kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Достық - татулықтан басталады!

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мен – мұғалім»

Мұғалім мектепте басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып, жетекшілік етеді. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде болады.

Мұғалім оқу материалының мазмұнын дайын күйінде жеткізу, түсіндіру емес, оқушылармен бірлесе іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған мақсатына жетеді. Білікті ұстаз жеке тұлғалардың жан-жақты дамуына, оқушылардың сана-сезімін, ақыл ойын дамытуға пән аралық байланысты кеңінен қолданады.

Ұрпақ тәрбиесі қашанда қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Жақсы ұстаз жас өрендерге үлгі-өнеге болып оны сөзімен де, ісімен де дәлелдей білуі тиіс. Ол шәкірттерімен ашық, адал сөйлесіп, оқушының не қалайтының, не көксейтінің жиі сұрап, біліп отыруға міндетті. Осы жағдайда ғана шәкіртпен мұғалім арасындағы кедергі жойылып, өзара сенім беки түседі. Менің түсінігімше әр бала қабілетті тек оқуға деген «түрткісін» (мотивін) дөп басып таба білу керек.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-

деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Анам 40 жыл Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі қызметін атқарып жұмыс істеді. Ата анамның тәрбиелеп өсірген бес баласының үшеуі бүгінгі күнде мұғалімдік қызмет атқарудамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше, менің табынатын ұстазым – әрине анам Зура Қалиасқарқызы. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойндағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

  • Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

  • Қызметке бейімділігі

  • Кәсіптік білімі мен біліктілігі

  • Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

  • Ұйымдастырушылық қабілет

  • Заманға сай жаңашылдық

Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Достық - татулықтан басталады!»

Тақырыбы_Достық татулықтан басталады
Мақсаты : Балаларға «татаулық» туралы түсінік беру. Жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету. Достыққа, татулыққа тәрбиелеу. 
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Қуаныш, достық, татулық
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) дәптер, тұрлі-түсті қарындаштар
Мектебі: №221  Мерзiмі: 20.І.2014ж
Мұғалімі: Д. Маханова  Сыныбы: МАДС  Бала  саны: 13

Іс-әрекет кезеңдері    Тәрбиеші әрекеті    Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңi
Шаттық шеңбері
Жағымды күйге келу
Дәйек сөз    І Ұйымдастыру кезеңі.
5Т ережесі. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)
ІІ Тыныштық сәті.
-Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.  Тәрбиеші:Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді- ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа  жылы сәулемізді сыйлай, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді.
    
Балалар  денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.  

Балалар ойларын айтады
Ұйымдастырушылық  іздестірушілік
Әңгiмелеу (сұхбат)
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
    ІІІ Дәйексөз 
«Татулық табылмас бақыт» (нақыл сөз)
-Татулық бар жерде бірлік те, қуаныш та болады. Татулық достар арасындағы ең керемет қасиет. Тату балалар бірін-бірі тыңдайды, ойыншықтарымен бөліседі., ренжіспейді, тату-тәтті ойнайды. Сондықтан да достық татулықтан басталады екен.
ІҮ. Әңгімелеу (сұхбат)
«Досты қалай табу туралы ертегі»
Сұрақтар: -Қалай ойлайсыңдар бұл баланың неге достары болмады?
-Дос табу үшін не істек керек?
Достар қандай болулары керек? 
 Достық-адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас. Достарыңды отбасы мүшелері сияқты  жақсы көріп, сыйлап,  оларға әрқашан көмек көрсеиулерің қажет. Жақсы достарыңды мақтан тұтуларыңа болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі., бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды. Балалар сендер де бір сыныптың балаларысыңдар, сондықтан бір-бірлеріңмен доссыңдар, татусыңдар. 
Сергіту сәті: 
Достар бірге жүреміз, (қол ұстасып айнала жүру)
Бірге ойнаймыз, күлеміз (бір-біріне қарап күлу)
Бірге балық айлаймыз (қолдарын алға созу)
Міне, біздер қандаймыз!
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз (қолдарын жоғары созу)    

Балалар жаттап алады.

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Балалар қимылмен орындайды
Рефлексивті- түзетушілік
Топпен ән айту
Соңғы тыныштық сәтi
        Ү Сабақты қорыту
Ойын: «Менің досым»
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім допты лақтырып балаларға кезек –кезек сұрақтар қояды. Ойынға арналған сұрақтар: 
-Сенің досың кім?
-Досыңа қалай көмекттесесің?
-Досыңды қалай сыйлайсың?
-Досыңды сағынасың ба?
-Досыңмен нені бөлісесің?
-Досың туралы қандай жылы сөз айтасың?
-Досың саған не үйретеді?
-Достар бір-біріне қалай көмектеседі?
-Үлкендер арасында досың бар ма№
-Кішкентай достарың бар ма, оларға нелер жатады?
-Өзімізге досты қалай таба аламыз?
-Досыңа қандай тілек айтасың?
Сабақ соңындағы тыныштық сәті. 
Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. 
Мұғалім жәй дауыспен: 
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін.  Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» 

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Достық - татулықтан басталады!

Автор: Амиргалиева Жазира

Дата: 11.04.2017

Номер свидетельства: 408369

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Досты? татулы?тан басталады"
    ["seo_title"] => string(28) "dostyk-tatulyk-tan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "312534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459351481"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Т?рбие са?аты: Досты?, татулы? - е? жа?сы ?асиет!"
    ["seo_title"] => string(41) "trbiiesagatydostyktatulykienzhaksykasiiet"
    ["file_id"] => string(6) "283436"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453827186"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Татулы? осты?тан басталады"
    ["seo_title"] => string(27) "tatulyk-ostyk-tan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "268147"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450553478"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Материалы тренинга на тему: Досты? татулы?тан басталады."
    ["seo_title"] => string(59) "matierialy-trieningha-na-tiemu-dostyk-tatulyk-tan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "315599"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459927395"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Достық татулықтан басталады""
    ["seo_title"] => string(28) "dostyk_tatulyk_tan_bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "396294"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488216146"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства