

Қандай түсініктерді игерді: аңдардың ерекшеліктерін айтуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.


Бекітемін:

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Наурызға шашу, Наурыз мейрамы. 32 - бет

Мақсаты: 1. Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту. 2. Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу. 3. Елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер.

Жаңа сөздер: наурыз, уыз, ұршық, алтыбақан.

Қостілділік компонент: Наурыз мейрамы – праздник наурыз, көктем – весна, келді – пришла

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру: Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік. Бақытты боп әрқашан, Туған жерді сүйейік!

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


















ІІ. Кіріспе бөлім. 1. Наурыз мерекесі жайлы әңгіме өткізу.

2. «Татулық» сөзіне мағынасы жуық сөздер ойлап айту. Мыс: татулық, ауызбіршілік, достық, сүйіспеншілік.

ІІІ. Негізгі бөлім. 1. Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме өткізу. – Тал егіп жатқан балалар. – Құстың ұясын ағашқа іліп жатқан балалар. – Гүл егіп жатқан қыздар. – Ағаштың түбін қопсытып жатқан балалар.

2. Сөздік жұмысы: Көшет – көшіріп егу мақсатымен өсірілген жас өсімдіктер, шыбықтар, көкөніс екпелері. Раушангүл - әдемі ашық түсті алқызыл гүл.

3. Ә.Табылдының «Наурыз той» өлеңін жаттату.

4. Салт – дәстүр жайлы мәлімет беріледі. Қазақ – қонақжай, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те кліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Қазақ халқында ертеден келе жатқан көптеген салт – дәстүрлер бар. Олар: шілдехана, тұсау кесу, ашамай, т.б.

5. «Сен білесің бе?» дидактикалық ойыны. Шарты: қоржын ішінен кереге, уық, шаңырақ, түндік деп жазылған парақтарды алып шығып, сол сөздердің мағынасын түсіндіру.

Кереге – киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі, қаңқасы.

Уық – кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық, киіз үйдің сүйектерінің бірі.

Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.

Түндік – киіз үйдің шаңырағын жауып тұратын, жаңбыр өткізбейтін төрт бұрышты шағын киіз.

6. Наурыз көже туралы түсінік беру. Дәптердегі сурет арқылы оның қалай жасалатынын әңгімелеу.

Сурет бойынша әңгімелейді.


Дәптердегі тапсырманы орындайды.



Өлеңді жаттату.





Ойынды ойнайды.











Рефлексивті-түзетушілік

ІV. Оқу іс-әрекетін қорытындылау. 1. Дәптердегі мақалдың мағынасын түсіндіру: Бір тал кессең, он тал ек. 2. Сабақта алған білімдері сұрақ – жауап әдісі арқылы пысықталады.

Мақалды жаттайды


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту..

Қандай түсініктерді игерді: грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.






Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Алтын сақа» ертегісі. 34 - бет

Мақсаты: балаларға ертегіні оқып, мазмұнын түсіндіру. Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

Көрнекіліктер: ертегі мазмұнына сай сюжетті сурет

Қостілділік компонент: алтын – золото, ертегі – сказка


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру:

Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік.

Бақытты боп әрқашан, Туған жерді сүйейік!


Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру



















ІІ. Кіріспе бөлім. Ертегі туралы түсінік беру: «Алтын сақа» ертегісін хабарлау.


ІІІ. Негізгі бөлім.

1. Ертегіні сурет бойынша әңгімелеп, мазмұнын түсіндіру.

Бір мезгілде қарлығаш ұшып келеді. Ол бәйтеректің төбесінен әрлі – берлі ұшып жүреді де, баланың қолына келіп қонады. Бала қарлығашқа жылап тұрып: «Жайлаудағы бес төбетіме хабар айтшы, мені мына жалмауыз кемпірден арашалап алсын», - дейді. Бала бұрын қыстауындағы ұя салған қарлығаштың балапандарына тимей, өсіріп, ұшырып жіберген еді.

