Алаңды айнала жеңіл жүгіріс; Үдемелі жүгіріс; Жай жүгіріс; Тоқта 1! 2! Саптағы жаттығулар: Қол желкеде аяқтың ұшымен жүру. Қол белде өкшемен жүру. Аяқтың сыртымен,ішімен жүру. Жалпы жаттығулар: Б.Қ-Қол белде,аяқ иық тұсында,басты айналдыру жаттығуы. Б.қ-Қолды алға созу,аяқ иықтың тұсында,10 рет отырып тұру жаттығуы Б.қ-аяқ иық тұсында белді айналдыру жаттығуы. Б.қ.-Аяқ иық тұсында қол тізеде,аяқты ішке,сыртқа айналдыру жаттығуы. | 10 | Жүгіріс кезінде дұрыс тыныс алу. Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау. |
II | Негізгі бөлім Гимнастика.Жалпы күш дамыту жаттығулары. 1.Аяқ иық тұсында ,екі алақанды тізеге қойып,тізені бүкпестен қолдың ұшын біртіндеп аяқтың басына жеткізу. 2.Бір аяқпен алға қарай бір кең адым жасап,қолдың ұшын иыққа тигізіп тұрып,алға қойған аяқты кере және екінші аяқтың ұшына көтеріле кеудені шалқайтып,қолды жоғары көтеру. 3.Аяқ иық тұсында екі қолды иыққа қойып тұрып,жан-жаққа кезекпен иілу,еңкею және қолды жоғары көтере шалқаю. 4.Б.қ. тұрып,алдымен бір қолды,содан кейін екінші қолды алға айналдыру. 5.Б.қ.- таяқты арқа сыртында тігінен ұстап тұрып,отырып, тұру. 6.Аяқ иық тұсында,ал таяқты арқа сыртында тігінен ұстап тұрып,бір бүйірге қарай иілу. 7.Аяқ иық тұсында,ал таяқты горизонталь бағытта төмен түсіріп ұстап,оны сол қалыпта жоғары көтеру. | 25’ | Қауіпсіздік ережесін есте сақтау. Гимнастикалық таяқшамен жұмыс жасағанда қасындағы оқушыға тигізіп алмауды ескерту. |