Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында біз мынандай ұғымдарды танып, түсіне білеміз: «Дене қуаты білімі», «Дене қуаты дайындығы», «Дене қуатының жетілуі», «Дене қуатының рекреациясы», «Дене қуатының реабилитациясы».
Дене қуатының қасиеттерін дамыту үшін: бірқалыпты орындау, қайталау, өзгермелі орындау, аралық орындау, шеңберлі орындау әдістері қолданылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дене қуаты қасиеті және оны дамыту»
Сабақтың технологиялық картасы
Мерзімі:
Пән: Дене тәрбиесі
Сабақ тақырыбы: Дене қуаты қасиеті және оны дамыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Дене қуаты қасиеті және оны дамыту әдістемесі туралы білімдерін толықтыру. Дене қуаты қасиеттерін зерттеу, оларды дамыту әдістерін, амалдарын білдіру, ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Білім алушыларға дене қуаты қасиеті және оны дамыту әдістемесін түсіндіру.
Дамытушылық: Өзіндік жұмыс арқылы дене қуаты қасиеті және оны дамыту әдістемесіне талдау жасай білу, өзіндік ойларын тұжырымдау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Дене қуаты қасиеті және оны дамыту әдістемесін іс-тәжірибе барысында пайдалана білуіне мүмкіндік жасауға үйрету. Топпен және ұжымдық жұмыс жасау арқылы, қатынас мәдениеті, адамгершілік құндылықтарын дұрыс қалыптастыруға бағыттау.
Сабақтың типі: Жаңа білімді хабарлау сабағы
Сабақтың түрі: Теориялық және іс-тәжірибелік дербес жұмыстар сабағы
Пәнаралық байланыс: Педагогика. Спорттық ойындар.
Сабақтың технологиясы: Ойын технологиясы
Сабақ көрнекілігі және оқытудың техникалық құралдары: Мультимедиялық презентация, таратпа материалдар
Әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс
Пайдаланған әдебиеттер:
Уанбаев Е.Қ. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. /Е.К.Уанбаев, Ф.Ж.Уанбаева. – Өскемен: БАЙ баспасы. 2006 – 225 б.
Озолин Н.Г. Настольная книга тренера наука побеждать. - М.: изд-во «Астрель», 2002 г. - 854 с.
Филин В.П., Фомин Н.А. Основы юношеского спорта. - М.«ФиС», 1990 г.255 с.
Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. - М.: «ФиС», 1980 г.- 136 с.
Ленченков И.С. Физкультурно- оздоровительная и спортивно-массовая работа в образовательных учреждениях. / И.С. Ленченков. У-Ка: из-во ВКГУ, 2003г.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқу іс-әрекеті мотивациясы
ІІІ. Тақырыпты, сабақтың мақсатын хабарлау
ІҮ. Өткен тақырыпты қайталау арқылы жаңа білімді меңгертуге дайындау
Ү. Жаңа материалмен таныстыру.
ҮІ. Бірінші бекіту кезеңі
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау
ІХ. Бағалау
Х. Рефлексия
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Топты түгендеу
Сабақтағы жұмыс түрлерімен таныстыру
ІІ. Оқу іс-әрекеті мотивациясы
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында біз мынандай ұғымдарды танып, түсіне білеміз: «Дене қуаты білімі», «Дене қуаты дайындығы», «Дене қуатының жетілуі», «Дене қуатының рекреациясы», «Дене қуатының реабилитациясы».
Дене қуатының қасиеттерін дамыту үшін: бірқалыпты орындау, қайталау, өзгермелі орындау, аралық орындау, шеңберлі орындау әдістері қолданылады.
ІІІ. Тақырыпты, сабақтың мақсатын хабарлау
Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.
Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.
Дене қуатының дамуы дегеніміз - адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әртүрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.
ІҮ. Өткен тақырыпты қайталау арқылы жаңа білімді меңгертуге дайындау
Қимыл әрекетке үйрету жетілдіру
Ү. Жаңа материалмен таныстыру.
Жоспар:
Дене қуаты қасиеттері, анықтамасы, түрлері
Күш және оны дамыту әдістемесі
Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі
Төзімділік және оны дамыту әдістемесі
Ептілік және оны дамыту әдістемесі
Икемділік және оны дамыту әдістемесі.
Өзіндік жұмыс
Дене қуаты қасиеттерін дамыту
Сабақтың мақсаты: дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістерін меңгеру.
Тапсырмалар, сұрақтар
Өзбетімен оқу үшін берілген бөлімдер мен тақырыптар
Өзбетімен жүргізілетін жұмыс
түрлері мен мазмұндары
Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістері
Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
Оқушылардың күшін және жылдамдығын дамытатын амалдарды көрсетіңіз.
Күш және жылдамдықты дамытатын қатаң шектелген жаттығулар әдістерін көрсетіңіз
Іс-тәжірибелік тапсырма:
9-11 сынып оқушыларына арналған (қыздар, ұлдар) күш және жылдамдықты дамыту әдістерін, жаттығуларын және жұмыс тәртібін таңдап алып, көрсетіңіз
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: әрбір дене қуаты қасиетін дамытуға арналған бес-бестен жаттығу ойластырыңыз. Жүктеме жас ерекшеліктеріне және дене қуаты дайындықтарына сай болуы қажет.
ҮІ. Бірінші бекіту кезеңі
- дене қуаты қасиеттері. анықтама
- күш, күштің түрлері
- күшті дамыту амалдары мен әдістері
- жылдамдық, оның түрлері
- қарапайым қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту
- күрделі қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту
- жалғыз қимыл жылдамдығы мен қимыл жиілігі
- жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту
- төзімділік, оның түрлері
- аэробты төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері
- анаэробты, аралас төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері
- ептілік және оны дамыту әдістемесі
- икемділік, оның түрлері
- кемділікті дамыту амалдары мен әдістері.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
Күшке, жылдамдыққа, төзімділікке, ептілікке, икемділікке арналған жаттығулар дайындап келу.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау
Әртүрлі әрекеттердің \әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі. Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді. Жалпы дене қуаты дайындығы –жалпы әртүрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі. Арнайы дене қуаты дайындығы арнайы бір спорт не кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
ІХ. Бағалау
Оқушылар білімі үй тапсырмасы бойынша және сабақ барысында белсенді қатысып отырған оқушылар білімі бағаланады.