Сабақ: Бірқатар акробатикалық жаттығулар | Мектеп: «Абай атындағы орта мектебі» КММ |
Күні: 06.12.2016 ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Раздыкова Гаухар Жумановна |
Сынып: 1 | Қатысқаны: 12 | Қатыспағаны: |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 1.1.2.2. Негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын білу. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: |
| Креативтік мысалдар көрсету. Жұпта қозғалыс кеңістігінде қауіпсіз жұмыс істеу. Зал кеңістігінде бағдарлану. Допты бір қолмен еденге соққылау. Жүрелей отырып қолды таяну. Жинақталу. |
Оқушылар көпшілігі орындай алады: |
Бір-бірінің арасында арақашықтық сақтау және деңгейлерді өзгерту. Әртүрлі деңгейде қос аяқтап секіру. Артқа аунау. Тақпаққа сәйкес доппен қимылдар жасау. |
Кейбір оқушылар орындай алады: |
Негізгі тұрыстан аунап, аяқ бармақтарын басының артында еденге тигізу. Оқушылар дене мен кеңістікті қадағалау дағдыларын көрсете алады; қозғалыс деңгейлерін өзгертіп, артқа аунай алады. |
Тілдік мақсат | Пәнге қатысты сөздік мен терминдер: |
| Креативтік, бастапқы қалып, жоғары, орта, төмен деңгей, жинақталу, аунау, эмоциялар, көңіл-күй. |
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: |
|
Талқылауға арналған сұрақтар: |
Көңіл-күйдің нашар екендігін қандай белгілер арқылы білеміз? Қандай қимылдар креативті болып табылады? Жинақталу кезінде қандай бұлшықет жұмыс істейді? Аунаған кезінде қандай бұлшықет жұмыс істейді? |
Не себепті деп ойлайсыз? |
Неліктен көңіл-күйді жақсарту үшін доп немесе шарды пайдаланатынын айта аласыңдар ма? Достарыңның көңіл-күйін қалай жақсартуға болатынын айта аласыңдар ма? Доп қозғалысы деңгейінің соққы дәрежесіне қалай байланысты екенін айта аласыңдар ма? Неліктен барлық дене мүшелерінің ширығуы маңызды екенін айта аласыңдар ма? |
Жоспарланған уақыт | 35′ |
| ишара |
Алдыңғы оқу | Жәндік атауына сәйкес деңгейде қозғалу Алдыдан және арттан тіркену Дене салмағын аяқ-қолдармен көтеріп қозғалу |
Жоспар | |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Басы | Ұйымдастыру: Сыныпты түгендеу. Қауіпсіздік ережесін түсіндіру. | |
0-3 минут | Оқушыларға көңіл-күйдің нашар болуының себептері не екендігін атауды ұсынады. -Көңіл-күйдің нашар екенін қандай белгілер бойынша білеміз? Өз достарының көңіл-күйін жақсарту стратегиясын табуды ұсынады. | Кең, бос кеңістік |
4-6 минут | Көңіл-күйді доппен ойнау арқылы жақсартуды ұсынады. |
7-15 минут | Оқушыларға зал ішінде әртүрлі доптар сияқты қозғалып, әртүрлі деңгейде қозғалуды ұсынады. Бір-бірінің арасында арақашықтықты сақтау және деңгейді өзгерту керектігі туралы ескертеді. Оқушылар өз қозғалысында ерекше нәрселерді ойлап тауып, оларды бейімдейді. Оқушылардан өз секірулерінің сапасын қалай жақсарта алатынын сұрап, оған көмектесетін дене мүшелерін талқылайды. | |
16-24 минут | Жүрегей отырып қолды таяну арқылы бастапқы қалпынан жинақталып, артқа аунау. | |
| Жүрегей отырып қолды таяну- жүрелей отыру, тізе бірге, қол еденде, бас түзу. Барлық акробатикалық жаттығулар жүрелей отырып таяну қалпынан басталады. | Аунауды орындау сызбасы |
25-30 минут | Аунау-міндетті түрде арқаны тигізіп жасалатын акробатикалық жаттығу. Орындау кезектілігі: 1.Жинақталып отыру қалпынан артқа-алға аунау. 2. Жинақталып отыру қалпынан артқа аунау және алға аунау арқылы бастапқы қалыпқа оралу. 3.Таянып отыру қалпынан жинақталып артқа аунау және алға аунап, жинақталып отыру. | |
| Нұсқау: негізгі тұрыс қалпынан алға еңкею, қолдар артта төменде. Қолмен еденге таянып, тізені бүгу және тізені қапсыра артқа аунап, аяқ ұштарымен бас артында еденге тигізу. Одан кейін аунап, отыру қалпына оралу. | |
Қимылға тән қателіктер: -артқа аунау кезде жинақталудың бұзылуы және арқаға құлау -жинақталған кезде аяқтармен әлсіз итерілу -арқада жату қалпында аяқтар кеудеге қысылмаған -арқаның дөңгелектенбеуі | |
