kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Суда жүзу. 9 "В" сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Суда жүзу баланың дене құрылысының жетіліуін, шынығуын және әрдайым денсаулығының жақсаруын қалыптастырады.  Суда шомылу, жүзу, су  ішіндегі ойындар - жаттығулардың ең бір пайдалы түрі болып есептеледі. Бұл жаттығулар – балалардың денсаулығының шыңдалуына және жүйке тамырының нығаюына көп көмегін тигізеді. 
   4-6 жастағы жан – жағын дұрыс пайымдай алатын бала, жүзу қозғалыстарын қолдарының, аяқтарының, денесінің бұлшық еттерінің көмегімен істей алады. Жүзу кезіндегі қозғалыстар өздерінің қарапайымдылығымен, қозғалыс күшінің жылдамдығымен, пәрменімен сипатталады. Жүзу қозғалыстарының айналымында бұлшық еттерге күш салу мен босаңдату кезкпен алмасып отырылады. Сондықтан, баланың бұлшық еттерінің ыңғайлы жағдайда болғаны жөн. Аз уақыттағы бұлшық етке түсірілген күш, босаңсу және демалу кезеңдерімен алмасып отырады, бала ағзасын шаршатпайды және біршама уақытқа дейін денеге түскен күшке төзе алатын  жағдайда болады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Суда жүзу. 9 "В" сынып.»

Суда жүзу


Суда жүзу баланың дене құрылысының жетіліуін, шынығуын және әрдайым денсаулығының жақсаруын қалыптастырады. Суда шомылу, жүзу, су ішіндегі ойындар - жаттығулардың ең бір пайдалы түрі болып есептеледі. Бұл жаттығулар – балалардың денсаулығының шыңдалуына және жүйке тамырының нығаюына көп көмегін тигізеді.

4-6 жастағы жан – жағын дұрыс пайымдай алатын бала, жүзу қозғалыстарын қолдарының, аяқтарының, денесінің бұлшық еттерінің көмегімен істей алады. Жүзу кезіндегі қозғалыстар өздерінің қарапайымдылығымен, қозғалыс күшінің жылдамдығымен, пәрменімен сипатталады. Жүзу қозғалыстарының айналымында бұлшық еттерге күш салу мен босаңдату кезкпен алмасып отырылады. Сондықтан, баланың бұлшық еттерінің ыңғайлы жағдайда болғаны жөн. Аз уақыттағы бұлшық етке түсірілген күш, босаңсу және демалу кезеңдерімен алмасып отырады, бала ағзасын шаршатпайды және біршама уақытқа дейін денеге түскен күшке төзе алатын жағдайда болады.


Балалардың жүрек тамырларының жүйесі жаңа өсіп келе жатқан ағзаның сұраныстарына өте жақсы бейімделген. Үлкен адамға қарағанда, бала қанының көлемі көбірек, бірақ тамыр бойымен қозғалуы баяуырақ және қан айналымының жылдамдығы тезірек және кең жүректен қан қиындықсыз айналады. Баланың көп қимылдауы, қанның жүрекке, қарай айналуын да жеңілдетеді. Бірақ бала жүрегі күш түсіргілген кезде ілезде шаршауы мүмкін. Сондықтан, бала ағзасы жиі дем алып отыруы қажет. Жүрек тамырының бұл жағдайын, балаға жаттығулардың түрін таңдаған кезде байқау қажет.


Дем алу мүшелерінің өз ерекшеліктері бар: дем алу жолдарының тарлығы, мұрын жолдарының нәзіктігі мен тез жарақаттануы. Бұл дем алу мүшелеріне инфекцияның кіруіне, дем алу мүшелерінің қабынуына, қозуына әкеп соқтырады. Әрдайым жүзумен айналысатын адамдарда дем алу мүшелерінің жақсы дамығандығын байқауға болады. Олардың қозғалысы мен дем алуында сәйкестік бірдей дамиды. Жүзу кезеңдерінде адам таза, шаңсыз, дымқыл ауамен дем алады. Жүзу кезінде ішке дем тарту кезіндегі дем алу мүшелеріне қосымша күш түседі. Сонымен қатар, судың қарсылығын доғару үшін, дем шығару кезінде де күш қажет болып тұрады. Дем алу мүшелерінің осылай жұмыс істеуі әсерінен, кеуде торшаларының қозғалысы дамып, жақсарады. Өкпенің өмірлік дем алу көлемі артады. Баланың жүйелі түрде суда болуы және жүзуі, дем алу мүшелерінің дұрыс дамуын қалыптастырады.


Баланың жүру қозғалу мүшелері қалыптасу кезеңінде болады. Сондықтан баланың омыртқасы әлі қатаймаған, жұмсақ, буыны әлі қатпаған, жатқан кезде түзу қалыпта болады. Осындай бейімділіктің арқасында бала омыртқасы қажетсіз қисықтыққа ұшырауы мүнкін. Сол себепті жүзу баланың денесін нығайту үшін және кей жағдайда түзету үшін қолданылатын құрал ретінде есептелінеді. Мектепке дейінгі балалардың жамбасы толық жетілмеген, тек шеміршегі қатая бастайды. Сондықтан баланың төменгі мүшелеріне тым күш түсіруге болмайды. Әсіресе 40 – 50 см биіктіктан суға секіруге болмайды. Жүзу кезеңіндегі аяқтардың ешқандай тіреусіз жұмыс істеуінің арқасыңда, баланың табандарының дұрыс қалыптасуына көп көмегін тигізеді, майтабан ауыруына шалдығудан сақтандырады. Жүзу кезеңдерінде балалардың дене бітімін дұрыс қалыптастыруға, жақсартуға қажетті, ұйысу, ырғалу қозғалыстарының бәрі дамиды. 6 жасқа дейінгі баланың жүйке жүйесінде қозу кезеңі, балалық кезеңіне қарағанда әсерлілеу, сондықтан мектепке дейінгі бала өте қозғалғыш, зейіні тұрақсыз болып келеді. Мектепке дейінгі балалар еліктегіш болады. Сондықтан бұл балаларды жүзуге үйрету кезеңдерінде, жүзу қимылдарын көзбе-көз көрсетіп, үйрету қажет.

Баланың дене бітімін дұрыс жетілдіру, оның ағзасын шынықтырудан басталады. Шынықтырудың ең әсерлі құралы - ауа, күннің көзі және су. Оның ішінде ең әсерлісі- сумен шынықтыру қажетті температурадағы суды қолданудағы әдістерді қолдану. Оны күш пен уақыт шамасына қарай оңай саралауға болады. Олар- сүртіну, сумен құйыну және шомылу, жүзу тиімді болады. Себебі судың, ауаның және күн көзінің балаға әсер етуі, қозғалыспен жалғастырылады. Жүйелі түрде суда жүзіп, шомылған адам баласының дене құрылымы су температурасының әр түрлі өзгерістеріне тез үйренеді. Адам баласы төменгі температурадағы ортада да ұзақ мерзімде бола алады. Тері мен дененің температурасы суда аз төмендейді де, щомылудан кейін тез қайта қалпына келеді. Суыққа қарсы тұру бейімділігі қалыптасады.


Өмірде жүзе білу қажет

Жүзе білу денсаулықты күшейту үшін және дене бітімін дұрыс қалыптастыру үшін ғана қажет емес. Жүзе білу дағдысы адам баласына әр түрлі жағдайларда да қажет. Сондықтан мектепке дейінге әр баланы жүзуге үйретудің терең мағынасы бар. Егер әр баланы жас кезінен суда еркін ұстануына және бір кішкене қашықтыққа жүзуге үйрете алсақ, мүмкін көптеген бала өмірін бақытсыз жағдайлардан сақтап қалар едік. Жүзуге үйретудің орасан зор тәрбиелік мәні бар. Жүзуге үйрету кезңдерінде баланың батылдылық, тапқырлық шешімділік сияқты қабілет – қасиеттері қалыптасады. Жан жағын пайымдаушылық қасиеттерімен қатар, ұжымдағы төзімділік пен бір – біріне көмек көрсету қабілеті пайда болады.


Мектепке дейінгі балалрды жүзуге үйретудегі ең негізгі мақсат: олардың ден саулығын күшейту, шынықтыру, дене бітімін дұрыс қалыптастыру. Үйретудің ең бастапқы мақсаты, ол – балалардың үйреншікті емес ортаға үйренуі, суға бой үйретуі және суды сүйіспеншілікпен қолдануға машықтандыру.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Суда жүзу. 9 "В" сынып.

Автор: Нурмаханбетов Мухтар Анапияевич

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377780

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Суды? ?асиеті" 2-сынып"
    ["seo_title"] => string(19) "sudynkasiieti2synyp"
    ["file_id"] => string(6) "291826"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455190277"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "«?лкетану негізінде бастауыш  сынып о?ушыларыны? д?ниетанымын ?алыптастыру » "
    ["seo_title"] => string(81) "olkietanu-nieghizindie-bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-duniietanymyn-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "236328"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444037582"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Суды? тірі организмдерге ?шін ма?ызы,суды ?ор?ау "
    ["seo_title"] => string(56) "sudyn-tiri-orghanizmdierghie-ushin-man-yzy-sudy-k-org-au"
    ["file_id"] => string(6) "208091"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430737693"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Д?ниетану. 4 сынып.Таби?атта?ы су айналымы"
    ["seo_title"] => string(44) "duniietanu-4-synyp-tabig-attag-y-su-ainalymy"
    ["file_id"] => string(6) "258531"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448522617"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "" ?сімдікке су ж?не топыра? керек" атты та?ырыпта саба? жоспары (2-сынып) "
    ["seo_title"] => string(75) "osimdikkie-su-zh-nie-topyrak-kieriek-atty-tak-yrypta-sabak-zhospary-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "202628"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429288238"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства