Просмотр содержимого документа
«Елді? мы?ты тірегі »
Абай ауданының білім, дене тәрбиесі және спорт бөлімі
№15 жалпы білім беретін орта мектебі
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Маулий Аянберген
Тақырыбы:
«Елдің мықты тірегі - дені сау ұрпақ»
Сабақтың тақырыбы: "Елдің мықты тірегі - дені сау ұрпақ"
Мақсаты:
1) Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
2) қимыл – әрекетке жаттықтыру еңбек етуге елін, жерін қорғауға күш - қуатын молайту.
3) денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілік: Мақал –мәтелдер, қанаты сөздер, сызбалар, ойын түрлері
шарлар, доп, әр түрлі құралдар , т .б
Қонақтар отырған соң Айбар мен Орынбасардың, орындауында «Көк тудың желбірегені» атты ән орындалады (әннің қайрмасында оқушылар саппен адымдап, залдың шетін толық айналып, өтеді де бір қатарға тұра қалады)
Мұғалім: – көңілді күйде шығып залдың ортасына келеді.
Құрметті қонақтар бүгінгі біздің «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру мақсатында «Елдің мықты тірегі дені - сау ұрпақ» тақырыбындағы сабағымызға қош келдіңіздер. «Жаны саудың дені сау» - деп халқымыз бекер айтпаса керек. Адам баласының өсіп – өнуі, ғұмырлы болуы, көп жасауы денсаулықтың арқасы. Біздің бүгінгі ашық тәрбие сабағымыз Тәуелсіздік күніне тікелей байланысты болып тұр. Осы тәуелсіздігіміз үшін қаншама аға,апекелеріміз құрбан болды. Бабаларымыздың арманы орындалып,егеменді ел болдық Аға- апаларымыздың аманатын ардақтар мақсат –мұратын жүзеге асырар еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақ яғни сендерсіңдер
Олай болса сабағымызды бастайық
Бұйрықтар беру (Сап түзел! Тік тұр! Ретімен санал!)
Құрметті оқушылар біз сабағымызды бастамас бұрын бой жазу жаттығуларын жасап, көңіл күйімізді көтеріп алайық.
Музыканың ырғағы мен «Қара жорға би» Бой жазу жаттығуы.
Мұғалім: Жарайсыңдар, (оқушыларды екі топқа бөлінеді)
8 сынып окушылар екі топқа бөлінеді
Біздің сабағымыз жарыс сабағы болғандықтан, сайысымызға баға беріп төрелік етіп отыратын төрешімен танысып алайық дене тәрбиесінің мұғалімі Ерлан
Сайысымызда біз тек ғана доппен ойналдатын ойындар
кезеңдермен танысайық
Біздің сабағымыз 4 кезеңнен тұрады
І кезең: Таныстыру
Өз топтарыңды таныстырасыңдар.
І топ «Денсаулық» тобы
(8 оқушы бір қатарға тұрады едендегі шарды жинап қолдарыңа ұстап өз топтарыңның атын тауып аласыңдар да әр әріпке тек дене шынықтыру пәніне байланысты сөз айтасыңдар
Мысалы
Д - дұрыс демалу (көтереді)
Е - ерінбеу керек
Н - ниеттену
С - спортпен айналысу
А - ағзаны шынықтыру
У - уақытты дұрыс ұйымдастыру
Л - лайықты өмір сүру
Ы - ынта ықылас алға жетелеу
Қ - қозғалыс ағзаны шынықтыру деп бір келкі әріпті көтереді де, бірінші оқушы (топ басшысы алдыға адымдап шығады) да біздің топтың аты деп айтқан кезде әріптерді жағары көтеріп, «Денсаулық» - деп бір келкі дауыстап айтады. Енді ақылдасып өз топтарыңның ұранын айтасыңдар.
Біздің ұранымыз!
Денсаулық-ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық –ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Мұғалім: Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан әр адам өз денсаулығына көңіл бөлу қажет. Жарайсыңдар, енді екінші топқа кезек берейік.
ІІ топ « Салауат» (оқушылар бір қатарда тұрып, тек «С» әріптен басталатын сөздер айту керек)
1 –оқушы: спортпен шұғылдану
2 –оқушы: сапалы тамақтану
3 –оқушы: сапалы білім алу
4 –оқушы: салауатты өмір сүру
5 –оқушы: спортты сүю
6 –оқушы: сергек жүру
7 –оқушы: Отанға сүйіспеншілік
8 –оқушы: спортты насихаттау
9 – оқушы: сымбатты болу деп бәрі қолдарын жоғары көтеріп, бір дауыспен «салауат» деп айтады. Топ басшысы алға шығып
Біздің ұранымыз!
Салауатты өмір салтын сақтайық,
Егеменді ел сенімін ақтайық.
Болашақты зобалаңнан құтқарар,
Ізгі жанды ұрпақ қамын қолдайық!
Мұғалім: - екі топта тамаша таныстыру кезеңі өтті жарайсыңдар.
Мен бір жұмбақ жасырамын қай топ шешуін бірінші тапса, сол топ ойынды бірінші болып бастайды.
Жұмбақ:
Ұрып қалсаң кері атып,оралады өзіңе
Көрсе досың бері атып, қайтып барар өзіңе (доп)
ІІ кезең Шыдамдылық Шарды басымен жылжыту
Топ мүшелері шарды басымен жерге түсірмей келесі жаққа апару тиіс. Қай топ бірінші жылжытса, сол топ жеңіске жетеді.
Мұғалім: жарайсыңдар 1-ші болып мәреге .............. топ жетті
Елімізге бақыт құсы қонсын кеп,
Тіршіліктің бар қызығын көрсін кеп.
Тілеп жүрміз кім-кімге де осы жыл,
Денсаулығын сәйгүліктің берсін деп.
ІІІ кезең: «Кім жылдам»
Мұнда топ басшысын киіндіру керек кедергілер арас мен жүріп отырып кез келген киімнің біреуін ғана киіндіру керек сол топ алда.
Мұғалім: жарайсыңдар .........топ мәреге жетті
-Уа, халайық, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық терең бақыт» - деген сөзді,
Құр айтпаған даналар да.
YІ кезең: Ептілік
Мұнда екі топ тенис добын алып жүру керек
Y Тапқырлық
Мұнда шарды кенгіру әдісімен алып жүріп келесі беттегі сөз жұмбақты табу керек
Арқан тартыс
Топ өзара арқан тартады
Қорытындылау. Тәуелсіздігімізге ие болғанымызға биыл 23 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік саханаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Еліміздің тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан уақытта, жас өркенге ертеңгі қоғам мүшесі ретінде бала қиялымызды самғатып арманымызды көкке ұмтылдырудың маңызды екенін көрсетеді.Осы арман, қиялымызды үлкен жауапкершілікті жүктетеді.Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді
Топты сапқа тұрғызып төрешіге сөз беру музыканың ырғағы мен медаль беру.
Ж
Е
Л
Т
О
Қ
С
А
Н
1.Биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығы.
2.Мемелекеттік рәміздердің бірі.
3.Абай ауданының жастар арасындағы әлем чемпионы, боксер
4.Қазақстан қандай ел
5. 2017ж еліміздің астанасында не болады
6.Желтоқсан құрбандарының бірі.
7.Ауыр атлетикадан әлем чемпионы боксер. (Қазақ жігіті)
8.Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.
9.Президентіміздің биылғы жолдауы.
Т
Ә
У
Е
Л
С
І
З
Д
І
К
1.Қазақтың ұлтық ойындарының бірі.
2.1991ж 16 желтоқсан қандай күн.
3 Мемелекеттік рәміздердің бірі.
4. Желтоқсан құрбандарының бірі.
5. Желтоқсан құрбандарының бірін ата.
6. Абай ауданынан шыққан әлем чемпионы, боксе.
7. 8.1 Желтоқсан қандай күн.
9.Волейбол, баскетбол, футбол ойындарын ойнау үшін не керек.
10 11. Астананың символы
желтоқсан
1.Биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығы.
2.Мемелекеттік рәміздердің бірі
3.Абай ауданының жастар арасындағы әлем чемпионы, боксер
4.Қазақстан қандай ел
5. 2017ж еліміздің астанасында не болады
6.Желтоқсан құрбандарының бірі.
7.Ауыр атлетикадан әлем чемпионы боксер. (Қазақ жігіті)
8.Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.
9.Президентіміздің биылғы жолдауы.
Тәуелсіздік
1.Қазақтың ұлтық ойындарының бірі.
2.1991ж 16 желтоқсан қандай күн.
3 Мемелекеттік рәміздердің бірі.
4. Желтоқсан құрбандарының бірі.
5. Желтоқсан құрбандарының бірін ата.
6. Абай ауданынан шыққан әлем чемпионы, боксе.
8 Желтоқсан қандай күн
9.Волейбол, баскетбол, футбол ойындарын ойнау үшін не керек.
11. Астананың символы
1.Биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығы.
2.Мемелекеттік рәміздердің бірі.
3.Абай ауданының жастар арасындағы әлем чемпионы, боксер
4.Қазақстан қандай ел
5. 2017ж еліміздің астанасында не болады
6.Желтоқсан құрбандарының бірі.
7.Ауыр атлетикадан әлем чемпионы боксер. (Қазақ жігіті)