Просмотр содержимого документа
«Суды? тірі организмдерге ?шін ма?ызы,суды ?ор?ау »
Ашық сабақ
Жаратылыстану. 5 сынып
Сабақ.24 «Судың тірі организмдерге үшін маңызы,суды қорғау»
Мақсаты: Судың адам,жануар,өсімдік үшін маңызын анықтау және оны оқушылардың сана сезіміне жеткізу.Су қоймаларын қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.Білімін,дүниетанымын кеңейту.
Сабақ түрі. Аралас сабақ
Көрнекті құралдар: карта,глобус,суда тіршілік ететін өсімдіктер мен жәндіктер,жануарлар суреттері.Ы.Алтинсарин «Таза бұлақ» әңгімесі.
Сабақ барысы:
Жоспар:
1.Ой қозғау нені білеміз?
2. Іздену нені білгіміз келеді?
3.Ой қорыту нені білдік?
4.Ой дамыту танымдық ойындар.
Жана білім алуға даярлық ой қозғау бағыты.
Сұрақтар:
1.Қандай қабатты оқып үйрендік?
2.Гидросфераны нелер құрайды?
3.Судың үш күйін ата.
4.Өзенннің құрамдас бөлігі қандай?
5.Ең үлкен мұхит қайсысы?
6.Қандай мұхиттарды білесің?
7.Жылы мұхит қайсысы?
8.Ең ұзын өзенді ата?
9.Ең суы көп өзен?
10.Теңіздерді неше топқа бөледі?
ІІ Іздену нені білгіміз келеді?
1.Су туралы әңгіме. Ы.Алтинсарин «Таза бұлақ»
2.Су тіршілік көзі. Хабарлама
3.Су табиғи байлық. Хабарлама
4.Су денсаулық кепілі. Хабарлама
5.Су қоршаған орта әдемілігі. Хабарлама
6.Судың тірі ағзаларда кездесуі. Хабарлама
7.Суды тазарту жолдары.Табиғи жолмен тазарту.
Бактерия,саңырауқұлақ, өзен шаяны,молюска,
қамыс,қоға,өлеңшөп,батбақ қырықбуыны,сүмбілшаш.
т.б.
8.Сүзу әдісі.Су құбыры.
9.Суды ластаушы көздер.
Қалдық сулар,ағашты сумен ағызу,жанармай қалдығы,
мұнай қалдығы,т.б
10.Суды қорғау.
Мақал мәтелдер.Тиым сөздер.
«Су ішкен құдығыңа түкірме.», «Бұлақты былғама»,
«Бөгде зат тастама» т.б
ІІІ.Қорытынды. Ой қорыту нені білдік?
Қорытынды сұрақтар.
1.Тірі организмдерге су не үшін қажет?
2.Суда тіршілік етуге жануарлар қалай бейімделген?
3.Суда жүзетін құстардың құрлықта тіршілік ететін құстардан қандай айырмашылығы бар?
4.Суда тіршілік ететін жануарлар үшін өсімдіктердің қандай маңызы бар?
5.Адамдардың шаруашылық іс -әрекетінің нәтижесінде су қоймаларына қандай зиян келеді?
6.Суды тазалайтын станцияларда тазартудың қандай түрлерін қолданады?
7.Дистилденген су дегеніміз не?
8.Қандай жануарларды және өсімдіктерді су қоймаларының санитары деп атайды?