Сондықтан қарлығаш баланың айтқанын орындап, бес төбетіне келеді. «Осындай жердегі бәтеректің басында бала отыр, жалмауыз кемпір бәйтеректің түбін қазып жатыр, тезірек бармасаңдар, құлатуға таяп қалды», - деп, бар мән – жайды айтып береді.

Мұны естіген төбеттер шапқаннан – шауып отырып, бәйтерекке келеді. Сол кезде бәйтеректе жерге құлайды. Баланың төбеттері жалмауыз кемпірді талап, қолын, аяғын жұлып тастайды.

Аман қалған бала төбеттеріне кезек – кезек мініп, еліне қайтады. Баланың жалмауыздан аман құтылып келгеніне әке – шешесі қатты қуанып, ел – жұртын жиып, үлкен той жасапты.


2. Ертегіні рөлге бөліп сахналау.


3. Ертегі кейіпкерлері туралы балалардың пікірлерін тыңдау.




Сурет бойынша әңгімелейді.





Дәптердегі тапсырманы орындайды.






Рефлексивті-түзетушілік

ІV. Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Сұрақ – жауап әдісі бойынша ертегіні пысықтау.




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: балаларға ертегіні оқып, мазмұнын түсіндіру.

Қандай түсініктерді игерді: грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.





28 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Ынтымақ мерекесі. 36 - бет

Мақсаты: 1. 1 – мамыр – Қазақстан халқының ынтымақ күні туралы түсінік беру. 2. Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым – қатынаста болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Мерекеге арналған сюжетті суреттер.

Қостілділік компонент: бірінші – первое, мамыр – мая, мереке – праздник


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Шаттық шеңберін құру.

Дөңгелене тұрып, «Достығымыз жарасқан» әнін орындау.

Бір – біріне мерекеге арналған тілектер тілейді.


Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру



















І. Кіріспе бөлім. 1. Дәптердегі ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу.

2. Жаңа оқу іс - әрекетінің тақырыбын хабарлау.


ІІ. Негізгі бөлім.


1. Сөздік жұмысын жүргізу: Ынтымақ – адамдар арасындағы бірлік. Мереке – салтанатты той, мейрам.


2. Педагог Қазақстан Республикасында тұрып жатқан халықтардың тұрмысы мен мәдениеті жайлы қысқаша түсіндіреді.

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке. Еліміздегі көп ұлттардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Ырыс алды – ынтымақ» дейді халық даналығы.


3. С.Оспановтың достық туралы өлеңін дауыстап оқып, мазмұнын түсіндіру, жаттату:

Біз – балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан!


4. Ұлттар достығын бейнелейтін сурет салдыру.



Сурет бойынша әңгімелейді.





Дәптердегі тапсырманы орындайды.






Рефлексивті-түзетушілік

ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Сұрақ – жауап әдісі бойынша пысықтау.




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1 – мамыр – Қазақстан халқының ынтымақ күні туралы түсінік беру.

Қандай түсініктерді игерді: мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым – қатынаста болуға тәрбиелеу.



29 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Жеңіс мерекесі. 37 - бет

Мақсаты: 1. Жеңіс күні туралы түсінік беру. 2. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: топ іші мерекеге сай безендіріледі.

Сөздік жұмыс: Жеңіс, Отан қорғаушы, соғыс ардагері.

Қостілділік компонент: тоғызыншы – девятое, мамыр – мая, жеңіс – победа


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру:

Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік.

Бақытты боп әрқашан, Туған жерді сүйейік!

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру



















1. Кіріспе әңгіме өткізу. Педагог Жеңіс мерекесі жайлы түсіндіреді. – Бұл күнді соғыстың алғы шебінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында күні – түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған жеріне, аулына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді.


2. Негізгі бөлім. а) Сөздік жұмысын жүргізу.

Отан қорғаушы – Отанды қауіп-қатерден сақтаушы.

Жеңіс – соғыста жауды жеңіп, тізбе бүктіріп, толық жеңіске ие болушылық.

Соғыс ардагері – соғысқа қатысқан ардақты, қадірлі адам.

