kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"қазақстан ұлттық ойындары" ашық сабақ.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға арналған дене шынықтыру сабақта ұлттық ойындар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"қазақстан ұлттық ойындары" ашық сабақ.»

Ақ серек, көк серек


Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30-40 метрдей жерге бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Қаз-қатар қол ұстасып тізіліп тұрады. Жеребе бойынша бастаған ойынды бастаған топтың балалары әндете өлең айтады:

  • Ақ серек те көк серек,

  • Бізден сізге кім керек?..

Екінші топтағылар бір ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де, қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егнщпрао үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады.

Енді кезек бойынша ойынды екінші топ әлгі әдіспен бастайды. Осылайша ойын кезекпен жалғаса береді. Қай топ ойыншыларынан көп айрылып қалса, жеңілген боп есептеледі.



Қара құлақ


Ойынға бес-он бала қатысады. Оңаша жерге топтасады. Өз араларынан бір баланы қазық етіп, арнайы белгілейді. Қазық тұрған жерінен қозғалмай қала береді. Басқалпдалры ары таман кетіп қалады. Содан кейін ойынға қатынасушылар қазық-ойыншыны алыстан қоршап, бірте-бірте жақындай түседі. Таяп кеп:

-Мына жатқан кім?-деп, шошынғандай бірінен-бірі сұрасады. Біреуі:

-Ойбай-ау, бұл Қара құлақ қой!-деп тұра қашады. Басқа ойыншылар да:

-Қара құлақ! Қара құлақ!-деп, жанырап, қаша жөнеледі. Қара құлақ біреуін ұстап қалуы үшін тұра қуады. Қолға түскен бала «қара құлақ» болады. Ойын қайта басталады да, сол ретпен жалғаса береді.


Арқан түю


Ойнаушылыр шеңбер жасап дөңгелене тұрғаннан кейін, қолында арқаны бар ойын жүргізуші топ ортасына шығады да:

-Ойынды бастадымЙ-деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса секіріп тұрып, арқанды аяқтарының астарынан өткізіп жібереді. Кімде-кім арқанды өткізе алмай, аяғына тигізіп алса, онда айып тартады. Көпшіліктің ұйғаруымен шығып өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады. Осылайша ойын одан әрі жалғаса береді.


Белбеу соқ


Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады. Бір ойыншы белбеуді алып, екіншісін қууға тиіс. Қашқан бала шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрғе, артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала жүгіреді. Егер қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе, оның орнын келесі ойыншы жалғастырады.


Тас кімде?


Балалар қолдарын артқа ұстап, аралары отыз-қырық сантиметрдей қашықтықта бір қатарға тізіліп тұрады. Қолына кішкене тас ұстаған бастаушы балалардың сырт жағынан жүріп, өзгелерге білдіртпей біреуінің қолына тасты ұстатады. Тасы бар бала ұсталмай, қатардан қашып шығуы керек. Егер екі жағындағы балалар оны орнынан тырп еткізбей ұстап қалса, ұсталған бала батаушымен орындарын ауыстырады. Егер ұстатпаса, қайтадан орнына келіп тұрып, ойын әрі қарай жалғаса береді.


Тым – тырақай


Ойнаушылар шеңбер жасап, бастаушының белгісімен:

Ал, кәнеки, балалар,

Бір,екі, үш деп санаңдар!

Бір,екі, үш –

Ал тараңдар!-

Деп жан-жаққа қашады. Оларды ортада тұрған бала ұстап алуы керек. Екі-үш бала ұсталған соң бастаушы: «Бір, екі, үш», деп санағанша, балалар қайтадан шеңбер жасап, ортасына бір баланы ала, өлеңдетіп, ойынды қайта бастайды.


Ортаға түспек


Ойынға қатысушылар екі командаға бөлінеді. Ойын үлкен алаңда өтуге тиіс. Жерге көп бала сыятындай үлкен төрт бұрыш сызылады. Бірінші команда сол төрт бұрыштың ішіне енеді де, екінші команда сыртынан орын алады. Ойын басталған соң, сырттағы ойыншылар тік төрт бұрыштың ішіндегі ойыншыларды бір доппен дәлдеп ұра бастайды. Доп тиген бала сызықтың сыртына шығарылады. Егер ол денесіне дарытпай, әрі жерге түсірмей допты қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін кіргізіп алады. Тік төрт бұрыштың ішінде жалғыз ойыншы қалғанда, ұтып жатқан команда оған 10не 20 рет айналуға айып бұйырады. Ол бұл сыннан құламай өтсе, сырттағы командаластарын түгел ішке кіргізіп алады. Егер айнала алмай, құлап қалса, өзі де сыртқа шығып, ішке ұтқан команда кіреді.


Бес тармақты жұлдыз


Тәрбиеші бөлменің ішіне бес тармақты үлкен екі жұлдыздың сретін салады. Оның әрбір тармағының ішіне бірімен-бірі қатарлас шеңбер сызады. Жұлдыздың ортасына бір үлкен шеңбер жасайды. Бұл ойынды ойнау үшін тәрбиеші он бір баладан екі топ құрады. Он бір баланың біреуі-топ басқарушы. Ол бала басқалардан ересектеу болу керек. Егер балалар саны он бірге жетпесе, жұлдыздағы шеңберді кішірейтіп, бес баладан кішкене топ құруға болады. Музыка басталғанда, балалар үй ішінде жай қыдырып жүреді. Музыка кілт үзілгенде, ойынға қатысушылар жұлдыз тармақтарының ішіндегі шеңберлерге екі-екіден иық түйістіре тұра қалады. (Екеуі екі жаққа қарап тез, әрі шапшаң қолтықтаса қалулары керек). Басқарушы бала жұлдыздың ортасындағы шеңберге келіп тұрады. Оған таяу тұрғындар басқарушының иығына қолын салады. Тез бес тармақты жұлдыз жасап үлгерген, әрі дұрыс тұра білген топ жеңіп шығады. Ойын осы тәртіппен жалғастырыла береді.


Ойын өлеңдер


Соқыр теке


Бұзау, Бота, Қозы, Лақ,

Тоқты, Серке, Құлыншақ.

Торпақ, Тана,Тай, Тайлақ,

Құнан, Дөнен, Бесті бар-

Бәрін біліп, естіп ал!


Сүзегенсің, тентек Теке аппақ,

Ізде оларды, ұста оларды, бақ-бақ

Ойын тәртібі: Ойнйтын балалар қатар-қатар тұрады. Ойын басқарушы тұрғандардың әрқайсысын жеке-жеке мал атымен атап шығады. Ең соңғы аты аталған бала «Соқыр теке» болады. Далада ойналғанда жерге шеңбер сызылады. Ойын басқарушы ортаға көзі орамалмен таңылған «Соқыр текені» шығарады. Содан кейін балалар:

Соқыр теке, бақ-бақ,

Қайдан бізді таппақ?!-

деген өлеңді барлығы қосыла айтады. өлең айтылып болысымен, шеңбердің ортасында қалған «Соқыр теке»балаларды ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойнаушылардың шеңберден шығып кетпеуі қатты қадағаланады. «Соқыр теке» ұстаған бала оның орнына тұрады, ойын әрі қарай жалғаса береді.



Тақия тастамақ


Ойым бар бір ойын бастамақ,

Аты оның – «Тақия тастамақ».

Шеңбер боп отыра қалыңдар,

Ым қағып жүрмесін қас-қабақ.


Ақырын аспаймын, саспаймын,

Шеңберді айнала бастаймын.

Біріңінің тұсыңа жеткенде,

Сездірмей тақия тастаймын.


Қайтадан келгенше оралып,

Түк сезбей отырсаң омалып,

Арқаңды осқылап, қуамын,

Маубасқа керегі сол, анық.


Сездірсем, ебімнің жоқтығы,

Іске жан болғаным жоқ қыры,

Орныңа жеткенше жүгіріп,

өзіңнен аламын соққыны.


Шығасың тақия тастауға,

Ойыңды басынан бастауға.

Сезімтал балаға күлкі боп,

Тағы кім сұрар деп бас сауға.


Етек-етек


Ал ұстаңдар етектен,

Айрылмаңдар жетектен.

Біз шөжелер боламыз,

Алдымызда-анамыз.


Келе жатыр қарақұс,

Қорғайды одан анамыз,

Анамыз қалай бұрылса,

Біз де сонда барамыз.


Кім айрылса етектен,

Шығып қалса жетектен,

Соны ұстайды қарақұс –

Сол болады құсқа жем.


Ал ұстаңдар етектен,

Айрылмаңдар жетектен.

Ұрынады қатерге

Ана сөзін екі еткен.


Тоғыз құмалақ


Қызықтырған есепшіні, ойлыны –

Бабалардың бұл ежелгі ойыны.


Екі адамға тең бөлінген «мал-жайы»,

Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.


Онда бар он сегіз ұя – кіші отау,

Екі қазан – үлкен іші отау.


Бір жүз алпыс екі – барлық құмлақ,

Сексен бірден екі ойыншы тұр қамап.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"қазақстан ұлттық ойындары" ашық сабақ.

Автор: АБУЛГАЗИНОВ ТАЛГАТ МАУЛБАЕВИЧ

Дата: 05.01.2017

Номер свидетельства: 375544

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "ДЕНЕ ШЫНЫ?ТЫРУ САБА?ЫНДА ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ"
    ["seo_title"] => string(109) "dienie-shynyk-tyru-sabag-ynda-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologiialardy-paidalana-otyryp-bilim-sapasyn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "274245"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452350451"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Конспект урока основой правы на тему "?Р ?лтты? валютасы" "
    ["seo_title"] => string(60) "konspiekt-uroka-osnovoi-pravy-na-tiemu-k-r-u-lttyk-valiutasy"
    ["file_id"] => string(6) "234325"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443423695"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "О?ушыларды? дене шыны?тыру саба?ына ?ызы?ушылы?тарын арттыру "
    ["seo_title"] => string(71) "ok-ushylardyn-dienie-shynyk-tyru-sabag-yna-k-yzyg-ushylyk-taryn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "196850"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428131839"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(198) "Баяндама "МАТЕМАТИКА САБА?ЫНДА ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ  ?ОЛДАНУ АР?ЫЛЫ О?УШЫЛАРДЫ? П?НГЕ ?ЫЗЫ?УШЫЛЫ?ЫН АРТТЫРУ" "
    ["seo_title"] => string(119) "baiandama-matiematika-sabag-ynda-didaktikalyk-oiyndardy-k-oldanu-ark-yly-ok-ushylardyn-p-ngie-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "190922"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427228111"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Презентация "?аза?станда?ы Азиада""
    ["seo_title"] => string(34) "priezientatsiiakazakstandagyaziada"
    ["file_id"] => string(6) "327537"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1463460221"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства