Сабақтың басы 10 минут Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі 25 минут Сабақтың соңы 5 минут | Сапқа тұру.Сәлемдесу. Кезекшінің мәліметін қабылдау,сабақтың тақырыбын,мақсатын айтып өту.Саптық жаттығулар,оңға,солға,кері бұрылу.Жүру,жүгіру жаттығуларын орындау,тыныс алу жаттығулары.Сегіту сәтін ұйымдастыру арқылы топтарға бөлу,жалпы дамыту жаттығуларын жасап келесі бөлімге дайындалу. Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырамын. Сабақтағы негізгі тапсырмалар: Гимнастика жаттығуларындағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын ретімен орындаңыз. 1. Қолыңызды тіреп отырыңыз, тізеңізді кеудеге жинақтаңыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаңыз. 2. Гимнастикалық төсенішке жатып, аяғыңызды кеудеге жинап, жинақталыңыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаңыз. 3. Алақаныңызды бір-біріне қарама-қарсы бағытта ұстаңыз, осы күйде, тез отырып топтасыңыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаңыз. 4. Гимнастикалық төсенішке жатыңыз, тез арада отырып топтасыңыз. Жаттығуды 10-15 рет орындаңыз. Дескриптор: - қолын тіреп отырып, тізесін кеудеге жинақтайды; - гимнастикалық төсенішке жатып, аяғын кеудесіне жинақтайды; - алақанын бір-біріне қарама-қарсы бағытта ұстап, тез отырып топтастырады; - гимнастикалық төсенішке жатып, тез арада отырып топтастырады; - гимнастика жаттығуларын ретімен орындайды Тыныс алу жаттығуларын орындап, сапқа тұрғызып, сабақты қорытындылау,ұпай арқылы оқушыларды бағалаймын. Рефлексия 1.Қай элемент қиын болды? 2.Қай элементті жасай алмадыңыздар? 3.Кім жақсы істей алды.? | ысқырық, жалауша, уақыт өлшегіш ысқырық, жалауша, уақыт өлшегіш |