Майдангер – соғысқа қатысқан адам.


ә) О.Асқардың «Менің атам – майдангер» өлеңін жаттату:

Менің атам – майдангер,

Отан үшін от кешкен.

Өліммен де беттескен,

Омырауын оқ тескен,

Менің атам – майдангер.


Б) Бейнетаспадан Жеңіс шеруі түсірілген фильмнен үзінді (2-3 мин) көрсету. Балаларға Жеңіс шеруі жайлы әңгімелету.


В) Жеңіс мерекесіне арналған отшашудың суретін салдыру.


Сурет бойынша әңгімелейді.







Дәптердегі тапсырманы орындайды.





Өлеңді жаттатады.






Отшашудың суретін салады.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Сұрақ – жауап арқылы пысықтау: - Жеңіс шеруіне кімдер қатысады?

- Өздерің Жеңіс шеруін көрдіңдер ме? - Жеңіс мерекесіне арналған отшашу қай кезде болады? Сұрақ – жауап әдісі бойынша пысықтау.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Жеңіс күні туралы түсінік беру

Қандай түсініктерді игерді: сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Отанын сүюге тәрбиелеу.




30 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз. 38 – бет

Мақсаты: 1. Мектеп, мектепке қажетті құралдары туралы түсінік беру.

2. Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Сөйлем, әңгіме құрастыра білуге дағдыландыру. 3. Білімпаз болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: мектеп, сызғыш, қоңырау.

Көрнекіліктер: «Біз мектепке барамыз» атты сэжетті сурет, оқу құралдары.

Қостілділік компонент: Біз мектепке барамыз – мы идем в школу.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру:

Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік.

Бақытты боп әрқашан, Туған жерді сүйейік!

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


















1. Кіріспе бөлім. – Балалар, сендерге мектепке баратын уақыт та таяп қалды. Мектепке барғыларың келе ме? – Мектепте оқитын балаларды кім деп атайды? – Мектепке қажетті құралдарды атаңдар. Мына суретке ат қойыңдар. Балалар мектепке не үшін барады?

– Балалар қалай киінген? Қолдарында не ұстаған? – Жылдың қай мезгілінде оқиды? – Балаларды мектепте кім қарсы алады?

2. Негізгі бөлім. а) Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастырту.

ә) Оқу құралдарының жеке аттарын атату: оқулық, сызғыш, қалам, қарындаш, т.б. Бұлардың бәрін оқу құралдары деп атайды.

б) Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық. (Аяқтың ұшымен тұру).

Сағаттың жүрісін көрсетейік. (Сағаттың жүрісін жасау: «тик-так, тик-так» деп, қолдарын сағаттың тіліндей айналдыру). Тыныс аламыз.

(Ауызбен дем алып, демді мұрын арқылы шығару).

в) Сабақ, үзіліс, қоңырау сөздерін қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастырту: Сабақ басталды. Үзіліс болады. Қоңырау соғылады.

г) Жұмбақ шешу: Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап)

ғ) Дәптердегі сызба бойынша сөйлем құрату, өрнектің мәнін тапқыздыру.

д) «Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны. Педагог дауыстап оқиды, балалар қажетті ұйқас сөзді (қалам) тауып айтады.

ж) Жаңылтпашты жатқа айтқызу: Айша жазу жазды,

Қайша сызу сызды. Қайша жазу жаза ала ма? Айша сызу сыза ала ма?

• Педагог дауыстап оқиды.

• Балаларға бірнеше рет хормен және жеке-жеке қайталаттырады

Сурет бойынша әңгімелейді.




Дәптердегі тапсырманы орындайды.


Сергіту сәтін жасайды.



Жұмбақты шешеді.


Жаңылтпаш-тыжаттатады.




Рефлексивті-түзетушілік

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау: а) Кітап туралы мәтінді оқу.

Кітап – ең жақын дос. Кітап жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Кітаптың бір бетін ашқан сайын сөйлейді. Оның әр беті тұнып тұрған ақыл. Кітапты оқығанда сен бүкіл дүниені ұмытып кетесің. Кітаптан естімегенді білесің, көрмегенді көресің, күлесің, жылайсың, қуанасың. Кітап – ақылшы, серік дос. Кітапты оқып, біліп қана қоймай, басқаға да сол кітаптың жақсылығын үйрете білсең, шын достықты өтегенің. Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. («Балдырған» журналынан)

ә) Оқу іс-әрекеті сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: мектеп, мектепке қажетті құралдары туралы түсінік беру.

Қандай түсініктерді игерді: сөйлем, әңгіме құрастыра білуге дағдыландыру.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.


31 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Жаз. 39 – бет

Мақсаты:

1. Балаларға жайқалған жаз мезгілінің ерекшелігі туралы түсіндіру.

2. Берілген сұраққа толық жауап беруге, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету.

3. Табиғатты сүюге баулу.

Көрнекіліктер: жаз мезгілі бейнеленген сурет.

Қостілділік компонент: жаз – лето, ыстық – жарко, жаз айлары – месяцы лето.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру:

Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік.

Бақытты боп әрқашан, Туған жерді сүйейік!

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


















1. Кіріспе бөлім. а) Жаз мезгілі туралы әңгіме төмендегі ретпен жүргізіледі: • жаз мезгілінің ерекшелігі; • жаз айлары;

• ойналатын ойындар; • жаздағы мереке.

2. Негізгі бөлім. а) Гүл алаңына сырттай саяхатқа шығу, тапсырмаларды орындату. Гүл алаңы бейнеленген сурет ілінеді. Педагог суреттің бірнеше жеріне ілінген тапсырмалар жазылған қағазды алып, оны балаларға оқып береді.

1-тапсырма. Қазір қай мезгіл?

2-тапсырма. Гүл алаңында өсіп тұрған гүлдердің аттарын ата. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыр.

3-тапсырма. Арық сөзін қатыстырып, сөйлем құрау.

4- тапсырма. Гүлдерді қалай күтеді?

Әр тапсырманы орындату арқылы «Гүл алаңы» деген әңгіме құрастырады: Жаз. Балалар гүл алаңына келді. Гүл алаңында түймедағы, раушан гүлі өсіп тұр. Арықтан сылдырлап су ағып жатыр. Құстар сайрайды. Балалар гүлдерге су сепкішпен су құяды. Арам шөптерін жұлады.

ә) Дәптердегі сурет бойынша «Жазғы демалыс» тақырыбында әңгіме құрастыру.

б) Сөздік жұмысы: Шалғын – қалың өскен көгорай, шөп.

Шалғын сөзін қатыстырып, сөйлем құрату.

в) Жаз мезгілінде пісетін жеміс-жидектер, көкөністер туралы тақпақ-өлеңдер оқыту.

г) Жаңылтпашты жатқа айтқызу: Келді жаз, Жазға бала мәз.

Көлде қаз, Көл жағасы саз.




Сурет бойынша әңгімелейді.


Дәптердегі тапсырманы орындайды.






Әңгіме құрастырады.






Жаңылтпаш-тыжаттатады.


Рефлексивті-түзетушілік

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау: а) «Жаз қызықтары» дидактикалық ойыны. Шарты: балаларды бірнеше топқа бөліп, әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ жаз мезгілінің ерекшелігін әңгімелейді.

2-топ жаз мезгілінде демалыс туралы әңгімелейді.

ә) Педагог балалардың жауаптарын қорытындылап, сабақты аяқтайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: балаларға жайқалған жаз мезгілінің ерекшелігі туралы түсіндіру.

Қандай түсініктерді игерді: берілген сұраққа толық жауап беруге, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: табиғатты сүюге баулу.



32 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Балалар күні. 40 – бет

Мақсаты:

1. 1 Маусым – балалар күні екенін түсіндіріп, балалардың мерекелік көңілін көтеру.

2. Өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ойыншықтар, шар, жалауша, суреттер.

Алдын ала орындалатын жұмыс: «Әлем балалар көзімен» атты көрме ұйымдастырылып, оған балалардың суреттері қойылады.

Қостілділік компонент: балалар күні – день защиты детей.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру:

Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік.

Бақытты боп әрқашан, Туған жерді сүйейік!

Шаттық шеңберін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


















1. Жүргізуші: Балалар, бүгін 1 Маусым – балаларды қорғау күні. Мерекелерің құтты болсын! Әрқашан көңілдерің ашық аспан сияқты таза болсын! Жүздеріңнен күлкі нұры кетпесін!

Кел, балалар, Ойын ойнайық! Бақшамызда балаларды қорғау күнін

Бірге тойлайық! Кел, балалар, Ән де салайық.

Балаларды қорғау күнін Қуанышпен қарсы алайық!


2. Жүргізуші: – Мерекені ән шашудан бастаймыз.

1-бала: – Балалардың бақшасында бүгін той –

Балаларды қорғау күні біліп қой!

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп,

Кел, қосылып, ән шырқайық, би билеп,

2-бала: – Алақай-ау, алақай!

Ән шырқайық, балақай!

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық, балақан!

3. Жүргізуші: – Талшыбықтай бұралған,

Қазағымның қыздары-ай.

Сүйсіндірген биімен,

Өнерлі ғой қыздар-ай. (Қыздар билейді).

4. Жүргізуші: – Сахнада қалықтасын ән қанаты,

Дүр сілкінтіп үлкен-кіші жамағатты.

Ортаға тағы бір рет шақырамыз,

Әнші бала Құмарбекті.

«Мерекеңмен!» әні орындалады.

5. Жүргізуші: – Ойын, күлкі, той-думан,

Әсем ән мен сәнді би.

Асығыңдар алыңдар

2. Негізгі бөлім. С.Мауленовтың өлеңін жаттату.

Сурет бойынша әңгімелейді.


Дәптердегі тапсырманы орындайды.











Өлеңді жаттайды.

Рефлексивті-түзетушілік

3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау: 1. Сұрақ – жауап арқылы пысықтау. 2. «Не артық?» ойынын ойнату. (алма артық)

Ойынды ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1 Маусым – балалар күні екенін түсіндіріп, балалардың мерекелік көңілін көтеру.

Қандай түсініктерді игерді: өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тіл дамытуға ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Автор: Сабырбаева Лаура Жанасбекқызы

Дата: 22.04.2017

Номер свидетельства: 410907

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "?йымдастырыл?ан о?у  іс –?ректіні?  технологиялы? картасы "
    ["seo_title"] => string(61) "u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riektinin-tiekhnologhiialyk-kartasy"
    ["file_id"] => string(6) "212326"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431830130"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(166) "Екінші кіші топтар?а арнал?ан  ?йымдастырыл?ан о?у іскерлігіні? технологиялы? картасы «Доп» "
    ["seo_title"] => string(102) "iekinshi-kishi-toptarg-a-arnalg-an-u-iymdastyrylg-an-ok-u-iskierlighinin-tiekhnologhiialyk-kartasy-dop"
    ["file_id"] => string(6) "185353"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426173166"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "?йымдастырыл?ан о?у іс-?ркетіні? технологиялы? картасы "
    ["seo_title"] => string(61) "u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-rkietinin-tiekhnologhiialyk-kartasy"
    ["file_id"] => string(6) "175985"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1424347568"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(164) "?йымдастырыл?ан о?у іс – ?рекетіні?  технологиялы? картасы  Та?ырыбы "?уырша?ты киіндірейік" "
    ["seo_title"] => string(99) "u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekietinin-tiekhnologhiialyk-kartasy-tak-yryby-k-uyrshak-ty-kiindirieiik"
    ["file_id"] => string(6) "167002"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423035374"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тақырып: Сюжеттік-рөлдік ойын «Экскурсовод»"
    ["seo_title"] => string(80) "u_iymdastyrylg_an_ok_u_is_riekietinin_tiekhnologhiialyk_kartasy_tak_yryp_siuzhie"
    ["file_id"] => string(6) "406353"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491283932"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства