kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл м?ртебесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

М?найшы  селосы

№ 7 орта  мектеп

Т?рбие  са?аты

         «Тіл м?ртебесі, ел м?ртебесі»

                                  Орында?ан:  Ж?мажан?ызы Т

           Сыныбы:  5 "б"

2014-2015 о?у жылы

Саба?ты?  та?ырыбы:  "Тіл м?ртебесі, ел м?ртебесі"

Саба?ты?  ма?саты:

Жас  ?рпа??а  ана тіліні? ?адір-?асиетін  т?сіндіру, тіл  мерейін  к?теру, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту, ана тілін  ?астерлеуге баулу.

Саба?ты?  к?рнекілігі: интерактивті  та?та, а?ын-жазушыларды?  суреттері.

Саба?ты?  барысы:

М??алім: ?айырлы к?н, ?ымбатты ?она?тар,?стаздар  мен  о?ушылар!

Б?гін "Тіл м?ртебесі, ел м?ртебесі" атты т?рбие са?атымызды  ашу?а  р??сат еті?дер!

?аза?станны? мемлекеттік тілі-?аза? тілі.?аза?стан-к?п  ?лт ?кілдері мекендейтін мемлекет. М?ндай мемлекет ?шін мемлекеттік тіл ?ажет. Президентіміз Н?рс?лтан Назарбаев ?з жолдауында "?лтты? тіл-?аза? ?лтыны? рухани, м?дени байлы?ын ?рпа?тан ?рпа??а жеткізуші ?асиетті ??рал" деп к?рсеткен болатын.

?аза? тілі-?аза? хал?ыны? ана тілі.Ана с?тімен бойымыз?а дары?ан ?аза? тіліні? ??діреттілігі-оны? орындылы?ында, ?рлігінде,орасан зор байлы?ында. ?ай халы?ты? болмасын тілі-?зіне т?н ?ымбатты да ?имас байлы?ы,?азынасы.

Сол сия?ты бізді? де ана тіліміз-алтындай асылымыз, м?лдір маржанымыз,?ажайып гаухарымыз.Сонды?тан да "ана" деген арда?ты с?зді ?осып"ана тілі"деп атаймыз.

Ана тілі-асыл н?рі бабамны?,

?уатымсы? а? с?тіндей анамны?

С?би ша?тан бесігімде жыр ты?дап,

Ту?ан тілді жаттап ?скен баламын.

О?ушыларымызды? тіл туралы ?ле? шума?тарына кезек берейін.

1-о?ушы: Ана тілім, сенен биік шы? бар ма,

Сен ар?ылы жарып кіргем мы?дар?а,

Сенсіз ма?ан ?уен ?айда, жыр ?айда,

Мен шал?имын ??діретін т?р?анда

2-о?ушы: Жыла?ан ал?аш?ы і?г? ?ннен тілім,

Ж?ргекте былдыр ?а?ып к?лген тілім

Жа?ымды ана ?лдиі,а? с?тімен

Ж?регіме, ?аныма сі?ген тілім

3-о?ушы: Жанымды жадырат?ан бала тілім,

Жыр, ертек жаттаттыр?ан сана тілім

Жаралып жермен бірге, к?н к?зімен,

Жасас?ан ?аза? тілі-ана тілім

4-о?ушы: Жырлат?ан ?аза?тарды? ?аза?ты?ын,

Жырлат?ан елдік,ерлік азатты?ын

Ж?лдызды ??діретті? туы бол?ан,

Жауынгер ана тілім-?аза? тілім

5-о?ушы: Ана тілді білмесем,

Шат-шадыман к?лмес ем,

Жер бетінде сайра?дап,

?аза? болып ж?рмес ем.

1-ж?ргізуші: Тіл-т?уелсіздік тірегі. Халы? ?міріні? ?лшемі де тіл. Т?рбие тілден басталады. ?лтты? ?нерді? барлы?ы да тілден басталады.

Тілсіз еште?е дамымайды. Республикада ана тіліміз-?аза? тіліне "мемлекеттік тіл" деген м?ртебе беріліп, Тіл туралы т???ыш за? 1989жылы, ал екінші рет 1997жылы шілдені? 11-ж?лдызында ?абылданды. Елбасымыз Н?рс?лтан Назарбаевты? жарлы?ымен "22-?ырк?йек- ?аза?стан халы?тары тілдеріні? к?ні" болып жарияланды.

?аза? тіліні? м?ртебесін ?сіру ?шін ж?не мемлекеттік тілімізді ?астерлеуге,??рметтеуге т?рбиелеу ?шін елімізде  к?птеген іс-шаралар ж?ргізіліп келеді.

6-о?ушы: Ана тілін білмеген

А?ылы жо? желікбас

Ана тілін с?ймеген

Хал?ын с?йіп жарытпас.

7-о?ушы: Жанын сап, хал?ын с?йіп, ба??ан тілім,

Жалы?пай ??пиялар аш?ан тілім

Жаханны? т?рт б?рышы т?гел танып,

Жат ж?рттан да достарын тап?ан тілім

8-о?ушы: Б?л жанды тіл-мені? азат тілім,

Жадымда талмай сам?ар ?анат тілім

Жыр-?уат, с?зі  ана уызындай,

Жасай бер,Ана тілім-?аза? тілім!

9-о?ушы: Ана тілім, к?мбірле  сарайымда!

??дірет берген ана тіл талай ?л?а.

?асиетті сол тілді?  ар?асында

Ерікті ел боп алыс?а ?арайын да

Ана тілім,к?мбірле сарайымда!

10-о?ушы: Ана тілсіз тарих та жасалмайды,

Ана тілсіз іс ?рге баса алмайды,

Желмаяны? ?стінде желіп ж?ріп,

К??іренбеген тектен-тек Асан ?ай?ы

11-о?ушы: ?рбір тілде с?йле адамды та? ?ылып,

Ана тілін білмеу ?андай за?дылы?!

?сер бала?,байта? бала? т?р?анда,

?аза? тілі жасау керек м??гілік!

К?рініс

Т?ле би: Ассалаума?алейк?м,?нет баба!

?нет баба:Уа,м?раты?а жет,балам!?ош келді?,т?рлет,?лым!

Т?ле би:  ?нет баба,мен сізге мына бір с?ра?пен келдім. ?алай еткенде бірлік болады?Оны? к?ші ?андай болма??

?нет баба: Балам,анау сырттан бір бума шыбы? ?келші. Ал енді осы бума шыбы?ты сындырып к?рші.

-Балам, енді осы шыбы?ты біртіндеп сындыршы.

-Б?дан не т?сі?ді??

Т?ле би: Т?сіндім,баба,м?ны? м?ні:ынтыма?ы,бірлігі мы?тыны жау да,дау да алмайды,"Сая? ж?рген тая? жейді"

?нет баба: Д?рыс тапты?,балам.Ел билеу ?шін алдымен бірлікке,ынтыма??а ша?ыра біл."Ба? ?айда барасы?? Ынтыма??а барамын"дегенні? м?нісі осы,балам.

1-ж?ргізуші:Адамды м?ратына жеткізетін де ана тілі мен ата д?ст?рі.Бізді? осындай халы?ты? ?асиетті м?рамыз-ана тіліміз. ?аза? тілі-д?ние ж?зіндегі е? бай, беделді де бейнелі тілдерді? бірі.

?ткірді? ж?зі,

Кестені? бізі,

?рнегін сендей сала алмас,-деп ?лы Абай атамыз та?ыр?ап та?зым еткен де осы ?асиетті тіліміз. Халы? тіліні? мазм?нын байыт?ан-Абай атамыз.Ол ?аза? с?зін м?дениетті? биік сатысына шы?арып кеткен.?аза? хал?ыны? ата?ты жазушысы М.?уезов "Ел боламын десе?,бесігі?ді т?зе" деп ?сиет еткен.

1-ж?ргізуші: Ал, балалар,енді "Жал?асын тап"ойынын ойнайы?. Ойынны? шарты бойынша ма?ал-м?телді? жал?асын табу керек.

 1.Тіл-адам ойыны?..(айнасы)

          2.А?дамай с?йлеген.(ауырмай ?леді)

     3.Ойнап с?йлесе? де.(ойлап с?йле)

    4.Тисе терекке,тимесе.(б?та??а)

       5.Айтыл?ан с?з.о?пен те?(атыл?ан)

6.Бал там?ан тілден.тамар(уда)

                          7.Тіл тас жарады,.(тас жармаса бас жарады)

8.К?п с?з-к?міс,аз с?з-.(алтын)

                             9.Жасы?да ?ылжа? болса?,?скенде.боласы?(мылжы?)

10.Піл к?термегенді,..(тіл к?тереді)

1-ж?ргізуші:?аза? тілі-хал?ымызды? бай м?расы, ол халы? ауыз ?дебиеті ?лгілері, небір д?лд?л жырауларымыз ?алдыр?ан,билеріміз айт?ан даналы? с?здері,халы? аузынан ?ал?ан ертегі-??гімелері.?аза? тілі сонау ерте д?уірден хал?ымызды? дамуымен  бірге ал?а басылып жетіліп келеді.Ана тілімізді ?адірлеу,?астерлеу-ежелгі салтымыз.?аза? хал?ы шешендікке ?уес.Тіл ?нерінен алдына жан салмайтын халы?ты? бірі.Ана тілі ?шін ?лкен ?лес ?ос?ан ата-бабаларымызды? есімдері тарихтан белгілі.

1-о?ушы: М.Ж?мабаев:.?аза? тілінде ?аза?ты? сары сайран даласы,біресе желсіз т?ндей тымы?,біресе ??йындай екпінді тарихы, сары даладан ?дере к?шкен т?рмысы-асы?пайтын,саспайтын мінезі к?рініп  т?р.

А.??нанбаев: Тіл ж?ректі? айт?анына к?нсе жал?ан шы?пайды.

А.Байт?рсынов: Тілді? міндеті а?ылды? а?дауын а?да?анынша, ?иялды? ме?зеуін ме?зегенінше,к??ілді? т?йін т?йгенінше айту?а жарау.

Ж.Аймауытов: "Ана тілі-халы? болып жарал?аннан бері жан д?ниесіні? айнасы,?сіп-?ніп т?рлене беретін,м??гі ??ламайтын б?йтерегі"

М.?уезов: ?рбір саналы, м?дениетті азамат?а ана тілі мен сол ана тіліндегі ?дебиетті? ?адірін білмеу-м?дениетсіздік.

?.М?сірепов: Ана тілінен айырыл?ан адам ?з хал?ы жаса?ан м?дени м?раны? б?рінен ??рала?ан ?алады.

Б.Момыш?лы: Анамызды? а? с?тімен  бойымыз?а дары?ан тілімізді ?мыту-б?кіл ата-бабамызды, тарихымызды ?мыту.

1-ж?ргізуші:

М??алім: Жасырдым ж?мба?" сайысы

1.Жер к?рдім ?аласы бар,

?йлері жо? мекендейтін

К?л к?рдім,?зен к?рдім,

Сулары жо? мекендейтін(карта)

2.А? санды?ым ашылды

Ішінен жібек шашылды.(к?нні? к?зі)

3.Жылт-жылт еткен,

Жырадан ?ткен(су)

4?ыста ?ана болады,

?стаса? ?олы? то?ады.(?ар)

5.Тал басында т?ндіксіз отау(?я)

6.Сылдыр с?йы?,су емес,

Ішсе? сусын ?анады

А? болса да ?ар емес,

Шешуін кім табады?(с?т)

7.Т?мсы?ымен ?оз?алар,

Со?ында аппа? із ?алар(бор)

8.Ая?ы біреу,?олы жо?,

Шиыр-шиыр жолы к?п,

?зі с?йлей білмейді,

Сал?ан ізі с?йлейді.(?алам)

9.Иесі оны?-с?би,

?рі т?сек

?рі ?й(бесік)

10.Жалт-жалт етер,

Жалмап кетер(от)

11.Екі ?арауыл,

Екі ты?шы,

Бір жыршы(екі к?з,екі ??ла?,тіл)

1-ж?ргізуші: Тілім мені?!

Жау?а айбарым,?раным, туым мені?!

Найзасымен те? ?стап осы тілді

Намысымды ?ор?ады Сырым мені?!

Жар?ылдап асыл с?зді? алдаспаны,

?ызыл тіл жол бастады,?ол бастады

Даланы? ?з даусы деп т?сінем

Шалкиіз, Асан ?ай?ы,Мар?ас?аны

?аны?ды отты тол?ын тулататын

?асырлар ?атпарынан ?н ?ататын

?аза?ты? ар-намысы,жан дауысы

?азту?ан,Махамбет пен Дулат а?ын.

А?и?атты мойындайы? ?азір біз,

М??г?рт бола жазда?анбыз б?ріміз

Тіл м?ртебе ?лт мерейі емес пе,

М??гі ба?и шыр?алатын ?німіз

Хор: "Атамекен"

М??алім: Хал?ымызды? бай ?аза? тілін ме?геру,к?ркейту,?ыр-сырын танып білу ?р адамзат баласыны? ?олынан келетін д?ние.И?,тіл ?ай ?лтта болса да,?ай елде болса да ?астерлі, ??діретті. Ол ?рбір адамны? бойына ана с?тімен бірге еніп ?алыптасады. Тіл байлы?ы-?р елді? ма?танышы.Олай болса балалар,?з ана тілімізді ??рметтеу перзенттік парызымыз екенін ?мытпайы?.

Ана тіліні? к?сегесін к?гертіп,м?ртебесін ?сіру сендерге де ?атысты.О?у-білім,е?бек жолында ана тіліні? ?ам?оры бола біл. Тіл болаша?ы мына сіздерді? де ?олдары?ызда!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл м?ртебесі »

Мұнайшы селосы

№ 7 орта мектеп









Тәрбие сағаты


«Тіл мәртебесі, ел мәртебесі»









Орындаған: Жұмажанқызы Т

Сыныбы: 5 "б"









2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: "Тіл мәртебесі, ел мәртебесі"

Сабақтың мақсаты:

Жас ұрпаққа ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, тіл мерейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ана тілін қастерлеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын-жазушылардың суреттері.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін "Тіл мәртебесі, ел мәртебесі" атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңдер!

Қазақстанның мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Қазақстан-көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында "Ұлттық тіл-қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал" деп көрсеткен болатын.

Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі.Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі-оның орындылығында, өрлігінде,орасан зор байлығында. Қай халықтың болмасын тілі-өзіне тән қымбатты да қимас байлығы,қазынасы.

Сол сияқты біздің де ана тіліміз-алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз,ғажайып гаухарымыз.Сондықтан да "ана" деген ардақты сөзді қосып"ана тілі"деп атаймыз.

Ана тілі-асыл нәрі бабамның,

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның

Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен баламын.

Оқушыларымыздың тіл туралы өлең шумақтарына кезек берейін.

1-оқушы: Ана тілім, сенен биік шың бар ма,

Сен арқылы жарып кіргем мыңдарға,

Сенсіз маған әуен қайда, жыр қайда,

Мен шалқимын құдіретін тұрғанда

2-оқушы: Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,

Жөргекте былдыр қағып күлген тілім

Жағымды ана әлдиі,ақ сүтімен

Жүрегіме, қаныма сіңген тілім

3-оқушы: Жанымды жадыратқан бала тілім,

Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім

Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

Жасасқан қазақ тілі-ана тілім

4-оқушы: Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

Жырлатқан елдік,ерлік азаттығын

Жұлдызды құдіреттің туы болған,

Жауынгер ана тілім-қазақ тілім



5-оқушы: Ана тілді білмесем,

Шат-шадыман күлмес ем,

Жер бетінде сайраңдап,

Қазақ болып жүрмес ем.

