I ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІ. Бір сызық бойынша оқушыларды сапқа тұрғызу. Түзел, тіктел бұйырық беру. Амандасу. Түгелдеу. Жаңа сабақ барысымен таныстыру. Оңға, солға, кері айналдырып, бұрылтып, жәй жүріспен залды айналып жүреміз. 1.САПТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР. ЖҮРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ. Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүреміз; Қол желкеде, өкшемен жұреміз; Қол белде, аяқтың сыртымен жұреміз; Қол белде, аяқтың ішімен жұреміз; 2.ДЕНЕ ҚЫЗДЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ. ЖҮГІРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ. Бір қалыпты жүгіру; Қол белде оң иықпен жүгіреміз; Қол белде сол иықпен жүгіреміз; Қол алда, тізені көтеріп жүгіреміз; Қол артта, аяқты артқа лақтырып жүгіреміз; Қадамнан қадамға тізені көтеріп жүгіреміз; Қол белімізде, оң аяқпен секіріп жүгіреміз; Қол белімізде, сол аяқпен секіріп жүгіреміз; Қол желкеде, отырып жүгіреміз. 3. ЖАЛПЫ ДЕНЕНІ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ. ОРЫНДА ОРЫНДАЛАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР ЖАСАУ. Б.қ. Аяқты иық кеңдігінде ашамыз, қол белде, басты сол жаққа 4 рет, оң жаққа 4 рет айналдырамыз; Б.қ. Аяқ иық кеңдігінде, қолымызды иыққа қойып алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз; Б.қ. Аяқ иық кеңдігінде, қолымызды кеудеге қойып 1-2 рет кеудеде, 3-4 рет оң жәнімізге қолымызды сермейміз; Б.қ. Оң қолымыз жоғарыда, сол қолымыз төменде, қолымызды артқа сермей арқылы жаттығу жасаймыз; Б.қ. Аяқ иық кеңдігінде ашамыз, оң қолымыз жоғарыда, сол қолымыз белде, 1-2 рет сол жәнімізге, 3-4 рет оң жәнімізге еңкею; Б.қ. Алдыға еңкейіп аяқты ашып, оң қолымызды сол аяққа, сол қолымызды оң аяққа жеткізу; Б.қ. Аяқ иық кеңдігінде ашып, қолымызды белге қойып, беліміз қолдың қөмегімен оң жаққа 4 рет, сол жаққа 4 рет, айналдырамыз; Балалар қолды желкеге қоямыз. Қыздар қолды алға созамыз. Ішімізден санап 20-рет отырып тұрамыз. II НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Жауырынға тұру жаттығуы тұралы түсінік: жауырынға тұру артқа аунау арқылы орындалатын жаттығу. Артқа аунау барысында жауырын төсенішке тиген бетте, денені шынтақпен қолды белге қойып ұстап қалу керек. Жауырынға тұру кезінде аяқ бірден жоғарыға созылмайды, жауырынға жақсылап тұрып алып, аяқты жоғары созамыз. Жаттығудың орындалу тәсілдері: Гимнастикалық төсенішке отыру Алға, еңкейіп, қолды еденге тіреу Басты кеудеге алу Қолмен итерілу арқылы артқа домалау Домалау барысында тізені қолмен ұстау. Шынтақты тіреу Қолды белге қойып, аяқты созу. III ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ Женіл түрде жаттығу жасатып, оқушылардың демін бастапқы қалпына келтіру. Сабақты қорытындылау. | 15 мин 4' 30'' 30’' 30’' 30'' 1’ 30’' 30’' 30’' 30’' 30’' 30’' 30’' 30’' 4-5 рет 4-5 рет 4-5 рет 4-5 рет 4-5 рет 4-5 рет 4-5 рет 4-5 рет 25мин 5'
4'
2' 2' 2' 2' 2' 2' 2' 2'
5 мин 2' 3' | Спорттық киіміне назар аудару. Бұйырықты дұрыс орындау. Бірінің артынан бірі саппен жүру немесе сап түзеп жүру. Ара қашықтықты сақтап жұруді ескерту. Ортадан төрт қатардан тұрғызу. Екі аяғымыз қозғалмайды, денемізді, басымызды бұрамыз. Жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Домалап көрсету. Басты кеудеге аламаз. Тізені ұстаймыз. Оқушыларға жауырынға тұрып көрсету. Қай жерде, қандай қателік болды, соны айтып ескерту. Жіберген қателерін ескере отырып, жаттығу жасағанына қарай бағалау. |