Допты әртүрлі деңгейде оң және сол қолмен кезек-кезек еденге соққылау | Доптар |
Нұсқау: допты үстінен саусақтарды тарбитып, алақанмен жұмсақ басу керек. Қимылдардың тақпаққа сәйкес әртүрлі деңгейде жасалуына назар аудартады. Түрлі түсті жұмыр доп Биік-төмен секіріп, Жылдам, жылдам домалап, Зыр айналып қашады. Артынан оның қуалап, Алақанмен соққылап, Мен жүгіріп келемін. Жүгір, жүгір жұмыр доп, Секір, секір, жүйрік доп. Қанша жүйрік болғанмен, Қанша ұшқыр болғанмен, Менен қашып кете алман, Төбеге секіріп жете алман. «Сорғы мен доп» релаксациясы. Балалар жұптарға бөлініңдер. Біреуің-үлкен үрмелі доп, екіншің осы допты үрлейтін сорғы боласыңдар. Доптың аяқтары бүгіліп, қол, мойын, иықтары салбыраған. Денесі алға еңкейіп, басы еңкейген. Жұбы қол қозғалысын ысылдаған дыбыспен сүйемелдеп, допқа ауа үрлейді. Әрбір ауаны үрлеу қимылы жасалған сайын доп ауаға толыға түседі. Алғашқы ысылдаған дыбысты естіген кезде ол ішіне дем тартып, тізелерін түзетеді, екінші дыбыстан кейін денесі түзетіледі, үшінші дыбыстан соң басы тіктеледі, төртінші дыбыстан кейін ұрттары томпиып, қолдары екі жанында домаланып көтеріледі. Доп үрленді. Сорғы үрлеуді тоқтатты. Жұбы құбыршекті доптан суырып алды. Доптан ысқырынып ауа шыға бастады. Доптың денесі босаңсып, бастапқы қалпына енді. Осыдан кейін оқушылар рөлдерімен ауысады. | |
Соңы | «Алтын күн» көңіл-күй рефлексиясы | |
| |
31-35 минут | Менің көңіл-күйім | |
| Күнге | |
Бұлтты күнге | |
Бұлтқа ұқсайды. Ұжымның бір мүшесінің нашар көңіл-күйі бүкіл ұжым мүшесіне әсер ететінін ескертеді. | |
Қосымша ақпарат |
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс- денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Қозғалыс деңгейлерін өзгерткен кезде дене қимылдарын өздігінен қадағалау дағдыларын көрсету. Допты саусақтары ажыратылған алақанмен жоғарыдан жұмсақ басу | Жүрелей отырып тірену бастапқы қалпынан жинақталады. Артқа аунайды. Оқушылар доп атауына сәйкес деңгейде аунайды. Тақпаққа сәйкес доппен қимылдар жасайды. | Дүниетану пәнімен байланыс |
| | |
Рефлексия | | |
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? | Барлық оқушылар орындай алады: Креативтік мысалдар көрсету. Жұпта қозғалыс кеңістігінде қауіпсіз жұмыс істеу. Зал кеңістігінде бағдарлану. Допты бір қолмен еденге соққылау. Жүрелей отырып қолды таяну. Жинақталу. Оқушылар көпшілігі орындай алады: Бір-бірінің арасында арақашықтық сақтау және деңгейлерді өзгерту. Әртүрлі деңгейде қос аяқтап секіру. Артқа аунау. Тақпаққа сәйкес доппен қимылдар жасау. Кейбір оқушылар орындай алады: Негізгі тұрыстан аунап, аяқ бармақтарын басының артында еденге тигізу. Оқушылар дене мен кеңістікті қадағалау дағдыларын көрсете алады; қозғалыс деңгейлерін өзгертіп, артқа аунай алады. Орындалды, мақсатыма жеттім. |
Бүгін оқушылар не үйренді? | Жүрелей отырып тірену бастапқы қалпына жинақталады. Артқа аунайды. Оқушылар доп атауына сәйкес деңгейде аунайды. Тақпаққа сәйкес доппен қимылдар жасайды. |
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? | 1-сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алуда, сол себепті мұғалімде өзгеруі керек. Сабақ жоспарлағаным бойынша өтті, оқушылардың сабақ бойынша алғандары көп деген ойдамын. Дүниені танып білуде. |
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? | Қозғалыс деңгейлерін өзгерткен кезде дене қимылдарын өздігінен қадағалау дағдыларын көрсету. Допты саусақтары ажыратылған алақанмен жоғарыдан жұмсақ басу |
Уақытты қалай пайдаландым? | 0-35 минут Ұтымды пайдаландым деп ойлаймын. |
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? | Сергіту сәтін, көңіл-күй қалыптастыруда: шеринг әдісін, топқа, жұпқа бөлу; АКТ-ны тиімді пайдалану |
Қорытынды бағалау | Керемет: өз бағалауым осындай. |