1-жүргізуші: Тіл-тәуелсіздік тірегі. Халық өмірінің өлшемі де тіл. Тәрбие тілден басталады. Ұлттық өнердің барлығы да тілден басталады.

Тілсіз ештеңе дамымайды. Республикада ана тіліміз-қазақ тіліне "мемлекеттік тіл" деген мәртебе беріліп, Тіл туралы тұңғыш заң 1989жылы, ал екінші рет 1997жылы шілденің 11-жұлдызында қабылданды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "22-қыркүйек- Қазақстан халықтары тілдерінің күні" болып жарияланды.

Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс-шаралар жүргізіліп келеді.

6-оқушы: Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желікбас

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас.

7-оқушы: Жанын сап, халқын сүйіп, баққан тілім,

Жалықпай құпиялар ашқан тілім

Жаханның төрт бұрышы түгел танып,

Жат жұрттан да достарын тапқан тілім

8-оқушы: Бұл жанды тіл-менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім

Жыр-қуат, сөзі ана уызындай,

Жасай бер,Ана тілім-Қазақ тілім!

9-оқушы: Ана тілім, күмбірле сарайымда!

Құдірет берген ана тіл талай ұлға.

Қасиетті сол тілдің арқасында

Ерікті ел боп алысқа қарайын да

Ана тілім,күмбірле сарайымда!

10-оқушы: Ана тілсіз тарих та жасалмайды,

Ана тілсіз іс өрге баса алмайды,

Желмаяның үстінде желіп жүріп,

Күңіренбеген тектен-тек Асан қайғы

11-оқушы: Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер балаң,байтақ балаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!


Көрініс

Төле би: Ассалаумағалейкүм,Әнет баба!

Әнет баба:Уа,мұратыңа жет,балам!Қош келдің,төрлет,ұлым!

Төле би: Әнет баба,мен сізге мына бір сұрақпен келдім. Қалай еткенде бірлік болады?Оның күші қандай болмақ?

Әнет баба: Балам,анау сырттан бір бума шыбық әкелші. Ал енді осы бума шыбықты сындырып көрші.

-Балам, енді осы шыбықты біртіндеп сындыршы.

-Бұдан не түсіңдің?

Төле би: Түсіндім,баба,мұның мәні:ынтымағы,бірлігі мықтыны жау да,дау да алмайды,"Саяқ жүрген таяқ жейді"

Әнет баба: Дұрыс таптың,балам.Ел билеу үшін алдымен бірлікке,ынтымаққа шақыра біл."Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын"дегеннің мәнісі осы,балам.

1-жүргізуші:Адамды мұратына жеткізетін де ана тілі мен ата дәстүрі.Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз-ана тіліміз. Қазақ тілі-дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас,-деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық тілінің мазмұнын байытқан-Абай атамыз.Ол қазақ сөзін мәдениеттің биік сатысына шығарып кеткен.Қазақ халқының атақты жазушысы М.Әуезов "Ел боламын десең,бесігіңді түзе" деп өсиет еткен.

1-жүргізуші: Ал, балалар,енді "Жалғасын тап"ойынын ойнайық. Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдің жалғасын табу керек.

1.Тіл-адам ойының.....(айнасы)

2.Аңдамай сөйлеген...(ауырмай өледі)

3.Ойнап сөйлесең де...(ойлап сөйле)

4.Тисе терекке,тимесе....(бұтаққа)

5.Айтылған сөз...оқпен тең(атылған)

6.Бал тамған тілден...тамар(уда)

7.Тіл тас жарады,......(тас жармаса бас жарады)

8.Көп сөз-күміс,аз сөз-...(алтын)

9.Жасыңда қылжаң болсаң,өскенде....боласың(мылжың)

10.Піл көтермегенді,.....(тіл көтереді)

1-жүргізуші:Қазақ тілі-халқымыздың бай мұрасы, ол халық ауыз әдебиеті үлгілері, небір дүлдүл жырауларымыз қалдырған,билеріміз айтқан даналық сөздері,халық аузынан қалған ертегі-әңгімелері.Қазақ тілі сонау ерте дәуірден халқымыздың дамуымен бірге алға басылып жетіліп келеді.Ана тілімізді қадірлеу,қастерлеу-ежелгі салтымыз.Қазақ халқы шешендікке әуес.Тіл өнерінен алдына жан салмайтын халықтың бірі.Ана тілі үшін үлкен үлес қосқан ата-бабаларымыздың есімдері тарихтан белгілі.

1-оқушы: М.Жұмабаев:...Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы,біресе желсіз түндей тымық,біресе құйындай екпінді тарихы, сары даладан үдере көшкен тұрмысы-асықпайтын,саспайтын мінезі көрініп тұр.

А.Құнанбаев: Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды.

А.Байтұрсынов: Тілдің міндеті ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше,көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.

Ж.Аймауытов: "Ана тілі-халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі"

М.Әуезов: Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік.

Ғ.Мүсірепов: Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

Б.Момышұлы: Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

1-жүргізуші:

Мұғалім: Жасырдым жұмбақ" сайысы

1.Жер көрдім қаласы бар,

Үйлері жоқ мекендейтін

Көл көрдім,өзен көрдім,

Сулары жоқ мекендейтін(карта)

2.Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды.(күннің көзі)

3.Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен(су)

4Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.(қар)

5.Тал басында түндіксіз отау(ұя)

6.Сылдыр сұйық,су емес,

Ішсең сусын қанады

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады?(сүт)

7.Тұмсығымен қозғалар,

Соңында аппақ із қалар(бор)

8.Аяғы біреу,қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп,

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.(қалам)

9.Иесі оның-сәби,

Әрі төсек

Әрі үй(бесік)

10.Жалт-жалт етер,

Жалмап кетер(от)

11.Екі қарауыл,

Екі тыңшы,

Бір жыршы(екі көз,екі құлақ,тіл)

1-жүргізуші: Тілім менің!

Жауға айбарым,ұраным, туым менің!

Найзасымен тең ұстап осы тілді

Намысымды қорғады Сырым менің!

Жарқылдап асыл сөздің алдаспаны,

Қызыл тіл жол бастады,қол бастады

Даланың өз даусы деп түсінем

Шалкиіз, Асан қайғы,Марғасқаны

Қаныңды отты толқын тулататын

Ғасырлар қатпарынан үн қататын

Қазақтың ар-намысы,жан дауысы

Қазтуған,Махамбет пен Дулат ақын.

Ақиқатты мойындайық қазір біз,

Мәңгүрт бола жаздағанбыз бәріміз

Тіл мәртебе ұлт мерейі емес пе,

Мәңгі бақи шырқалатын әніміз

Хор: "Атамекен"

Мұғалім: Халқымыздың бай қазақ тілін меңгеру,көркейту,қыр-сырын танып білу әр адамзат баласының қолынан келетін дүние.Иә,тіл қай ұлтта болса да,қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы.Олай болса балалар,өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.

Ана тілінің көсегесін көгертіп,мәртебесін өсіру сендерге де қатысты.Оқу-білім,еңбек жолында ана тілінің қамқоры бола біл. Тіл болашағы мына сіздердің де қолдарыңызда!


































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Тіл м?ртебесі

Автор: Ж?мажан?ызы Т?рсын

Дата: 30.04.2015

Номер свидетельства: 207221


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства