І ІІ ІІІ | Дайындық бөлімі Сапқа тұрғызу,сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу.Сабақтың мақсатын түсіндіру.Көңіл аударатын жаттығулар:оңға,солға,артқа айнала бұрылу. Оңға бұрыла жүру,қолды белге қойыпөкшемен жүру,қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру,аяқтың сыртқы жағымен жүру,спорттық жүріс, жүгіру, оң және сол жақпен жүгіру,тізені жоғары көтеріп жүгіру артпен жүгіру, қол белде аяқты тік ұстап жүгіру,адымдап жүгіру,екі-екіден шапшаңдықпен жүгіру. Б.Қ.Қол белде иық 1-2 сол жаққа,3-4 оң жаққа иілеміз. Б.Қ.Қол иық үстінде 1-2 алға,3-4 артқа айналдырамыз. Б.Қ. Аяқ иық кеңдігінде қолды желкеде ұстап,1-2 сол жаққа,3-4 оң жаққа кеудені бұру. Б.Қ. Қолды кеуде алдында ұстап,шынтақты бүгіп,1-2 артқа сермеу,3-4 солға,1-2 алға,3-4 оңға сермеу. Б.Қ. Аяқты алшақ қойып 1 сол аяққа,2 ортаға, 3 оң аяққа иілеміз,4 б.қ келеміз. Б.Қ Қолды жоғары көтеріп тынысты қалыпқа келтіру. Негізі бөлім Төменгі сөренің кезеңімен таныстыру.3 кезеңнен тұрады: 1.Сөре сызығына тұру; 2.Дайындалу кезеңі; 3.Жүгіру. Сөре қалыптардың алдында тұрып,аяғын сәл бүгіп отыру, сөре сызығы алдында қолымен тіреліп,бір аяғын қалыпқа кигізіп,тізеге отырып 2-ші аяғын басқа қалыпқа орналастырады.Қолдарын сызыққа орналастырып шынтақтарын түзу ұстайды.Басын еңкеитіп,назарын сөре сызығына аударады. Қайталап 4*9 жүгіру Жылдамдықпен жүгіру Кіші допты жетілдіру.Оқушыларды жеке-жеке шығарып допты оң қолда ұстап, сол аяғы оң аяғынан жарты адымдай ілгері тұрады.Доп ұстаған қолыңды бүкпей,босаң ұстап доп дәл иығыңнын үстінен өтетіндей етіп жоғары көтеріп кейін сілтейсің.Бетіңді допты лақтыратын жаққа бұрып,кейін шалқайып допты лақтырып жіберу тәсілдерін үйрету.Нысанаға тигізген балалардың аттарын атап белгілеу. Қорытынды бөлім. 1.Оқушыларды сапқа тұрғызу. 2. Қорытындылау. 3.Үйге тапсырма беру. | 12-15м 4-5р 4-5р 4-5р 4-5р 4-5р 4-5р 20-25мин 5мин | Киімдеріне және тұрыстарына назар аудару. Бұйрықты дұрыс рындауын қадағалау. Жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау. Тұлғаны түзу ұстауын қадағалау Қолды желкеден босатпау Кеуденің дұрыс бұрылуын қадағалау. Жаттығуды дұрыс орындау Оқушылардың сызыққа дұрыс тұруын қадағалау. Кіші допты дұрыс лақтыруын қадағалау. Қателіктерін дер кезінде айтып , ескерту.Белсенді қатысқан оқушылардың аттарын атау. |